Similar presentations:
Эпителий ісіктері
1. дәріс ЭПИТЕЛИЙ ІСІКТЕРІ
2.
Жеке ағзаға тән емесэпителий ісіктері
ҚАТЕРСІЗ
ІСІКТЕР
ПАПИЛЛОМА
АДЕНОМА
ҚАТЕРЛІ
ІСІКТЕР
ЖАЛПАҚ
ЖАСУШАЛЫ
РАК
АДЕНОКАР
ЦИНОМА
3.
Папиллома – жалпақ және өтпеліэпителийден өсетін ісік. Ол теріде, ауыз
қуысында, көмейде, мұрын қуысында,
бүйрек астауында, қуықта, сүт бездерінің
өзектерінде, ми қарыншаларының ішінде
өседі. Папилломаның көлденеңі 1 см-ге
дейін жетеді. Микроскопта қарағанда, оның
сырты көп қабатты эпителиймен қапталған.
Папилломаның маңызы, оның жайғасу
орынына байланысты. Көмей папилломасы
мен қуық папилломасы қатерлі ісікке
айналып кетуі мүмкін.
4.
5.
6.
7. Тері папилломасы гематоксилин-эозин х200
8.
9.
Тері папилломасы10.
Аденома – безді ағзалар эпителиіненөседі. Көлемі бірнеше см-ге дейін
жетеді. Оның түрлері:
1. Белдеулі (трабекулалы) аденома;
2. Түтікті (тубулярлы) аденома;
3. Альвеолалы (ацинарлы) аденома;
4. Бүртікті аденома.
Аденома құрамында дәнекер тін көп
болса, оны фиброаденома деп атайды.
11.
Трабекулярлы аденома12.
Тубулярлы аденома13.
Альвеолярлыаденома
14.
15.
Бүртікті аденома16.
17.
Альвеолярлы аденома18.
Қалқанша без аденомасы19.
Простата аденомасы20.
Эпителиішілік рак (Carcinoma in situ)– эпителий қабатының ішінде
өсетін рак. Микроскоппен
қарағанда жасуша атипизмі және
көптеген митоздар көрінеді. Ісік
көпке дейін айналасындағы
тіндерге бойлап өспейді. Кейде бұл
ісік өз-өзінен жоқ болып кетуі
мүмкін.
21.
22.
23.
24.
25.
Жалпақ жасушалы (эпидермалдық)рак – теріде, шырышты қабаттардың
жалпақ немесе өтпелі эпителиінен
өседі. Кейде бұл ісік метаплазия
жолымен де пайда болуы мүмкін.
Жалпақ жасушалы рактың екі түрін
ажыратады: түлеуші және түлемеуші
рак. Түлеуші рак кезінде ісік
жасушаларындағы түлеу өнімдері қатқабат жайғасып “рак інжулері” деген
құрылымдарды түзеді.
26. Түлеуші жалпақ жасушалы рак гематоксилин-эозин х200
27.
28.
Безді рак (аденокарцинома) – еңжетілген рак қатарына жатады. Ол
безді ағзалардың призмалық
немесе текше тәрізді эпителиінен
өседі. Ісік жасушалары ацинустық,
сорғыштық, тубулярлық
құрылымдар түзеді. Ісік
жасушаларының ядролары ұзынша,
базалды жайғасқан. Олардың
арасында митоздар көп.
29. Асқазанның аденокарциномасы гематоксилин-эозин х200
30.
31. Гипернефроидты рак гематоксилин-эозин х200
32.
Шырышты (коллоидты) рак – ісікжасушаларының көп мөлшерде
шырышты сұйықтық бөліп
шығаруымен сипатталады.
Микроскоппен қарағанда,
шырышты заттармен толған
қуыстар көрінеді. Сол қуыстардың
ішінде ядролары шетке
ығыстырылған жүзік тәрізді ісік
жасушалары болады (жүзік тәрізді
жасушалар).
33.
34. Асқазанның шырышты рагы (сақина тәрізді жасушалы рак) гематоксилин-эозин х400
35.
Солидті рак (латынша solidum –қатты) – ісік жасушалары
коллаген затын түзе алу қабілетіне
байланысты ісік қатты болады. Бұл
аса тез өсетін ісіктер қатарына
жатады. Микроскоппен қарағанда,
бір-бірімен тұтасып жатқан аралары
дәнекер тінмен бөлінген эпителий
кешендерін көреміз. Жасушалардың
арасында митоздар көп.
36.
37.
Майда жасушалы рак –жетілмеген рактар қатарына
жатады. Көбінесе өкпеде өседі, ісік
жасушалары майда, ядролары
гиперхромды, лимфоцит тәрізді
домалақ немесе арпа дәніндей
сопақша, ядрошықтары көрінбейді,
ешқандай құрылымдар түзбейді.
38.
Фиброзды рак (скирр) – сүтбездерінде, асқазанда көп
кездеседі, өте қатерлі, ерте
метастаз беретін рак. Ісік
жасушаларымен бір қатарда
дәнекер тін көп өсіп кеткен,
сондықтан ұстап көргенде қатты.
39.
Асқазанда өскен скирр40.
Медулярлы (аденогенді) рак –ми тәрізді ақшыл және жұмсақ ісік.
Микроскоппен қарағанда ісікте
стромаға қарағанда паренхима
(жасушалар) басым болады.
Жасуша атипизмі өте күшті
болғандықтан ісік тез өсіп, некрозға
ұшырайды.
41.
Аралас (диморфтық) рак.Диморфты рак бір ағзада екі түрлі
рактың қатар дамуы. Мысалы,
жалпақ жасушалы рак пен
аденокарциноманың,
аденокарцинома мен майда
жасушалы рактың бір ағзада
дамуы, олар сирек кездесетін
рактар қатарына жатады.
42.
Теріден өсетін ісіктерОлар тері эпителиінен және тері
қосалқыларынан: тер бездерінен, шаш
фолликулаларынан және май
бездерінен өседі. Олар қатерлі және
қатерсіз болып бөлінеді. Осы ісіктердің
ішінен ең жиі кездесетіндері:
- Сирингоаденома – тер бездерінің
түтіктерінен өсетін ісік. Ол сорғышты
және түтікті болып бөлінеді.