Similar presentations:
Аталық жыныс мүшелерінің туберкулезі
1.
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Аталық жыныс мүшелерінің
туберкулезі
Студент: Минжасарова М
Тобы: ЖМ14-16-01қ
Оқытушы: Сенгирбаев Д.И
2.
Урологиялық аурулар арасында аталық жыныс мүшесініңтуберкулезімен науқастар 1,5-2,5 % жиілікте кездеседі, ал
ерлер арасында 30 – 50 %. Жыныс ағзаларының
зақымдалуы ерлер мен әйелдер арасында бірдей жиілікте
кездеседі, бірақ ерлерде анатомиялық құрылыс ерекшелігіне
байланысты 50 % жиіліке кездесуін бүйрек туберкулезімен
байланыстырады.
3.
Этиологиясы:Ауру қоздырғышы – туберкулез микобактериясы. Аталық жыныс
мүшелерінің туберкулезі басқада мүшелердің зақымдалу
этиолгиясынан айырмашылығы жоқ.
Қоздырғыш ағзаға әр түрлі жолмен түседі:
• Экзогенді
• Лимфогенді
• Контакты
• Гематогенді
• Көбіне жыныстық қатынас арқылы тасымалданады.
Бұл ауру 20 – 50 жас шамасы арасында кездеседі, бірақ кейінгі
мәліметтер бойынша көбіне улкен адамдарда жиі кездеседі.
4.
Патогенезі:Бүйрек туберкулезіндегідей, туберкулездің алғашқы немесе кейінгі таралу
кезеңінде инфекция гематогенді жолмен жыныс мүшелеріне түседі. Алайда мүшеге
туберкулез микобактерияларының түсуі барлық жағдайларда бірдей аурудың
клиникалық дамуын көрсетпейді, ол кейінірек өлде бір жаңа немесе жергілікті
қолайсыз факторлардың (тоңу, сыртқы жыныс мүшелерінің зақымдануы және т.с.с.)
әсер етуі нәтижесінде пайда болады.
Ен қосалқысының туберкулезі көбіне еркектің жыныс мүшесі туберкулезінің
алғашқы клиникалық көрінісі болып табылады. Сондықтан бұрын туберкулез
алдымен ен қосалқысын зақымдайды, одан соң басқа жыныс мүшелеріне таралады
деп есептейтін, яғни туберкулез ең алдымен қуық асты безінде пайда болып, кейін
ұрық көпіршігі мен ен қосалқысына таралады деп қабылданды. Қуық асты безі мен
ен қосалқысының бір мезгілде гематогенді зақымдануы да жоққа шығарылмаған.
Қалай болғанда да, еркектің жыныс мүшелері туберкулезінің патогенезі жөніндегі
мағлұматтардан мынадай практикалық қорытынды шығады: ен қосалқысы
туберкулезінің белгілері білінгенде басқа жыныс мүшелері несеп жүйесінің
мүшелерін тексеру қажет.
5.
Патологиялық анатомиясыЕркек жыныс мүшелеріндегі туберкулезіндегі микроскопиялық көрініс
басқа мүшелердің зақымдалуы кезіндегідей біртіндеп жүреді. Көбінесе
атабез қосалқысының туберкулезі кездеседі. Ол қосалқының
құйрығының төменінене басталып, басқа бөлімдеріне тарайды.
Қосалқының беткейіндегі туберкулезді төмпешіктер бірігіп, ірімшікті
ыдырау ошағы мен іріңдікке айналады. Өзгерген қосалқы атабезді
қоршайды, бірақ ол көп уақыт бойы интактылы болып қалады.
Қуықасты безінің және ұрық көпіршіктерінің де туберкулезі
инфильтрация ошағына бірігетін төмпешіктердің түзілуімен басталады,
сосын казеозды некрозға және іріңдік ыдырауға ұшырайды.
6.
Клиникалық көрінісі:Қуық асты безі туберкулезінің белгілері аса көп емес. Ауру басталғанда науқастар зәр
шығарудың болмашы бұзылғанына, ептеген ауру түйсіктеріне шағым жасайды, көбіне
шағымданбайды. Осы қуыстар мен несеп шығару өзегі арасындағы үрпіден ірің шығуына
ұштасатын терең жара мен безде туберкулез қуыстары пайда болғанда дизурия
кұбылыстары кенет көбейеді. Әдетте мұндай науқастардың зәрінен
туберкулез микобактерияларын табады. Куық асты безі туберкулезінің объективтік
белгілері өзіне тән болады. Бастапкы сатыда оны тік ішек арқылы саусақпен зерттегенде
без бетінің сәл төмпешікті екенін, оның терең қабатында шағын түйіндердің болатынын
анықтайды. Аурудың едәуір кейінгі сатыларына қуық безінде қомақты, қатты түйіндердің
болуы тән.
Ұрық көпіршігінің туберкулезінде оны қуық асты безі үстіндегі жұмыр түйінді сипау
арқылы анықтайды. Көбіне үрық көпіршіктерінің туберкулезі қуық безінің туберкулезіне
үласатындыктан, процесс асқынған жағдайда олар қосылып кетеді. Ұрық шығаратын өзек
туберкулезін ондағы тәспі төрізді түйіндерді сипау арқылы байқайды. Егер бұл процеске
үрық бауының тканьдері қатысатын болса, ол жуандап, нығыздалады (туберкулез
фуникулиті). Жыныс мүшесінің туберкулезі оның басындағы жара және каверналы
дененің түйіндері түрінде өте сирек кездеседі.
7.
8.
ДиагностикаАнтибактериалды терапияға бағынбайтын созылмалы
эпидемит кезінде, өкпені, бүйректерді, сүйектерді толықтай
тексеруден өткізу қажет, себебі бұл мүшелерді туберкулезбен
зақымдану мүмкіншілігінен сақтау. Микробиологиялық
дақылдарды көрсетулер және ПЦР көрсеткіші бойынша
қолдану, несепте туберкулездің әр түрлімикобактериялық
кешенінің ДНҚ және РНҚ диагностикасы (m. tuberculosis
hominis, m. bovis, m. microti, m. Africanum), простата бөлінісі,
қайталама эякулятта 3 – 5 ретке дейін, ал операция кезінде –
операциялық материалды биоптатта және гистологиялық
микроскопиялау басты маңыздылыққа ие.
9.
Нисходящая цистограмма. Кавернозная форма туберкулезапредстательной железы (стрелка)
10.
Емі:Бүйрек туберкулезіне қарағанда, аталық жыныс
мүшелерінің туберкулезіне тән химия терапиясының
әсері төмен. Одан басқа тән химия терапия әсерінен
туберкулез ошақтары дамыған орындарында тыртықтық
өзгерістер қалыптасады, ол жыныс мүшелер жолының
өткізгішігінің бұзылуына алып келеді.
Операциялық араласудың көлемі деструкция деңгейіне
байланысты: резекция немесе қосымшаны алып тастау.
Кейде мүше сақтаушы операция – кавернэктомия
қолданылады.
Операция алдылық дайындық кезінде туберкулезге
қарсы препараттар кешені қолданылады ( 4 – 8 аптадан
кеш емес). Операциядан кейінгі химия терапияны
фтизоурологтың бақылауымен лицензияланған
туберкулезге қарсы мекемеде ұзақ уақыт жүргізіледі.
Қуықасты безінің туберкулезінің емі көп жағдайларда
консервативті түрде жүргізіледі.
11.
Қолданылған әдебиеттер:• Урология. РМҒА академигі Н.А. Лопаткиннің
редакциясымен Қазақ тіліне аударған және жауапты
редакторы М.С. Асқаров
• http://studopedia.ru/6_143466_tuberkulez-muzhskihpolovih-organov.html
• http://ftiza.su/tuberkulez-muzhskih-polovyih-organov/
• http://ikaz.info/erkekti-zhynys-m-shelerini-tuberkulezi/
12.
•Назарларыңызғарахмет!!!