Similar presentations:
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары
1. Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің кірістері мен шығыстары
2.
1. Мемлекеттің экономикалық қызметіТауарларды өндіру мен қызметтер көрсету
барысында өндіруші немесе тұтынушылар
болып табылмайтын субъектілерге шығын
тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл
құбылыс «жанама нәтижелер» немесе
«құйылымдар» деп аталады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның
ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі
қолайсыздықтардың болуымен байланысты
шығындар жатады
3.
Құйылым щығындарын теңестіру үшінмемлекет мынадай шараларды жүргізеді:
1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны
зиянды әсер болмайтын жағдайларға
жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды
арттыруға және тепе-тең және оңтайлы
көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
2) құйылым шығындарына арнаулы
салықтарды енгізу, бұл тепе-теңдіктің жайкүйін қамтамасыз етеді.
4.
Құйылым пайдаларына білім беру,санитарлық-профилактикалық шаралар,
медициналық көмек, ауа райын болжау,
өрттен қорғау және басқа бірқатар
қызметтер көрсету жатады, бұлардан
пайданы бұл игіліктерді нақты
пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге
жалпы қоғам да алады
5.
Қоғамдық тауарлардың рыноктық тауарларданайырмашылығы , олар бөлінбейді және шығарып
тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол
жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы
тауарларды сатып алу мүмкін-дігін қажет етеді.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол
тауардың рыноктық бағасын төлей алмаса тауардан
болатын пайдадан аластатылады
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке
сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды, яғни
бұл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет
етпейді.
6. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрамы
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттіңқаржысы мемлекет-тің, оның
кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын
қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының
функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық
байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен
және қайта бөлумен байланысты болатын
ақшалай қатынастарды білдіреді.
7.
Мемлекет қаржысы бөлгіштік , бақылаужәне ұдайы өндірістік функцияларын
орындайды.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және
жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және
мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс
қорларды, мемлекеттік кредитті,
мемлекеттік және муниципалдық
(коммуналдық) кәсіпорындар мен
ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді
8.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалыққатынастардың жүйесін айтады, бұл
қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау
үшін мемлекеттің меншігіне түсетін
қаражаттардың жиынтығы құрылады.
Табыстар (кірістер) – бұл қаражаттар
шығындарымен байланысты белгілі бір
қызметтің нәтижесі
9.
Орталықтандырылған қаржы кірістерінегізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын
кірістер, халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған
кірістер кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен қорланымдарынан
құрылады.
10.
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс, ал қаржылықресурстар жалпы қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлу
және қайта бөлу кезінде жұмылдырылады.
«Мемлекеттің кірістері» және «мемлекеттік бюджеттің
кірістері» ұғымдарында айрмашылық бар. «Мемлекеттің
кірістері» құрамына, мемлекеттік бюджеттің кірістерінен
басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың,
бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен
алынған табыс, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық
түсімдері және т.б., ал мемлекеттік бюджеттің
кірістеріне тек қана мемлекеттің қолында
шоғырландырылған бөлігі ғана кіреді.
11.
Мемлекет кірістерді жұмылдырудың 3 әдісібар:
-салықтар;
- мемлекеттік қарыздар;
- эмиссия, оның үстіне тек қағаз-ақшалай
эмиссия ғана емес, сонымен қатар
кредиттік эмиссия болып табылады.
12. Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтықресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері
мыналардан тұрады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың табыстарынан;
2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық
түсімдерінен;
3) қоғамдық, кооперативтік және ұжымдық
кәсіпорындардың салық түсімдерінен;
4) халықтың салық төлемдерінен;
13.
Жасалу сфераларына қарай мемлекеттіңкірістері:
1) материалдық өндіріс сферасында
қалыптасатын кірістер;
2) өндірістік емес сферада жасалатын
кірістер болып жіктеледі.
жіктеледі.
14.
Қаржылық мазмұны бойынша мемлекеттіңкірістері:
1) салықтық;
2) салықтық емес (мемлекет иелігінен
алудан және жекешелендіруден түсетін
табыстар және т.б.) болып бөлінеді.
Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер
орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған болып табылады