1.45M
Category: psychologypsychology

Ерте жүктілік ана

1.

2.

3.

Ерте жастан ана атану – тек
Қазақстан ғана емес, бүкіл
әлемді алаңдатып отырған
мәселе. Сондықтан БҰҰ
Халықты қоныстандыру
саласындағы қоры биылғы
баяндамасын «бала шақта ана
атану: жасөспірімдер
жүктілігінің келелі
мәселелеріне» арнапты .

4.

.
Аталмыш баяндамаға
сүйенсек, жыл сайын тек
дамушы елдердің өзінде
18 жасқа толмаған 7,3
миллион қыз ана
атанады. Тіпті 15 жасқа
жетпей жатып сәби
сүйген жеткіншектердің
саны 2 миллионнан асып
жығылады екен. Оңы мен
солын айыра алмайтын
қыздардың мойнына
аналықтың жүгі ерте
артылған сайын, оның
болашағы бұлыңғыр
болады.

5.

Өйткені ерте жүктілік ана мен баланың денсаулығына кері әсер
етеді. Әлем бойынша 70 мыңға жуық жеткіншек босану кезінде
бұл дүниемен қош айтысады екен. Тіпті аман-есен босанды
деген күннің өзінде, бала денсаулығында ақау болу
ықтималдығы жоғары. Екіншіден, бойға бала біткеннен бастап,
оған сабақты тастауға тура келеді. Орта мектептің өзін бітіре
алмаған жас қыздың ертеңгі күні жоғары білім алуы
екіталай.Үшіншіден, қыз баланың құқықтары шектеледі. Өйткені
кәмелетке толмай жүкті болған қызға көп жағдайда ата-анасы
қысым көрсетіп, қоғам қырын қарайтыны белгілі.

6.

ҚР Статистика агенттігінің дерегіне
жүгінсек, елімізде жыл сайын 15-19
жастағы 10 мыңға жуық қыз
баланың аяғы ауыр болады екен.
2008 жылы осы жастағы әр мың
қыз баланың 31-і перзент көрген.
Түсік жасатқан 6000 әйелдің 84-і 15
жасқа дейінгілер болса, олардың
жартысы мұндай қадамға екінші
рет барған.

7.

1998 жылдың өзінде 527 қылмыстық аборт жасалып, соның
кесірінен 27 әйел қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің
ресми деректері бойынша, 2006
жылы түсік жасатқан әйелдердің
саны 130 599 болса, 2007 жылы
– 133 097, ал 2008 жылы 123
мың болған. Әлемдегі 193 елдің
тек төртеуінде ғана жасанды
түсікке заңмен тыйым салынған.

8.

Аталмыш елдердің 119-ында ана өміріне
қауіп төнген жағдайда ғана абортқа рұқсат
беріледі. Керісінше, түсік жасауға ешқандай
шектеу жоқ елдің бірі – Қазақстан. Жасырын
жайттарды еске алсақ, жағдай біз ойлағаннан да күрделі болуы ғажап емес. Бұл –
бір. Екіншіден, 1995 жылы Жыныстық және
репродуктивті денсаулық жөніндегі
қазақстандық қауымдастығы медицина және
педагогика салалары бойынша тәжірибе
алмасуға Лондонға барғанға ұқсайды. Онда
жасөспірімдер орталығына бас сұғып, 8сыныптың оқушыларымен сөйлесіпті. Сонда
әлгі 14 жастағы балалардың 40 пайызының
жыныстық қатынасқа түсуден тәжірибесінің
болуы біздің қауымдастық өкілдерін тағы
қатты таңғалдырған.

9.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне
келсек, бала шақтан ана атанудың
себебі тек қыздардың жеңілтектігінде
ғана емес, олардың зорлықзомбылықтың құрбанына
айналуынан және ата-ананың ұлқызын ерте үйлендірге бейім
тұратындығынан дейді. Әсіресе,
еліміздің Оңтүстігі мен Батысында
қызын кәмелетке толмай ұзататын
отбасылардың қатары көп екен.
Бірақ та бүгінгі көзі ашық ата-ана өз
еркімен мектепті де бітірмеген
қызының өзге үйдің отын жағуына
келісе салатынына күмәніміз бар.
Тағы да айналып қыз бен ұлдың
тәрбиесіне келіп тірелеміз… «Ұл
отыз үйден, қыз қырық үйден
тыйым» көріп өссе, мұндай мәселені
талқыламас та едік, бәлкім…
English     Русский Rules