Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілтану ғылымының атасы
Ахмет Байтұрсынов туралы айшықты ойлар
6.49M
Categories: biographybiography literatureliterature

Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілтану ғылымының атасы (1872-1932)

1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілтану ғылымының атасы

(1872 – 1932)

2.

Көркем сөз – көңіл тілі
Жалаң сөз – зейін тілі.
Ахмет Байтұрсынов

3.

Жоспар:
1.
2.
3.
4.
5.
Өмір белестері;
Ахмет Байтұрсынов – қоғам қайраткері;
Ахмет Байтұрсынов – ағартушы;
Әдебиеттанушы;
Ғалымдардың айтқан ой – пікірлері.

4.

Ахмет Байтұрсынов
•Ұлттың ұлы ұстазы;
• Ағартушы-ұстаз;
• Тілші-ғалым;
• Аудармашы;
• Ақын, ауыз әдебиеті
үлгілерін жинаушы;
• Өз халқын сүйген патриот
адам.

5.

Өмір белестері
Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай уезінің – қазіргі
Қостанай облысы,Тосын болысында дүниеге келген.
Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.Қазақ
халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы
жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен
әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық
жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің
мүшесі.

6.

Ахмет Байтұрсынов-қоғам қайраткері
* Патша отаршылдығына қарсы
күрестегі белсенді іс-әрекетіне
байланысты А.Байтұрсынов
1909 жылы Семей түрмесінде
бір жыл отырып, екі жылға жер
аударылады.
* 1913 жылы Орынборда "Қазақ"
газетін шығара бастады.
* Газет қазақ халқының ұлттық
санасын оятып, азаттық күреске
шақырды.

7.

Ахмет Байтұрсынов 1917 жылы өз пікірлестерімен бірге
«Алаш» атты партия құрды.

8.

Ахмет Байтұрсынов - ағартушы
Ахмет Байтұрсынов – ең алдымен, қазақ балаларының ана
тілінде сауатын ашып, әрі қарай қазақ тілінде оқуын
жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы. Ағартушылық
мақсаты – өз алфавитін жасау, оқулықтар жазу. Осы
мақсатты орындау үстіне ол қазақ тілін, оның дыбыстық
жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап –
танытқан зерттеуші әрі сол зерттеулерінің негізінде
«Әліппе», «Маса», «Қырық мысал» атты оқулықтарын
жазған.

9.

Әліппе
Қазақ әліпбиі — қазақ тілінің әріптерінің жүйелі тізбегі, қазақ халқының
мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр
түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Ғалым сауатсыз
халықтың болашағын ойлап, жаны күйзелді. Қазақ халқы тұтынып
отырған араб алфавитінің теріс жақтарын, кемшілік тұстарын көріп,
өзгеріс енгізуді қажет деп санайды. Ол туралы ойын «Қазақ
білімпаздарының тұңғыш съезінде» сөйлеген сөзінде айтады.
А.Байтұрсыновтың ойынша, жақсы әліпбидің мынадай қасиеттері болу
керек:
Жақсы әліпби тілге шақ болу керек;
Әліпбидің жақсысы баспа ісіне қолайлы болуы тиіс;
Жақсы әліпби үйренуге де қолайлы болуы тиіс.

10.

Ахметтің 1914 ж.Орынборда
жарық көрген қазақша
әліппесінің мұқаба беті
Жаңа әліппе

11.

«Оқулықтары»

12.

«Әдебиеттанушы»
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа
шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет
саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның Қазақ газетінің 1913
жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген
көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының
рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны,
шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі,
поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы
пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадірқасиеттері ашылған.

13.

Байтұрсынұлының
қазақ
әдебиеттану ғылымы мен әдебиет
тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді
еңбегі — «Әдебиет танытқыш»
(1926). Мұнда көркем сөз өнерінің
табиғаты,
сыры,
мазмұны,
ерекшеліктері, жанрлары, жаңа
терминдер, ұғымдар жайлы жанжақты зерттеулер, тұжырымдар сөз
болды.
Бұл
еңбегінде
Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен
жазба
әдебиетінің
әлеуметтік,
қоғамдық мән-маңызын ашудан
гөрі адамгершілік, эстетикалық
әсемдік әуенін талдауға көбірек
көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда
жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер
туралы ой-түйіндер айтылған.

14.

«Аудармалары»
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы —
көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ
тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол
үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне
аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып
бастырды.
И.И.
Хемницердің
«Атпен
есек»,
А.
Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат»,
«Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі
лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

15. Ахмет Байтұрсынов туралы айшықты ойлар

Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ
тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің
іргетасын қалаған алғашқы адам –
Ахмет.
Сәбит Мұқанов
Ахмет Байтұрсынұлы - біріншіден, қазақ тілінің
тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Соңынан
із салған жаңашыл ағартушы. Қазақ оқушыларының
бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының әліп-биімен
ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы
оқып үйренді.
Рабиға Сыздықова
Сан салалы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туған тілдің,
туған мәдениеттің басында тұрды. Туған тілдің әдеби
нормасын жасады. Бірде - бір бөгде тілдің сөзін
қоспай, бірде - бір цитата келтірмей, таза, мөлдір
тілмен өзі тапқан қисынды баламалармен “Әдебиет
танытқышты” жазып шықты.
Сырбай Мәуленов

16.

Ахмет Байтұрсынұлы
Алматы мұражай – үйі
Қостанай қаласында Ахмет
Байтұрсынұлы атына арнап
ескерткіш орнатылған
Қостанай педагогика
университеті Ахмет
Байтұрсынов есімімен
аталады

17.

Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Шығармалары/Ахмет Байтұрсынұлы.- Алматы: «Өлке» баспасы,2013;
-
Ахмет Байтұрсынұлы: Зерттеу – эссе. – Алматы: «Арда», 2007;
«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.»
ЖШС, 2010 жыл;
Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу – ағартуға қатысты еңбектері)
Алматы,«Ана тілі», 1992 ж.
Ғаламтор беттерінен;
-

18.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules