Пән: Экономикалық теория
MARCH 2016
132.56K
Category: economicseconomics

Экономикалық теория пәні және әдістер

1. Пән: Экономикалық теория

Тақырып 6. Капитал: мәні және
нысандары. Кәсіпкерлік
Бөлім 1

2. MARCH 2016

Тақырып: Экономикалық теория пәні
және әдістері
Дәрісте қаралатын сұрақтар
1. Капитал. Толық және ауыспалы айналым
2. Негізгі және айнымалы капитал. Амортизация

3.

Кәсіпкерліктің кез келген түрінде кәсіпкер әрдайым капитал
жұмсап өзіне тезірек пайда табуға ұмтылады. Бұл үшін
кәсіпкер өндірісті үзбей жалғастырып, ұдайы өндіріс
үдерісін жүзеге асырады. Ұдайы өндірістің үздіксіздігі
өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді

4.

Ұдайы өндірістік үдерісті, осыған қатысатын өнеркәсіптік
капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі
тұрғысынан қарасақ, оны
А – Т ... Ө ... Т’ – А’
түрінде сипаттауға болады. Бұл ұдайы өндірістік үдерістің
формуласы.
А – Т ...

5.

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған
өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға
айналады. Бұл капиталдың қызметі болып өндіріске
жағдайлар жасау табылады:
... Ө ...

6.

Өндіріс үдерісінде өндіргіш капитал
тауарлық капиталға айналады және ол
үстеме құн (қосымша пайда) өндіру
қызметін атқарады:
... Т’ – А’

7.

Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын
қозғалысын
Капиталдың ауыспалы айналымы деп атайды және
ол қосымша пайда табуды көздейді:
d = A’ – A.
Мұнда, А – бастапқы жұмсалған капитал; d – үстеме
құн.

8.

Өндіріске құйылған бастапқы капиталдың
барлық қозғалысының түгелдей бір цикл
бойы айналып шығуын капиталдың толық
айналымы деп атайды.

9.

Капитал құнының
айналымдағы әрқилы
қызметтеріне байланысты
капитал негізгі және
айналмалы болып бөлінеді
Негізгі
капитал
Айналмалы
капитал

10.

Негізгі
капитал
Айналмалы
капитал
• бұл өндірістік үдеріске толық
қатысатын, бірақ өзінің құнын дайын
өнімге бірте-бірте ауыстыратын
және меншік иесіне ақшалай
формада біртіндеп қайтып оралатын
капитал.
• бұл өндіргіш капиталдың бір бөлігі
болып табылатын, өзінің құнын
дайын өнімге бірден ауыстыратын
және әрбір ауыспалы айналым
актісінің соңында ақшалай формада
тұтас қайтатын капитал.

11.

Негізгі
капиталға
құрал-жабдықтар,
саймандар,
машиналар,
станоктар, өндірістік
ғимараттар,
құрылыстардың
түрлері
Айналмалы
капиталға
шикізат, отын,
материалдар,
басқалары жатады.

12.

Негізгі капитал айналмалы капиталға қарағанда
материалдық (физикалық) және моральдік (сапалық)
тозуға ұшырайды
Материалдық тозу – бұл
негізгі капитал
элементтерінің физикалық
тұрғыдан қызмет етуге
жарамсыз болып қалып
өздерінің тұтыну құнын
жоғалтуы
Моральдік тозу – бұл негізгі
капитал, еңбек құралдары
құнының төмендеуі
нәтижесінде немесе олардың
өнімділігінен жоғары сапалы
еңбек құралдарының пайда
болуына байланысты құн
бағалылығының жойылуы.

13.

Негізгі капитал
материалдық тозуға
мынадай жағдайларда
ұшырайды:
Материалдық
тозудың екі жағы
болады:
жұмыс уақытында
капиталдың
қызмет ету
үдерісінде
техникалықөндірістік –
тұтыну құнының
жойылуы;
табиғат күштерінің
әсерінен
жұмыссыз қалған
кезеңде
құндық – құнның
жаңа өнімге көшуі

14.

Моральдік
тозудың екі түрі
болады:
еңбек өнімділігінің
өсуіне сәйкес берілген
еңбек құралдары
арзандау, аз құнмен
ұдайы өндіріледі
құны бұрынғыдай
машиналар өндіріледі,
бірақ техникалық
жағынан жетілдірілуі,
өнімділігі мен
рентабельділігі
(тиімділігі) жоғары
болады

15.

Аталған екі жағдайда да негізгі капитал тозуға ұшырайды, құны
төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың
пайдалылығымен есептеледі. Мұндай жағдайлар амортизациялық қор
құруды талап етеді. Амортизациялық қор – бұл негізгі капитал
қорының қаражаты жыл сайын жасалып және жиналып отыратын
амортизациялық жарналар.

16.

Назарларыңызға рахмет!
Сау болыңыздар!
English     Русский Rules