Similar presentations:
Сынып жетекші жұмысындағы диагностика
1.
ТақырыбыСынып жетекші
жұмысындағы диагностика
2.
Сынып жетекшісі – ол кім?Сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын
ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп өткізетін педагог. Сынып
жетекшісінің негізгі мақсаты әр оқушыны дамыту, оның
ерекшеліктерін сақтау, оның потенциалды қабілеттерін ашу,
интелектісінің дұрыс дамып, жетілуіне жағдай жасау. Ол үшін
сынып жетекшісі тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді үлгілері мен
тәсілдерін шығармашылықпен таңдап алып, оның нәтижелерін
есептеп, бағалап, оқушыларға жеке-жеке қарау үшін оқушыларды
жан-жақты зерттеп, жан дүниесіне үңілу қажет.
Сол сияқты сынып жетекші де бала тәрбиесіне кіріспес бұрын, қай
бағытта тәрбиелеу керектігін анықтап алған жөн.
Тәрбие жұмысы педагогикалық диагностикадан басталады.
Оқушыны жан-жақты зерттеп білу керек. Көпке мәлім зерттеудің
төмендегідей түрлері бар:
3.
Алдын-ала танысуАлдын-ала танысу кейінен тәрбиені неғұрлым тиімді ұйымдастыруға,
оқушылар ұжымын ынтымақтастырудың барынша ұтымды жолдарын
табуға мүмкіндік береді.
Мысалы, сынып жетекші жаңадан алған сыныптың оқушыларының ісқағаздарымен, сынып журналымен танысады. Алғашқы аптаның ішіндеақ оқушылардың жанұясы туралы мәлімет жинақтауына болады.
Төмендегідей сауалдама беру арқылы оқушылардың өздерімен,
жанұяларымен сырттай танысуға болады:
4.
Алдын-ала танысуАты-жөнің:
Туған жылың:
Мекен жайын:
Жанұяң туралы мәлімет:
Аты-жөні
Саған кім болады?
Туған жылы
Жұмыс орны
5.
Оқушының қоршаған ортаменқатынасын зерттеу
Жағдайлар
Мен көбіне сәтсіздікке
ұшыраймын
Мені өте жақсы түсінеді
Мен жасқанамын
Маған көмектеседі
Мен өзіме-өзім сенбеймін
өзімді судағы балықтай
сезінемін
Мені өте қинайды, жәбірлейді
Қолымнан бәрі келеді
Менің жыныма тиеді
Мені байқамайды
Мені бағалайды
Менің пікіріммен санасады
Мені ренжетеді
Отбасы
Достары
Сыныбы
Көше
Мұғалім
Басқа
Сабақ
6.
Оқушы әрекетінің нәтижелерінталдау.
Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес,
олардың мектептегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет
нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық,
қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге
қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға
мүмкіндік береді.
Мысалы, мен оқушы ата-аналарына төмендегідей
сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс
кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алдым
7.
Оқушыларды зерттеу жүйесіндегіәңгімелер
Егер әңгіме табиғи жағдайда өтіп, нақты жайды
талдаумен байланысты болса, өте жақсы. Әңгіме
мейлінше тиімді болуы үшін оның мақсатын, қойылатын
сұрақтарды алдын ала ойластырған жөн. Тәжірибелі
мұғалімдер әңгімені қайдағы бір тергеу сипатында
жүргізбейді. Жетекші сұрақтардың көмегімен олар
оқушының сыныптағы белгілі бір оқиғаға қалай
қарайтынын, өзінің мінез-құлқын, жолдастарының
әрекетін қалай бағалайтынын анықтайды. Сынып
жетекшісінің мұғалімдермен және ата-аналармен
әңгімелесуі оқушы тәрбиелігінің дәрежесі туралы құнды
материал береді.
8.
Оқушыларды зерттеу үрдісіндесауалнаманы қолдану
Сауалдама адамгершілік ұғымдар мен түсініктерді,
айналадағы адамдарға деген қатынасты анықтауға,
ынта мен бейімділікті зерттеуге көмектеседі. Ол, әсіресе
түрлі моральдық қасиеттер туралы түсінігін анықтау
үшін кеңінен қолданылады. Негізгі адамгершілік
қасиеттерді түсінудегі елеулі алшақтықтарды және
оның үстіне теріс, дәл емес жауаптарды анықтағаннан
кейін, сынып жетекшісі сауалдамадағы сұрақтардың мән
мағынасы бойынша этикалық әңгіме өткізеді.
Сауалдаманы жинап алып, қорытындылау ретінде осы
тақырыптарда пікірталас өткіздім. Пікірталаста
оқушылардың пікірлеріндегі кемшін тұстарын ортаға
салып, пікірталас туғызуға тырыстым.
9.
Оқушылардың өзара жеке қатынасын зерттеудесоциометриялық әдістерді қолдану
Бұл әдістер жанама сұрақтар қою жолымен өзара
ұнатуды, жақтырмауды немесе бір-біріне деген
немқұрайдылықты анықтауға, сыныпта кімнің беделі
жоғары, ал кімнің беделі төмен екенін білуге мүмкіндік
береді. Мұны, әсіресе, сынып жетекшінің білгені өте
маңызды. Мұндай тәсілдердің педагогикалық құндылығы
сол, олар сынып ішіндегі қарым-қатынастардың сипатын
анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым сыйлы, сүйікті
және белгілі оқушыларды анықтап, сынып жетекшісі
кейін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде, өзінөзі басқару ұйымдарын сайлау барысында және оларға
басқа жұмыстарда оларға сүйене алады.
10.
Социометрия әдісіМақсаты: Сынып оқушылары
арасындағы қарым-қатынасты зерттеу
Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай
сауалнама үлестіріледі:
Кіммен бір партада отырғың келеді?
Кіммен бірге жорыққа шыққың келеді?
Кімді туған күніңе шақырғың келеді?
11.
Дербес мінездемелержинақтау.
Бұл оқушылар туралы әр түрлі
адамдардан (мұғалімдерден, атааналардан, оқушылардың
жолдастарынан) алынған деректерді
жинақтауды және оларды салыстыруды
көздейді.
12.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰРМЫС ЖӘНЕТӘРБИЕ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
Бұл тәсіл әдетте қиын, болбыр, үлгермейтін, тәртіпсіз
оқушыларды зерттеу кезінде қолданылады. Тұрмыс және
тәрбие жағдайын білмейінше, ықпал жасаудың нақты және
тиімді тәсілдерін белгілеу мүмкін емес. Әрине, барлық
оқушылардың үйдегі тұрмыс және тәрбие жағдайын
зерттеу қиын, тіпті мүмкін емес. Бірақ осы жағдаймен
жекелеген отбасыларда, әсіресе берекесіз оқушының немесе
жаңа оқушының отбасында танысуға әбден болады. Бұл
тәсілді қолдану ата-аналардың бос уақытты дұрыс
ұйымдастыруға көмек беруі арқылы оқушының өз уақытын
тиімді өткізуіне ықпал жасайды.
13.
“Сыныптағы ахуал” - шағын зертеуОқушыларға мағыналары қарама-қарсы сөздер жазылған
бір-бір парақ қағаз үлестіріледі. Солар арқылы ұжымындағы
ахуалды зерттеуге болады. Оқушылар «х» белгісін сол жаққа
немесе оң жаққа жақын қойса, ұжымда сол белгі айқын
көрініс береді.
14.
Сыныптағы ахуал» - шағын зертеукестесі
5
4
3
2
1
Достық қалып
Араздық
Келісім
Келіспеушілік
Қанағаттылық
Қанағатсыздық
Құштарлық
Селқостық, немқұрайдылық
Жылылық
Салқындық
Ынтымақтастық
Алауыздық
Қызығушылық
Зерігушілік
Табыстылық,
жемістілік
Табыссыздық, нәтижесіздік
15.
Ұжымның өзін-өзі әлеуметтікпсихологиялық аттестациялауМақсаты: Бастапқы ұжымдағы ерекше қатынастар жүйесінің даму
деңгейінің кешенді бағасы. Зерттеу барысы: Оқушыларға мынадай
сауалдама сұрақтары беріледі.
Берілген тізімге және оны бағалайтын шкалаға сүйене отырып, сіз
өзіңіздің ұжымдағы қатынастарыңызды бағалааңыз. Бағаны былайша
беруіңізге болады:
«6» - қажетті сапа ұжымның барлық мүшелеріне тән;
«5» - барлығына тән деуге болады;
«4» - көбіне тән
«3» - тең жартысына тән;
«2» - кейбіреулеріне тән;
«1» - бірен-саран адамға тән;
«0» - ешкімге тән емес.
16.
ҚорытындыСонымен, тәрбие жұмысын ұйымдастыру
нәтижелерін есептеу және бағалау
оқушыларды жан-жақты зерттеуді,
олардың тәрбиелік дәрежелерін
анықтауды талап етеді. Тәрбие
дәрежесін дұрыс анықтау – тәрбие
жұмысының тиімділігін арттырудың
пәрменді құралын табу деген сөз.