Семей Мемлекеттік Медицина Университеті
Жоспар:
Статистикалық зерттеу әдісі
Кестелер мен графиктер құру
Диаграмма түрінде құру
Кезеңділікті бағалау
Халықтың әлеуметтік сырқаттанушылығын талдау
941.50K
Category: medicinemedicine

Эпидемиологиялық талдауда қолданылатын статистикалық әдістер

1. Семей Мемлекеттік Медицина Университеті

Тақырыбы: Эпидемиологиялық талдауда қолданылатын
статистикалық әдістер.
Орындаған: Әйкен С. Ж.
302топ ЖМФ
Тексерген: Хамитов Е.А.
Семей-2015ж

2. Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері
2.2. Инфекциялық сырқаттанушылықтың
көп жылдық динамикасын талдау.
2.3. Инфекциялық сырқаттанушылықтың
әртүрлі халық топтарында таралуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3.

Эпидемиологияда пайдаланылатын әдістер мен
медицинаның басқа да салаларындағы амалдар көп
жағдайда бірдей болады. Мысалы: бақылау, тексеру,
тарихи-географиялық сипаттау мен салыстыру,
эксперимент, статистикалық және қисынды талдау.
Эпидемиологиялық зерттеуде қазіргі ғылымитехникалық жетістіктерде пайдаланылатын көптеген
әдістерді қолдану бүгінгі күннің талабы.
Эпидемиологиялық әдіс - эпидемиялық процестің
себеп-салдарлы
байланысын
анықтауда
пайдаланылатын
әдістемелік
тәсілдер
мен
амалдардың жиынтығы; басқаша айтқанда олжұқпалы аурулардың пайда болу себептерін, берілу,
таралу
механизмдерін
анықтау
және
эпидемиологиялық
жағдайды
бағалауда
қолданылатын әдістердің жиынтығы.

4.

Эпидемиологиялық әдістің құрылымы
Әдістемелік тәсілдер
1. Эпидемиологиялық тек серу мен қадағалау
а) инфекция ошағын тексеру
б) аумақты барлау мен сараптау
в) микробиологиялық, серологиялық, иммунологиялық
әдістер
Зерттеу мақсаты
Жұқпалы аурулардың
пайда болу жағдайы мен
себебін анықтау; қауіп-қатер
дің алдыңғы себебін анықтау;
эпидемиологиялық диагноз
қою; аурудың этиологиясын
дәлелдеу, эпидемиялық процеске қатысатын буынаяқтылар түрі, кеміргіштер;аумақта
жұқпалы аурулардың пайда
болу мүмкіндігін және эпидемиялық жағдайды асқындырмау шараларын анықтау.

5.

2. Аналитикалық
а) “оқиға-бағалау”
түрінде зерттеу;
б) когоротты зерттеу
Қауіп қатер факторларын болжап бағалау, қорытынды жасау
және эпидемиологиялық диагноз қою; қауіп-қатер факторға байланысты індетке қарсы
шаралардың бағытын
анықтау.

6.

3. Статистикалық
4.Экспериментальдық
5. Математикалық үлгілеу
Сырқаттанушылық деңгейінің дұрыстық
дәрежесін сандық
бағалау; індетке қарсы
және алдын алу
шараларының тиімділігін анықтау; эпидемиялық процестің
уақыт, кеңістік бойынша
дамуын бағалау, сонымен
қатар құбылыстың себептік
салдар байланысының өзара
қатыстылығын бағалау.
Болжауды дәлелдеу; індетке
қарсы жұмысқа және алдын алу
шараларына қолданылған жабдықтар мен әдістердің сандық
тиімділігін бағалау.
Эпидемиялық процестің көрінісін
болжау.

7. Статистикалық зерттеу әдісі

Бұл әдіс басқа да тәсілдермен бірге эпидемиологияда өте кең
пайдаланылады. Мақсаты - эпидемиологиялық жағдайды,
атқарылатын індетке қарсы және алдын алу шараларының
тиімділігін сан арқылы анықтау.
Эпидемиологиялық тексеру мен қадағалау барысында әр
түрлі мағлұматтар жиналады, олардың маңызына дұрыс баға
беру көп жағдайда қиынға түседі. Осыған байланысты
математикалық статистиканы қолдану арқылы көптеген
материалдардан барынша толық мәлімет алып, олардың
дұрыстығын бағалауға болады. Жиналған материалды
статистикалық тексеруден өткізу әр түрлі құбылыстарға
дұрыс баға беру үшін қажет, оның эпидемиялық процестің
уақыт, кеңістік бойынша ңртүрлі топтардағы көрінісін, даму
барысын бағалауда маңызы зор. Статистикалық толық
қорытынды әдетте санмен (абсолюттік және салыстырмалы)
сипатталады. Олар санды кесте, графикалық бейне,
диаграмма, картограмма және басқа түрде көрсетіледі.

8.

Статистикалық эпидемиологиялық белгілер сандық және сапалық
болып бөлінеді.
Эпидемия барысының сандық белгілеріне жататындар:
- сырқаттанушылықтың деңгейі
- осы көрсеткіштердің динамикасының өзгешелігі
- маусымдық көтерілулердің үдемелі қарқындылығына қоса, осы
көрсеткіштердің жыл ішінде бөлінуінің өзгешелігі
- ошақтылық
Эпидемия барысының сапалық белгілеріне:
- аймақ бойынша
- қала және ауыл халқы арасында
- әр түрлі жас топтары бойынша
- жынысы бойынша
- әр түрлі кәсіби топтар бойынша
- әр түрлі тұрмыстық, этникалық топтар бойынша

9. Кестелер мен графиктер құру

Көп жылдықтың динамикасын талдау үшін жиынтық
халықтың
немесе
жеке
топтардың
жылдық
сырқаттанушылығын сипаттайтын, динамикалық қатарлардың
негізінде құрылған кестелер мен графиктер қолданылады.
Динамика показателей первичной заболеваемости
катарактой взрослого населения Казахстана за 2006-2010 гг.

10.

Кестелерді құруға арналған мәліметтерді дайындау
үшін жыл бойғы сырқаттанушылықтың жалпы санын
ерекше көп бұрқ еткен ауруларға байланысты
оқиғаларды алып тастап, оларға жеке талдау жүргізу
керек.
Талдауға жататын кезеңнің ұзақтығы оқтын-оқтын
көтерілулердің арасындағы интервал ұзақтығымен
анықталады, зерттелетін кезеңге 5-7 цикл енсе,
сырқаттанушылықтың көп жылдық дамуын бағалауда
едәуір дәлдікке жетеміз.
Сырқаттанушылықтың көп жылдық серпіні графикте
арифметикалық немесе жартылай логарифмдік
шкаланы қолдана отырып, дағдылы, сызықтық
диаграмма түрінде бейнеленеді.

11. Диаграмма түрінде құру

Среднегодовые показатели первичной заболеваемости катарактой
у мужского и женского населения Казахстана за 2006-2010 гг.

12. Кезеңділікті бағалау

Кезеңділікті дәл бағалауға тек едәуір күрделі
статистикалық тәсілдерді қолданғанда ғана жетуге
болады.
Бірақ біршама қолайлы қорытындыларды графикті
әдеттегідей көзбен бағалау арқылы алуға болады. Бұл
жағдайда сырқаттанушылықтың көтерілуі мен
төмендеуінің қайталануы ескеріледі және екі көршілес
көтерілулер
мен
төмендеулердің
арасындағы
интервалдар эпидемиялық циклдің ұзақтығына
сәйкес келеді. Егер ұзақтылығы бірдей эпидемиялық
цикльдер ұзақ қайталанатын болса, онда көп
мөлшердегі
мүмкіндік
арқылы
зерттелетін
сырқаттанушылықтың көп жылдық серпінінде
кезеңділіктің бар екенін айтуға болады.

13. Халықтың әлеуметтік сырқаттанушылығын талдау

Осы кезеңде жеке халық топтарындағы сырқаттанушылық
деңгейінің салыстырмалы бағасын және әр топтағы
ауырғандардың
үлес
салмағын
бүкіл
халық
сырқаттанушылығының жиынтығында бағалау талдаудың ең
негізгі бөлімдеріне жатады. Мұндай бағалау, дәстүрлі түрде
зерттелетін кезеңдегі сырқаттанушылықтың тек орташа
көрсеткіштерін есептеу мен салыстыру жолымен жүргізіледі.
Бірақ бұл әдіс қате қорытындыларға соқтыруы мүмкін, себебі
орташа шамаларды салыстырғанда жеке құрамдардағы
сырқаттанушылықтың даму барысы ескерілмейді. Бұл
жағдайда әр түрлі бағыттағы және әр түрлі шапшаңдықтағы
тенденция болғанда, топтардағы эпидемиялық жағдай соңғы
жылдары зерттелетін топтардағы сырқаттанушылықтың
орташа көрсеткіштерімен сәйкес келуі мүмкін.
Нақты пікірлерге жету үшін жеке контингенттердің
эпидемиологиялық маңызды еңбек пен тұрмыс жағдайларын
сипаттайтын мәліметтерді зерттеу.

14.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. С. Әміреев, Ж. Т. Темірбеков Эпидемиология.
Жалпы эпидемиология 1-том – Алматы: ЖАКтың баспа орталығы, 2000ж.
2. http://mylektsii.ru/1-12970.html
3. http://okymaterialdari.com/index.php?newsid=3546
60
English     Русский Rules