Обьективті зерттеу әдістері: Науқасты жалпы қарау. Жалпы жағдайы,есін,төсектегі қалпын,тері және тері асты май қабатын,қалқанша
Сана бұзылуының екі түрі бар
Ступор
Сопор
Кома
Аурудың төсектегі қалпы
Мәжбүрлі жағдай түрлері:
Ортопноэ
Жүрек ауруларындағы науқас оң бүйіріне жатуы.
Сырқаттанғанда тері түсінің бозару себептері:
Бүйрек патологиясы кезіндегі аяқтардың ісініуі
Брок индексі : дене салмағы (кг) /бойы (см) - 100 * 100% Брок индексі 90-110% көлемінде шыкса қанағаттанарлық тамақтану болып
Пальпация подбородочных и подчелюстных лимфатических узлов
Пальпация заднешейных и переднешейных лимфатических узлов
Пальпация надключичных и подключичных лимфузлов
Пальпация подмышечных лимфатических узлов:
Пальпация кубитальных лимфатических узлов
пальпация подколенных и паховых лимф. узлов
Назарларыңызға рахмет! СПАСИБО ЗА ВНИМАНИЕ!
5.02M
Category: medicinemedicine

Обьективті зерттеу әдістері. Науқасты жалпы қарау

1. Обьективті зерттеу әдістері: Науқасты жалпы қарау. Жалпы жағдайы,есін,төсектегі қалпын,тері және тері асты май қабатын,қалқанша

Дәріс №3
Обьективті зерттеу әдістері:
Науқасты жалпы қарау. Жалпы
жағдайы,есін,төсектегі қалпын,тері
және тері асты май
қабатын,қалқанша безін, лимфа
түйіндерін, бұлшықет- сүйек жүйесін
зерттеу әдістері.Науқас салмағы мен
бойы.Дене салмағының индексі.
Семіздік.

2.

Объективтік тексеру әдістері Науқасты қарап тексеру
объективті деп саналады, өйткені қараған кездегі
анықталынған белгілердің негізгісінде болжам диагноз
қойылады.
Тікелей тексеруді науқасты қараудан бастайды, жалпы
науқастың жағдайын бағалайды, содан кейін пальпация,
перкуссия, аускультация тексеру түрлеріне көшед Жалпы
Қарау ең қарапайым методтардың қатарына жатады. Оның
диагностикалық мүмкіншілігін тек дұрыс пайдалана білгенде
ғана анықтауға болады. Ол үшін қарау кезінде төмендегідей
ережелерді мұқият сақтау керек.
1. Ауру күннің жарық мезгілінде қарау керек
2. Ауру толық шешініп, алдында 2-3 м қашықтықта тұру
керек. Жарық сәулесін тура және жанынан түсіріп
отырып, ауруды жан-жақты толық қарап шығады.
3. Қарауды бір ретпен (жүйелілікпен) жүргізу керек. Қарау
тәсілі жалпы қарау және әр мүшені қарау болып екіге
бөлінеді.

3.

Жалпы қараудан науқас адамның:
1.
санасын
2. төсектегі қалпын (активті, пассивті,
мәжбүрлі жағдай)ктнное)
3. жалпы пішінін (келбетін)(habitas)
4. сырт жамылғы келбетін (тері мен
көрініп тұрған кілегей қабықтарды)
анықтайды
5. Науқастың дене қалпы –
(нормостеникалық, астеникалық,
гиперстеникалық.)

4. Сана бұзылуының екі түрі бар

Сананың депрессивті
(лат.depressio-бәсеңдеу)
бұзылуы.
1.ступор (лат. stupor –
есеңгіреу, мелшиіп қатып
қалу)
2.сопор (лат. Soрor – ұйқы)
3.кома (грек. Koma – терең
ұйқы)
Сананың ирритативті
(лат. Irritatio-қозу,
қобалжу,
тынышсыздану)
бұзылуы
1. Қозу
2. эйфория
3. сандырақтау
4. Галлюцинациялар
(Сананың ирритативті
бұзылыстары ішінде ішкі
ауруларда жиі кездесетіні
сандырақ. Ол жұқпалы
ауруларда және уланғанда
кездеседі.)

5. Ступор

Ступор не есеңгіреуде
науқас адам
айналасындағы құбылысты
жөнді айырып білмейді,
қойған сұрақтарға көп
кешігіп жауап береді,
мелшиіп қатып қалған
белгі көрсетеді.Ступор
контузияда (лат.contusio
жалпы жарақаттану, басты
соғып алу ) уланғанда т.б
жағдайларда кездеседі.

6. Сопор

Сопор терең ұйқыдағы
жағдай. Науқас адамды қатты
дауыспен, не жұлқылап
оятуға болады. Бірақ ол сол
бойда тағыда ұйқыға кетеді.
Сана бұзылуының бұл түрі
қатаң жұқпалы ауруларда
(сүзектерде) және диабеттік,
уремиялық және бауыр
комасының бастамасында
кездеседі.

7. Кома

Кома деп науқастың ессіз күйін
атайды. Кома қант диабетінде
(диабеттік және гипогликемиялық
кома), уремияда несеп - haima қан
несепқан), бауыр функциясының
бұзылғанында (бауыр комасы),
қатты уланғанда (морфиймен, ұйқы
дәрілерімен, алькогольмен,
көміртегі шалатотығымен т.б.),
жұқпалы ауруларда, бас миы
ауруларында (миға қан құйылу,
мидың жарақаттануы, мидың ісігі),
анемияда және эпилепсияда (гр.
еpilepsia – талма) кездеседі.

8. Аурудың төсектегі қалпы

Өмір сүрудегі белсенділік амалына қарай барлық
науқас адамдар жатпай жүргендер және төсек тартып
жатқандар болып екі топқа бөлінді. Төсек тартып
жатқандардың төсекте 3 түрлі қалпы болады:
1. Еркін не активті (лат. аctivus әрекетшіл, әлігерлі)
қалып.
2. Қимылсыз, не пассивті (лат. Рassives енжарлық,
керенаулық) қалып. Науқас адамның төсекте қимыл
жасауына мүмкіншілігі жоқ, төсекте жатқызған
қалпын өзгерте алмайды.
3. Мәжбүр қалып деп ауру адамның жағдайын
жеңілдететін қалыпты айтады. Сондықтан да ауру
адам ол қалыпта амалсыз болады.

9. Мәжбүрлі жағдай түрлері:

1)тұрған күйінде қалшиып қатып қалу. Стенокардияда (өліп
кету үрейінен), қуық ауруларында, қуық түбі безінің
ауруларында (тік ішек қатты ауырғандықтан адам отыра
алмайды) және ұстамалы ақсақтық жағдайда (жүреген
кезде аяқтың бұлшық еті ауруы өршелене түсетіндіктен
науқас адам бір жүріп, бір тоқтап қозғалады) кездеседі.
2)Ортопноэ (гр. ortos, pnoe ) тік отыру қалпы, ентіккенді
азайтады
3)Амалсыз бір бүйіріне жату қалпы:
а) жүрек ауруларында науқас оң бүйіріне жатады (сол
бүйіріне жатқаннан жүрек қысылады);
4)амалсыз етпетінен жату іш өрімі қысылғаннан (ұйқы
безінің ісігі, қарынның артқы қабырғасындағы жара, талақ
венасының тромбозы (пайда болатын ауруға тән. Бұл
жағдайда іш өрімінің қысылуы азаяды, сондықтан
ауырғандықтан бәсеңсиді

10. Ортопноэ

11.

12. Жүрек ауруларындағы науқас оң бүйіріне жатуы.

13.

Теріні қарағанда :
1. оның түсін
2. терідегі бөртпелердің түрін
3. терідегі жараны, тері тесігін, тыртықты
4.терінің түктері мен тырнақты
5.тері асты шелдің ісігін анықтау
Терінің түсі: Тері астымен өтетін кішкене тамырлар
капиллярлардың түсі тері арқылы өтіп оған қалыпты
жағдайдағы терінің түсі күлгін қызғылт түс береді.
Жалпы сау адамда терінің түсі адамның нәсіліне
байланысты.
Ауру адамда тері түсінің бозаруы (құқылдық,
бозарыңқы) қызару, көгеруі, сарғаюы және қола түсті
болуы байқалады.

14. Сырқаттанғанда тері түсінің бозару себептері:

қан аздық (анемия)
қолқа қақпақтарының ақаулары
бүйрек аурулары
тамырдың жедел әлсіздігі (шок, коллапс)
созылмалы уланулары (сынаппен, қорғасынмен)
күшті ауырғандық
Физиологиялық (қалыпты) себептер: күшті сезім билеу
(эмоция) жағдайлары (үрей, қорқыныш)

15.

Сырқаттанған кезде терінің қызару
себептері:
қызу көтерілу, қызу көтерілігенде
Полицитемия (циркуляциядағы қан массасының көбеюі)
Гипертония ауруы
Уланулар: кейбір дәрілермен (амилнитрат, атропин,
опий):
Беттің қызаруы қант диабетінде кездеседі
Көбелек тәріздес эритема екі беттің қызаруы мұрынның
үсті арқылы жалғасады.

16.

Тері көгеруінің негізгі себептері:
дем алу (тыныс алу) мүшелерінің ауруы
жүрек тамыр аурулары
қанның қан уларымен улануы
Тері мен кілегей қабықтардың сарғаюы. Физиологиялық
жағдайда терінің сарғаюы ішінде каротині (сары түсті зат) көп
жемістерді көп жегеннен болады (мандарин, апельсин т.б.)
Кейде сары түсті дәрі қабылдағанда да болады (мыс.акрихин)
Патологиялық жағдайларда тері сарғаюының негізгі
себептері:
от жолдарының тығындалуы
бауыр клеткаларының жарақаттануы
эритроциттер гемолизі. Патологиялық тері сарғаю теріге
билирубин жиналғаннан болады
Терінің қола түсті болуы Аддисон ауруын да кездеседі.
Теріде меланиннің көп жиналғанынан болады.

17.

Ісіну деп тері асты шелге сұйықтық жиналуды айтады.
Ісіктің түрлері:
1. Жалпы ісіну
2. Дененің белгілі бір жеріндегі ісіну
3. Ангионевроздық ісіну
Жалпы ісіну негізгі себептері.
1. Жүрек әлсіздігі (шамасыздығы)
2. Бүйрек аурулары
3.Ашықтық (дистрофия, кахексия)
Жергілікті ісіну вена тамырының қабынуынан не
қысылып қалғаннан болады (тромбофлебит, венаның
варикозды кеңеюі т.б.)
Ангионевроздың ісіну деп жергілікті иннервация
бұзылғандықтан капилляр қабырғасының өткізгіштігі
артқаннан пайда болатын ісікті айтады Бұл ісік тез пайда
болып, тез жойылып кетеді. Көбіне бетте, кеудеде және
қол-аяқта болады.

18. Бүйрек патологиясы кезіндегі аяқтардың ісініуі

Бүйрек патологиясы кезіндегі аяқтарды
ісініуі

19.

Дене бітімі дұрыс (келісті) және
келіссіз (оғаш) болып екіге
бөлінеді.
Тұқым қуалаушылықпен өмір
сүру ортасының әсерінен туған
организімнің функциялық және
морфологиялық белгілерінің
жиынын конституция деп
атайды. Конституцияның 3 түрі
болады.
А - астеникалық
Б - қалыптылық
В – гиперстеникалық

20.

Нормостенический
Гиперстенический
Астенический

21. Брок индексі : дене салмағы (кг) /бойы (см) - 100 * 100% Брок индексі 90-110% көлемінде шыкса қанағаттанарлық тамақтану болып

саналады.
110 % - дан жоғары болса артық тамақтану яғни
(семіздік- adipositas)
Брок индексі бойынша семіздік 4 дәрежесін
анықтайды:
1-110-125%;
2- 125-150%;
3- 150-200%;
4- 200% ден жоғары.

22.

Кеуде торын қарау.
Кеуде торын (конус тәрізді, эмфизематозды және т. б.),
жүрек ұшы соққысына баға береді.
Алдыңғы құрсақ қуысын қарау.Іштің формасын,
өлшемін және тыныс алуда қатысуын бағалайды.
Лимфа түйіндерін қарау.Қалыпты жағдайда лимфа
түйіндері қолға сезілмейді және көрінбейді. Аурудың
түріне қарай олардың көлемі бұршақтан алмаға дейін
үлкеюі мүмкін. Лимфа түйіндерін қарағанда олардың
ауырсынуына, жылжығыштығына, консистенциясына,
терімен жалғасуына көңіл аудару керек. Көбінесе жақ
асты, мойын, бұғана үсті, қолтық асты және шап
түйіндері үлкейеді

23. Пальпация подбородочных и подчелюстных лимфатических узлов

24. Пальпация заднешейных и переднешейных лимфатических узлов

25. Пальпация надключичных и подключичных лимфузлов

26. Пальпация подмышечных лимфатических узлов:

27. Пальпация кубитальных лимфатических узлов

28. пальпация подколенных и паховых лимф. узлов

29. Назарларыңызға рахмет! СПАСИБО ЗА ВНИМАНИЕ!

English     Русский Rules