Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста болатын сұйық немесе газ
Жылу тасымалдағыш – жылу таралу үрдістерін қарастыратын ғылым. Жылу тасымалдаудың негізгі үш түрі бар: жылу өткізгіштік,
723.18K
Category: industryindustry

Жылу тасымалдағыштың түрлері

1.

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық
университеті
техникалық зерттеу
ОРЫНДАҒАН: БАЛТАБАЙ ІЛИЯС

2. Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын, қозғалыста болатын сұйық немесе газ

Жылу тасымалдағыш, жылу тасығыш – жылу
алмасу процесін іске асыру үшін қолданылатын,
қозғалыста болатын сұйық немесе газ тәрізді орта.

3. Жылу тасымалдағыш – жылу таралу үрдістерін қарастыратын ғылым. Жылу тасымалдаудың негізгі үш түрі бар: жылу өткізгіштік,

конвекция және сәулелену.

4.

Жылу өткізгіштік – денелер бір біріне немесе дененің бір бөлігінен
басқасына жылу энергиясының тікелей тасымалдануы. Жылу
өткізгіштік таза түрдегі монолитті қатты денелердің ішіндегі
немесе газ, сұйық қозғалмайтын жұқа қабаттарда жылу
тасымалы кезінде байқалады

5.

Конвекция – зат (көлеммен) бөлшектерінің ауысу есебінен пайда
болған жылу энергиясының тасымалы. Конвекция тек қозғалмалы
– сұйықтық немесе газдық ортада айқын орын алады. Конвекция
әрқашан да сұйықтың немесе газдың жіңішке қабаттарындағы
жылу тасымалымен жүреді.

6.

Сәулелену – жылу энергияларының электр магниттік толқын
түріндегі таралуынан болады. Бұл үрдіс жылу сәулелері үшін
мөлдір орталарда және жылу алмасуға қатысып жатқан
денелердің энергиясының ауысуымен жүреді, сәулеленген
дененің жылу энергиясының бір бөлігі электр магнитте, ал кері
ауысу жұтатын дене бетінде болады.

7.

Вакуумдағы жылу тасымалы тек сәулеленумен жүреді. Жылу
таралу үрдістерінде бір уақытта екі немесе үш жылу
тасымалдағыш түрі қатысады.
Жылу тасымалдау үрдісі кеңістіктегі температура, уақыт
өзгерісіне байланысты жүреді. Дәл осы уақыттағы
температураның мағынасы температура өрісі деп аталады

8.

Жылу тасымалдағыш ретінде су, су буы, газдар, сұйық металдар,
хладондар қолданылады. Жылу тасымалдағыштар жылу беру
процесінде өздерінің агрегаттық күйін өзгертуі (қайнайтын
сұйықтықтар, конденсацияланатын бу) немесе өзгертпей сақтауы
(қайнамайтын сұйықтықтар, конденсацияланбайтын газдар) мүмкін.
Бірінші жағдайда жылу тасымалдағыш температурасы өзгермейді,
ал екіншісінде өзгереді (төмендейді немесе жоғарылайды). Ядролық
реактордағы жылу тасымалдағыш – ядролар бөліну реакциясы
нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан шығаратын сұйық
немесе газ тәріздес заттар. Жылулық реакторларда кең тараған
жылу тасымалдағыш: кәдімгі су мен ауыр су, су буы, газдар (сутек,
көміртек диоксиді), органик. сұйықтықтар. Шапшаң реакторларда
жылу тасымалдағыш ретінде сұйық металдар мен газдар
пайдаланылады
English     Русский Rules