Семей мемлекеттік медицина университеті Жалпы фармакология кафедрасы
729.00K
Category: medicinemedicine

Дәрілік заттар әсерінің организмнің қасиеттеріне тәуелділігі. Фармакалогиялық әсердің дәрілік заттың қасиеттері

1. Семей мемлекеттік медицина университеті Жалпы фармакология кафедрасы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Дәрілік заттар әсерінің организмнің қасиеттеріне
тәуелділігі. Фармакалогиялық әсердің дәрілік заттың қасиеттері
мен қолдану шарттарынан тәуелділігі
Орындаған : Муратказинова А
231-топ ЖМФ
Тексерген: Қозубаева Д.Б

2.

Жоспар:
1.Дәрілік заттардың химиялық құрылысы,
физикалық қасиеттері.
2.Дозалар және концентрациялар.
3.Дәрілік заттарды қайталап қолдану.
4.Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі.
5.Фармакологиялық өзара әсерлесуі.

3.

1.Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, олардың
химялық
құрылысына,
функционалдық
белсенді
топтастардың бар болуына, олардың молекуласының
қалыбына және өлшеміне байланысты болады.
Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық
белсенділігі
арасындағы
тәуелділікті
анықтау
жаңа
препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып
табылады.
Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық
сипаттамалары
физика
химиялық
және
физикалық
қасиеттеріне, суда, липидтерде ерігіштігіне, ұнтақ тәрізді
қосылыстар үшін олардың еру дәрежесіне, ұшқыш заттар
үшін ұшу дәрежесіне де тәуелді болады және т.б.

4.

Дәрілік заттардың әсері көп дәрежеде,олардың
дозасымен анықталады.Дозаға(концентрация)
байланысты әсерінің даму жылдамдығы,оның
айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді.
Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын
доза деп атайды.
Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін
тудыратын минималдық дозаны табалдырық
немесе минималдық әсер етуші деп
атайды.Практикалық медицинада орташа емдік
дозаны бәрінен жиі қолданады, бұл науқастардың
басым көпшілігінде препараттардың қажетті
фармакотерапиялық әсерін көрсетеді.Егер
оларды тағайындаған кезде әсері жеткілікті айқын
болмаса, онда дозаны жоғары емдікке дейін
жоғарылатады.

5.

Сонымен қатар, заттар ағза үшін қауіпті
уытты әсерлер шақыратын уытты дозаға
және леталдық дозаға бөледі.
Кейбір жағдайларда препараттың
дозасы курстық емге көрсетіледі(курстық
доза).Бұл әсіресе микробтарға қарсы
химиотерапиялық заттарды қолданғанда
маңызды.

6.

Дәрілік заттарды қайталап
қолданғанда, олрдың әсері
жоғарылау жағына да және
төмендеу жағына да өзгеруі
мүмкін.
Бірқатар заттардың әсерінің
ұлғаюы, олардың
кумуляциялану қабілетіне
байланысты болады.

7.

Фунционалдық деп аталатын кумуляцияның
мысалдары белгілі, бұл кезде зат емес, әсер
“жинақталады”. Алкоголизм кезінде ОЖЖ сі
функциясының үдемелі өзгеруінде
маскүнемдік елірме дамуына әкелуі мүмкін.
Заттардың қайталап қолданғанда әсерінің
төмендеуі бейімделу (толеранттылық) әртүрлі
препараттарды (анальгетиктер, гипотензивтік
заттар, іш жүргізетін заттар және басқалар)
қолданғанда байқалады.

8.

•Медицина практикасында бірнеше
дәрілік заттарды бір уақытта жиі
қолданылады.Бұл кезде, олар негізгі
әсердің айқындығы мен сипатын және
оның ұзақтығын өзгерте отырып,
сонымен қатар жанама және уытты
ықпалдарын күшейте немесе әлсірете
отырып, бір бірімен өзара әсерлесуі
мүмкін.

9.

Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін келесі
түрде жіктеуге болады.
1.Фармакологиялық өзара әсерлесуі:
а) дәрілік заттардың
фармакокинетикасының өзгеруіне
негізделген;
б) дәрілік заттардың
фармакодинамикасының өзгеруіне
негізделген;
в) дәрілік заттардың ағза ортасында
химиялық және физикалық өзара
әсерлесуіне негізделген.

10.

2.Фармацевтикалық өзара әсерлесу.
Заттарды жұптастырғанда
жағымсыз өзара әсерлесулер пайда
болуы мүмкін, ол дәрілік заттың
сәйкессіздігі деп
белгіленеді.Мысалы,дәрілік
заттардың сәйкессіздігі қан
кету,гипогликемиялық
кома,тырысулар,гипертензиялық
криз,панцитопения және
басқалардың себебі болуы мүмкін.

11.

Фармакокинетикалық өзара әсерлесу түрі
сіңудің,биотрансформацияның,
тасымалданудың, қорға жиналудың және
заттардың біреуінің шығарылуының бұзылуына
байланысты болуы мүмкін.
Фармакодинамикалық өзара әсерлесу түрі
рецепторлар жасушалар, ферменттер, мүшелер
немесе физиологиялық жүйелер деңгейінде
заттардың тікелей немесе жанама өзара
ісерлесуінің нәтижесі болып табылады.

12.

Өзара әсерлесудің барлық түрлері дәрілік заттардың
сіңуіне кедергі жасайды және осыған сәйкес олардың
фармакотерапиялық әсерлерін азайтады.Ас қорыту
жолынан бірқатар заттардың сіңуі үшін ортаның рН ның
маңызы зор.
Ферменттер белсенділігінің тежелуі де сіңірілуге әсер
етуі мүмкін.
Кейбір заттар(алмагель, вазелин майы) ас ұорыту
жолының шырышты қабатының бетінде қабат түзеді, ол
дәрілік заттың сіңуін біршама қиындатуы мүмкін.

13.

Заттардың өзара әсерлесуі олардың
қанның сарысу белоктарымен
байланысуы кезеңінде болуы мүмкін.Бұл
кезде бір зат, қанның сарысу белогымен
біріккен басқасын ығыстыруы
мүмкін.Мысалы, қабынуға қарсы
препараттар индометацин және бутадион
қан сарысу белогымен біріккен кешеннен
тікелей емес
антикоагулянттарды(кумарин тобын)
босатады.Зардабы қан кетуге әкелуі
мүмкін.

14.

•Кейбір дәрілік заттар биотрансформация
деңгейінде өзара әсерлесуге қабілетті.
• Дәрілік заттардың өзара әсерлесуі
микросомалдық және микросомалдық емес
ферменттерге тежегіш әсер етуіне
байланысты болуы
мүмкін.Ксантиноксидазаның тежегіші,
подаграға қарсы препарат аллопуринол
белгілі, ол ісікке қарсы зат меркаптопуриннің
уыттығын жоғарылатады(оның қан түзілуіне
тежегіш әсерін күшейтеді).

15.

Қорытынды
Дәрілік
заттардың
әсері,
ол
организмнің бірнеше қасиеттеріне
байланысты өзгереді және тәуелді
болып
келеді.
Дәрілік
заттар
сезімталдық
жасына,
жынысына,
генетикалық факторларға, ағзаның
жағдайына,
тәуліктік
және
биологиялық ырғақтың маңызына
байланысты өзгереді

16.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Харкевич Д.А. Фармакология, 2009 ж.
2. Интернет материалдар
WWW.google.kz
WWW.yandex.kz
3. 4.Фармакология. Под редакцией
Р.Н.Аляутдина. Москва, 2007 г.
4.П.Х.Попандопуло. 1988 г.

17.

Назарларыңызға рахмет!
English     Русский Rules