Similar presentations:
Интерьер тарихы
1. Интерьер тарихы
2.
• Интерьерлік дизайн – ғимарат ішіндегі элементтер өзара гармонияменорналасуының ыңғайлығы, түстік сәйкестік пен эстетикалық тұрғыдан көркемдік сыйлау
мақсатында әзірленетін дизайн саласы. Салдарынан адамдарға жайлылық, әсемдік,
көркемдік, тамаша көңіл күй немесе белгілі бір күйге енуіне жағдай жасайды.
3.
Дизайн түрлері романс (классика), модерн (жаңа заманғы стиль) және хай-тек(технологиялық) бағыттары бойынша кез келген объекттерге қолданылады. Мысалы, үй,
пәтер, бөлме, мекеме, офис, өнеркәсіптік, өндірістік, тамақтану орындары (кафе,
ресторан), дүкен, залл (холл) т.с.с. тақырыптық интерьерлер дизайндары көпшілікке
таныс екен.
4.
Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталғанішкі кеңістігі.
5.
Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменін саны менөзара ыңғайластырыл олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың,
жап-сарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ
не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі роль атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан,
машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.
6.
Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтеріөзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс.
Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен
түсі, бөлменің әшекей мен болуын өзгерту-өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.
7.
Пәтер интерьерін қалыптастыру мәселесіне арналған кітаптар шығарылады, журналдарға мақалаларбасылады, көрмелер ұйымдас-тырылады, ал көрмелерде осы заманғы пәтер интерьерлерінің макет үлгісі
және жиһаздың, жабдықтың, әшекейдің, жабдықтауға қажетті басқа да элементтердің ең жақсы
өнеркәсіптік үлгілері көрсетіледі.