Нерв жүйесінің жіктелуі
346.32K
Category: biologybiology

ВНЖ туралы түсінік

1.

Қалыпты анатомия
кафедрасы
доцент Дакенова
Қарашаш Толеуханқызы

2.

Тақырыбы:
“ВНЖ туралы түсінік.”

3. Нерв жүйесінің жіктелуі

Біртұтас нерв жүйесі
(анатомиялық- қызметтік ұстаным)
Сомалық
Вегетативтік
(анималдық, жануартекті)
Кимыл-тірек
апп.
( висцералды, автономды,
өсімдіктекті)
Симпатикалық
Парасимпатикалық
жүрек, ішкі ағзалар

4.

Вегетативтік ( автономдық,
вицералдық) нерв жүйесі ішкі
ағзаларды, бездерді, тамырларды,
жүректі және құрамында бірыңғай
салалы бұлшықеттері бар басқа да
ағзалар нервтендіретін нерв жүйесінің
бір бөлігі.
Қарапайым тілде айтсақ: ВНЖ біздің
сана-сезімімізге бағынбайтын
ағзаларды нервтендіреді.

5.

Мысалы: адам өзінің ішкі
ағзаларының қалай жұмыс істеп
жатқанын бақылай алмайды.
Асқорыту жүйесінде тағамдар
түрлі ферменттердің әсерінен
ыдырап, қанға сіңіріліп жатады,
осы сияқты әр ағзада тән
үрдістерде жүріп жатады.

6.

Бірақ, ВНЖ қызметі ми
қыртысының бақылауында болады.
Оған дәлел: адамның көніл-күйі
өзгергенде – жүрек соғысы жиілеп,
күшейеді( тахикардия) ; беті
қызарады немесе бозарады; асқа
тәбеті соқпайды; жалпы ішкі
ағзаларының қызметі өзгереді және
т.б. үрдістер пайда болады.

7.

Ал сомалық нерв жүйесі көлденең
жолақты бұлшықеттерді ( қанқа
бұлшықеттері мен кейбір ішкі
ағзалардың құрамындағы
бұлшықеттер) және сезім ағзаларын
нервтендіреді. Яғни, біздің санамызға
бағынатын ағзаларды нервтендіреді.
Мысалы: сіздер қазір өздеріңіз
тындап отырған осы дәрісті қол
бұлшықеттеріңіздің қызметі арқылы
дәптерлеріңізге жазып отырсыз.

8.

ВНЖ адаптациялық –
трофикалық қызмет атқарады,
яғни ішкі ортасының
тұрақтылығын қамтамасыз
етіп отырады ( гомеостаз ).

9.

ВНЖ ---Соматиқалық н.ж.
айырмашылығы.
1) ВНЖ-ішкі ағзаларды;
сомалық-жолақты көлденең
бұлшықеттерді нервтендіреді
2) ВНЖ нерв талшықтарының
жуандығы 7 микрон ,
сомалық- 14 микрон
3)ВНЖ нерв талшықтарының
импульстіқ жылдамдығы 1-3 м\сек,
сомалық - 100м\сек

10.

4)ВНЖ түйіндер бар, соматиқалықта
жоқ
5)ВНЖ мүшелерді сегментті бағытта
нервтендірілмеген, соматиқалықн.жүйесі мүшелерді сегменттіқ бағытта
нервтендіреді.
6)ВНЖ өрімдері мүшелердің сыртында
немесе қабырғалардың аралығында
орналаскан, соматиқалық н. жүйесінде
бұлшықеттердің аралығында өрімдер
қүрайды ( мойын, иық, бел, сеғізкөз).

11.

7)В.Н.Ж. қозуы жай,
соматиқалық тез.
8)В.Н.Ж. көптеген нервтерде
миелин қабығы болмайды;
соматиқалық н.ж. миелин қабығы
бар.
9) ВНЖ рефлекстіқ доға 2нейрондық
соматиқалық н.ж. -3 нейрондық

12.

ВНЖ-сі орталық және шеткі бөлімдерге
бөлінеді.
Орталық бөлімі:
1. Вегетативтік нерв жүйесінің
симпатикалық және парасимпатикалық
бөліктерінің қызметтерін үйлестіретін
орталықтар: үлкен ми сыңарының қыртысы,
таламусасты( гипоталамус), торлы түзіліс,
мишық, көпкерме (лимбикалық) аймақ.
2. Ми сабауында жататын бассүйек
нервтерінің III, YII, IX, X-шы жұптарының
парасимпатикалық ядролары.

13.

14.

3. Жұлынның 2-4 сегізкөздік
сегметтерінде ( SII-SIV) орналасқан
парасимпатикалық ядролар.
4. Жұлынның VIII-ші мойындық,
барлық кеуделік және I-II белдік
сегменттеріндегі-латеральды
аралық заттекте ( substantia
intermedia lateralis) орналасқан
симпатикалық ядролар.

15.

Шеткі бөлімі.
1. Ми мен жұлыннан, бассүйек және
жұлын нервтерінің құрамында шығатын
вегетативтік нервтер ( түйінге дейінгі
талшықтар).
2. Вегетативтік түйіндер: симпатикалықсимпатикалық сабаудың түйіндері,
вегетативтік өрімнің түйіндері ( құрсақ,
жоғарғы шажырқайлық түйіндер,т.б.);
парасимпатикалық- интрамуральды
( ағзалар қабырғаларының ішіндегі) және
баста орналаскан түйіндер.

16.

3. Вегетативтік түйіндерден
кететін нервтер мен тармақтар
( түйіннен кейінгі талшықтар ).
4. Вегетативтік өрімдер
5. Вегетативтік нервтердің
шеттері ( ұштары ).

17.

ВНЖ ағзалардың қызметін күшейтеді
немесе әлсіретеді. Бір нерв талшығы
бір бағытта ғана әрекет етеді,
сондықтан бір мезгілде қызметті әрі
көтеріп, әрі төмен түсіре алмайды,
осыған сәйкес ВНЖ-сі
симпатикалық ( pars sympathica )
және парасимпатикалық ( pars
parasympathica ) деп, екі бөлікке
бөлінеді.

18.

В.Н.Ж.
СИМПАТИКАЛЫҚ
орталық шеткі
жұлын.
нервтер
VIII-C
T-1-12
түйіндер
тармақтар
ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ
орталық
шеткі
III, VII, IX, X
бас.вегет.ядролар,
сегіз.II III IV cегм.ядр.
L-1-2 симпатик.сабау
вегет. түйіндер
вегет. нерв-дің шеттері
вегет. өрімдер

19.

Симпатикалық нервтер – көз
қарашығын кеңейтеді,
тамырларды тарылтады, жүрек
соғуын жиелетеді.
Парасимпатикалық нервтеркөз қарашығын тарылтады,
тамырларды кеңейтеді, жүрек
соғысын баяулатады.

20.

ВНЖ-ң симпатикалық бөлігі.
Орталық бөлігі: жұлынның С VIIIден-Th-12-LII-III сегментерінде, бүйір
мүйізінде ,латералды аралық заттекте(
ядроларда) орналасады.
Шеткі бөлігіне:
1. Жұлыннан шығып симпатикалық
түйіндерге келетін нервтер.
2. Оң және сол симпатикалық
сабаулар ( омыртқа жанындағы
түйіндер ).

21.

22.

3. Іш қуысы мен жамбас астауындағы
өрімдердің түйіндері ( омыртқа
алдындағы түйіндер ).
4. Сомалық нервтердің құрамындағы
(жұлын нервтерінің т.б.) симпатикалық
талшықтар.
5. Тамыр жағындағы және ағзалық
симпатикалық өрімдер.
Назар аударатын жағдай: симпатикалық
нервтердің жүру жолын жақсы түсіну үшін
тамырлардың жүру жолын жақсы түсіну
қажет.

23.

ВНЖ-ң парасимпатикалық бөлігі.
Орталық бөлігі: III, VII, IX және Х
бассүйек нервтерінің
парасимпатикалық ядролары мен
жұлынның парасимпатикалық
сеғізкөздік ядролары.( S2- S4 ).
Шеткі бөлігі:
1) III,VII,IХ,Х бассүйек нервтері мен
сегізкөздік жұлын нервтерінің
құрамында өтетін түйінге дейінгі
парасимпатикалық талшықтар.

24.

25.

2. Бассүйектік вегетативтік
түйіндер мен интрамуральды
түйіндер
3. Ағзаларда аяқталатын түйіннен
кейінгі парасимпатикалық
талшықтар.

26.

ВНЖ-сінің рефлекстік доғасы.
Сезімтал нейрон ( бірінші нейрон )
жұлын түйіндерінде немесе
бассүйек нервтерінің түйіндерінде
орналаскан. Оның шеткі өсіндісі
( дендрит )-сезімтал шетірецепторлар арқылы ағзалардан
басталады.

27.

Орталық өсіндісі( аксоны ) жұлын
нервтерінің артқы түбіршіктерінің
немесе бассүйек нервтерінің
сезімтал түбіршіктерінің (V, VII, IX,
X жұптар) құрамында жұлын
немесе мидің вегетативтік
ядроларына келеді. Вегетативтік
рефлекстік доғаның эфферентті
жолы екі нейроннан түзілген.

28.

Бұлардың бірінші нейронының денесі
( қарапайым вегетативтік рефлекстік
доғада – 2-ші нейрон ) ОНЖ-нің
вегетативтік ядроларында ( жұлынның
латеральды аралық ядролары мен
сегізкөздік парасимпатикалық ядролары;
III жұп бассүйек нервінің қосымша
ядросы, VII жұптың – жоғары сілекей
бөлетін ядросы, IX жұптың төменгі
сілекей бөлетін ядросы, X жұптың –
дорсалды ядросы ) орналаскан

29.

Бірінші эфферентті нейронның
аксоны ОНЖ-нен шетке шығады
да, екінші эфферентті
( рефлекстік доғадағы үшінші
нейрон ) нейронға келеді
( түйінге дейінгі талшықтар ) –
миелиндік қабығы бар.

30.

Екінші эфференті нейрондар:
симпатикалық сабаудың түйіндерінде
( омыртқа жанындағы, паравертебралды
түйіндер ) немесе вегетативтік өрімнің
түйіндерінде ( олар симпатикалық
бөлікке жатады-құрсақ түйіні және т.б.)
немесе парасимпатикалық бөлікке
жататын интрамуральды және
бассүйектегі-кірпіктік, құлақ, қанаттандай, төменгі жақсүйекасты, тіласты
түйіндерінде жатады.

31.

Бұл нейрондардың аксондары
( түйіннен кейінгі талшықтармиелиндік қабығы жоқ ) ішкі
ағзаларда, жүрек бұлшықетінде,
бездерде және тамырларда
аяқталады.

32.

Симпатикалық нервтер
-көз қарашығын кенейтеді
-тамырларды тарылтады
-жүрек соғуын жиелетеді
-бронхтарді қенейтеді
-қысқыштарды кысады
Парасимпатикалық
нервтер
-көз қарашығын тарылтады
-тамырларды кенейтеді
-жүрек сөғысын баяулатады
-бронхтарді тарылтады
-қысқыштарды босатады
English     Русский Rules