Similar presentations:
Жалпы практикалық дәрінің кәсіби міндеттері мен жұмысты ұйымдастыру негіздері. БМСК-тің құрылымы
1. Жалпы практикалық дәрінің кәсіби міндеттері мен жұмысты ұйымдастыру негіздері. БМСК-тің құрылымы
2. Жалпы практика дәрiгерi (12.10.1999№500 )
жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан, жекеадамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне
алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге тиiсті
рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi.
Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң
қызметiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медицина
ұйымдарында, сондай-ақ жеке практика тәртiбiмен жүзеге
асыра алады. Жалпы практика дәрiгерге халықты тiркеу
дәрiгердiң еркiн таңдауы негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi(задачи)
неғұрлым кең тараған аурулар менжарақаттарға тиiсiнше диагноз қою,
емдеу және оңалту;
эндемикалық және басым
инфекциялық аурулар
профилактикасы және олармен
күрес;
гигиеналық тәрбие,
салауатты өмiр салтын
қалыптастыру;
сапасы жақсы сумен
жабдықтауға және негiзгi
санитарлық шаралар
жүргiзуге жәрдем көрсету;
негiзгi инфекциялық
ауруларға қарсы иммундау
шаралары;
ана мен баланың
денсаулығын қорғау,
соның iшiнде отбасын
жоспарлау мәселелерi;
сапалы тамақ өнiмдерiмен
жабдықтауға жәрдем көрсету
және ұтымды тамақтану
жөнiнде ұсыныс жасау;
дәрi-дәрмек бұйымдарын дәрiдәрмек формулярына және емдеудiң
осы заманғы хаттамаларына сәйкес
ұтымды тағайындау және пайдалану
болып табылады.
4. Жалпы практикалық дәрiгердiң/отбасылық дәрiгердiң негiзгi мiндеттерi(обязанности):
1) шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету;
2) емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу;
3) пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi
қамтамасыз ету;
4) жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы
тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу;
5) иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
6) аурулардың бұрыннан бар жасырын түрлерiн табуға бағытталған профилактикалық
жұмыстарды жүзеге асыру, аурудың және қауiптiлік факторларының алдын алу;
7) тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау;
8) отбасын жоспарлау жөнiндегi жұмыс;
9) отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар
мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және
бағдарлау жұмыстарын жүргiзу;
10) перзентханадан шығарылғаннан кейiн нәрестеге патронажды жүзеге асыру;
11) ауру балалар стационардан шығарылғаннан кейiн үйге актив жүргiзу;
12) денi сау бала күнiн өткiзу;
13) үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету;
14) әскери-дәрiгерлiк және әскерге шақырылуға дейiнгi жас өспiрiмдердi және әскерге
шақырылатын жастарды шақыру комиссияларымен байланысты жүзеге асыру болып
табылады.
5. Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң құқықтары
Жалпы практика дәрiгерi/отбасылықдәрiгердiң құқықтары
1) атқарушы өкiметтiң жергiлiктi
органдарына тiркелген халыққа емдеупрофилактикалық көмек көрсету, еңбек
жағдайы мен тұрмысын жақсарту
жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
2) аймақта және республикада
халықтың денсаулығына қатысты
ақпаратқа қол жеткiзуге;
3) кәсiби қоғамдық
бiрлестiктерге (қауымдастықтар,
академиялар, отбасылық
дәрiгерлер одағы) кiруге және
оларды құруға құқығы бар.
6. Ауруларға профилактика жасау, диагноз қою, емдеу жүргiзген кезде және пациенттерді оңалту кезінде жалпы практика
Ауруларға профилактика жасау, диагноз қою, емдеу жүргiзген кездежәне пациенттерді оңалту кезінде жалпы практика дәрiгерi/отбасылық
дәрiгер:
• 1) қарауды дербес жүргiзе бiлуге және пациенттi зерттеу
деректерiн бағалауға;
2) қосымша зерттеулер мен мамандар
консультацияларының көрсеткiштерiн бiлуге, лабораториялық,
аспаптық зерттеулердiң жоспарын жасауға;
3) қанның, зәрдiң, қақырықтың, асқазан шырынының,
дуоденалдық зерттеудiң, копрограмманың, ми-жұлын
сұйығының, сәулелiк, электрлiк-физиологиялық және басқа
зерттеу әдiстерiнiң талдау нәтижелерiн түсiндiре бiлуге;
4) өткiр және созылмалы аурулары, жарақаттары бар
пациенттерге профилактика жасауды, диагноз қоюды, емдеудi
және оңалтуды меңгеруге;
5) бала туғанға дейiн көмек көрсете бiлуге (жүктiлiктiң,
қалыпты болуын қадағалау), төтенше жағдайда бала тууға
көмектесуге;
7.
• Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгерөзiнiң кәсiби бiлiмi мен дағдысын өз бетiмен
бiлiм алу жолымен және өзге әдiстермен
үздiксiз жетiлдiредi. Әрбiр жалпы практика
дәрiгерi/отбасылық дәрiгер отбасылық
дәрiгерлiк амбулаторияның аға дәрiгерiне
жыл сайын есеп ұсынуға, соңғысы емдеудиагностикалық, профилактикалық қызметi
мен жылына мөлшерi 72 кредит-сағат кәсiби
даярлықты куәландыратын құжаттарды
(сертификаттар, аттестаттар, куәлiктер)
көрсете отырып аудандық (қалалық)
денсаулық сақтау басқармаларына немесе
Отбасылық дәрiгерлер қауымдастығына
ұсынуға мiндеттi.
Жалпы практика дәрігері/отбасылық
дәрігер жалпы практика дәрігері/отбасылық
дәрігер біліктілігін растау және еңбек
қызметін (еңбек жұмысын) жалғастыруға
мүмкіндік алу үшін әрбір 5 жылда
аттестациялық кәсіби емтихан тапсыруға
міндетті. Емтихан нәтижесі "Отбасылық
дәрігердің кәсіптік куәлігіне" енгізіледі.
8. Емхана
өзіне алдын алу, диагностикалық жәнеемдеу қызметтерін қамтитын, тұрғындарға
бастапқы медициналық-санитарлық,
мамандандырылған медициналық көмек
көрсететін медициналық ұйым.
9. Емхананың құрылымына:
Емхананың құрылымына:1) жалпы дәрігерлік практика
және/немесе учаскелік қызмет, күндізгі
стационар бөлімшесі мен қосалқы
қызметтер;
2) мамандандырылған көмек;
3) зертханалық-диагностикалық көмек
бөлімшесі кіреді.
10. БМСК ұйымдарының функциялары
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен
көлемдерге сәйкес амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда және үйде
тұрғындарға бастапқы медициналықсанитарлық, мамандандырылған медициналық, зертханалық-диагностикалық
көмек көрсету;
2) учаскелік терапевтер мен педиатрлардың, акушер-гинекологтардың,
жалпы практика дәрігерлерінің, медбикелердің (учаскелік және жалпы
практика), акушерлердің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуі;
3) бейін мамандарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;
4) зертханалық-диагностикалық қызметтер көрсетуі;
5) аурулардың ерте және жасырын нысандары мен қауіп-қатер факторларын
айқындауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру;
6) санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;
7) иммундық алдын алуды ұйымдастыру және өткізу;
8) халықты денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір
салтын қалыптастыру мәселелеріне үйрету; V074550
9) азаматтарды БМСК мамандарының мамандандырылған көмек және
зертханалық-диагностикалық қызметтер алу үшін, стационарлар
мен санаторийлық-курорттық емдеуге жіберуі;
10) құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіру.
11. БМСК ұйымдарының үлгілік ұйымдастыру құрылымы
1. Емхананың үлгілік ұйымдастыру құрылымы мынадай жалпы практика
бөлімшесінен және/немесе учаскелік қызмет пен қосалқы қызметтерден (бұдан әрі ЖПБ), мамандандырылған көмек бөлімшесінен, зертханалық-диагностикалық
бөлімшеден тұрады:
1) жалпы практика бөлімшесінен және/немесе учаскелік қызмет бөлімшесінің
құрылымы:
тіркеу орны;
бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
жалпы практика дәрігерлерінің немесе учаскелік терапевт, педиатрлардың
кабинеттері;
жалпы практика, учаскелік қызмет медбикелерінің кабинеттері;
алдын алу және диспансерлеу кабинеті;
дені сау бала кабинеті;
емшара кабинеті;
егу кабинеті;
күндізгі стационар;
физиотерапиялық емдеу және емдеу-дене шынықтыру мәдениеті кабинеттері;
туберкулезге қарсы препарттарды қабылдау кабинеті (химизатор);
медициналық статистика кабинеті;
дәріхана;
12. 2) мамандандырылған көмек бөлімшесінің құрылымы:
2) мамандандырылған көмекбөлімшесінің құрылымы:
бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
бейін мамандарының қабылдау
кабинеттері;
ем-шара кабинеті;
таңу кабинеті;
кіші операция бөлмесі;
оқшаулағыш;
13. 3) зертханалық-диагностикалық көмек бөлімшесі:
3) зертханалық-диагностикалықкөмек бөлімшесі:
сәулелік диагностика (рентген- және
флюорография) кабинеті;
ультрадыбыстық диагностика кабинеті;
функционалдық диагностика кабинеті;
эндоскопиялық кабинет;
зертхана;
қақырық алуға арналған бөлме
14.
•Назарларыңызғарахмет!