Сүйектің сынықтары және оның рентгенологиялық белгілері
Сүйек құрылымының (структура) өзгеруінен пайда болатын аурулар
Тоқпан жіліктің жоғары метафизіндегі дақты остеопороз
Иттің жіліншік сүйегінде мүйізденудің соңғы сатысы, қаптал проекцияда
Буын аурулары. Буынның шығуы
НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !
2.02M
Category: medicinemedicine

Тірек қимыл ауруларын R сәулесімен зерттеу

1.

№ 9 дәріс
Тақырыбы:
Тірек қимыл ауруларын R
сәулесімен зерттеу.

2.

Рентгендік көрініс дегеніміз рентгенологиялық қорытынды шығарудағы
негізгі мәлімет болып табылады. Бұл көптеген
күрделі көлеңкелердің қосылысы. Ол бірбірінен көлеңкелердің пішінімен, көлемімен,
оптикалық тығыздығымен, құрылымымен,
контурлардың және кескіндердің
әртүрлілігімен ажыратылады. Ол
рентгенографиялық пленкада (рентген
аспабының экранында,
электрорентгенографиялық пластинада
және басқа да рентгенді көріністің
қабылдағышында) зерттеуден өткен объектіге
рентген сәулесінің біркелкі әсер етпеуінен
қалыптасады.

3.

Рентген сәулесімен зерттеу әдісі –
сүйек пен қаңқаны зерттеп, диагноз
қоюдағы ең жоғары сапалы әдіс болып
табылады. Бұл әдістің тек сүйектің
құрылысын ғана емес, сондай-ақ
сүйектену, сүйектің өсу динамикасын,
тірек-қимыл системасының қимылдау
кезеңіндегі ауруларын, сүйекті қоршап
тұрған ұлпалардың да ауруларын
зерттеуде маңызы зор.

4.

Рентгенограмманы өзара
перпендикулярлы екі проекцияда - т і к
және ж а н ы н а н (немесе қ а п т а л),
ал жануарлардың кейбір мүшелерін (бас
қаңқасын, иық, асық буындарын)
қ и ғ а ш проекцияда түсіру қажет

5. Сүйектің сынықтары және оның рентгенологиялық белгілері

Сүйек негізінде сүйек қабынан (периост),
сүйектің тығыз (кортикалды) қабатынан, сүйек
кемігінен, буын қапшығынан және байланыс
жүйелерінен тұрады. Оның құрамында атомдық
салмағы үлкен әртүрлі тұздар болғандықтан,
рентгенограммада көлеңке береді, ол
көлеңкелер тұтас, біртегіс емес ойыс-ойыс
болып келеді. Себебі рентген сәулесін
ұстайтын сүйектің тығыз бөлшектері – тұз
сіңген сүйек торшалары (минералданған
торшалар) болып саналады. Олардың
арасында қызыл майы бар ойысталған қуыстар
(кемік) – рентген сәулесін ұстамайды.

6.

7.

Жарақаттанған буын мен сүйекті
міндетті түрде рентген тәсілдері арқылы
зерттеу қажет. Тәсіл сүйектің
сынығының бар екендігін, сынықтың
түрін, сынық бөлшектерінің жағдайын,
олардың орналасқан орнын анықтау
үшін керек. Рентген суретінде сынған
сүйекке қатынасы бар екі буын да
көрінуі қажет (жоғарғы және төменгі
буындар).

8.

Ұзын жілік сүйегінің диафизінің сынығы,
сынған жерде сирақтың қозғалуымен
және крепитациямен бірге жүреді. Ұшы
үшкір болып келген сынықтарды
қолмен ұстап байқауға немесе
зақымданған жердің терісінен көруге
болады.

9.

Ашықтану сызығы – сынықтың қиғаш
жазығы. Сүйек бұлшық етке қарағанда
рентген сәулесін 250 есе артық сіңіреді.
Сынған жердегі сынықтардың арасына
қан ұйып қалады, соңынан біріктіргіш
және остеоидтік ұлпа пайда болады.
Бұл жерлерден рентген сәулелері сүйек
көлеңкесіне ашық сызықтар қалдырып,
еркін өтеді.

10.

Ж ы л ж у к ө л е ң к е с і. Өлшемі мен
қарқындығылығына қарай жылжу
көлеңкесі әртүрлі болады. Ірі және жуан
сынықтарда көлеңке жылжуы
айқындалған және рентген суретке
түсірген кездегі проекцияға байланысты,
сүйек жиектерінің алдыңғы, артқы,
бүйірлі беткейлерінен шығып тұрады.

11.

12. Сүйек құрылымының (структура) өзгеруінен пайда болатын аурулар

Сүйек торшаларының торша аралағындағы
ұяшықтарымен ара қатынасын сүйек
құрылымы не кестесі (костная структура)
дейді. Сүйек құрылымы әртүрлі болады.
Олар, біріншіден малдың даму кезеңіне,
сүйекке түскен салмақтың әсеріне
байланысты өзгереді. Табиғатта ірі жанжануардың бірте-бірте даму кезінде сүйек
құрылымы сол жануардың түріне байланысты
өзгереді. Бұл өзгерісті анатомиялық өзгеріс
дейді.

13.

Екіншіден, салмақ әр сүйекке
орналасқан орнына, атқаратын
қызметіне қарай түседі. Осыған
байланысты сүйек құрылымыны да
өзгереді. Бұл өзгерісті атқарған
жұмысына байланысты сүйек
құрылымының өзгеруі дейді

14.

Сүйекте де басқа сүйектердегі сияқты
торшаларының ыдырап тозуы және жаңаруы
болып тұрады. Екі құбылыс қатарлас бір
мезгілде өтетін болса, онда рентген суретінде
бұл өзгерістерді көре алмаймыз, ал бір
құбылыс басым болса онда рентген суретте
бұл құбылыс айқын көрінеді. Бұндай
өзгерістер физиологиялық жағдайда
кездессе, торшалардың саны өзгермей тек
олардың пішіні мен бағыты ғана өзгереді.
Сүйектің ыдырау құбылыстарының күшейуі,
тіпті сүйек ұлпасының (остеолиз) жойылып,
оның басқа патологиялық массаға ауысып
кетуіне әкелуі мүмкін.

15.

Остеосклероз – сүйек құрылымының
өзгеруі, сүйектегі торшалардың түзілу
құбылысы оның ыдырау құбылысынан
басым болғандықтан сүйек кестелері
кішірейеді. Сүйектің тығыз (кортикалды)
қабаты қалындайды, жілік майы тұратын
қуысы жіңішкеріп кейбір уақытта
көрінбейді.

16.

Остеопороз. Сүйек торшаларының
ыдырау құбылысының, оның түзілу
(жаңару) құбылысынан басым болуы.
Сүйек торшалары және олардағы
минералды заттар азаяды, соның
салдарынан сүйек рентген сәулесін аз
ұстайды. Сүйек кестелері үлкейеді,
тығыз қабаты жұқарады, жіліктің майы
тұратын қуыс кеңейеді. Сүйектің шеттері
тығыздалып, жұқарып анық көрінеді.
Бірақ сүйек өзінің алғашқы пішінін, түрін
сақтап қалады.

17. Тоқпан жіліктің жоғары метафизіндегі дақты остеопороз

18.

Ісікті деструкция жылқылардың бас
қаңқасында және иттердің ұзын жіліншік
сүйектерінде жиі кездеседі.
Рентгенограммада, ісіктің түріне
қарай өз ерекшеліктері болады.
Саркомалар, карциномалар және
хондромалар сүйек көлеңкелерінде
әртүрлі көлемді, ашықтанған, участке
түрінде көрінеді, кейде сүйектің толық
жоғалуымен немесе олардың жұмсақ
(ісікті) ұлпалармен ауысқаны арқылы
байқалады.

19. Иттің жіліншік сүйегінде мүйізденудің соңғы сатысы, қаптал проекцияда

20. Буын аурулары. Буынның шығуы

Сүйек ұштарының қалыпты
қатынасының бұзылу себебі көбінесе
жарақаттанудан болғанымен, кейбір
жағдайда буынның патологиялық
құбылыстары болып табылады.
Әсіресе жылқы мен ірі қара малдың
іріңді артритінде жиі байқалады.
Сүйектің буын ұштарының жылжуы
салдарынан сәйкес келмеуін – буынның
шығып кетуі десек, ал жартылай
жылжуын - тайып кету дейміз

21.

Артрит. Артриттер буында болатын барлық
қабыну құбылыстарын біріктіреді. Буындағы
патологиялық құбылыстар рентгенграммада
рентгендік буын саңылауның өзгеруінен,
шеміршек асты қабының, буынүсті
формаларына және сүйек шетінің буын ішіне
немесе сыртына өсінділердің пайда болып
буындағы қалыпты байланыстың бұзылу
себебінен болуы да мүмкін.
Буын саңылауы рентгенограммада оның
тарылуымен немесе кеңеюімен көрінеді.

22.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Молдағұлов М,А,. т.б., Жануарлар ауруының
клиникалық диагностикасы. 2006 ж.
Смирнов А.М., и др. Клиническая
диагностика внутренних незаразных
болезней животных. 1988 г.
Молдағұлов .М.А., Ө.К. Есқожаев, т.б. «
Жануарлар ішкі аурулары», Алматы, 2009
Ермаханов Ә.Н., Сиябеков С.Т.,
Қамбарбеков А.Т., Қазиев Ж.І. Жалпы
аурутану. Әдістемелік нұсқаулары. Алматы,
2007 ж.
Сиябеков С.Т. Дәріс жиынтығы.

23.

Келесі дәрістің тақырыбы:
№ 10 дәріс
Қан жүйесін зерттеу. Ветеринариялық
гематологияның тарихы. Жануарлар
қанын зерттеудің клиникалық
маңызы.

24. НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !

English     Русский Rules