Шәкәрім Құдайбергенұлы
Шәкірім және әдебиет
72.50K
Category: biographybiography

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)

1. Шәкәрім Құдайбергенұлы

2.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) –
ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі
ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір
сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде,
қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу
жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі
Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған
ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті
жасына дейін оқиды.
Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей
тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының
төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның
таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі
кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза,
қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік
Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң
сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап,
азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім
алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын
байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың
бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін
жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері
адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса,
әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты
ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі
десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы.
Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап,
таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың
ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды.

3.

Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай
ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген.
Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден
туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні
болып келеді.
Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті
жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім
жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты
ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын
жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді:
ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта
алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп
өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан
бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.
Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады,
«молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім
қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру,
сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай
ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің
азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың
кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп,
ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды.

4. Шәкірім және әдебиет

Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының
қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру
бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы
тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі
ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде
насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты
заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық
байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер
әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім
Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық
жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі.
Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын
қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С.
Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н.
Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер
Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.
English     Русский Rules