1.44M
Category: pedagogypedagogy

Ардақта ата-анаңды

1.

Сабақтың тақырыбы: Ардақта ата-анаңды
Мақсаты;
а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты
ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да
парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;
ә)дамытушылығы; Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың
ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен
берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді
балалар бойына дарыту.
б) тәрбиелілігі; отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,
қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Слайдтар, жадынама, анкета.
Әдісі;
Интерактивті технология.
Барысы;
І.Ұйымдастыру .
ІІ.Тәрбие сағаты.

2.

3.

Қымбатты ата-ана, ұстаздар!
Біздің борышымыз сіздерді құрметтеу.
Алдамен сүй, ардақты ата-анаңды,
Үлгілі ұрпақ атадан бата алады.
Бар жақсылық балаға бұл ғаламда
Мейірімінен ананың жасалады.
Жырақ жүрген ата-анасын сағынған
Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан.
Екеуінің қуанышы,тілегі
Әрқашан да бір арнадан табылған.

4.

1.Қой дегенде бар, лақ дегенде жоқ,
Ойда бар, бақта жоқ
2.Рәміздің бірі
3. Зорлану қысым
жасау?
4.Ең жақын адам
5.Уақытты немен білеміз?
6. Өт көп болса ?

5.

Маған да,саған да
Жақын туыс бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы,солға оқы
Өзгермейді еш одан
Бәріде өз жұртың,
Айтады кәне кім атын?

6.

Ұл-қыз ата-анасын,үлкендерді
қуанышқа бөлеп,бақытқа
кенелтсем десе,алдымен әдепті
болулары керек.Өз жұмыстарын
адал да тыңғылықты атқарса,атаананың ұл-қызы болып өседі
Адал жеміске ,ата-ана жеміс ағашына
ұқсайды,Жеміс ағашын жақсы қарап
күткендей,ата-анаңды аялап
бақсаң,армандарың орындалады.
Ата-ананың көңілін еш
ренжітуші болма ,олардың
жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Сәби шағындаолар өзіңді қалай
бағып- қақса, қартайғанда оларды
да солай алақанға салып, аялап
күту керек.
Ата-ананың қадірін білмеген
халық қадірін білмейді.
Түн ұйқысын төрт бөлген
,түнде бесік таянып, түнде
шошып оянған ананың ақ
мейірімін ерекше
бағаламасаңдар , ол- қорлық
Кейбір тәрбиесіз, арсыз балалар атаанасына қарсы сөйлеп, тыңдамай
жатады. Ондай Қылықтардан аулақ
болып ана,әке,апа,қарындас
туыстарыңды сыйлап жүріңдер.Әкетірегің,қамқоршың, асқар тауың.Анажарық дүниеге әкелуші.
Ата-анасын ұмытқан бала
опасызы,рахымсыздың
рахымсызы

7.

8.

Өмірде не жетім
1.Өмірде ата-анасы жоқ болса,бала -жетім.
2.Халқына сенімсіз болса,хан –жетім
3.Суы жоқ- құдық жетім
4.Досы жоқ жігіт- жетім
5.Шәкіртсіз ұстаз –жетім
6.Қызы жетесіз болса, ана- жетім
7.Ата-ана ақылы жерде қалса,
бәрінен де сол жетім

9.

Ей,перзентім! Ойыңа тоқып ал,ата-анаға құрмет,ізет
қылуды мойынға алу ләзім.Себебі баланың түп негізі
ата-ана болып табылады.
Ата-анамды не үшін құрметтеймін дегенді ойыңа алушы
болма.Олар сен үшін өлуге де дайын тұрады.Сен
соны білуің керек.
Сен ата-ананың еңбегін дін жағынан да өтей алмасаң
да ақыл санаңмен,адамгершілікпен өте.Кімде-кім атаанасын разы еткен болса, ол жақсы.Алла тағала оның
өмірін ұзартады.
Борыш-ата-анаға ұстаздар мектебіне қызмет
жасап,әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу.
Құретті әке-шеше атыңа кір келтірмеуге ант
етемін!

10.

-Анаңның сүйіп жасайтын жұмысы не?
-Анаңның туған күні қашан?
-Үйдегі адам саны қанша?
-Бауырың неше жаста?
-Үйде ыдысты кім жуады?
-Үйді кім жинастырады?
-Таңертең сені кім оятады?
-Әкеңнің туған күні қашан?

11.

-Балаңыздың туған күні қашан?
-Балаңыздың ең жақын досы кім?
-Балаңыздың оқитын кітап- журналдарын
атаңыз?
-Бос уақытын қалай өткізеді?
-Балаңыздың үйдегі сүйікті ісі?
-Балаңыз қай пәнді жақсы көреді?
-Балаңыздың арманы не?
-Балаға үлгі болатын адам кім?

12.

1.Атаға қарап-...
Анаға қарап-...
2.Ананың көңілі балада,...
3.Ата-ананың қадірін ...
4.Атаның баласы болма ...
5.Баланың жақсысы қызық ...
6.Ұядан не көрсе,...
7.Қарағайға қарап.....
Отбасына қарап ....
жарайсың

13.

Әлпештеп өзіңдей өсірген
Айтары мол ғұлама
Нағашы әжеңнің баласы
Көп жасаған бұл адам
Төріндежалпиып көсілген
Әкесі ол әкеңнің
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім?
Білер оны сұраған Ол кім?
Аймалайды күнім деп
Атаңның баласы
Мейірімді жүзі күлімдеп
Кей кезде таласып
Тәтті-ақ дейді немере
Қаласың әжеге
Бал шырындай үнің деп Ол кім?
Білгенің асады кәдеге Ол кім?

14.

1.Бақытты отбасы болудың негізгі шартына
нені жатқызар едіңіздер?
2.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі
басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
3.Баларды өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ?
4.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,
қатал тәрбиелеген дұрыс па?
5.Отбасында бос уақытты қалай пайдаланасың?
6.Тәрбие адамның тағдырын шешеді дейді,
сіз қалай ойлайсыз?

15.

1.Тоқсандық қорытындысы бойынша сіздің
балаңыз бір сабақтан үшке кетті делік.Сіздің
іс-әрекетіңіз.
2.Балаңыз мектептен жылап келді”мұғалім
маған ұрысты” деп ... Сіз не істер едіңіз?
3.Бала мен бала мектептен шығып келе
жатқанда бір-бірімен төбелесіп қалды.Ол
бала сіздің балаңыздың өте жақын жолдасы
еді.Сіздің іс-әрекеріңіз.
4.Балаңыз -өте жақсы оқитын бала.Бір күні
сабақтан екі алып,мұғалімнің ескертпесі
күнделікке жазылып келді..Сіз не істер
едіңіз?

16.

17.

18.

19.

Ой- толғаныс.Аналарына
гүл ұсынып, тілектерін
айтады.
- Не тәтті ?
Ананың сүті
- Не жұмсақ ? Ананың қолы
- Кім жақын ? Тату болса ағайын жақын,
Бауырмал болса, інің жақын
-Не қымбат ? Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт – береке атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
English     Русский Rules