Асқазан рагы
Асқазанның клиникалық анатомиясы:
Қан айналысы.
Лимфа айналымы.
Кілегей қабыршықтың құрылысы және оның қызметі.
Ісік ауруын туғызатын себептер:
Асқазан ісік алды ауруларына мыналар жатады:
Өсу сатылары (дәрежелері)
Асқыну жолдары. Қан ағу
Клиникалық белгілер:
Диагностика
ЕМІ:
Емнің нәтижесі:
0.99M
Category: medicinemedicine

Асқазан обыры

1.

Тақырып: Асқазан обыры
Орындаған: Тұрысбеков З
Тобы: 35-02
Алматы 2017

2. Асқазан рагы

• 2000 жылғы есеп бойыншы жер шарында 870 000 адам асқазан
рагымен ауырады деп тіркелген. Оның үлесіне барлық қатерлі
ісіктердің 8,7% кіреді. Ең үлкен ауру көрсеткіші Жапонияда еркектер
арасында 69,2%; әйелдерде 28,6% ( әр 100 000) адамға шаққанда), ең
төменгі көрсеткіш Солтүстік Африкада болды. Қазақстанның
Солтүстік облыстарында ол кең көп тараған. Мысалы: Павлодарда,
Қостанайда, Қарағандыда. Ең азы Оңтүстік Қазақстанда Жамбыл,
Атырау облыстарында. Республика бойынша көрсеткіш 18,9%
құрайды. Өлімге келетін болсақ Республика бойынша 15% құрайды.
Саны артық жерлер Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстанда.
Аталмыш көрсеткіштер 2006-2007 жылдық есептен алынған. Бұл
дертпен еркектер әйелдерге қарағанда екі есе жиі ауырады. Жас
адамдарда ісік сирек кездеседі, бірақ жыл сайын дертке ұшырау
мүмкіншілігі едәуір ұлғая түсуде. Жиі ауыратындар 60 пен 65 жас
аралығындағылар.

3.

4. Асқазанның клиникалық анатомиясы:

• Асқазан кардий, мүше түбі, дене және привратник деген бөлімдер
бар. Кейінгі антральді (кең жері) және привратниктің өзі (тар
жері) деп қарастырады. Бұл бөлімдердің әрқайсысы әртүрлі
жиіліктегі қатерлі ісіктермен жарақаттанады. Ісік орналасуына
сәйкес оның клиникалық көріністері болады. Привратникте
немесе осыған жақын жерде жол тарылады, сөйтіп тағамның
ішектерге қарай жүрісі нашарлайды.

5.

6. Қан айналысы.

• Асқазан және асқазан шарбы тамырлары арқылы орындалады.
Сол және оң жақ асқазан артериялары; веналары кіші иін
жанымен кіші шарбыда орналасады. Үлкен иіннен шығатын
асқазан ішек байланыстарының арасында оң және сол жақ
асқазан шарбы тамырлары бар. Қысқа асқазан тамырлары көк
бауыр артериясынан тарап асқазанның түбін қамтамасыз етеді.

7.

8. Лимфа айналымы.

Асқазаннан тыс орналасқан 4 лимфа жүйелерімен (лимфа
бездерімен) жүріп отырады және бұлар метастаздармен жиі
жарақаттанады. Аталмыш қан, лимфа тамырлары, бездері шарбы
қабаттарының ортасында бітеді, түйіседі, сондықтан олардың бәрі
асқазан онкохирургиясында түгелімен сылынады. Бұл ереже
асқазан операциясының кез келгенінде қолданылады.

9.

10. Кілегей қабыршықтың құрылысы және оның қызметі.

• Асқазанның ішкі қабырғасы тегіс емес, ол кілегей қабыршықтарының өзгерісерімен
бейнеленген. Кілегей қабыршақтың астында да осындай қабат бар. Рентгенге түскенде
рентген сәулесін ұстап қалатын барий тұзы асқазанның өзгерістерінде де тұрып
қалады, сол арқылы бүкіл кілегей қабыршықтың суретін аңғаруға болады. Рак ісігінде
кілегей қабыршықтың өзектері үзіліп қалады, мұны рентгенограммадан байқау қиын
емес. Кілегей қабыршығы цилиндр тәріздес келеді. Мұнда шырышты алаңдар бар,
олардың әрқайсысы сіңір тіндермен бөлініп тұрады.
• Бұлар асқазанның жеке шырышты бөлімдері болып саналады. Олардың жасушалары:
- Пепсин (негізгі жасуша)
- Тұз қышқылы (қосымша жасуша)
-Мукоид (шырышты жасуша) бөліп шығарады.
Пепсиногендер қышқыл ортада пепсинге айналады, бұлар белоктарды ыдыратады,
сөйтіп полипептидтерді туғызады.Тұз қышқылы пепсиндерді қоздырады, яғни
белоктарды ұйытып, тұз қышқылының сөлін құрайды. Бұл негізгі зат асқазанның
функциясын реттейді, қалыптастырады. Тұз қышқылының сөлі артып немесе кеміп кетсе
асқазанға зиянды әсерін тигізеді.

11.

12.

• Рефлекс эзофагит (артық өндірілген асқазан сөлі кері жүріп
өңешке құйылады) онда күйдіру (қабыну) реакциясын туғызады;
• Атрофиялық құрғақ (жұқарған гастрит) пайда болады. Жалпы
асқазан сөлінің кемуі оның бактерияларға қарсы қасиетін
төмендетіп жібереді, сөйтіп асқазанда көптеген микробтардың
өсуіне жағдай жасалынады. Сілекей сияқты шырыш (мукоид)
кілегей қабыршықты майлап отырады, оны зиянды әрекеттерден
сақтайды. Егер осы гастромукоид аз өндірілсе (Касланың ішкі
факторы) онда витамин B-12 шықпай қалады; мұның құрамында
темір бар, яғни темерге тапшылық орын алады. Бұл қан азаюға
әкеледі. Аталмыш ауру тұқым қуалаушылықтан да болады, мұны
Аддисон-Бирмер ауруы немесе пернициозды анемия дейді.

13. Ісік ауруын туғызатын себептер:


Ұзақ уақытқа созылған және бактерия (Helicobacter Pylori)
арқылы жұққан дерт
• Тағам және дәрілер, шылым, су, косметикалық заттар арқылы
түсетін канцерогендік заттар немесе олардың бактерия
ферметтері арқылы пайда болуы
• Екінші өт қышқылының ұлтабардан түсуі немесе олардың
асқазанда химиялық реакцидан кейін қалыптасуы
• Асқазанға арақтың үнемі, үзбей түсуі
• Ас тұзының артық мөлшерде болуы

14. Асқазан ісік алды ауруларына мыналар жатады:


Созылмалы атрофиялық гастрит
Полиптер және шырышты полип
Асқазан созылмалы жарасы
Менетрие ауруы
Пернициозды (теміртапшылықты) қан азаюы
Асқазан сылынған кездегі созылмалы гастрит

15. Өсу сатылары (дәрежелері)

• I. Ісік 3см дейін, тек кілегей қабыршақта немесе оның астынан тыс шығып
кетпейді;егер жара ракқа ауысса, ол да өсу дәрежесінде болып саналады.
Ешқандай метастаз болмайды.
• IIa. Ісік 3 см үлкен және бұлшық еттерге көшкен кез, бірақ сырқатқа
жетпеген уақыт. Метастаз жоқ.
• IIб. Ісік жоғарыдағы екі өсу дәрежесіндей және аймақтық лимфа бездерінің
бір екеуінде метастаз болады.
• IIIa. Кез келген көлемдегі ісік бүкіл асқазан қабаттарын жарақаттап, өңешке
немесе ұлтабарға ауысқан мезгіл. Көрші мүшелердің байланыс жүйелеріне
дейін жетіп, бірақ оларды әлі жарақаттамаған уақыт.
• IIIб. Кез келген көлемдегі ісік егер ол аймақтық лимфа бездердің бірнешеуін
жарақаттаса немесе артерия тамырларының бойындағы лимфа бездеріне
көшсе, мәселен, сол жақ асқазан, іш, жалпы бауыр, көк бауыр артериялары.
• IV. Кез келген мөлшердегі ісік көрші мүшелерге көшсе немесе жергілікті
жерде өскені соншалықты ол қимылдамайтын, сылуға келмейтін жағдайға
келсе: немесе алыстағы мүшелерде метастаздар болса.

16.

17. Асқыну жолдары. Қан ағу

• Пилорус және антрум бөлімдері қысып, жабылады, сөйтіп тамақ жүрмей
қалады.Көрші мүшелерге (тіндерге) дерт ауысып, оларды жарақаттайдыІш
қуысына дерт жайылып, перитонит дамиды.
Қан ағу жараның кішкене тамырларынан басталып, біртіндеп өседі. Ұзақ
уақытқа созылады және клиникалық белгілері созылмалы келеді. Көп қан
ақса ол ұиды, сөйтіп қан «кофе» тәріздес түске боялады; тері бозарып, бас
айналу жиілейді, қан қысымы түсіп кетеді.Қан ағу кезінде дәрігерлік іс
шаралар: тез арада ішке мұз қою керек, тағамды, тіпті суды да тоқтату қажет.
Тамыр арқылы 10% -10,0 мл хлорлы кальций ерітіндісі құйылып, викасол
3,0 мл бұлшық етке енгізілу керек және ауруды онкодиспансерге жіберу
керек. Егер қан ағу көп болса, онда жедел тез медициналық көмек
ұйымдастырылады (аурухананың хирургиялық бөлімі).Пилорус, антрум
жабылғанда көрсетілген дәрігерлік іс әрекет аурудың қандай клиникалық
топқа жататындығына тығыз байланысты: егер II топта болса, онда ол ем
үшін онкодиспансерге жіберіледі; егер IV клиникалық топта болса, онда
паллиативті операция үшін ауруханаға жолдама беріледі.Іш қуысына дерттің
жарылуы жедел медициналық көмекті қажет етеді. Ол не онкодиспансерге
немесе кез келген хирургиялық бөлімде жүргізіледі.

18. Клиникалық белгілер:

Ауыру сезімі, тамақ ішсең де , ішпесең де ауру сезімі кетпей қояды
Асқазан рагында ауыру сезімінің орналасқан жері төс асты болады
Тамаққа тәбеттің шаппауы өте жиі кездеседі
Асқазандағы қолайсыздық
Қан азаю белгісі
Дисфагияның болуы
Асқазаннан тағамның қиналып өтуі немесе шықпай қалуы
Күніге сүйсініп жейтін тағам енді саған ұнамайтынын шығарады
Тамақтанып жүрсеңізде салмақ жоғалту (бұл қауіпті белгі)
Әлсіздік, тез шаршау
Психологиялық өзгерістер

19. Диагностика

Терең анамнез жинау
Лабораториялық тексеріс
Рентген
Гастроскопия (эндоскопия) немесе фиброэндоскопия,
фиброгастроскопия

20.

21. ЕМІ:

Асқазан рагынан мүлдем жазылып шығуға болады, егер ауруға ерте өсу кезеңінде
радикальды операция жасалынса. Радикальды операцияларға Субтотальды резекция
немесе гасроэктомия жатады. Химиотерапия және сәуле әдістерінен ауру еш уақытта
толық жазылмайды.
Сәуле әдісі: жеке, дара түрінде мүлдем қолданбайды, себебі асқынулар бұл емнен
кейін көбейіп кетеді, ал емдік нәтиже өте төмен. Көптеген елдерде қазір бұл тәсіл
операциядан кейін рактың III өсу дәрежесінде қолданылып келе жатыр, бірақ шипалы
қасиет шамалы ғана.
Химиотерапия: сәулеге қарағанда емдік қасиеті жоғары. 15-25% емделген ауруларда (
5-фторурацил, фторафур6 митоцин С, доксорубицин) уақытша емдік әсер байқалады;
егер дәрілер қабаттасып бірнеше түрі қолданса, онда шипалы нәтиже жоғарлайды 6-7
айға өмір ұзарады. Кейінгі кезде жаңа үлгілер қолданыс тауып жүр – иринотекан,
УФТ, S-1 деген дәрілердің 20-24% жағдайында шипалы әсері анықталады. Доцетаксел
қолданғанда өмір 7-8 айға ұзарған. Химиялық дәрілер көбінесе операциямен
қабаттасады. Ісік өте зәрлі жүргенде (жайылмалы түрі) химиядан басқа үміт айтар
амал жоқ. Бірақ өкінішке орай қазіргі кезде ісікке қарсы сезімтал дәрілер табылған
емес.

22.

23.

24. Емнің нәтижесі:

• Асқазанға радикальды операция жасалынса, онда оның нәтижесі дәрігерге
байланысты, оның диагнозды дәл және уақытында анықтап, операцияны
шебер жасауында.Еңбекке жарамдылық және реабилитация.Аурудағы
дерттің өсу дәрежесіне және ем жүргізілген кезде адамның жағдайына
байланысты болады. Радикалды операция жасалғандар 2 немесе 3 мүгедектік
топқа жатады, сөйтіп олар 1-2 жылдан кейін қайтадан комиссияға түседі.
Рецидив, метастаз болғандарға I топтағы мүгедектік беріледі. Олар басқа
адамның көмегіне мәңгі бақи мұқтаж болады.
• Химиотерапия алатындар ем кезінде ешқандай еңбекке жарамайды. Егер
рецидив, метастаздар жоқ болса, онда басқарушы қызметіне немесе ой
жұмыстарында істей алады. Ыстық цехтарда, ауыр физикалық жұмыстарға
жарамайды.
• Диспансерлік бақылау: бірінші жылдың ішінде әр үш айда бір рет, екінші
жылда әр алты айда, үшінші жылдан бастап, әр жылда бір рет диспансерлік
тексеріс қажет (ультрадыбысқа, рентгенге түсіру)
English     Русский Rules