Similar presentations:
Зияты бұзылған балалардың сөйлеу бұзылыстары және олардың клиникалық-педагогикалық жіктелуі
1. Зияты бұзылған балаладың сөйлеу бұзылыстарына шолу 1. Зияты бұзылған балаладың ауызша сөйлеу қызметінің құрылымы 2. Тіл
бұзылыстарыныңклиникалық-педагогикалық
жіктеуі.
2.
Зияты бұзылған балалардың ауызша сөйлеу қызметінің құрылымыЗияты бұзылған балалардың сөйлеу қызметін құрылымдық тұрғыдан қарастырайық:
• Сөйлеудің қабылдау деңгейі:
– Бұл деңгейде балалар сөздерді, сөйлемдерді қабылдау мен түсіну қабілетінің даму
деңгейі анықталады.
– Ақпаратты қабылдау қабілеті төмен болуы мүмкін, сондықтан сөйлеуді қабылдау
қиындайды.
• Сөйлеу деңгейі:
– Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс құрастыру және айту қабілеті. Бұл деңгейде балалар
көбіне дыбыстарды дұрыс айтпайды, сөйлеу тілі дамымайды.
• Интонация және ритм деңгейі:
– Ритм мен интонацияны қолдану, сөйлеудің эмоциялық бояуы және мәнерлілігі.
Зияты бұзылған балалардың сөйлеуі көбіне ритмсіз және интонациясы дұрыс
болмайды.
• Сөйлеу әрекетінің құрылымдық компоненттері:
– Фонемалық деңгей: Дыбыстарды дұрыс айту қиынға соғады.
– Лексикалық деңгей: Балаларда сөздік қор шектеулі болуы мүмкін.
– Грамматикалық деңгей: Құрылымдық грамматикалық бұзылыстар (сөйлем
құрылымы).
– Прагматикалық деңгей: Әлеуметтік сөйлеу дағдыларындағы қиындықтар.
3.
Қазіргі кезде Р. Е. Левина бойынша логопедиядабір-бірін толықтыратын тіл кемістіктерін
топтастырудың екі түрі бар
клиникалықпедагогикалық
психологиялықпедагогикалық
4.
Зияты бұзылған балалардағы тілдің дамуерекшеліктері
• Интеллектуалды дамудың кешеуілдеуі: Зияты
бұзылған балалар көбіне сөздерді дұрыс түсіну мен
қолдануда қиындықтар көреді.
• Эмоционалдық және әлеуметтік адаптация:
Сөйлеу арқылы өз ойын білдіру мен өзара қарымқатынас жасауда проблемалар болады.
• Моторлық
дағдылардың
тежелуі:
Артикуляциялық және моторлық қозғалыстардың
дамымай қалуы сөйлеуге әсер етеді.
• Сөйлеу
және
тыңдау
дағдыларының
байланысты болуы: Баланың сөйлеу қызметі
көбінесе тыңдау және қабылдау қабілетіне
байланысты.
5.
Клиникалық-педагогикалық топтастыру тіл кемістіктерініңанатомиялық- физиологиялық механизміне және осы
кемістіктерінің пайда болу себептеріне негізделген.
Психологиялық- педагогикалык топтастыру кейіннен
сөйлеу тілінің бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан
қарастырып, талдау нәтижесінде пайда болған. Бұл
топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым
компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық,
грамматикалық жағы), сонымен қатар сөйлеу әрекетінің
түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша түрі) ескерілген.
6.
Бұл топтастыру тіл кемістіктерін бір белгілі сырқатпен байланыстырмайды,түзету жолдарын қарастырады. Топтастырудың негізіне психологиялық лингвистикалық және клиникалық өлшемдері (критерийлері) алынған. С.С.
Ляпидевскийдің айтуы бойынша клиникалық-педагогикалық топтастыруда тіл
кемістіктерін үш жақтан қарастыруға болады: медициналық аспекті сөйлеу
анализаторының қайсысы зақымдалған, қай бөлігінде және күрделігі қандай
денгейде екенін қарастырады.
Осыған байланысты тіл кемістіктері орталық немесе шеткі; фукционалды
немесе органикалық бұзылыстар деп бөлінеді.
Сөйлеу тілінің бұзылуы қай уақыттан бері болғаны ескеріледі ( баланың тілі
шыққанға дейін (алалия), сөйлеу тілі қалыптасу кезінде, әлде шықаннан кейін афазия).
Психологиялық аспекті – сөйлеу тілініңкоммуникативтік қызметі
қаншалықты бұзылғанын; әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың тұлғалық
ерекшеліктерін; болжауы қандай болатынын қарастырады.
Логопедиялық аспекті – сөйлеу тілінің қай құрылымы зақымдалғанын
қарастырады.
Бұл топтастыру бойынша барлық сөйлеу тілі бұзылыстары екі топқа бөлінеді:
1-ші топ - ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы, 2-ші топ - жазбаша сөйлеу тілінің
бұзылуы.
7.
Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы өзара екі топқабөлінеді:
1.
сөйлеу тілінің сыртқы
( фонациялық )
өңделуінің бұзылуы
Сөйлеу тілінің сыртқы (фонациялық)
өңдеуінің бұзылуы бұзылған бөлігіне
қарай төменгідегідей топтарға
бөлінеді: а) дауыс шығару, ә)
сөйлеудің жылдамдығы мен
ырғақтылығының ұйымдастырылуы,
б) интонациялық-әуенді, в) дыбыс
айтуының ұйымдастырылуы. Бұл
бұзылыстар жеке немесе әр түрлі
комбинацияларда кездесуі мүмкін.
2. сөйлеу тілінің ішкі
( семантикалық )
өңделуінің бұзылуы
Сөйлеу тілі
бұзылуының екінші
тобына /ішкі
(семантикалық) өндеуінің
бұзылуы/ алалия және
афазия кіреді.
8.
Дауыстың бұзылуы(афония, дисфония, фонестения).
Дауыстың бұзылуы дауыс аппаратының патологиялық
өзгерістерінің салдарынан болуы мүмкін. Бұл кемістіктің
әртүрлі белгілері болады: фонацияның мүлдем болмауы
(афония), дауыс күшінің, тембрінің, биіктілігінің бұзылуы
(дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның қырылдап,
сырылдап, бәсең шығуы (фонестения).
Дауыстың
бұзылуы
дауыстың
пайда
болатын
механизмінің
органикалық
немесе
функционалды
бұзылыстардың салдарынан орталық немесе шеткі болады.
Ол бала дамуының кез-келген кезеңінде болуы мүмкін.
Дауыстың бұзылуы өз бетінше жеке немесе басқа сөйлеу
тілінің бұзылуы мен бірге кездеседі (ринолалия, дизартрия).
9.
Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығыныңбұзылуы (тахилалаия, брадилалия, тұтықпа).
❖ Тахилалия(«tachys» - тез, «lalio» - сөйлеу тілі) – сөйлеу жылдамдығының
қалыптан тыс тездетуі. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп
бөлінеді. Сөйлеу тілінің темпі жеделдеген кезде сөз шапшан, екпінді шығады да,
сөйлеген кезде аграмматизмдер кездеседі. Сөйлеу тілінің фонетикасы, лексикасы
және грамматикалық құрылымы сақталған болады.
❖ Брадилалия( «bradys» -баяу, «lalio» - сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының
қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп
бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы
шығады.
Аталған бұзылыстарда (тахилалия, брадилалия) ішкі де сыртқы да сөйлеу
тілінің бұзылуы байқалады. Бұл бұзылыстар әр түрлі деңгейде көрінеді, күрделі
жағдайда коммуникативті процесі зақымдалады. Бірақ, баланың ерте жасынан осы
бұзылыстарды жою жұмысын қолға алса, олар баланың әрі қарай дамуына және
сөйлеу тілінің қалыптасуына жағымсыз жағдай тудырмайды.
❖ Тұтықпа – сөйлеу мүшелерініңбұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің
ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық
немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады.
10.
Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия,ринолалия, дизартрия).
❖ Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының
иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуының бұзылуы. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда
болады. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтуы
байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық ,
жоқ болса - функционалды деп аталады.
❖ Ринолалия
–
сөйлеу
мүшелерінің
анатомиялық
ауытқушылықтарының салдарынан дауыс әуезділігі (тембрі) және
тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуымен сипатталады. Дауыс
тембрінде мұрындық ренк пайда болады.
❖ Дизартрия – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда
сөйлеу
мүшелерінің
иннервациясының
жеткіліксіздігіне
байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және
просодикасының бұзылуы байқалады. Дизартрия сал ауыруына
шалдыққан балаларда жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның
немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия
бала дамуының кез-келген кезеңінде пайда болуы мүмкін.
11.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия,дисграфия, дизорфография
❖Дислексия- оқу процесінің спецификалық
жартылай бұзылуы.
❖Дисграфия –жазу процесінің спецификалық
жартылай бұзылуы.
❖Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне
қарамастан, орфографиялық дағдыларды
қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан
жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің
түрлерін дизорфография деп атауға болады»
(А.Н. Корнев).
12.
Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары екі топқабөлінеді:
қарым-қатынас құралының бұзылуы;
қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы.
Бірінші топқа келесі бұзылыстар кіреді:
- фонетикалық бұзылыстар. Балалар кейбір дыбыстарды бұзып
айтады немесе мүлдем айтпайды. Бұл баланың сөйлеу тілінің
қалыптасуына әсерін тигізбейді, коммуникативті функциялары
сақфталады;
- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) фонемді қабылдау және айтуындағы ауытқушылықт
арының салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана
тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы. Ол балаларда есту және ойлау қабілеті
сақталған.
ФФЖ кезінде балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың
ерекшеліктері байқалады: дыбыстарды анық айтпауы, дыбыстарды
алмастырып айтуы, сыңар дыбыстарды ажырата алмауы, дыбыстарды
артикуляциясы жеңіл дыбыстармен алмастыру, дыбыстардың
айтылуының тұрақсыздығы. Дыбыстарды талдау, жинақтау процесі
қалыптаспаған болады.
- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі
бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты
балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының
бұзылуы (фонетика, лексика, грамматика). Бұл бұзылыс тұрақтылығымен
13.
Р.Е. Левина бойынша ЖСТД үш денгейге бөлінеді.Бірінші денгейдегі балаларда тілдің мүлдем
қалыптаспауы байқалады. Мұндай балаларды
мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке
дыбыстарға еліктейді, дыбыстық кешендер
қолданады. Дыбыстардың айтуы қате, тұрақсыз
болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеше рет
қайталанған, таныс ситуацияда түсінеді.
Екінші денгей: баланың сөйлеу
мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы динамика
байқалады. Жалпы қолданбалы сөздер пайда
болады, бірақ олар бұрмаланып айтылады.
Көбінесе балалар зат есім мен етістікті
қолданады. Әлі де жест ере жүреді. Көптеген
дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық, ызың,
сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп
бере алады, бірақ сөйлемдерінде аграмматизм
байқалады.
Үшінші денгей: Балалар қарым - қатынас құралдарын
кеңінен қолдана алады. Сөйлеу тілінде фонетика, лексика,
грамматикасында күрделі жетіспеушілік байқалмайды,
бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен
балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы
және мағынасы ұқсас сөздерді шатастырады. Сөзжасам
және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған. Сөйлемнің жай
конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі
жақсартылған.
pedagogy