155.97K

Ділмұхамедұлы_баяндама (1)

1.

БАЯНДАМА
Ақпараттың қоғамдағы рөлі және
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге
асырудағы баспасөз қызметінің міндеттері
Н. Ділмұхамедұлы
Шиелі ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

2.

01

КІРІСПЕ
Ақпарат — қоғамның қозғаушы күші
Құрметті әріптестер! Баршаңызға қайырлы күн!
Бүгінгі таңда ақпарат - қоғамның қозғаушы күші, мемлекет пен халықтың арасындағы алтын
көпір. Ақпараттың жылдамдығы артқан сайын оған деген жауапкершілік те күшейе түсуде.
Қазіргі цифрлық дәуірде халықтың басым бөлігі жаңалықты әлеуметтік желілерден алады.
Сондықтан мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жұмысы тек хабар тарату емес, халықпен
тұрақты әрі ашық байланыс орнатудың маңызды құралына айналды.
02

3.

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ СӨЗІ

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты –
мемлекеттік басқарудың басты ұстанымы
болуы тиіс
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Мемлекет басшысы
03

4.

02

БАСТЫ ҚАҒИДАТТАР
Ақпараттық кеңістіктің басты талаптары
01
02
03
Шынайылық
Жеделдік
Жауапкершілік
Бұл қағидаттың жүзеге асуы, ең алдымен, уақытылы әрі нақты ақпарат беруге де тікелей
байланысты. Осыған орай, ақпараттық кеңістікте шынайылық, жеделдік және жауапкершілік бәрінен
жоғары тұруы керек деп білемін. Бұл - әрбір мемлекеттік қызметшіге, әрбір баспасөз қызметімен
айналысып жатырған және ақпарат таратуға жауапты мамандарға қойылатын басты талап.
04

5.

03

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР
Цифрлық платформалардағы жұмыс
Бүгінде мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік желілердегі
жұмысты күшейту. Аудан әкімдігінің ресми ақпараттары тұрақты түрде Facebook, Instagram, TikTok,
Threads және басқа да цифрлық платформаларда жарияланып келеді. Бүгінде тұрғындардың басым
бөлігі жаңалықты дәл осы әлеуметтік желілерден алады.
F
I
T
T
Facebook
Instagram
TikTok
Threads
05

6.

04

САПА МЕН ЖЕДЕЛДІК
Уақытылы ақпарат — сенімнің кепілі
Сондықтан сіздермен біздердің жариялаған әрбір материалымыз шынайы, түсінікті, сапалы әрі ең
бастысы – уақытылы болуы қажет. Егер біз ақпаратты дер кезінде жарияламасақ, оның орнын түрлі
қауесет пен жалған ақпарат басады.
Ақпараттық кеңістікте бірінші болып ресми ақпарат беру – бүгінгі
күннің басты міндеті. Сондықтан ақпараттық кеңістікте бірінші болып
ресми ақпарат беру – бүгінгі күннің басты міндеті.
06

7.

05

ӨҢІРЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Кент және ауылдық округтерге өтініш
Осы ретте кент және барлық ауылдық округ қызметкерлері, дербес бөлімдер және мекеме
мамандарына ерекше тоқталғым келеді.
!

Жақсы жұмыстар көрінбей қалады
Нәтиже: іс елге жетпей қалады
Көп жағдайда аудан көлемінде жақсы жұмыстар
Бірақ, нәтижесінде жақсы істің өзі елге жетпей қалып
атқарылып жатады. Алайда ол туралы баспасөз
жатады.
қызметіне ақпарат кешігіп келеді немесе мүлде
берілмейді.
07

8.

05

ӨҢІРЛЕРМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Жедел жеткізу қажет ақпарат түрлері
Сол себепті кент және барлық ауылдық округ қызметкерлері, дербес бөлімдер және мекеме мамандары кез
келген іс-шара, құрылыс жұмысы, тазалық акциясы, мәдени немесе спорттық шаралар, әлеуметтік бағыттағы
жұмыстар жөніндегі ақпаратты бізге жедел жолдап отыруды сұраймын.
Іс-шара
Құрылыс жұмысы
Тазалық акциясы
Мәдени / спорттық
шаралар
Әлеуметтік бағыттағы
жұмыстар
Өйткені әрбір ауылда атқарылып жатқан игі іс - бүкіл ауданның жетістігі. Ақпаратты кеш жіберудің салдарынан
оның құндылығы төмендейді.
Ақпараттың басты талабы – жеделдік.
08

9.

06

БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Облыстық мониторинг
Бүгінде облыс әкімдігі тарапынан мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі жұмысына
тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Әрбір жарияланған материалдың уақыты, сапасы, қаралымы,
тұрғындардың пікіріне берілген жауаптары сараланып отырады.
01
02
03
04
Уақыты
Сапасы
Қаралымы
Пікірге жауап
Сондықтан бұл бағыттағы жауапкершілік барлығымызға ортақ.
09

10.

07

КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ
30
минут
Тағы бір маңызды мәселе – тұрғындардың әлеуметтік
желідегі пікірлері мен сұрақтарына жауап беру. Қазіргі
таңда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі және қоғамдық
даму басқармасы бекіткен алгоритмге сәйкес, әлеуметтік
желілерге келіп түскен сауалдарға 30 минуттың ішінде
алғашқы жауап берілуі тиіс.
ішінде алғашқы жауап берілуі тиіс
10

11.

07

КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖЫЛДАМДЫҒЫ
Жауаптың мәні неде?
Бұл дегеніміз мәселені сол уақытта толық шешу деген сөз емес. Ең бастысы – тұрғынның өтініші
назарға алынғанын білдіру, жауапты мекемеге жолданғанын хабарлау және кері байланыс орнату.
Өйткені халық үшін үнсіздік – жауапсыздықтың белгісі болып табылады. Ал жедел
жауап – мемлекеттік органға деген сенімнің көрсеткіші.
Сондықтан барлық бөлімдер мен ауылдық округ мамандары өздеріне қатысты сауалдар түскен жағдайда
баспасөз қызметімен және жауапты мамандармен тұрақты байланыста болып, қажетті мәліметті уақытылы
ұсынуы қажет.
11

12.

08

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК
Қолдау көрсету — ортақ міндет
Тағы бір назар аударатын мәселе – әлеуметтік желідегі белсенділік. Аудан әкімдігі жариялаған
материалдарға бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері және қызметкерлері
қолдау білдіріп отырса, жарияланымдардың белсенділік көрсеткіші артады. Сонымен қатар облыс әкімдігі
мен облыс әкімінің ресми әлеуметтік желі парақшаларында жарияланатын материалдарға да тұрақты түрде
қолдау білдіруіміз қажет.
1
Лайк басу
2
Мазмұнды пікір қалдыру
3
Бөлісу
Яғни лайк басып, мазмұнды пікір қалдырып, бөлісіп отырғанымыз жөн.
12

13.

08

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІК
Бұл — жай ғана статистика емес
Өйткені облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл бағыт бойынша апта сайын арнайы талдау жасап,
барлық ауданның белсенділігі жөнінде мәлімет жинақтайды.
Бұл тек статистика емес. Бұл – мемлекеттік органдардың ақпараттық
саясатты іске асырудағы ұйымшылдығы мен жауапкершілігінің көрсеткіші
екенің тағыда айта өтемін.
13

14.

09

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Ортақ жауапкершілік
Сонымен қатар, ақпараттық жұмысты тек баспасөз хатшысының немесе бір маманның міндеті
деп қарауға болмайды. Бұл – барлығымыздың ортақ жұмысымыз.
Әр бөлім өзінің саласына қатысты жаңалықты уақытылы ұсынса, әр ауыл өзіндегі игі бастамаларды дер
кезінде хабарласа, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар халыққа толық әрі сапалы жеткізіледі.
Сонда ғана мемлекет пен халық арасындағы сенім нығаяды.
14

15.

ҚОРЫТЫНДЫ
Ақпарат – жай ғана жаңалық емес.
Ақпарат – халықтың сенімі.
Ақпарат – мемлекеттік органның ашықтығы.
Ақпарат – елмен байланыстың ең маңызды құралы.
Сондықтантан да, әрқайсымыз ақпараттық жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарап, жеделдік пен нақтылық
қағидатын ұстанайық.
«Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істесек, мемлекеттік ақпараттық саясатты
сапалы жүзеге асырып, ауданымызда атқарылып жатқан әрбір игі істі елге дер кезінде әрі
сапалы жеткізе аламыз.
15

16.


Назар қойып тыңдағандарыңызға рақмет!
Н. Ділмұхамедұлы · Шиелі ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
16
English     Русский Rules