КИ – жүргізілуі барысында пациенттің ішкі құлағына есту нервісінің сақталған талшықтарын электрлік ширату арқылы дыбыстық
639.25K

презентация реабилитация

1.

Әлеуметтік қорғау саласын
дамытудағы ұлттық ғылыми
орталығы Шымкент қалалық
филиалының сурдолог дәрігер
Копбосынова Марал
Даулетовна

2.

КОХЛЕАРЛЫ ИМПЛАНТАЦИЯ ЖҮЙЕСІ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?⁣

Кейбір туа біткеннен есту қабілеттері нашар балалар үшін есту аппараттары
тиімсіз болады. Көбіне дәл осы жерде кохлеарлық импланттардың қолайлылығы
анықталады.⁣

⠀⁣

Сіздер есту аппараттары туралы қандайбір ақпаратты білулеріңіз мүмкін, бірақ
кохлеарлы имплант дегеніміз не және ол есту қабілетінен туа біткеннен
айырылған баланың естуіне қалай көмектесе алады?⁣

Кохлеарлы имплант - есту сезімінің қалпына келтірілуіне мүмкіндік беретін
медициналық құрал. Ол басқа жолдар арқылы ести алмайтын адамдарға
дыбысты қол жетімді болуына ықпал етеді. Кохлеарлы импланттың жұмыс істеу
қағидасы - құлақтың естуге жарамсыз бөліктерін айналып өтіп, кохлеяны электрлік
ынталандыру әрекетінен құралады.⁣

Кохлеарлы имплантация жүйесі екі негізгі компоненттен құралады. Олар: сыртқы
аудиопроцессор және ішкі кохлеарлы имплант.
АУДИОПРОЦЕССОР таңдалған модельге байланысты құлаққа немесе басқа
жерге тағылып қолданылады. Аудиопроцессор - балаңыздың күнделікті
қолданатын компонент және бала оны «өз құлағым» деп санай бастауы мүмкін.
Аудиопроцессор имплантқа магнит көмегімен жалғанады.
ИМПЛАНТ терінің астына қарапайым хирургиялық процедура арқылы
орнатылады. Операциядан кейін, импланттың өзі балаңыздың немесе басқа
адамдардың көзіне көрінбейді.

3. КИ – жүргізілуі барысында пациенттің ішкі құлағына есту нервісінің сақталған талшықтарын электрлік ширату арқылы дыбыстық

КИ – жүргізілуі барысында пациенттің ішкі құлағына есту нервісінің
сақталған талшықтарын электрлік ширату арқылы дыбыстық
ақпаратты қабылдауын қамтамасыз ететін электродтар жүйесі
енгізілетін жоғары технологиялық операция.

4.

Емшара/араласу үшін көрсетімдер
IV дәрежедегі екіжақты нейросенсорлық есту мүкістігі;
екіжақты кереңдік;
есту протезін қолданудың тиімсіздігі немесе төмен тиімділігі
жағдайындағы аудиториялық нейропатия;
есту протезін қолдану тиімділігінің төмен болуы (еркін дыбыстық өрісте
ЕА-дағы есту шектері 500 – 4000 Гц диапазонында 55 және одан көп дБді құрайды, көпбуынды сөздердің анықтығы 40 %-дан кем, бір буынды
сөздер – 20 %-дан кем, ЕА-н 6 ай тұрақты пайдаланғаннан кейін есту
реакцияларының оң даму динамикасының тек сөздік емес дыбыстарға
болуы, ЕА тұрақты тағып жүру жағдайында сөздік дамуы
динамикасының болмауы).

5.

Кохлеарлы имплантация отасы Шымкент қаласы және Түркестан
облысы бойынша балаларға 2008 жылдан бастап жасала бастады.
Қазіргі уақытта Түркістан облысы бойынша 188 бала , Шымкент қаласы
бойынша 116 балаға ота жасалған .
Ота жасалған бала өздігімен сөйлеп кетпейді сондықтан Ең
маңыздысы КИ отасынан кейін бала сыртқы ортаны қабылдап ,
дыбыстарды түсіну үшін реабилитациялық көмек қажет . Бала
импланттың көмегімен дыбыстиы естігенімен оны ажыратып , түсініп
тілді шығару үшін арнай мамандар жұмыс жасауы керек.
Ең алдымен отадан кейін 1 ай дан соң импланттың настройкасы іске
қосылады , одан соң сурдопедогог , логопед , психолог
мамандарымен жұмым жасауға жібереді.

6.

Сурдопедогог маманы дыбысты қояды , есту арқылы түсініп
сөйлеуге үйретеді . Қаттаы дыбыстар мен жәй дыбыстарды
ажырату , дауытың қайжерден шығып жатқанын ажырату
үйретеді.
Психолог маманы жан жануарлардың дауысын ажырату ,
жеміс жидектердің түр түсін адырату , атап айту , түстермен ,
пішіндермен жұмыс жасау арқылы миды дамыту
жұмыстарын жасайды .
Логопед маманы ауыз қуысына логомассаж жасайды .
Қойылған дыбыстардығ дұрыс айтылуын ұйретеді.

7.

Шымкент қаласының есту сөйлу реабилитациялық орталық 2018
жылдан бастап жұмыс жасайды .
2018жылы -99 бала
2019-101 бала
2020 -87
2021- 93
2022-86
2023-94
2024-91
2025-40
2026-38 бала қабылданып жұмыс жасалынды.
Әр бала жылына 4 курс қабылдауға келеді 10 күннен 40 сабақ.
Сабақ уақыты 30-40 мин аралығы.
Реабилитациялық көмек алуға 1 жас – 18 жас аралығындағы
балалар болуы керек , және операция жасалынған уақыты соңғы 5
жылдық.

8.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Rules