1.95M

13 Дәріс Физикалық химия

1.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану институты
Химия кафедрасы
№13 – дәріс
ИОНДАРДЫҢ ҚОЗҒАЛУ ЖЫЛДАМДЫҒЫ
ЖӘНЕ ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ ЭЛЕКТР ӨТКІЗГІШТІГІ
Дәріскер: PhD, аға-оқытушы Рахимова Б. У.

2.

Иондардың қозғалу жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігі
Белгілі болғандай, иондардың қозғалу жылдамдығы олардың уақыт бірлігінде тасымалдайтын заряд мөлшерін анықтайды, яғни
электролиттің электрөткізгіштігі шамасына тікелей әсер етеді. Сондықтан жылдамдыққа әсер ететін барлық факторлар меншікті æ
және эквиваленттік λ электрөткізгіштікке де әсер етеді.
Иондардың қозғалу жылдамдығы мыналарға тәуелді:
– олардың санына, яғни концентрациясына: концентрация неғұрлым жоғары болса, жылдамдық соғұрлым төмен болады. Бұл әлсіз
электролит ерітінділеріне қатысты емес, өйткені оларда диссоциация дәрежесі аз болғандықтан, иондар саны да аз болады және
олардың жылдамдығы концентрацияға іс жүзінде тәуелді болмайды;
– ион зарядының шамасына, оның гидратталған радиусына және ортаның тұтқырлығына. Стокс теңдеуіне сәйкес, заряд саны z i
болатын нүктелік зарядтың қозғалу жылдамдығы:
English     Русский Rules