Similar presentations:
15 Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау технологиялары
1.
Ерекше білім беру қажеттіліктері барбілім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалау технологиялары
2.
Критериалды бағалау - оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұлбүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр.
Енді осы бағалауды қалайша қолданып келеміз. Бастапқыда
кезеңде нақты түсіне алмағанымыз рас. Әйтсе де, сабақ
жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге
асыруға жұмыстана бастадық. Күнделікті кұрылған сабақтарда
қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі
мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жеттік. Бұл —
сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ.
Күнделікті сабақта білім алушылар топтық жұмыста өздерін
бағалай алады. Олар әр жұмыстың өзінше критерийі барын түсіне
келе, оны салыстыра отырып, шынайы бағаға талаптана алады.
Бұдан мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс нығайып,
сабақтың деңгейі артады. Бағалау парақшасына зейін қоя отырып,
оны қолдануға бейімделе бастайды. Әр оқушы өзін көшбасшы
ретінде қатарға қоя алады. Бұл да еркіндік, бұл да жаңаға
ұмтылыс.
3.
Критериалды бағалау білім алушылардыңоқу жетістіктерін нақты анықталған, оқу
процесінің барлық қатысушыларына алдын ала
белгілі білім беру мақсаттары мен мазмұнына
сәйкес
келетін
бағалау
критерийлерімен
(формативті
бағалау
кезіндегі
табыс
критерийлері және жиынтық бағалау кезінде
балл
қою
критерийлері)
салыстыруға
негізделген.
Критериалды бағалау жүйесі бағалаудың үш
түрін қамтиды:
- формативті бағалау;
- ішкі жиынтық бағалау;
- сыртқы жиынтық бағалау.
4.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — жаңаүрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім
алушылардың білімін
халықаралық стандартқа
сәйкестендіру.
Зерде бұзылыстары бар мектеп оқушыларының білімділік
қажеттіліктерінің бірі оқу материалының мазмұнының әр
оқушының танымдық мүмкіндіктеріне және оның
шынайы оқу жетістіктеріне сәйкестігіне ұдайы қадағалау
болып табылады. Оқу материалының сәтті меңгерілуін
және оқушылардың өмірлік дағдыларының қалыптасуын
ретімен қадағалауды іске асыру маңызды.
Педагогпен бағалау рәсімдері көмегімен алынып отыратын
ақпарат дағдыларды және икемдерді игеру процесінде
туындайдын қиыншылықтарына дер кезінде және сайма-сай
әсер етуге көмегін тигізеді. Педагог сыныпта жеңіл ақыл-ой
кемістігі бар мектеп оқушыларына берілетін жеке көмектің
мазмұны мен амалдарын негіздеп анықтауға, сонымен қатар
ақыл-ойы жеңіл кенжелеген мектеп оқушыларды оқытудың
жеке бағдарламасына түзеулерді енгізуге мүмкіндік алады.
5. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін әзірлеу кезінде мынадай
ерекшеліктерді ескеру қажет:− білім беру
нәтижелерін бағалауға
кешенді тәсіл (білім
беру деңгейлері
арасындағы пәндік және
жеке нәтижелерді
бағалау);
- бірыңғай оқыту және
түзету-дамыту жүйесі
ретінде жалпы білім
беру және түзету
пәндері бойынша
бағалау критерийлерін
әзірлеудегі тұтас тәсіл;
- білім алушыларды
белсенді бақылаубағалау қызметіне қосу;
- оқу-практикалық және
оқу-танымдық
тапсырмаларды орындау
қабілеттілігінде көрінетін
жүйелік-іс-әрекет тәсіл
негізінде жеке оқу
пәндерінің мазмұнын
игерудің табыстылығын
бағалау;
- ерекше білім беру
қажеттілігі бар
оқушылардың білім
жетістіктерінің
динамикасын бағалау
- білім сапасын
қамтамасыз ету
механизмі ретінде
сыртқы және ішкі
бағалауды үйлестіру;
− білім беру жүйесінің
жай-күйі мен даму
үрдістерін бағалау
мақсатында білім
алушыларды
қорытынды бағалау
- жоспарланған
нәтижелерді,
құралдарды әзірлеуге
және деректерді ұсынуға
деңгейлік көзқарас;
- оқушылардың жеке
білім жетістіктерінің
динамикасын
сипаттайтын бағалаудың
жинақтау жүйесін
(портфолио) пайдалану;
- стандартталған жазбаша немесе ауызша
жұмыстармен қатар жобалар,
практикалық жұмыстар, шығармашылық
жұмыстар, өзін-өзі талдау және өзін-өзі
бағалау, бақылау және т. б. сияқты
бағалау әдістерін қолдану.
6.
Бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптар осы санаттағы оқушылардың оқуындағыгуманизация, табиғатқа үйлесімділік идеяларының әсерімен туындаған. Сипаттау бағасы даму
мен білімділігінің бар деңгейін ғана емес оқушымен жүргізілетін келесі қадамдарды да
анықтайды. Дәл осы сипаттау бағасы мектеп оқушыларының бойында өзін-өзі сайма-сай
бағалау дағдыларын қалыптастыруға мүмкінді береді. Бұл кезде әр түрлі оқушының
жетістіктерін салыстыруға жол беруге болмайды. Оқушының жетістіктерін тек оның
алдындағы жетістіктерімен ғана салыстыру керек. Зерде бұзылыстары бар балаларға қатысты
жалпы білім беретін мектептерде қабылданғандай, үлгерім және білім сапасының пайызымен
анықтау орынды емес.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың оқу
жетістіктерін критериалды- сипаттамамен бағалау
технологиясының идеясының негізі – объективті
бағалауды қамтамасыз ету.
7.
Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар мектеп оқушыларының оқу пәндері бойынша оқуқызметінің нәтижелерін бағалаудың нормалары деңгейлік операционалды мақсатты
тұжырымдаумен анықталған оқудағы күтілетін нәтижелеріне негізделіп,
оқушылардың оқу жетістіктерін тексеруді және бағалауды ұйымдастыруға бірыңғай
көзқарастарды іске асыруға бағытталған.
Ақыл-ойы кем балаларды жалпы қабылданған бағалар
шкаласына сәйкес бағалауға болмайды. Әрбір
педагогикалық кеңес бағалаудың меншікті мектептік
жүйесін құру құқығына ие болуы керек.
8.
Конструктивтік-жобалаушы кезең.Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар балалардың
оқу процесін жобалауға технологиялық
көзқараста әр пән бойынша күтілетін оқу
нәтижелері оқу жетістіктерінің деңгейлері
бойынша сараланған. Әр жетістік
деңгейіне көрсеткіштер әзірленеді,
олардың орнында оқушылардың
мазмұнды меңгеру деңгейіне сәйкес
келетін әрекеттері шығады. Бағалау
құралдары әр көрсеткіш үшін әзірленеді.
Бағалау құралдары ретінде дағдылардың
қалыптасуы үшін көмегі қажет болатын
тапсырмалар мен жаттығулар шығады.
9.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектепоқушыларының оқу процесін жобалау (жоспарлау)
технологиясы әр мектеп оқушысының жеке
қажеттіліктеріне негізделеді. Жоспарлауда үлгілік
оқу бағдарламаларынан емес, баладан бастама
алады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларға
қатысты оқытудың жеке бағдарламасы ғана мүмкін
болатындықтан, оны құру педагогтің жобалау
қызметіндегі маңызды құрамдас болып табылады.
10.
Бастапқы педагогикалық диагностика – бұл ұзақ процесс. Оған әр оқужылының басында 2-4 апта бөлінеді. Осы критерийлермен оқудың нәтижелілігіне
және оқу соңындағы дамуына бағалау жүргізіледі. Педагогикалық бағалаудың
нәтижелері сынып оқушыларының Даму картасында тіркеледі. Оқушының даму
және оқу динамикасын қадағалау үшін, карталар оқушылар туралы ақпарат оқу
жылының басында және соңында тіркеліп отыратынындай құрылған. Баланың әр
желі бойынша дамуындағы көрсеткіштер бағалау пікірлерінің объективтілігін
қамтамасыз ету үшін мейлінше нақтыланған.
11.
Ұйымдастырушылық-қызметті кезең. Бұл кезеңде оқушыларжетістіктерін бағалау ресімдерін орындаудың шарттары мен ережелері
анықталады.
Зерде бұзылыстары бар оқушылардың жетістіктерін бағалау тек ішкі
бағалау құралдарымен ғана орындалады. Оқу бағдарламаларының
игерілу нәтижелері білім беру процесінде тікелей мұғаліммен сабақ
барысында орындалады. Ақыл-ойы кем мектеп оқушыларымен
жүргізілетін тұтас педагогикалық процес негізделетін әлеуметтік
педагогиканың «диагностика мен түзете-дамыту жұмысының бірлігі»
қағидатына сәйкес, педагогтер қадағалаушы бағалау әрекеттерін
орындап отырады. Бағалау әрекеттері қатарында аталатындары: бақылау,
оқушы қызметіндегі өнімдерді – олардың жазбаша жұмыстарын, ауызша
жауаптарын оқу мен тәрбиедегі белгіленген мақсаттармен және
міндеттермен салыстырумен зерделеу.
12.
Аналитикалық-рефлексиялық кезең. Бағалау қызметінің нәтижесінде алынатыноқушының дамуы мен оқуындағы табыстылығы туралы мәліметтер әр
тоқсанның соңында өтетін мектептің психологиялық-педагогикалық
консилиумының мәжілістерінде, сонымен қатар оқушылардың ата-аналарымен
өткізілетін сұхбаттасуларда талқыланады. Мектеп консилиумының
мәжілістерінде оқу мен оқушымен жүргізілетін түзеу жұмысының нәтижелері
балалармен ақыл-ойы кем оқушылар үшін белгіленген критерийлермен және
орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыларға арналған жеке бағдарламалардың
мазмұнымен сәйкестікте жұмыс жасайтын барлық мамандармен (мұғалім,
логопед, психолог және т.б.) талданып, талқыланады. Сипаттап бағалау негізінде
мазмұнына және қажеттігіне қарай, оқушылармен жұмыс әдістемесіне қажетті
өзгертулер енгізіледі. Әр оқушы үшін келесі бағалау іс-шарасына дейінгі кезеңге
өзекті жұмыс мақсаттары Алқалық кеңесте анықталады.