Similar presentations:
ФИЛОСОФИЯ [Автосохраненный]
1.
Дін философиясы2.
МАЗМҰНЫ1.Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін
және өнер.
2.Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм
(У.Тейлор), структурализм (Лев-Брюль, Леви-Строс),
марксизм (С.Токарев).
3.Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің
пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам.
Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи
формалары. Неміс романтизм өкілдерінің діни
философиялық концепциясы
(Ф.Шлейермахер).С.Кьеркегордің діни философиясы.
3.
Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім.Дін және өнер.
Дін — адам мен мінсіз болмыстың (Алланың,
Жаратушының) табиғи байланысы туралы сана. Ғылымның
қуаты Жаратылыстың барлығын, оның кереметтігін
дәлелдеу. Ал, сол Жаратылысты жаратқан Жаратушы
туралы сана — ол дін.
Осы тұрғыда ғылым мен дін Жаратылыс мәселесінде
түйіседі. Дін туралы арнайы ғылымды дінтану дейміз.
Дінтану ғылымы дінді теологиялық, философиялық —
әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және
этнологиялық (грек тілінде — халық, ілім) тұрғылардан
бөліп қарастырады. Конфессиолық ілім (көне латын тілінде
konfessio — мойындау, ғибадат қылу; белгілі бір дінді
мойындайтын діни бірлестік) адам мен Жаратушының,
біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейді,
дінді оның қағидаларына сүйеніп негіздейді.
4.
Дінді үш пән зерттейді, олар — теология, атеизм жәнедінтану. Үшеуінің де мақсаты дінді, оның тарихын, негізгі
қағидаларын және қазіргі жағдайын талдау. Бұлардың
әрқайсысы дінді толық мәнінде түсіндіру ниетінде. Алайда,
әрқайсысының дін туралы өздеріне ғана тән алған
мақсаттары бар.
5.
ТеологияАтеизм
Дінтану
• Теология — (көне грек тілінде құдай, ілім) құдайтану пәні. Ол діннің ішкі мазмұнына негізделген. Бұл пән
әрбір діннің өз болмысынан қалыптасады. Теология пәнінде білімнен бұрын сенім анықталған. Сондықтан
теологтар сенім мен діни қағидаларды өздерінің басты принциптеріне айналдырған. Сол себепті, біз ислам
теологиясы, христиандық теология, буддалық теология т.б. деп атай аламыз. Бұл теологияның әрбір дінге
тікелей қатыстылығын білдіретін жай.
• Атеизм (көне грек тілінде — құдайсыздық) — құдайды және оның құдіретін жоққа шығарады. Жоғарыда
айтылғандай, Кеңес заманында жоғары оқу орындарында студенттерге «Ғылыми атеизм» деген пән
оқытылды. Бұл пән дүниенің діни болмысын толығымен теріске шығарып, материалистік көзқарасты
негіздеп, содан ғылыми атеизм деген атауға ие болған.
• Дінтану пәні болса, теологиялық немесе атеистік пәндерден өзгеше. Мұнда дін туралы объективті
мазмұндағы түсініктер жүйесі арнайы пәнге айналғанын айтуымыз керек. Дінтану пәні дінді немесе діндерді
насихаттамайды, оларды объективтік мазмұнда түсіндіруді мақсат етеді. Бұл пән — зайырлы қоғамның дін
және діндер туралы сараптамасы.
6.
Дін және философиялық білім.Философ Э.Фроммның айтуынша, дін адамның саналы пенде
ретіндегі табиғатынан - оның өмір сүру бағытын іздеуі мен бір
нәрсеге табыну мұқтаждығынан шығады. Бұл, әрине, дін мәселесіне
деген көзқарас. Осы тұрғыда, адам дүниедегі негізгі діндерді
мойындамағанның өзінде, ол бір нәрсеге сенім артып, соған
табынуы мүмкін. Мысалы, бүгінгі таңда реформа барысында
біршама адамдар байлыққа, «алтын кошақан» - ақшаға табынады.
Олардың ойынша, ақша арқылы сатылмайтын нәрсе жоқ, соның
ішінде қайсыбір лауазым иесін, тіпті адамдардың сүйіспеншілік пен
басқа да нәзік сезімдерін өзіңе қарай тартуға болады. «Бәрі де
сатылады» деген принципке олар сенеді. Неміс философы К.Ясперс
адамзаттың рухани дамуын парасаттылыққа негізделген
философиялық сенім деңгейіне көтермей, бүгінгі таңдағы өзекті
мәселелердің шешілуі мүмкін емес дейді. Әрине, адам сенімсіз өмір
сүре алмайды.
7.
Адам өз әке-шешесіне, сүйген жарына, жақсы досына, өз халқына, яболмаса адамзат қауымына сенуі мүмкін. Еш нәрсеге сенім арта
алмайтын адам бақытсыз, ол өз өмір мәнін тез арада жоғалтады,
оның әлеуметтік ауытқуға ұшырайтыны сөзсіз. Мұндай кең түрдегі
ойларымыздың ауқымын қысқартсақ, онда осы заманға дейін
дүниежүзілік діндердің өмір сүріп жатқанын байқаймыз. Қытай
халкы уақытында даосизм және конфуциандық философия
бағыттарын тудырып, оларды өмір бағдарламасына айналдырды,
яғни олар осы халықтың дініне айналды. Олай болса, Дүниені
жаратқан Құдай идеясы оларда жоқ. Сондықтан әдебиетте оларды
«Құдай ашылмаған» діндер қатарына жатқызады. Мысалы, Дүниені
билейтін «тянь» - аспан ұғымы - бейтұлғалық дүниенің алғашқы
бастамасы. Мұнда Дүниені жарату ұғымы жоқ болған соң, оның
басы да, аяғы да жоқ, ол мәңгі белгілі бір шеңберде айнала береді.
Олай болса, адам болмыстың тәртібін зерттеп қана қоймай, ең
алдымен өз-өзін танып-біліп, өзгертуі қажет.
8.
Дін және өнерДін әлеуметтік жатсынуды міндеттеп асып өту, ол ондай жатсынудың
өнімі емес. Әлемдік діни әдебиеттердің анализі діни руханилықтың
құдіретті объектіге сенуіне байланысты сенушілерді бір біріне
жақындастыруға бағытталған. Осы мағынасында ол жеке және ұйымдық
махаббатқа, сүйіспеншілікке жақын. «Құдай ол махаббат,
сүйіспеншілік», бұл пікір сенушілердің арасында көп тараған. Л.
Фейербах махаббатта себепсіз жаратушы бастаманы қарастыруға
тырысты: Сүйіспеншілік, Махаббат ол Құдай. Шынымен, сакральды
объектіге діни махаббат, сүйіспеншілік жалғыз сенушілер арасында
таралады (немесе мен ішіндегі абсолютке). Басқа сенімдегілермен
күресте діни адамдар абсолютке және өздерінің шіркеулеріне деген
махаббатты қолдауда көптеген күш жұмсайды. Махаббат амбивалентті
және ол қарама қарсы сезімге де айналуы мүмкін. Махаббаттың,
сенімнің, үміттің бір біріне өтуі діни жандылықтың және руханилықтың
динамикасын сипаттайды.
9.
Алғашқы діни формалардың мәселелері:эволюционизм (У.Тейлор), структурализм (ЛевБрюль, Леви-Строс), марксизм (С.Токарев).
Леви-Стросс дінді құрылымдық тұрғыдан түсінді. Діни феномендердің
жүйелі динамикасының негізінде іргелі құрылымдар жатыр деп санады.
Діни феномендер тұлғасыз құрылымның «функциясы» болып табылады.
Осылайша, құрылым – мәнділік, ал дін – феномен ретінде бекітіледі.
Леви-Стросс үшін дін, магия және ғылым, символдық жүйелерден
құралатын бүтін мәдениет сияқты, бұл символдар бейсаналық
құрылымдармен реттелген. Оның пікірінше, дін – табиғат заңдарын
адамиландырудан, ал магия – адам іс-әрекеттерін табиғи қылудан
тұрады. Леви-Стросс мифологияны тілмен салыстыра келе, тілдің
қалыптасуы сияқты мифологияның қалыптасуы да түсініксіз екендігін
көрсетеді.
10.
XX ғасырда магияны оқып білуде орыс зерттеушісі С.А. Токарев үлкен табысқа жетті. Олмагия дамуының эволюциялық моделін ұсынды, бұл феноменнің сатысынан заңды
ауысуының жалғастығын түсіндіреді. Нақты дәйектілік келесідей кезекте көрінеді:
біріншіден, тікелей, адамға әсер етудің стихиялы-сәйкестілігі – материалды тәжірибе;
екіншіден, тағы да әсер ету, бірақ магиялық күштің табиғаттан тыс ойдың көмегімен
әсер ету ұғымы; сырттай қарағанда әрекет міндетті түрде жабарынумен байланысады деп
жиі айтылады; үшіншіден, магиялық күш ұғымының пайда болуы өз кезегінде
адамның әрекетіне әсер етеді, саналы іс-әрекет магиялық салт жораға айналады,
тәжірибеден тікелей шықпайтын жаңасы пайда болады; төртіншіден, жалбарыну,
алғашқыда жай ғана салт жорамен ілесіп жүреді де, уақыт өте келе оның негізгі бөлігіне
айналады және әрекеттің өзін ығыстырып шығаруы да мүмкін. С.А. Токарев магия
туралы айтқанда мына салт жораларды яғни адамға табиғаттан тыс тікелей әсер ету
осы және басқа материалды нысан тұрғысындағы анимистикалық ұғымдарды қосып
айтуды ұсынды.
Осы орайда, антропологиялық зерттеу магияның ұғымын тәжірибелік әрекеттің
жиынтығы ретінде анықтайды, осылардың негізін нақты мақсатқа жету ішін қызмет
ететін салт жоралар құрайды. Магия, жоғарыда айтылған зерттеу көзқарасы
тұрғысында, тек қалыптасқан ақыл-ой жүйесі емес, мінез-құлықтың ерекше түрі, дұрыс
ойдың тепе-тең орналасқан прагматикалық нұсқауы, сезім және ықтияр. Бұл және
әрекет образы, наным жүйесі және әлеуметтік феномендер, жеке күйзеліс.
11.
Ағылшын антропологиясының негізін қалаушы Э. Тэйлор магияның мазмұнын анықтаубарысында әлсіз адамның өміріндегі ситуацияларды бөліп көрсетеді, мысалы ол өзінің
білімінің тапшылығын сезгенде «ойша аналогиямен» және солардың әрекеті арқылы
орынын толтырады, магиялық әрекеттің пайда болуы «жабайылардың заттарды, бір-біріне
ұқсас нәрселерді, байланыссыз логикалық талқылауы» Э. Тэйлордың айтуы бойынша «...
магия аз мөлшердегі шарасыз нәтиже және ой дамуының алғышарты». Зерттеушілердің
көзқарасы бойынша, барлық магия символикалық болып көрінеді.
Оқымысты Э. Тэйлор, Дж. Фрэзердің өзінің «Алтын тарау: дін мен магияны ерттеу» туралы
іргелі еңбегінде, магияны танымның және әлемге ықпал етудің ежелгі формасы деп
қарастырады. Магияның пайда болу негізінде, зерттеушілердің ойы бойынша, магиялық
ойлаудың екі принципі жатады, «Олардың біріншісі үйлес нәрсе үйлестіктен туындайды,
немесе әр нәрсенің салдары өзінің себебіне байланысты. Екінші принципке сәйкес, бір мәрте
бір-бірімен жанасқан заттар, тікелей байланыс үзілсе де ара қашықтықтан өзара әрекетке түсе
береді. Бірінші принцип үйлестік заңы деп аталады, ал екіншісі – жанасу немесе жұқтыру».
Үйлестік заңының негізінде «гомеопаттық» (болмашы; гомеопатическая) магия
қалыптасады, ал жұқтыру заңында – кантагиоздық (кантагиозная). Ақыр соңында ,
«магияның әр түрлілігі – гомеопаттық және котагиоздық – бір ғана терминмен көрсетуге
болады – симпатикалық магия, барлық жағдайларда құпия симпатияның нәтижесінде
заттар бір-біріне ара қашықтықтан әсер етеді және импульс біріншіден екіншісіне
үйлестіктің көмегімен көрінбейтін эфир арқылы бір-біріне беріледі». Сонымен қатар Дж.
Фрезер магияның позитивті және негативті бөлімінің кеңесіне басты назар аударады.
12.
Оның ойы бойынша позитивтіліктің жиынтығын сиқырлық құрайды, ал негативтіұйғарымның жиынтығы – табу. Ақ магияны өз кезегінде ол позитивті магия, ал қара магия
– негативті немесе табу деп атап көрсетті. Сонымен қатар ол магияның екі типін
байланыс және үйлесім заңы негізінде қалыптасты деп атап көрсетті. Одан кейінгі
зерттеушілер алғашқы қоғамда барлық қауымның игілігі үшін жұмыс жасайтын
кауымдық магия өмір сүрді деген қорытындыға келді. Дәл осы нұсқада антропологиялық
зерттеуші Дж. Фрейзер магиялық тәжірибені қолданудың әлеуметтік түбірін ашып
көрсетті: «Осы жағдайларда магияшы қоғамдық лауазымды тұлға бола білді. Осындай
ұғымның пайда болуы қоғамның дамуы үшін үлкен мәні болды». Ғалымның ойынша,
магия тайпа мүшелерін жоғарылату қабілетіне иеленді және әлдеқайда жақсырақ
әлеуметтік сатыға өтуге итермеледі. Зерттеуші С. Лангердің ғылыми еңбекті талдауында
оның мақсаты магиялық тәжірибені қарастырған жоқ, керісінше имагиялық
концепцияны символдау негізгі мотивация болып табылды. Бұдан шығатын қорытынды,
ол «магиялық тәжірибені бақылау мен құруда ең бастысы салт жора, оның мәні мен
қызметі болып табылады» Бір ерекшелігі, мазасыздық жағдайға алып келетін салт
жора, мысалы, конфликт, оған тапсырма дамудың шартты бағытын түсіндірумен
құрастылылады деп айтуға болады».
Осы орайда, С. Лангердің ойы бойынша магияның мазмұны қауым өмірінің қалыпты
және ұйымдық, дәстүрлілікті қолдаудың көрінісі ретінде магиялық салт жорамен
қорытындылады.
13.
Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы жәненегізгі формалары. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи
формалары.
Буддизм-дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI ғасыр Үндістанның бүгінгі Бихар
штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілімтанымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер
жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Ол діни шығармалар
жинағы «Трипитакада» («Үш себет») баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары-ауру, кәрілік,
өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша
өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің
тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:
1.
Азап бар;
2.
Азапта себеп бар;
3.
Азапта соң бар;
4.
Жол азаптың тоқталуы бар.
Буддизм мемлекетттік дін болып есептеледі. Импералистер Буддизмнің ықпалын ескере отырып, бұл дінді өзінің
реакцияшыл саяси мақсаттарына пайдалануға тырысады. Соңғы он жылдықта необуддизм немесе
метабуддизмнің бірқатар жаңа бағыттары пайда болды. Қазіргі уақытта будда ұйымдары Азия елдерінде әртүрлі
әлеуметтік рөл атқарады. Олардың кейбіреулері отаршылдыққа қарсы, ұлттық тәуелсіздік үшін күреске белсене
қатысуда. Біздің елімізде будда ламаиттердің ізін қуушылардың шағын топтары Қалмақ, Бурят, Тывада тұрады.
14.
Христиан дінінің пайда болуы жәненегізгі формалары.
Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші
жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және
жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі
жағдайларға тоқталуымыз керек. Шындығында христиан
діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық
түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық
төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің
мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы
философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде
христиандарға үлкен ықпал еткен иуадаизм-еврейлердің
ежелгі монотеистік діні. Христиан дінінің қасиетті кітабыБиблияның құрамына иуадаизмнің қасиетті кітабы-Көне
өсиет те кірген.Ол құдайдың әлемді, өсімдік және
жануарларды, адамды жаратуы туралы Көне өсиет
қағидаларын өзгеріссіз сақтады. Қазіргі кезге дейін Көне
өсиет христиан және иуадаизм дініндегілер үшін де
қасиетты кітап болып саналады.
15.
Ислам.Ислам (араб тілінде бас июшілік, құлшылық) - үшінші әлемдік, ең жас дін. Мұсылман қауымдары 120
мемлекетке тараған, 35 мемлекетте мұсылмандар саны басым болып, 28 мемлекетте мемлекеттік дін
болып есептеледі.
Жалпы тарихи жағынан Ислам VІІ ғасырда Араб халықтарының алғашқы қауымдық құрылыстан
таптық қоғамға өтуі, олардың феодалдық-теократиялық мемлекеттерінің Араб халифатына бірігуі
кезеңінде пайда болып немесе осы жүйелердің тездеп өтуінің идеологиялық бейнесі болды.
VI-VII ғасырларда Аравия түбегі әр түрлі діни ілімге бай болды. Араб жерінде орын алған, иудаизм
жэне христиан, зороастризм діни ағымдары, сондай-ақ политеистік көзқарастар да исламның идеялық
көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізді.
Ислам діні шыққанға дейін Алла (Аллах) деген Құдайға бас иген арабтар бұл ұғымды қатардағы
Құдайлардың бірі есебінде қабылдады. Құрайштар тайпаласы Мекке қаласын қоршаған Құдайлар
бейнесін және Қағбаның ішіндегі рулық Құдайлардың бейнелерін сақтап, қызмет етіп, біз «Алла
үйінің» адамымыз, «Алламен көршіміз» деп санаған. Тек Мұхаммед пайғамбардың тұсында «Аллаға»
жеке Құдай түсінігі берілді. Мұхаммед бір ғана «Жаратушы күшті» мойындады, ол «күші» - Алла еді.
16.
Ислам дінінің негізін салушы Мұхаммед пайғамбар 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Оның әкесіАбдолла Бен Абдул-Муталиб Мұхаммед туған кезде сауда-саттық жолда жүріп, Ясриб қаласында өз баласын көре
алмай қайтыс болды. Анасы Амина 4 жасқа дейін баласын «ауылға», бедуинге - Халима ас-Саадияға беріп
асыратты. Мұхаммед 6 жасқа толғанда анасымен Ясриб қаласына қонаққа барып, ал қайтар жолында анасы
Амина қатты ауырып, Абве қонысында дүние салады. Мұхаммедтің атасы Абдул-Муталиб Мұхаммедті 8 жасқа
дейін тәрбиелейді. Атасы дүние салғаннан соң, немере ағасы Абу Талиб Мұхаммедті өзінің жанұясына алады.
12 жасынан бастап Абу Талиб Мұхаммедті өзімен бірге басқа елдерге сауда-саттық жасағанда алып жүреді.
Мұхаммед ер жеткен соң, сауда-саттықты өзі жасай бастайды. Сонымен қатар, Хуайлид қызы Хадиша (жесір әйел)
Мұхаммедке ірі тауарлар беріп, сауда-саттық жасатады. Қатарынан екі рет алыс елдерге барып, Хадиша ның
тауарларын сатып, үлкен олжамен қайтқан еңбегі мен адалдығы ұнап, Хадиша Мұхаммедке тұрмысқа шығуына
ризашылығын беріп, үйленеді. Ол кезде Мұхаммед 25 жасқа, ал Хадиша 40 жасқа толған кездері болатын.
Осындай жас айырмашылығына қарамастан олар бақытты өмір сүреді. Хадиша болса Мұхаммедтен 6 бала: екі ұл,
төрт қыз көреді. Өкінішке орай Фатимадан басқа балалары Мұхаммедтің тірі кезінде дүниеден өткен. Хадиша
Мұхаммедтің тек әйелі ғана емес, ең жақын досы болып, Мұхаммедті барлық жағынан қолдап жәрдем беріп
отырды. Мұхаммед болса Хадишаны сүйгендіктен және сыйлағандықтан оның тірі кезінде басқа әйелге
үйленбеген.
Мұхаммед өз уақытында сауда-саттық жолында жүріп, көптеген діндермен таныс болған. Меккенің өзінде де
көптеген діндер өкілдері болғанымен, Мұхаммед осы діндердің біреуін де қабылдамай, өз жолымен жүрді.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, ислам уағызында «Құран» - Алланың сөзі, ол Алланың құлы әрі Елшісі
Мұхаммед пайғамбарға Жәбірәйіл періште арқылы түсірілген. Бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның
үзінділері мезгіл-мезгіл жіберілген. Ал Мұхаммед сол Құдайдың берген өсиеттерін халыққа ауызша жеткізіп
отырды.
17.
Исламның қалыптасуы, догматикасыжәне тарихи формалары.
Ислам діні – дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің
заманымыздың VII ғасырында арабия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық
қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы
ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні
Арабиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы – Меккеде шықты. Арабия елі бірқатар бай
елдердің орталығы болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен
сауда қатынасын жасаған кезде Арабия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб
феодалдары жер келері боуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп
отырды.
Сонымен бірге, Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің
орталығындағы Зәмзәм су сөзі, оның жанындағы Әулиелі қагатас Қаабы Храмы көшпелі
бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық
құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңдайына орналасқан болатын. Кейбір
мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәмзәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы
Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.
18.
Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналсуғақолайсыз болды. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай
Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық
қоғамның ыдырауын тездетіп тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті. Оны қуаттайтын
көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты
Арабия жеріндегі алғашқы монотеистік дін – ханффизм бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде
көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген
политеизмге қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну
керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады.
Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей
көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның
үйретуінше анық өмір, шын бастандық о дүниеде ғана, бұл үниеде қызығы жоқ, өткінші деп
уағыздады. Ақыр заман боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар
арасында тарай алмады.
19.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлерінетарады. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен
арабтардың жаулау процессі кезінде таралды деу дұрыс болған болар
еді.
Қазақстанда Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт
жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам
діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу
негізінде таралды.
Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда,
Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали,
Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам
діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт,
Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.
20.
Ислам дінінің әдет-ғұрпы, догмалары, негізгібағыттары
Ислам діні - әдет-ғұрыпқа, мейрамдарға толы дедік біз жоғарыда.
Ислам дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдарының көпшілігі тіпті
барлығы десе де болады. Ислам дініне дейінгі діндерден алынған,
ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген.
Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде 2 бөлімнен тұрады:
1. Міндетті түрде орындауға тиісті шаралар: бұған бес парыз
(иман, бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару) жатады.
Шариғат бойынша бұл парыздарды мұсылмандар бұлжытпай,
мерзімінде орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша «құдайтағаланың әмірін орындап, құлшылық еткендер», яғни намаз оықп,
ораза ұстап, қайыр-садақа бергендер ғана «жұмақтың» тәрінен орын
алады да, ал оларды орындамағандар «тозаққа» барады. Дін иелері,
молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды
дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап етеді.
21.
2. Ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет,Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтан арасында тарамаған.
Бес парыз деген не?
Иман-нану, сену деген сөз, яғни «Бір алладан басқа құлдық ететін
күш жоқ. Мұхаммед алланың бізге жіберген елшісі» - дегенге сену.
Намаз – таң, бесін, екенді ақшам және ясих намаздары болып
бөлінеді. Оларды оқу ислам дініне вороастризмнен (ерте Иран діні)
енген. Араб тілін білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерін де құдай
атынан айтылатын керемет күш бар деп ұғады.
22.
Неміс романтизміндегі діни-философиялықконцепциясы (Шлейермахер). С.Кьеркегор
діни философиясы.
Ағарту дәуірі білім рухани өмірді дін ауыртпалығынан босатады деп ойлады. Романтизм
таза идея, арман әлемінен қоғамның практикалық мәселелері саласына түсе, түсіне
бастайды. Шлейермахер жаңа білім тек діннен ғана терең күш таба алады деп көрсеткен
бірінші адам болды. Ф.Шлейермахер дін теориясының негізгі ережелері («Дін туралы
сөздер» бойынша»). Шлейермахер діннің даралықпен байланысын ерекше атап өтеді. Дін
жоқ. Дін «шексіз сезім мен дәм» ретінде әр түрлі нақты адамның өзіндік ерекшелігіне
сәйкес дараланады. Демек, дін адамның рухани қабілеттері қатарында басым орын
алады. Шлейермахер дамытатын діни сананың феноменологиясы оның сана-сезімнің
ерекше және дербес саласын («сезім» саласы) ғана емес, сонымен қатар адамның ішкі
өмірінде де, адам мәдениетінде де оның жоғары мәртебесін дінді мойындау талабы үшін
теориялық негіз ретінде қызмет етуге арналған.Шлейермахер барлық мәдениеттің өмірлік
бірлігі діннен табылатынына сенімді болды, бірақ еуропалық халықтардың өмірінде
ортағасырлық католицизмнің бұзылмаған үстемдігі болғаны тарихи факт екенін де
ұмытпағанымыз жөн.
23.
Кьеркегордың адам туралы ілімінің ерекшелігі – «адам болмысының бүгінгі күнгі шындығы адамның өз-өзінде» деген ой Кьеркегор: «Неге философия болмыс мәні, материя, Құдай, рух,таным тетіктері мен шегі сияқты түрлі сұрақтармен айналысады да, нақты адам, оның ішкі
дүниесін қарастырудың орнына жалпы, абстрактылы, адамды қызықтырмайтын, адам
өміріне тікелей қатысы жоқ сұрақтар ағынында жойылады?» деген сұрақ қойды. Философ
мынадай ұғымдарды тұжырымдады:
1 адамның қоғамға толық бағыныштылығы, «басқалар сияқты», «басқалармен бірге», «өмір
ағынымен», өз «Менін» танымай, өз тұлғасының бірегейлігін сезінбей, өзінің шын
ұмтылысы мен орнын іздемей, таппай өтуі – жалған өмір;
2 қоғамдық жаншылу жағдайынан шығу, ерікті, саналы таңдау, өзін-өзі тауып, өз
тағдырының қожайынына айналу - нағыз өмір.
Нағыз өмір-тіршілік дегеніміз - экзистенция.
24.
Адам тіршілігінің 3 кезеңі туралы ілім - Кьеркегормұрасындағы маңызды идея болып табылады. Адам тіршілігі,
Кьеркегор ілімі бойынша, бір-бірінен өзгешеленетін 3сферада
іске асады: эстетикалық, этикалық, діни. Осы кезеңдерге
сәйкес Кьеркегор адамдарды 4 түрге бөледі: пенде
(Spidsborgeren), эстет (Æstetikeren), этик (Estetikeren), діндар
адам (Den religiøse). Қарапайым пенде өз айналасындағылар
сияқты өмір сүреді: жұмыс істейді, отбасы құрады, жақсы
киініп, жақсы жүруге ұмтылады. Ол тобырлық инстинктіні
басшылыққа алады. Өмір ағынына бойсұнып, өз тіршілігін
өзгертуге болатындығын ойламайды. Өйткені ол таңдауға
ерікті екенін білмейді, сезінбейді.
25.
Тіршіліктің бір сферасынан екіншісіне жайлап қана өту мүмкін емес. Олардың арасышыңыраумен бөлінген. Эстетикалық тіршілік – бұл бар нәрседен пассивті ләззат алу.
Эстетикалық кезеңде адам өмірін сыртқы жағдайлар анықтайды. Адам «ағын
жетегімен жүзіп», тек раһатқа ұмтылады. Эстет өзінің таңдауға құқы, еркі бар екенін,
басқаларға қосылмауға, ермеуге болатындығын біледі. Раһат-ләззәтқа толы өмір жолын
таңдайды. Оған дәмді тағам, жақсы шарап, көрікті әйелдер ұнайды. Жауапкершілік пен
парыз, ненің дұрыс ненің бұрыстығы туралы әсте ойламайды. Өмірден ләззат алып,
«бір күндік» тіршілік кешеді. Қызықты нәрсе болмаса іші пысады. Уақыт өте келе - өз
өмірінің мәнсіз, бос екенін сезінеді. Мұндай уайымдар түңілу сезіміне ұласып, адам
әрекетін ақыл-парасат, борыш басқаратын этикалық сатыға итермелейді.
philosophy