Similar presentations:
Сатбаева Арай Аскарқызы
1.
Сатбаева Арай АсқарқызыСтажы:10 жыл
2.
«Су – тіршілік көзі» бағдарламасы 4-5 жастағы балаларға арналған және олардыңсудың адам,өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі маңыздылығын түсінуін қалыптастыруға
бағытталған.
Бұл бағдарлама танымдық қызығушылықты, сенсорлық дағдыларды және экологиялық
мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Әртүрлі ойындар,тәжірибелер мен бақылаулар арқылы
балалар судың қасиеттерін,оның табиғат пен адам өміріндегі маңызын өз бетінше зерттей
алады.Балалар су туралы мәліметтерді ойын арқылы меңгере алады. Су қасиеттерін зерттейтін
ойындар, балаларды ғылыми тәжірибелер жүргізуге ынталандырады.
Бұл білімді ғаламтор арқылы алған балалар өздері зерттеу жүргізе алады, тәжірибелер жасап,
су мен табиғаттың басқа да аспектілерін зерттеу мүмкіндігін алады.
3.
Тақырыбы: Сиқырлы тамшыларМақсаты: Судың және майдың қасиеттерін зерттеу.
Қажетті материалдар: Мөлдір стақандағы су, өсімдік майы, азық-түлік бояғыштары,
пипетка, немесе қасық.
4.
5.
Ұйымдастырылған вариативтік компонентСу тәжірибелерімен ойындар балаларға сұйықтықтың қасиеттерін түсінуге,
бақылаушылық пен қызығушылықты дамытуға көмектеседі. Тәрбиеленушілерге
қарапайым әрі қызықты тәжірибелік ойындар ұсынылды.
Қажетті материалдар: Мөлдір стақандағы су, Өсімдік майы, азық-түлік бояғыштары,
пипетка, немесе қасық.
Ойын барысы:
Стақандағы суға біраз май құямыз.Балалар майдың сумен араласпайтынын бақылайды.
Майға азық-түлік бояғышының бірнеше тамшысын тамызамыз.Бірнеше секундтан кейін тамшылар
май қабатынан өтіп, суды әдемі өрнектермен бояйды.
Қорытынды: Май судан жеңіл болғандықтан бетінде қалады, ал бояу тамшылары төмен түседі.