Similar presentations:
наркотик (1)
1. Есірткісіз өмір жарқын болашақ
2.
Есірткі – адамзат қоғамына үлкен қауіптөндіретін індет. Бұл тек бір адамның немесе бір
отбасының мәселесі емес, бүкіл қоғамның,
ұлттың болашағына төнген қатер. Әлем
бойынша есірткіге тәуелділік жылдан-жылға
артып келеді, ал бұл тәуелділік талай адамның
өмірін талқандап, отбасыларды күйретуде.
Сондықтан
есірткіге
қарсы
күрес
–
баршамыздың ортақ міндетіміз.
3.
* Есірткі – адамның денсаулығын ғана емес, оныңарманын, болашағын, өмірлік мақсатын жоятын
қауіпті жол.Бұл – уақытша ләззат беретін, бірақ
мәңгілік өкінішке әкелетін таңдау.Бүгінгі жас – ертеңгі
ел тірегі.
* Салауатты өмір салтын ұстанған, білімге ұмтылған,
саналы ұрпақ қана мемлекетіміздің дамуына үлес қоса
алады.Әрбір дұрыс таңдау – болашаққа салынған
инвестиция.Есірткіден бас тарту – өзіңді, отбасыңды
және еліңді қорғау.Өмірді таңда! Денсаулықты таңда!
Болашақты таңда!
4.
* Есірткі – қандай адамды, кімді маңызды емес: жас немесе кәрі,кедей немесе бай барлығын өзіне елітеді. Оны бір рет қолданған
адам ешқашан бас тарта алмайды. Ол – адамдардың өмірін бұзып,
ой-санасын улап, қол жұмсауға дейін апарады. Өздерінің не істеп,
не қойғандарын да білмейді. Ойына келген ісін жасап, арты
өкінішке ұласып жататыны хақ. Есірткінің адам өмірін жалмап,
тағдырын тас-талқан ететін қасірет екенін жас ұрпақтың санасына
сіңіріп, оған қарсы күрес жүргізу – баршамыздың міндетіміз.
Есірткіге үйірліктің басы – темікі, насыбай атудан басталады.
Жастар осы жаман әдетті бастап, артынан қоя алмай, аяғы
нашақорлыққа әкелетінін байқамайды да.
5.
* . Есірткіге еліткен адамда ауру сезімі, сіңірлердіңтүйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта
түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады.
Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан,
инсульттан көз жұмады. Себебі есірткі ең бірінші
жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Тағы бір
өлімге алып келетін себеп – орталық жүйке жүйесін
әрдайым
ынталандыруға
итермелейтін
артық
дозалану. Бұл айтылғандардың бәрін әрбір өскелең
ұрпақ білуі тиіс.
6.
* Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері:- ашу-ызаға булығу, көңіл-күйдің өзгеруі;
- тітіркену;
- себепсіз күлкі;
- тәбеттің болмауы;
- ұйқысыздық, шаршау;
- шамадан тыс сөйлеу;
- жалған айту, тұйықталу;
- көз қарашығының ұлғаюы, тарылуы, қызаруы.