Дәріс 24. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әдістемесі
Жоспар: 1. Кәсіби бағдар беру педагогикалық категория ретінде. 2. Кәсіби бағдар берудің мазмұны. 3. Кәсіби бағдар беруді
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты: жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Белсенді
Кәсіби бағдардағы әдістер
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері.
Кәсіби өзін-өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
Кәсіби кеңес беру жүйесі
Қорытынды
217.38K

13 апта 24 лекция

1. Дәріс 24. Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысының әдістемесі

2. Жоспар: 1. Кәсіби бағдар беру педагогикалық категория ретінде. 2. Кәсіби бағдар берудің мазмұны. 3. Кәсіби бағдар беруді

ұйымдастыру әдістемесі.

3.

Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты
саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар
беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны,
ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы
қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму
міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай
саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет
етеді.

4. Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты: жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Белсенді

әдістер:
— оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті
реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
— түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
— кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып
орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.

5.

Кәсіптік бағдардағы психологиялық зерттеуде қолданылатын
әдістемелер:
− сауалнамалар;
− «кәсіби – тұлғалық типті бағалау» (Д. Голланд);
− «дифференциальды диагностикалық сауалнама» (Е.А. Климов);
− «икемділікті анықтау» (А.А. Овайши);
− «кәсіби қызығушылығын анықтау картасы» (А. Голомшток);
− «тұлғаның бағыттылығын анықтау» (Б. Басса);
− «темперементті анықтау» (Айзенк тестісі);
− «мектептік қобалжуды анықтау» (Филлипс тестісі).
Кәсіптік бағдарда тренингтер, ойындары мен жаттығулар
қолданылады

6.

Б.Н. Буяловтың пікірінше: «Кәсіптік бейімдеу – бұл жастарды жеке
қызығушылығын, қабілетіне, бейімділігіне және сонымен қатар әртүрлі
мамандыққа деген қоғамның сұранысына сәйкес мамандықты негіздеп таңдап
алуына деген мақсатты бағытталған іс-әрекет» .
Ал, К.К. Платоновтың пікірінше: «Кәсіптік бағдар беру – бұл жастардың
қызығушылығын және қабілетін, қоғамдық сұранысты есепке алып, ғылыми
негізде мамандық таңдауға көмектесетін псиолого-педагогикалық,
медициналық және мемлекеттік шаралардың жиынтығы».
Н.Н. Захаровтың ойынша: «Кәсіптік бағдар беру жұмысы – бұл біріккен ортақ
мақсаты және басқаруы бар өзара байланысты компоненттерден тұратын,
кәсіптік білім беру, кәсіптік псиологиялық диагностика, кәсіптік кеңес беру,
кәсіптік таңдау, кәсіптік бейімделу және кәсіптік тәрбиелеудің тұтас жүйесі»

7. Кәсіби бағдардағы әдістер

-профессиограмма (кәсіптерді қысқаша сипаттау);
-компьютерлік, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, жаһандық
ақпараттық желі "Интернет";
-кәсіби жарнама және үгіт;
-ашық есік күндері ;
-дәрістер, жастармен бағдарлық сабақтар жүргізу;
-оқу фильмдер мен бейнефильмдер;

8. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері.

Кәсіби өзін-өзі анықтау дегеніміз адам дербестігін көздейді, мұндай тұлғаның
өзін-өзі анықтау белсенділігін түсіну маңызды болып табылады, ең маңызды
белсенділігін қарастыру үшін ол “мотив”, “ерік жігер”, “әрекет” ұғымдарымен
қатысады. Сыртқы белсенділік бейімдік сипатқа ие, тұлғалық бейтарап болып
табылады, сол уақытта ішкі белсенділік ынталы, тұлғалық дамуына ықпал етеді.
Кәсіби өзін өзі анықтау- кәсіби бағдардың жоғарғы деңгейі болып табылады.

9. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері.

Сыныппен кәсіби бағдар ойындары;
Кәсіптік бағдар беру жаттығуларына арналған ойындар;
Карточкалық кәсіби кеңес беру әдістемесі;
Бланкттік карточкалық әдустемесі;
Белсенді кәсіби бағдар беру сауалнамалары;
Сыныппен бланкттік ойын;
Құнды мағыналық сауалнамалар;
Белсендірілген сауалнамалар;
Ақпараттық іздестіру жүйесі.

10.

Психофизиологиялық
дәрежесіне
Денсаулығы
Қызметтің белгілібір саласына
адамның кәсіптік
жағынан
жарамдылығы
анықталады
Бейіндік
дәрежесіне
қарай

11. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

мектеп бітірушілерге
мамандық таңдауға
көмектесу;
кәсіптік
қызығуы
мен
бейімділігін,
қабілеттілігін
қалыптастыру және дамыту
мақсатында
оқушылардың
дара ерекшеліктерін зерттеу;
оқушыларды көпшілік
мамандықтар туралы
түсінікпен қаруландыру
оқушыларды белгілі
мамандықтың түрін
меңгеруге бейімдеу.

12.

Мектептегі кәсіптік
бағдар беру
жұмысындағы ақылкеңестің негізгі мақсаты
балалардың денсаулық,
анатомиялықфизиологиялық және
әлеуметтік
психологиялық
жағдайын талдау
негізінде жоғары сынып
оқушыларының
назарына кәсіптік
мамандықтарды ұсыну.
Кәсіптік ақпараттың өте көп
тараған түрлерінің бірі өндіріске
саяхат жасау, әр түрлі мамандық
иелерімен кездесу және кештер
өткізу, жоғары сынып
оқушылары мен өндіріс
ұжымдары және кәсіптіктехникалық мектептердің
оқушыларымен біріккен
конференциялар, кәсіптік бағдар
беру университеттерін
ұйымдастыру, т.б. болып
табылады.

13.

Кәсіптік
іріктеу
(профотбор)
мамандықты
меңгеруге
жарамдылығын арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған
зерттеу процесі. Қоғамда кәсіптік іріктеу белгілі бір мамандықтың
түріне зорлықпен жүргізілетін «бейімдеушілік» түрінде бокса,
кәсіптік іріктеудің (профотбор) негізіне- оның гуманистік, тәрбиелік
мәні, жастардың жаңа жағдайда жұмысқа «үйренуі» жатады.
Кәсіптік бейімделу (профадаптация) жұмыс орнында, тәжірибелік еңбек
әрекетінде іске осады. Кәсіптік бейімделу дегеніміз мамандыққа жаңа
жағдайда бейімделу. Онда, жастардың алғашқы әсерлері, олардың еңбек
әрекетінің мақсатын каналы түсінуі мен сезінуі және мамандыққа
қызығуын қанағаттандыруының мәні ерекше. Кәсіптік бейімделудің
тиімділігі тек қана нақтылы еңбек нәтижелерінен көрінбейді, ол
сонымен қатар, өндіріс ұжымында, еңбекке жаңа араласқан жастармен
жүргізілетін жүйелі жұмыстың нәтижесінде іске асады.

14. Кәсіби кеңес беру жүйесі

Кәсіби бағдар беру
жұмыстарының түрлері
Мақсаты
Әдістері
Кәсіби бағдар беру
сұрақтары бойынша
психологиялық арнау
Объектіге мамандық
туралы қажетті ақпарат
беру. Кәсіптер туралы
бағдар беру.
Ықпал ететін кәсіби
жолдар таңдау
Әңгіме, лекция, сабақтар,
тақырыптық сұрақтар.
Кәсіби кеңес беру
Кәсіби диагностика,
белсенділік әдістер,
өмірлік жоспар құру,
кәсіби бағдар

15. Қорытынды

Оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмысы – олардың болашақ
мамандық таңдауына бағытталған жүйелі іс-әрекет. Бұл әдістеме
оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен жеке қасиеттерін
ескере отырып жүргізіледі. Педагог түрлі диагностикалық әдістер,
тестілер және тренингтер арқылы әр баланың мүддесін анықтайды.
Кәсіптік бағдар беру барысында оқушылар нақты мамандықтар туралы
ақпарат алып, өз мүмкіндіктерін бағалауды үйренеді. Әдістеме
сыныптағы мотивация мен оқу процесінің тиімділігін арттыруға ықпал
етеді. Нәтижесінде, кәсіптік бағдар беру оқушылардың саналы таңдау
жасауына және болашақта табысты маман болып қалыптасуына
көмектеседі.

16.

Бaқылaу сұрaқтaры:
1. Кәсіптік бaғдaр беру дегеніміз не?
2. Кәсіби бaғдaр берудің мaзмұны.
3. Кәсіби бaғдaр беруді ұйымдaстыру әдістемесі.
4. Кәсіби бaғдaр берудің жүйесі қaндaй?
5. 12 жылдық білім берудің бaсты ерекшілігі.
English     Русский Rules