Similar presentations:
Лекция 11 Сыртқы экон
1.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi
Пән: Қазіргі дүние географиясы
Сыртқы экономикалық байланыстар
Шымкент – 2025 ж
2.
Сабақтың жоспары:1.Сыртқы экономикалық байланыстардың түрлері
2.Мемлекет аралық өндіріс кооперациясы
3.Халықаралық сауданың даму факторы
4.Дүниежүзілік экономикалық форум
5.Сыртқы экономикалық байланыстар кешені
Негізгі түсініктер:
Сыртқы Экономикалық Байланыс, Мемлекет аралық
өндіріс кооперациясы, Халықаралық еңбек бөлінісі.
Халықаралық сауда. Капиталдар. Шетелдік инвестиция.
Халықаралық жұмыс күші. Халықаралық валюталыққаржылық және несиелік қатынастар. Халықаралық
экономикалық интеграция
3.
Сыртқы Экономикалық Байланыс - мемлекеттің шетелдермен
сауда-экономикалық,
ғылыми-техникалық
ынтымақтастығы
бағыттарының,
нысандарының,
құралдарының, валюта-қаржы және несие қатынастарының
жиынтығы.
Сыртқы экономикалық байланыстар - елдер арасындағы
еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық
экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының
жүйесі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуының алғы
шарты – әлемдегі жұмыс күшінің, табиғи ресурстардың,
техникалық құралдардың, негізгі және айналым
капиталының,
ғылыми-техникалық
әлеуеттің
орналасуындағы географиялық және тарихи қалыптасқан
теңсіздік болып саналады.
4. Сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы
• Халықаралық еңбек бөлінісі.• Тауарлар және қызметтермен халықаралық сауда.
• Капиталдар мен шетел инвестицияларының
халықаралық қозғалысы.
• Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.
• Халықаралық валюталық-қаржылық және
несиелік қатынастар.
• Халықаралық экономикалық интеграция.
5. Сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы
1.Сыртқы экономикалық байланыстар халық шаруашылығының прогрессивтісалаларын дамыту жолымен қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіруге, бүкіл
өндірісті қайта техникалық жарақтандыруға мүмкіндік береді. Себебі экспортқа өнім
шығару бүкіл өндірістік үдерістің технологиясын өзгертуді талап етеді.
2.Экспортқа бейімделген ғылымды қажетсінетін өндіріс салаларын дамытуға жағдай
жасайды. Экспортта ғылымды қажетсінетін тауарлардың үлес салмағы жоғарылайды.
3.Экспортта қызметтің үлес салмағы (электронды есептеу машиналары үшін
бағдарламалар), әлемді жеке елдердің ақпараттық экспансиялауы іске асады.
4.Халықаралық несие орталықтары ретінде банктердің ролі артады, олар ішкі
шаруашылықты ғана емес, әлемдік шаруашылық байланыстарының барлық түрлерін
бақылайды.
5.Өндірістің техникалық және технологиялық деңгейінің артуына байланысты ішкі
және сыртқы нарықта өте сапалы тауарлар өткізіледі. Нарықта бәсекеге қабілеттілік
факторы ретінде тауар сапасы алға шығады.
6.Елге шетел капиталының келуі артады. Оның себебі несиелік пайыздың мөлшерінің
жоғарылығы, жалақы деңгейінің айырмашылығында ұлттық ерекшеліктерді, олардың
мамандануын пайдалану және т.б. болып табылады.
6. Сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы
7.Патенттер, лицензиялар, ноу-хаулар экспорты ұлғаяды. Ол ғылыми зерттеу,ғылым үшін кадрлар дайындау шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.
8.Сыртқы экономикалық байланыстар шикізатқа және басқа да ресурстарға бай,
жаңа елдерді экспансиялауға мүмкіндік береді.
9.Сыртқы экономикалық байланыстар жұмыс күшін экспорттауға мүмкіндік береді.
Шеберлігі жоғары жұмысшыларға көп еңбек ақы беру жолымен немесе өте арзан
жұмыс күші экспортталады.
10.Сыртқы экономикалық байланыстар әлемдік еңбек бөлінісін күшейтеді. Әлемдік
нарыққа жеке тауар түрлерін шығаруға маманданған өндіріс салалары ғана емес,
бүтіндей елдер пайда болады.
11.Сыртқы экономикалық байланыстар ашық есік саясаты ғана емес, қолдампаздық
саясат қолдануды да қажет етеді. Ол ұлттық экономиканың деңгейін көтеру
мақсатында ішкі нарықты шетел тауарларынан қорғау болып табылады.
12.Сыртқы экономикалық байланыстар халық шаруашылығын басқарудың алдыңғы
қатарлы тәжірибесін қабылдауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде экономикалық
өсудің маңызды факторы болып саналады.
7. Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер
№1
1
2.
Ұйымның
атауы
2
Біріккен
Ұлттар Ұйымы
(ООН)
Еуропа
қауіпсіздік
және
ынтымақтастық
ұйымы (ЕҚЫҰ)
Құрылған
жылы
3
1945
жыл
24.10
Нью-Иорк
1994 жылы
Құрылу себептері
4
Халықаралық
қауіпсіздік
бейбітшілікті сақтау
Мүше елдер
пен
Мемлекеттер
арасындағы
сенім
мен қауіпсіздікті нығайту және
қауіпсіздік
шеңберінде
өтетін
ынтымақтастық форумы арқылы
қарулану
мен
қарусыздануға
бақылау орнату т.б
Ортақ рынок арқылы валюталық
одаққа өту; сыртқы саясат пен
қауіпсіздік саласында ортақ бағыт
ұстану.
Аймақтық
саясатты
жандандырып,
әлеуметтік
саладағы, құқық қорғау және ішкі
тәртіпті сақтау т.б.
3.
Еуропалық
Одақ (ЕО)
4.
Тәуелсіз
Мемлекеттер
Достастығы
(ТМД)
1991 жылы
Минск
қаласы
Саяси,
экономикалық,
экология
лық,
әлеуметтік
және
мәдени
салада ынтымақтастықты жүзеге
асыру т.б.
5.
Шанхай
Ынтымақтас
тық Ұйымы
(ШЫҰ)
2001 жылы
15.06
Пекин
қаласы
6.
Америка
мемлекеттер
інің ұйымы
(ОАГ)
1948 жылы
Вашингтон
қаласы
Мүше
мемлекеттердің
өзара
қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп
шешу; саяси, экономикалық және
мәдени,
гуманитарлық
салалар
дағы сенім шараларын нығайту
т.б.
Америка құрлығындағы мемлеке
ттердің өзара әлеуметтік, мәдени,
экономикалық
саладағы
ынты
мақтастығына ықпал жасау т.б.
7.
Еуразиялық
экономикалық
қоғамдастық
(ЕурАзЭҚ)
2000 жылы
10-қазан
Одаққа мүше елдердің біртұтас
экономикалық
кеңістікті
құру
процесін ілгері бастыру т.б.
5
192 ел
АҚШ,
Ресей,
Қазақстан,
Дан
ия,
Германия,
Түркия,
Өзбекстан
т.б.
50 мемлекет
ГФР,
Франция,
Италия, Бель
гия, Нидерлан
ды, Люксем
бург,
Дания,
Ұлыбритания,
Ирландия, Гре
кия, т.б.
Ресей,
Қазақстан,
Әзірбайжан,
Армения,
Белорусь,
Қыр
ғызстан,
Мол
дова, Түркменс
тан,
Украина,
Өзбекстан
Ресей,
ҚХР,
Қазақстан,
Қырғызстан,
Тәжікстан.
АҚШ,
Канада,
Антигуа,
Барбуда,
Аргентина,
Багам аралдары,
Барбадос т.б.
Ресей,
Қазақстан,
Қырғызстан,
Белорусь,
Тәжікстан,
Өзбекстан
8. Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер
Біріккен Ұлттар ҰйымыБіріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ,
Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған
халықаралық ұйым Бас кеңсесі орналасуы - Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ
құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен ұлттар» атауын АҚШ президенті
Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда
қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды. БҰҰ құрылымы:
Біріккен ұлттар ұйымының ең басты ірі негізгі құжаты оның Жарғысы болып
табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО,
АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен
жасалған. Құжат бес тілде - орыс, ағылшын, қытай, француз және испан
тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско
конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында
аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына
байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта
Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы
(ШЫҰ) - 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық
ұйым. Құрылтайшылар болып алдымен Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей
және Тәжікстан кірген. 2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен
бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін
үкімет-аралық ұйым.
9. Халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер
ЕуразЭҚАғымдағы айдың басында Мәскеуде ЕуразЭҚ-тың 23-ші рет өтетін
мемлекетаралық кеңесінің отырысы болады, бұл маңызды жиынға қазақ елі
тарапынан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысатыны белгілі. ЕуразЭҚ
2000-шы жылы Астанада Қазақстан, Беларусь, Ресей Федерациясы,
Қырғызстан және Тәжікстан басшыларының келісімімен, ортақ
ұйғарымымен құрылған болатын. Армения, Молдавия және Украина
мемлекеттері бұл ұйымға толық емес, тек бақылаушы болып кірді. ЕуразЭҚтың концепциясында ұйымның мақсаты ретінде, құрылтайшы мемлекеттер
арасындағы сауда-экономикалық қатынасты одан әрі кеңейту, сонымен қатар
1995-ші жылы негізі қаланған Кеден одағымен біртұтас экономикалық
кеңістіктің жұмыстарын тиімді түрде жалғастыру, экономикалық
ынтымақтастықты дамыту, кеден одағы арқылы ортақ рынок қалыптастыру,
тауарлардың, капиталдың, қаржының, еңбек күшінің еркін қозғалуына
мүмкіндік жасау, сонымен бірге ұйымға мүше мемлекеттердің басқа үшінші
мемлекеттермен қарым-қатынасында ортақ тауар саясатын жүргізу, ортақ
валюта енгізу, Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің мемлекеттер арасында
уақыт мөлшерін анықтау, Еуразиялық транспорт одағын дамыту, ортақ
агрорынок кешенін дамыту, миграциялық саясатты жүйелі түрде жүзеге
асыру, есірткіге қарсы күресті үдете түсу секілді келелі мәселелер.
10. Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Каймулдинова К. «Қазіргі дүние географиясы». - Алматы:«Полиграфиякомбинат» ЖШС, 2012 ж. - 312 б.
2.Кенжебай Р.Н. «Қазіргі дүние географиясы». - Алматы:
«Нұрай Принт Сервис» ЖШС, 2014 ж. -219 б.
3.Әлем елдері. Сөздік, 1999. /Под.ред. И.С.Иванова/. Мәскеу,
Республика, 1999.
4.Ареева Р.А. Елдер мен халықтар аттарының келіп шығуы. –
Мәскеу, Ғылым, 1990.
5.Алаев
Э.Б. Социально-экономическая
география.
Понятийно-терминологический словарь. – М.: Мысль, 1983.
– 350 с.
6.Гладкий Ю.Н., Сухоруков В.Д. Экономическая и
социальная география зарубежных стран: учебник для студ.
высш. пед. учеб. заведений. 2-е изд. - М.: Издательский центр
«Академия», 2009. - 464 с.
policy