39.85M

мектеп директоры (1)

1.

«Ұрпаққа үлгі болған басшылар
1966–2025»
Лұқпанов Рахымжан — мектептің негізін қалаған алғашқы
директор. Ол мектепті 1966–1969 жылдар аралығында басқарды.
1966 жылдың 30 қыркүйегінде мектептің жаңа ғимараты салынып,
940 орындық білім ордасы пайдалануға берілді. Мектепте оқу
қазақ және орыс тілдерінде аралас жүргізілді.
Сол кезеңде мектепте 1500-ден астам оқушы білім алып, ұжымда
60–70 мұғалім қызмет атқарды. Рахымжан Лұқпанов осы жылдары
мектептің қалыптасуына үлкен үлес қосып, оның алғашқы іргесін
қалады.

2.

Қаратасова Жұмазия Дәулетқызы 1969–1974 ж
1969 жылдан бастап мектеп тізгінін облысқа танымал
тәжірибелі педагог Жұмазия Дәулетқызы Қаратасова
қолға алды. Оның басшылық еткен бес жылында оқутәрбие процесі жаңа деңгейге көтеріліп, мектеп жұмысы
барлық бағытта ілгері басты. Білім беру саласындағы
қажырлы еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін Жұмазия
Дәулетқызы 1971 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен
марапатталды.
1973 жылдың 6 желтоқсанында Еңбекшілер
депутаттарының Гурьев қалалық кеңесі атқару
комитетінің №398 шешімі қабылданды. Осы құжат
негізінде білім ордасына қазақтың заңғар жазушысы,
академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі берілді.

3.

Қадыр Жүсіп Өтегенұлы 1975–1978ж
Шығармашыл басшы. Мектеп өміріне филологиялық
бағытты басымдық ретінде енгізіп, оқушылардың әдебиетке
деген құштарлығы мен шығармашылық қабілеттерін
ұштауға ерекше көңіл бөлді. Тәжірибелі ұйымдастырушы
ретінде мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасап, оларды
қалалық және облыстық деңгейдегі жоғары марапаттарға
ұсыну арқылы ұжымның беделін арттырды.

4.

Хасанғали Нұртазин 1978–1986ж
Сегіз жылдық басшылық кезеңінде мектептің материалдықтехникалық базасын нығайтып, оқу кабинеттерін заманауи
жабдықтауға күш салды. Оқушылардың тәртібі мен ұлттық
тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, ұжымның бірлігін бекемдеді.

5.

Оразахаев Қаби Сүлейменұлы 1986–1990ж
Қоғамдағы өзгерістер кезеңінде мектептің тұрақтылығын
сақтап, жаңа педагогикалық тәсілдердің енгізілуіне
мұрындық болды. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін
арттыру мен мектепішілік бақылауды жүйелі жолға қойды.

6.

Бақтыбай Сматуллин 1991–1998ж
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарға
қарамастан, мектептің білім сапасын жоғары деңгейде
сақтап қалды. Ұлттық білім беру стандарттарына көшу
кезінде ұжымды шебер басқарып, мектеп дәстүрін
жалғастырды.

7.

Екшембеев Асылбек Хабибуллаевич 1998–2003 жж.
Білім беру саласының тәжірибелі әрі білікті басшысы,
тарихшы маман. Ол осы жылдары М. О. Әуезов атындағы
№7 орта мектептің директоры қызметін абыроймен
атқарды.

8.

Ботатаева Гульсара Амангалиевна 2003–2009ж
Білім беру саласының тәжірибелі басшысы ретінде
мектептің қоғамдық мәртебесін көтеруге және ұжымдық
бірлікті нығайтуға баса көңіл бөлді.
Оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды
енгізу арқылы шәкірттердің шығармашылық әлеуетін ашуға
қолайлы жағдай жасады.

9.

Абдолов Алмабек Дюсенбайұлы 2009-2010ж
Абдолов Алмабек Дюсенбайұлы — білім беру саласының
тәжірибелі маманы және білікті басқарушы. Оның еңбек
жолындағы маңызды кезеңдердің бірі — М. Әуезов
атындағы №7 орта мектептегі қызметі.
Алмабек Дюсенбайұлының басқаруымен мектеп ұжымы
мен оқушылары қысқа мерзім ішінде жоғары нәтижелерге
қол жеткізе алған. Бұл оның білім саласындағы
ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары екенін көрсетеді.

10.

Байбатыров Мәлік Сағынғалиұлы 2010-2020ж
Байбатыров Мәлік Сағынғалиұлы — білім беру саласының
тәжірибелі маманы, 10 жыл бойы білім ошағын басқарған
білікті басшы. Мәлік Сағынғалиұлының он жылдық басқару
кезеңі мектептің материалдық-техникалық базасының
жақсаруымен және кадрлық әлеуеттің артуымен
ерекшеленеді. Ол тек білім беруді емес, сонымен қатар
экологиялық тәрбие мен ұжымдық ынтымақтастықты қатар
дамытқан тұлға.

11.

Калиева Гүлмира Гайсаевна 2020–2025 ж
Калиева Гүлмира Гайсаевна — білім беру саласының
білікті басшысы және тәжірибелі маманы. Мектептің
білім мен тәрбие үрдісін заман талабына сай дамытумен
қатар, материалдық-технологиялық базасын айтарлықтай
Оқушылар мен ұстаздардың қалалық, облыстық және
республикалық деңгейдегі жетістіктерге жетуіне тікелей
ықпал етіп, бағыт-бағдар берді. Мектепте әртүрлі
бағыттағы инновациялық жобаларды енгізіп, нақты
нәтижелерге қол жеткізді.

12.

Упишева Алмагүл Мизамқызы 2025 жылдың қазан
айынан бастап М. Әуезов атындағы №7 орта мектептің
директоры қызметін атқарып келеді. Ол білім беру үрдісіне
жаңа идеялар енгізуге, заманауи оқыту әдістерін қолдануға
басымдық беретін басшы.

13.

«Ұрпаққа үлгі болған басшылар 1966–2025» басқару жылдары
Қадыр Жүсіп Өтегенұлы Хасанғали Нұртазин
1975–1978ж
1978–1986ж
Оразахаев Қаби Сүлейменұлы
1986–1990ж
Бақтыбай Сматуллин
1991–1998ж
Қаратасова Жұмазия Дәулетқызы
1969–1974
Екшембеев Асылбек Хабибуллаевич
1998–2003 жж.
Байбатыров Мәлік Сағынғалиұлы
2010-2020ж
Абдолов Алмабек Дюсенбайұлы
2009-2010ж
Ботатаева Гульсара Амангалиевна
2003–2009ж
Калиева Гүлмира Гайсаевна
2020–2025 ж
УпишеваАлмагүл Мизамқызы 2025

14.

Қадыр Жүсіп Өтегенұлы
1975–1978ж
Хасанғали Нұртазин
1978–1986ж
Оразахаев Қаби Сүлейменұлы
1986–1990ж
Бақтыбай Сматуллин
1991–1998ж
Қаратасова Жұмазия Дәулетқызы
1969–1974
Екшембеев Асылбек Хабибуллаевич
1998–2003 жж.
Байбатыров Мәлік Сағынғалиұлы
2010-2020ж
Абдолов Алмабек Дюсенбайұлы
2009-2010ж
Ботатаева Гульсара Амангалиевна
2003–2009ж
Калиева Гүлмира Гайсаевна
2020–2025 ж
УпишеваАлмагүл Мизамқызы 2025
English     Русский Rules