Similar presentations:
Педагогика тарихы: пәні, міндеттері, әдіснамасы
1.
№1 ДәрісТақырып:
Педагогика
тарихы:
пәні,
міндеттері, әдіснамасы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1.Педагогика тарихы ғылым ретінде.
2.Педагогика тарихының мәні және оның
әдіснамасы.
3.Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері
2.
Педагог мамандығын таңдаған әрбір адам, оқушы мен тәрбиеленушініңалдында ғана емес, сонымен қатар, өзіне-өзі жауап беруге және өзінің кәсіби
даярлығы үшін Педагог, Оқытушы, Тәрбиеші құқына ие болуы үшін
жауапкершілік алады. Кәсіби парызды лайықты орындау адамнан бірқатар
міндеттер қабылдауын талап етеді.
Біріншіден, өзінің жеке мүмкіндіктерін объективті түрде бағалауы, осы
кәсіпке байланысты маңызды қасиеттердің әлді, әлсіз жақтарын білуі (өзін-өзі
реттеу
ерекшелігі,
өзін-өзі
бағалау,
эмоционалдық
көріністер,
коммуникативтік, дидактикалық қасиеттер, т.б). Мысалы, адамның өз мінезқұлқын сәйкес бағалай алу және түзету қабілеттілігі сияқты позитивтік
кәсіптік қасиеті басқа адамдарға адекватты ықпал ете алудың
алғышарттарының бірі болып табылады. Бұл қасиеттердің қалыптасуы
болашақ педагогтардың рефлекстік ойлаудың дамуын, өзін-өзі реттеу
ептілігін, жоғары деңгейлі таным белсенділігін қажет етеді.
3.
Екіншіден, болашақ педагог интеллектуалдық іс-әрекеттің жалпымәдениетін (ойлау, ес, қабылдау, елестету, зейін), мінез-құлық
мәдениетін, қарым-қатынас, атап айтқанда, педагогикалық қарымқатынасты меңгеруі тиіс. Педагог - бұл оқушылар үшін еліктеу
үлгісі болып табылады, олар мұғалімнің әрекетіне саналы түрде,
көп жағдайларда ойланбай еліктейді. Осыған орай, болашақ
педагог – студенттің рефлексияланған, түзетілген «Мен» бейнесі
тұлғалық, коммуникативтік, кәсіби тренингті үнемі талап етеді.
Үшіншіден, педагог іс-әрекетінің негізгі және қажетті шарты - ол
сыйластық, білім және өзінің оқушысын «Басқа адам» ретінде
түсінуі. Құндылық жүйесі, бағалау, мінез-құлық моделі сәйкес
келмеуіне қарамастан, мұғалім оқушыны қабылдауы, түсінуі
қажет; бұл мәселе қарым-қатынас, әрекеттің психологиялық
механизмі мен заңдылықтарын білуін қажет етеді.
4.
Төртіншіден,педагог оқушылардың іс-әрекетін,
олардың еңбектестігін ұйымдастырушы, сонымен
бірге
ол
педагогикалық
қарым-қатынасты
жеңілдететін серіктес пен адам ретінде, яғни К.
Роджерс бойынша «фасилитатор» болып табылады.
Бұл – студенттен, яғни болашақ педагогтан
ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілетін
дамытуды міндеттейді. Осындай қабілеттілік оқу
процесіне қатысушылардың танымдық белсенділігін
ынталандыратын
оқу
іс-әрекетінің
белсенді
формаларын қатыстыру арқылы, оқушылардың білім
меңгеру процесін басқара алуына мүмкіндік береді
5.
Педагогикалық психологияның дамуына үлкен ықпалынтигізгендер үйренушілер оқу материалдарын меңгеруінің нақты
механизмдерін айқындау (С.Л. Рубинштейн, Е.Н. КабановаМеллер, Л.Б. Ительсон); есте сақтауды (П.И. Зинченко, А.А.
Смирнов, В.Я. Ляудис), ойлауды (Ф.Н. Шемякин, А.М.
Матюшкин, В.Н. Пушкин, Л.Л. Гурова), қабылдауды (В.П.
Зинченко, Ю.Б. Гиппенрейтер), баланың дамуын, соның ішінде
тілдік дамуын (М.И. Лисина, Л.А. Венгер, А.Г. Русская, Ф.А.
Сохин, Т.Н. Ушакова), тұлға дамуын (Б.Г. Ананьев, Л.И. Божович,
М.С. Неймарк, В.С. Мухина), тілдік қарым-қатынас және тіл
оқытуды (В.А. Артемов, Н.И. Жинкин, А.А. Леонтьев, В.А. КанКалик); жас ерекшелік дамудың (дәуір, заман, фаза, кезеңдерін)
сатыларын (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б.
Эльконин,
Б.Г.
Ананьев,
А.В.
Петровский),
мектеп
оқушыларының ақыл-ой іс-әрекеттерінің және олардың ақылой дарындылығы ерекшеліктерін анықтау (А.А. Бодалев, Н.С.
Лейтес, Н.Д. Левитов, В.А. Крутецкий).
6.
Айталықрет Ян Амос Коменскийдің 1657 ж. «Ұлы
дидактика» еңбегінде жазылған педагогикалық ойлар,
педагогикалық теорияның және мектептегі оқытуды
мақсатты ұйымдастырудың дамуына жол бастады. Бұл
еңбекті педагогикалық психологияның 250 жыл бойы
ұзақ
қарама-қайшылықты
дамуының
алғашқы
алғышарты ретінде де қарастыруға болады, өйткені тек
XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап ғана ол дербес ғылым
ретінде қалыптаса бастады. Педагогикалық ғылымның
бүкіл қалыптасу және даму жолын үлкен үш
кезеңдермен көрсетуге болады.
7.
Бірінші кезең – XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін –Песталоццидің айтуы бойынша «педагогиканы психологияландыруды сезіну
қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең
алдымен, Ян Амос Коменскийдің (1592–1670), Жан-Жак Руссо (1712–1778),
Иоганн Песталоцци (1746–1827), Иоганн Гербарт (1776–1841), Адольф
Дистервег (1790–1866), К.Д. Ушинский (1824–1870), П.Ф. Каптерев (1849–
1922) өздерінің есімдерімен көрсетілуі мүмкін. Бұл ойшыл педагогтардың
педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлестері өздері қарастырған
мәселелермен анықталады: даму, оқу және тәрбие байланысы; оқушының
шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі және оны дамыту,
мұғалімнің рөлі, оқытуды ұйымдастыру және көптеген басқа мәселелер.
Алайда, бұл – аталған процестің мәнін ғылыми тұрғыдан түсінудің тек
алғашқы әрекеттері еді. Осы мәселелердің шынайы психологиялық жақтары
толығымен ашылмағандығы жөнінде П.Ф. Каптерев «Дидактикалық
очерктер. Білім беру теориясы» (1-ші басылымы, 1885 ж.) атты кітабында
осы кезеңдегі педагогикалық теорияның дамуына терең және жүйелі талдау
жүргізу негізінде дәлелдер келтірді.
8.
П.Ф.Каптерев, «...Коменскийдің дидактикасына
тым маңызды кемшіліктер тән: бұл сыртқы
механикалық құрал ретінде ұсынылған әдіс
дидактикасы; бұл дидактикада оқушылардың
қабілеттерін оқыту арқылы дамыту туралы мүлдем
сөз жоқ; ... Коменскийдің дидактикасына
психология жетіспейді»
9.
Педагогикалықпсихология, мысалға педагогика,
физиология, философия, лингвистика, әлеуметтану
және т.б. ғылымдармен үздіксіз байланыста екені анық.
Соның өзінде, педагогикалық психология – жалпы
психологиялық білімнің саласы деген тұжырымдама
оның осы білімдердің негізінде, яғни психикалық даму,
оның қозғаушы күштері, адамның даралық және
жыныстық-жас ерекшеліктері, оның тұлға ретінде
жетілуі мен дамуы жайлы білімдердің негізінде
қалыптасатынын білдіреді. Сондықтан педагогикалық
психология психологиялық білімдердің (әлеуметтік,
дифференциалды психологиямен және т.б.) басқа
салаларымен,
ең
алдымен
жас
ерекшелік
психологиямен байланысты.
10.
Педагогикалықпсихология «білімді, икемділік
пен дағдыларды меңгеру заңдылықтарын зерттейді,
осы процестердегі жеке айырмашылықтарды
зерттейді,
оқушылардың
өз
бетімен
шығармашылық
ойлауын
қалыптастыру
заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен
тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді
зерттейді» яғни жаңадан пайда болған психикалық
өзгерістерді қалыптастыру.
11. Педагогикалық психологияның нақты міндеттері
Жалпы, педагогикалық психология оқу-тәрбие беру қызметінің,білім беру процесінің әртүрлі жағдайларында адамның
интеллектуалдық және тұлғалық дамуының психологиялық
ерекшеліктері мен заңдылықтарын жүйелеп баяндап, зерттейді.
Педагогикалық психологияның нақты міндеттеріне:
оқушының
интеллектуалдық
және
тұлғалық
дамуына
оқытушылық және тәрбие берушілік әсердің механизмдері мен
заңдылықтарын ашу;
• оқушының әлеуметтік мәдени тәжірибені меңгеру механизмдері
мен заңдылықтарын анықтау, оның оқушының жеке санасында
сақталуы (нығаюы) және әртүрлі жағдайларда пайдалануы;
• оқушының интеллектуалдық және тұлғалық даму деңгейі мен
оқытушылық және тәрбие берушілік ықпалдың (еңбектестік,
оқытудың белсенді формалары және т.б.) формалары мен әдістері
арасындағы байланысты анықтау;
12.
оқушылардыңоқу қызметін ұйымдастыру мен
басқару ерекшеліктерін және осы процестердің
интеллектуалдық, тұлғалық даму мен оқутанымдық белсенділікке әсерін анықтау;
педагог қызметінің психологиялық негіздерін, оның
жеке-психологиялық және кәсіби сапасын зерттеу;
дамыта
оқытудың, атап айтқанда, ғылыми,
теориялық
ойлаудың
механизмдері
мен
заңдылықтарын анықтау;
13.
білімдімеңгеру заңдылықтары, шарттары мен
өлшемдерін анықтау, олардың негізінде әртүрлі
міндеттерді
шешу
процесінде
қызметтің
операциялық құрамын қалыптастыру;
игеру
сапасы
диагностикаланын
деңгейінің
психологиялық негіздері мен оның білім беру
стандарттарына қатыстылығын анықтау;
білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде білім
беру
процесін
ары
қарай
жетілдірудің
психологиялық негіздерін жасау.
14.
Оқытумен тәрбие беру процестерінің осылайша
түсінілетін өзара байланысы, кемінде төрт түрлі бола
алады:
1. Тәрбие беру оқыту процесінде жүзеге асырылатын,
оқытудан ажыратылмайтын процесс (мазмұны, нысаны,
оқыту құралы арқылы). Бұл дәл осы екі процестің
арасындағы, былайша айтқанда бір-біріне қосылатын
қатынастар. «Оқыта отырып, біз тәрбиелейміз,
тәрбиелей отырып, біз оқытамыз», – деп С.Л.
Рубинштейн атап өткен. Осындай тұрде тәрбие беру оқу
процесіне кіреді, бұл жағдайда ол тәрбиелеуші оқыту
ретінде анықталады. Осы тұрғыдан ол басымдық
тартып, педагогикалық психологиямен қарастырылады.
15.
2. Тәрбие беру белгілі бір жүйе мен мекеменің білім берупроцесінде және оқытудан тыс, оған қатарласа (үйірмелер,
қоғамдық жұмыс, еңбекке тәрбиелеу) жүзеге асырылады. Бұл
жерде оқытудың барлық тиімділігі нығайтылуы тиіс, және оқыту
өз кезегінде тәрбие беруге ықпал етуі тиіс.
3. Тәрбие беру білім беру процесінен тыс (бірақ оның ортақ
мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес) отбасында, еңбек
ұжымы, топта, қауымдастықта жүзеге асырылады, бұл жерлерде
оқыту мен үйрету өз бетінше жүруі де мүмкін.
4. Тәрбие беру өз бетінше, ал кейбір кезде мақсатты бағытталған
оқыту мен үйретумен ілеспін басқа да мекемелер мен (білім
беруші емес), қауымдастықтарда жүзеге асырылады (клубтар,
дискотека, компаниялар және т.б.). Үлкендер мен құрдастарының
тәрбие берудің осындай өмірдің қатаң шындығынан туған әсері
көбінесе шешуші болып шығады.
16. ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Педагогикалық психология деректер алудың барлықүш көзін пайдалана отырып ғылыми әдістердің
негізгі құралдарына ие болып отыр: олар – бақылау,
сауалнама
жүргізу,
эксперимент,
қызмет
(шығармашылық) нәтижесінде туған өнім, тестілеу,
социометрия және т.б
Педагогикалық
психологияда
көбінесе
эмпирикалық әдіс қолданылады.
17.
Бақылау – педагогикалық психологияда (және жалпыпедагогикалық тәжірибеде) адамды мақсатты, жүйелі
зерттеудің эмпирикалық әдісі. Бақылауға алынған өзінің
байқау объекті болып табылатынын білмейді, байқау
жаппай немесе таңдаулы бола алады, мысалы, барлық
оқу барысын тіркеп немесе тек бір немесе бірнеше
оқушыны тіркеп отыру. Бақылаудың негізінде
сараптамалық баға берілуі мүмкін. Бақылау нәтижелері
арнайы хаттамаларға енгізіліп, онда бақылауға алынған
оқушының (оқушылардың) аты-жөні, күні, уақыты және
мақсаты белгіленеді. Хаттама деректері сапалық және
сандық өңдеуден өтеді.
18.
Өзін-өзібақылау – адамның рефлекстік ойлау
негізінде өзін-өзі бақылау әдісі (өзін-өзі бақылау
объекті болып мақсаттар, мінез-құлық түрткісі,
қызметінің нәтижесі бола алады). Бұл әдіс өзіне-өзі
есеп берудің негізінде жатыр. Ол субъективтіліктің
басымдылығымен сипатталады, ол көбінесе
қосымша ретінде қолданылады (XIX–XX ғғ.
қиылысында өзін-өзі бақылау интроспективті
психологияның негізі болып табылған).
19.
Әңгімелесу–
педагогикалық
психологияда
(және
педагогикалық тәжірибеде) адам туралы онымен қарымқатынас жасау, оның мақсатты бағытталған сұрақтарға
жауаптарының нәтижесінде мәліметтер (ақпараттар) алудың
эмпирикалық әдісі. Жүргізуші оның мақсаты туралы
зерттелінушіге
айтпайды.
Жауаптар
(мүмкіндігінше
әңгімелесушілердің назарын аудармай) дыбыс таспасына
жазу, немесе тез жазып отыру, стенография арқылы тіркеліп
отырады. Әңгімелесу – адамды зерттеудің дербес әдісі,
сонымен қатар көмекші әдіс, мысалы эксперимент пен
терапияның алдын-алушы әдіс бола алады.
Сұхбат – әңгімелесудің ерекше түрі ретінде, ол туралы
хабарлар, сұхбат алынып отырған адам туралы ақпарат алу
үшін ғана емес басқа да адамдар, оқиғалар және т.б. туралы
мәліметтер алу үшін қолданылады.
20.
Сауалнама – арнайы дайындалған жауаптар және зерттеудіңнегізгі міндетіне сәйкес сұрақтар негізінде ақпарат алудың
эмпирикалық әлеуметтік-психологиялық әдісі. Сауалнаманы
дайындау – кәсібилік пен жауапкершілікті талап ететін іс.
Сауалнама құрастыруда: 1) сұрақтардың мазмұны, 2)
олардың түрі – ашық немесе жасырын, соңғысына «иә»
немесе «жоқ» деп жауап беру қажет, 3) олардың
тұжырымдалуы (анықтылығы, жауаптарға көмек берілмей
және т.б.), 4) сұрақтардың саны мен реті ескеріледі.
Педагогикалық тәжірибеде сауалнамаға 30–40 минуттан
аспайтын уақыт беріледі. Сұрақтардың тізбектелу тәртібі
көбінесе кездейсоқ сандар тәсілімен анықталады.
Сауалнама ауызша, жазбаша, жеке, топтық бола алады,
алайда кез-келген жағдайда ол екі талапқа жауап беруі тиіс –
іріктеудің
көрнекілігі
мен
біркелкілігі.
Сауалнама
материалдары сапалық және сандық өңдеуден өтеді.
21.
Эксперимент – ғылыми зерттеудің педагогикалықпсихологияда кеңінен таралған эмпирикалық әдісі.
Эксперименттің зертханалық түрін (арнайы жағдайларда,
аппаратура пайдалану және т.б.) және әсерін зерттеу үшін
арнайы ұйымдастырылған, оқытудың, өмірдің, еңбектің
кәдімгі жағдайларында жүргізілетін табиғи эксперимент
түрлерін ажыратады. Соңғы онжылдықтарда ең бір тиімді
және кеңінен таралған (әсіресе отандық педагогикалық
психологияда) табиғи эксперимент түрінің бірі –
қалыптастырушы эксперимент болып табылады. Оның
барысында оқушыға мақсатты түрде білім және тәрбие
бере отырып, оның білімі, білігі, қарым-қатынасы мен
құндылықтары деңгейіндегі өзгерістер, оның психикалық
және тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістер зерттеледі.
22.
Іс-әрекет (шығармашылық) өнімінің талдауы –адамды оның іс-әрекетінің материалдық және
идеалдық (мәтіндер, музыка, бейнелеу және т.б.)
өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру
арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс
(көбінесе
ішкі
түсініктен)
педагогикалық
тәжірибеде
оқушылардың
мазмұндамаларын,
шығармаларын,
түсініктемелерін,
жасаған
баяндамаларын, суреттерін және т.б. талдау түрінде
кеңінен пайдаланылады.
pedagogy