Similar presentations:
Төлен Әбдік
1.
Республикалық “QAZBILIM” орталығыныңқазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ақлима Сапарова
Төлен Әбдік
2.
Төлен ӘбдікТөлен Әбдік 1942 жылдың 4 қыркүйегінде
Қостанай облысы, Жангельдин ауданы, Еңбек
ауылында туған. 1965 жылы Қазақ ұлттық
университетін бітірген. Шығармалары 1964
жылдан
бастап
жариялана
бастады.
Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН
клубы сыйлықтарының лауреаты. Мемлекеттік
сыйлықтың лауреаты.
3.
Төлен ӘбдікӘңгіме, повесттер жинағы:
«Көкжиек», «Күзгі жапырақ», «Ақиқат»,
«Айтылмаған ақиқат».
Романдары:
«Өліара», «Ақшоқыда қыс қатты», «Парасат
майданы».
Аудармасы:
Грек аңыздары – «Эллада ерлері»
4.
Төлен Әбдік «Қонақтар»Саяжайдан
қайтып
бара
жатқан
сапарларында жолай үйге соқпақ болған
балаларын күтіп, Ерғабыл қария түн ортасы
ауғанда жатса да, тұрса да күн шықпай
қояды. Алагуімде киініп алады. Сыртқа
шығады. Қолын көлегейлеп маңдайына
қойып қарайды. Бір кезде кемпірінің «осы
Қаратүбек басында жұмақ тұрғандай екі елі
қия баспайсың. Балаларға еріп өзім кетем» деген сөзі есіне түсіп кетеді. Шәй үстінде
Ерғабыл қарт «Сапашжандар кеше келеміз
деп еді ғой»-деп кемпірінен сұрағаны сол
көліктің гүрілі естіледі, қария қуаныштан
тұра алмай қалады.
5.
Төлен ӘбдікЕрекең жаңа қаз тұрған балаша тәлтіркетей көтеріліп, ат
жақты, қапсағай сары жігітті құшағына қысты. Одан соң
омырау, жеңдері ашық, шұбар көйлек киген, шашын
қидырған, топ - толық ақ сары, ажарлы келіншекті
шіміркеңкіреп маңдайынан сүйген болды.
Шал өзіне зорға келген немересін бауырына басып,
бетінен сүйді. «Ой, тентек, атаңды сағынбайсың - ау»,-деп
жаулықтай үлкен ақ орамалының шетімен көзін сүртті.
«Өзі қазақша білетін бе еді, Сапабекжан?» - деді бір
кемпір.
-
Ептеп түсінеді - деді.
-
Қой, қазақша үйретіңдер.
-
Алдымен, анау отырған шешесі қазақша білмейді,
қайта бұған кінә жоқ, - деді Сапабек қазақша
білмейтіндігіне риза болғандай ақ сары келіншегіне
қарап.
6.
Төлен ӘбдікАқсақал баласының келуінің құрметіне туғантуыс,
көрші-көлеңді
шақырып
кешке
қонақасын береді. Сол жиында Сапабек ешкім
түсінбесе де жер асты қазба байлықтарын,
қымбат тастарды тоқтамай айта береді. Сонда
қарт: «-Қайдам, осы тастардың соңында кеттің
ғой өзіңмен-өзің болып» - деп өкпесін айтып
қалады.
Босағада отырған Тома мүлдем жалғыз
қалады. Қала қыздарына тән епсіздікпен
кішкентай көрпенің үстінде қалай отырарын
білмей, біресе қолымен жер тіреп, бір
жамбастап, жұрттың сөзіне түсіне алмай,
әркімге бір қарап үнсіз отырады.
7.
Төлен ӘбдікКенет бала үйге жүгіріп кіріп:
- Мама, мама, ребята идут к озеру
- Ты что, с ума сошел! – деді Тома әрі қарай
сөйлетпейді. Дауысы шаңқ ете қалғандай болды,
өйткені осы кезде шалдар оқыс жалт қараған еді.
Ерекең еттен соң тісін шұқып отырғанда, Сапабек қайқайдағы Америкадағы ұлттардың теңсіздігі жайында,
қазіргі жетілген техника жайында қызық бір әңгімелер
соғып отыр еді.
- Әй, доғаршы енді, - деді Ерекең шыдай алмай. Анау
өзіміздің Аспандиярға домбыра берші ән салсын.
8.
Төлен ӘбдікСапабек отбасымен қалаға жиналып жатқанда, қария
немересін тастап кетуді ұсынады. Сонда Сапабек:
- Бұл арада орыс мектебі жоқ, мұны қалай оқытамыз
деп отырсыңдар? Биыл жетіге келеді.
Ерекең төмен қарап, үн-түнсіз ұзақ отырды.
- Алып кет, өзіңмен бірге, - деді де дауысы қарлығып.
Оқыт, өзіңдей қаңғыбас қылып шығар. Сапабек тағы да
қынжыла күлді.
Көлік қарасы үзілген кезде ғана кемпір үн-түнсіз
жаулығының шетімен көзінің жасын сүртті.
9.
Төлен ӘбдікКелінін
жақтырмай күтіп
алуы
Жалғыз немересін
бауырына басып
өсіре алмауы
Ұлының
мақтаншақтығы
Немересінің өз
тілін білмеуі
Ұлының
немересін орыс
мектепке бергісі
келетіндігі
10.
Төлен ӘбдікӘңгіме бойынша сұрақтар:
1. Ерғабыл қарт неліктен елінен кеткісі келмейді?
2. «Әке жолы қуса, мына менің жолымды қусын! Ие болсын мына қу
шаңыраққа!» деп Ерғабыл қарт нені меңзейді?
3. «Шаңыраққа ие болу» дегенді қалай түсінеміз?
4. Қазақта «Шаңырақ иесі» деп неліктен ұл балаларды айтқан?
5. Шаңыраққа ие болатын жігіттің бойында қандай қасиеттер болу керек?
6. Әңгімедегі Ерғабыл қарттың келіні мен қазақ келіндерін салыстырыңыз.