Similar presentations:
Өсімдіктердің су алмасу физиологиясы
1.
Өсімдіктердің су алмасу физиологиясыДәріс №2. Өсімдіктертің су алмасу
физиологиясы
2. Жоспар:
ЖОСПАР:Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы
Өсімдіктегі судың мөлшері
Өсімдіктегі судың күйлері
Топырақтағы кездесетін
сулар формасы және
олардың өсімдікке қабылдану дәрежесі
Судың осмостық сінуі
Транспирация, Гуттация, Өсімдіктің жылауы
Экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу
ерекшелігі
3.
Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызыӨсімдіктер денесінің басым көпшілігі 85-90% судан тұрады. Өзінің
қасиеттеріне байланысты су барлық тіршілік әрекеттерінде негізгі
орын алады.
Су ең жақсы, күшті еріткіш және тіршілік әрекеттеріне байланысты
биохимиялық реакциялар жүзеге асатын негізгі орта болып
есептеледі.
Су клеткадағы құрлымдық бөліктерді қалыптастыруға қатысады.Су
биохимиялық процестердің тікелей сынары. Ол фотосинтез
процесінде электрондар доноры болса, тыныс алуда тотығутотықсыздану реакцияларына қатысады.
Су көптеген заттардың ыдырау және синтезделу процестеріне қажет.
Су жоғары сатыдағы өсімдіктердегі ксилема және флоэмадағы
симпласт пен апопласт арқылы заттардың таралуын жүзеге асырады.
Су жақсы амортизатор ретінде организімдерді механиқалық
әсерлерден қорғайды.
Осмос және тургор қысымдарына байланысты су өсімдік
клеткаларының, ұлпалардың және мүшелерінің серпімділік күйін
қамтамасыз етеді.
4. Өсімдіктегі судың мөлшері
ӨСІМДІКТЕГІ СУДЫҢ МӨЛШЕРІТабиғаттағы су –газ, сұйық
және қатты күде болады
5. Өсімдіктегі судың мөлшері
ӨСІМДІКТЕГІ СУДЫҢ МӨЛШЕРІБуға ұқсас су
6. Өсімдіктегі судың күйлері
ӨСІМДІКТЕГІ СУДЫҢ КҮЙЛЕРІБос күйнде
Байланысқан күйде
7. Байланыс түрлері
БАЙЛАНЫС ТҮРЛЕРІОсмостық- байланыс
Коллоидтыбайланыс
8. Топырақтағы кездесетін сулар формасы және олардың өсімдікке қабылдану дәрежесі
ТОПЫРАҚТАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН СУЛАР ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨСІМДІККЕҚАБЫЛДАНУ ДӘРЕЖЕСІ
Топырақта судың 5 формасы кездеседі
гравитациялы
пленкалы
капиллярлы
гигроскопиялы
имбибционды
9. Топырақтағы сулар және олардың өсімдікке қабылдану дәрежесі
ТОПЫРАҚТАҒЫ СУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨСІМДІККЕ ҚАБЫЛДАНУДӘРЕЖЕСІ
Топырақтағы ірірек қуыстарды толтыратың су ,жылжымалы келеді және гравитациялық
деп аталады.Судың бұл түріжаңбырмен ,еріген қармен,суарумен енеді және жоғарыдан
төмен бағытта жылжиды. Мұндай су топырақ кесектерінің арасын толық толтырады.
Судың бұл формасы өсімдікке оңай қабылданады.
Топырақтың жіңішке қылтүтектерін толтырып беттік кенеу күшімен ұсталып судың жоғары
бағытталған жылжуы қылтүтіктік ( капилляры) деп аталады. Судың бұл түрлерін өсімдік
өзіне оңай, диффузиялық осмостық жолмен сіңіре алады.
Топырақ бөліктерін қаптап, олардың бетінде адсорбциялық-молекулалық тарту күштерінен
ұсталып тұратын суды қабыршақ (пленочная) деп атайды. Ол өсімдікке өте қиындықпен
сіңеді.
Құрғақ топырақтың құрамында 0,5-тен (құм) 14%-ке (саз балшық ) дейін су болады. Оны
гигроскопиялық деп атайды. Ол 100000 килопаскаль дейінгі күшпен ұсталады, және
өсімдік оны сініре алмайды.
Топырақтың коллоидтық заттары суда бөртіп,әжептеуір су ұстағыш күш пайда етуге
қабілетті болады.Бұған жұмсалатын сіңірме (имбибиционды ) – деп аталатын қарашірікті
және шым тезекті-торф топырақтарға тән суды өсімдік өзіне сіңіре алмайды.
10. Топрақта кездесетін сулар формасы
ТОПРАҚТА КЕЗДЕСЕТІН СУЛАР ФОРМАСЫ1 — гигроскопикалық;
2 — максималды
гигроскопикалық;
3, 4— пленкалы;
5— гравитациялық
11. Судың осмостық сінуі
СУДЫҢ ОСМОСТЫҚ СІНУІОсмостық қысым – жасуша сұйықтығында
еріген заттар концентрациясы және олардың
мембранасында жүретін қысым.
Гипертоникалық – басқа ерітінділерге
қарағанда жоғары қысымды осмостық ерітінді
Гипотоникалық – басқа ерітінділермен
салыстырғанда әлдеқайда төмен қысымды
осмостық ерітінді.
Изотоникалық - басқа ерітінділермен
салыстырғанда бірдей осмостық қысымды
ерітінді.
12. Осмостық қысымға байланысты ерітінді түрлері
ОСМОСТЫҚ ҚЫСЫМҒА БАЙЛАНЫСТЫЕРІТІНДІ ТҮРЛЕРІ
13.
Тургор– егер клетканы таза суға малсақ,
оңда осмостық заңдылықтарға байланысты
су кетканың ішіне енеді де, вакуольдің көлемі
ұлғайып, протоплазманың қысымынан клетка
қабығы керледі. Сонымен қатар клетка
қабығы протоплазмаға кері қысым жасайды.
Клетканың осы күйін керілген, яғни турғор
деп атайды, ал қабықтың қарсы қысымың
тургорлық қысым дейді.
14.
-Клеткалардың
протопластары
жиырлып,
қабықтан ажырамай оны өзімен бірге жиырады
бұндай құбылыс циторриз деп аталады
15. Плазмолиз түрлері
ПЛАЗМОЛИЗ ТҮРЛЕРІПлазмолиз — бұл өсімдік жасушасы гипертониялық ортаға
түскенде судың жасушадан сыртқа шығуы нәтижесінде
протопласттың жасуша қабырғасынан ажырауы
А - тургор; Б - үшбұрышты; В – ойыс ; Г - дөңес;
16. Тамыр суды сініретін негізгі мүшесі
ТАМЫР СУДЫ СІНІРЕТІН НЕГІЗГІ МҮШЕСІCурет.1.Тамырдың құрлысы:
А - продольный разрез: 1-корневой чехлик; 2- меристема; 3зона растяжения; 4- зона корневых волосков; 5- зона
ветвления;
Б-поперечный разрез (по М.Ф. Даниловой): 1-ризодерма; 2корневой волосок;3-паренхима; 4- эндодерма; 5- пояски
Каспари; 6- перицикл; 7- флоэма; 8-ксилема. Пунктирные
стрелки- пути передвижения веществ, поглощаемых из
наружного раствора. Сплошные стрелки путь растворов по
симпласту ; прерывистые- путь по апопласту.
17. Судың өсімдік жасушасында алмасуы
СУДЫҢ ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫНДА АЛМАСУЫАпопласт жолы
Симпласты жолы
Трансмембранды жол
1. Апопласт-бұл, су жүретін жасуша қабықшасының жиынтығы. Бұл пассивті
жол. Тек кана энтодермаға дейін тарайды, себебі, су өткізбейді. Апопластқа су
ксилемадан келеді.
2. Симпласт-барлық тірі протопластардың жиынтығы. Плазмолемма,
мембрана, органеллалар өту үшін белсенді транспорт Е жұмсалады. Суда
еріген заттардың барлығы бір жасушаның протопластарына түскен кезде,
мембранадай өтпей, симпласт жолымен жылжиды.
Жасуша мембранасы арқылы (трансмембранды жол);
2) цитоплазма мен плазмодесма арқылы (симпласты жол);
3) жасуша қабықшасы және жасушааралығы арқылы (апопласты жол).
18.
19. Су тасымалдау жүйесінің негізі
СУ ТАСЫМАЛДАУ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗІСу жоғары сатыдағы өсімдіктердегі ксилема және флоэмадағы симпласт пен
апопласт арқылы заттардың таралуын жүзеге асыратын тасымалдау жүйесінің
негізгі мүшесі болып есептеледі.
Су жақсы амортизатор ретінде организмдерді механикалық әсерлерден
қорғайды. Осмос және тургор қысымдырына байланысты су өсімдік
клеткаларының, ұлпаларының және мүшелерінің серпімділік күйін қамтамасыз
етеді.
Су молекуласында сутек пен оттек ядроларына ортақ екі жұп электрондар бар.
Оттегі теріс зарядты болғандықтан оң зарядталған сутегі электрондарын
өздеріне тартады. Судың молекулалық құрылысының тағы бір ерекшелігі оның
өте жоғары диэлектрлік өткізгіштігі жатады
20. Транспирация (судың булануы). Жоғарғы қозғаушы күш.
ТРАНСПИРАЦИЯ (СУДЫҢ БУЛАНУЫ). ЖОҒАРҒЫ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ.Ғалымдардың айту бойынша судың өсімдікте қабылдануы мен өсімдік бойымен жоғары көтерлуі негізгі екі
факторға байланысты:
Тамыр қысымына немесе төменгі су жылжытқыш механизімі;
Транспирация, судын жоғары сорылуы немесе жоғарғы су жылжытқыш механизімі
Судың өсімдік денесінен булануын
транспирация
деп
атайды.
Суды
буландыратын негізгі мүшесі - жапырақ.
Су жапырақ бетінен және устьица арқылы
буланады.
Буланудың
нәтижесінде
жапырақ клеткаларындағы су азайып,
олардың су потенциалы төмендеп,
сорғыштық
күші
жоғарылайды.
Сондықтан,
жапырақ
жүйкелерінің
ксилемасынан клеткалардың суды соруы
күшейіп, тамырдан түтіктер жүйесі
арқылы судың өрлеу ағыны күшейеді.
Сонымен өсімдік бойымен судың жоғары
жылжуын қамтамасыз ететін жоғарғы
козғаушы күші жапырақ паренхимасының
клеткаларында
сорғыштық
күштің
ұлғаюына байланысты пайда болады.
21. Транспирация түрлері
ТРАНСПИРАЦИЯ ТҮРЛЕРІЖапырақтың және өсімдіктің басқа мүшелерінің анатомиялық құрылымдарын
зерттеу арқылы, негізінен су устьицалар арқылы буланатындығы анықталды
Устьицалық
транспирация-3
сатыдан тұрады а)судың жапырақ
жүйкелерінен
мезофилл
клеткаларының қабықтарына ірігуі;
б)судың клетка қабықтарынан
клетка аралық ж/е устьицалар
астындағы қуыстарға булану; в)
одан устьицалар арқылы қоршаған
атмосфераға ірігуі.
Устьицалар
арқылы жапырақ пен
атмосфера арасындағы газ алмасу
процесі де жүзеге асады, ол - су
буын, СО2 және О2 өткізетін негізгі
жол
Судың тікелей жапырақ бетінен
булануы
кутикулярлы
транспирация
деп
аталады.Устьицалары
жабық
болса
мысалы
қуаңшылық
жағдайда,
кутикулярлық
траспирация
көптеген
өсімдіктердің
су
алмасу
процесінде
маңызды
орын
алады.
22. Устьица санылауының құрылысы
УСТЬИЦА САНЫЛАУЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ23. Гуттация құбылысы . Төменгі қозғаушы күш.
ГУТТАЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫ . ТӨМЕНГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШ.Судың өсімдік бойымен тамыр
қысымының ықпалымен көтерілу
механизмін төменгі қозғаушы күш
деп атайды.
Төменгі қозғаушы күшіне гуттация
құбылысы жатады. Ол клеткаларында
судың жоғары бағытта жылжып,
оның жапырақ ұштарындағы ерекше
клеткалар- гидатодтар арқылы судың
тамшы түрінде бөлінуі тамыр
қысымының ықпалына байланысты.
Гуттация
транспирацияның
өте
бәсеңдеуінен
өсімдіктердің
жер
үстілік органдарының шамадан тыс
сулануы на байланысты. Гуттация
астық тұқымдастар өскіндерінде,
қырық
буындыларда
өте
жиі
байқалады.
24. Өсімдіктің жылауы
ӨСІМДІКТІҢ ЖЫЛАУЫТөменгі
шеткі қозғаушы
күшті,
немесе
тамыр
қысымын
өсімдіктің
"шырындық" құбылысынан
байқауға болады.
Өсімдіктің жылауы (пасока)
- сабақ
жарақаттанғанда
немесе
кесілген
тамыр
қысымының
ықпалына
байланысты су ерітіндісінің
бөлінуі.Бұл құбылыс ерте
көктемде байқалады, яғни
бүршік
жармай
тұрған
кезеңде.
25. экологиялық топтағы өсімдіктердің су алмасу ерекшелігі
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАҒЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ СУАЛМАСУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Х.Вальтер классификациясы бойынша жер бетіндегі
барлық
өсімдіктер су алмасу ерекшеліктеріне
байланысты 2 негізгі топқа бөлінеді.
Пойкилогидридті
су
алмасу процесін ырықты
реттей алмайтын түрлер
жатады,
оларға
балдырлары,
қыналар,
саңырауқұлақтар
мен
мүктер жатады.
Гомойогидридті
суды
үнемдірек
пайдалануға
арналған
түрліше
ерекшеліктері қалыптасқан. Олардың
клетка қабықтарында су өткізбейтін заттар
суберин,
кутин
көбірек,
жапырақтарының
кутикуласы
жақсы
жетілген.
Өсіп
өнетін
орталарына
және
бейімделушілік белгілеріне қарап жер
бетіндегі
өсімдіктер
гигрофиттер,
мезофиттер және ксерофиттер деген үш
топқа бөлінеді.
26.
Су айналымын реттеуге байланысты өсімдіктеркласификациясы
27. Гигрофиттер
ГИГРОФИТТЕРГигрофиттер. Бұл топқа ылғалы мол, ауа және топырақ ылғалдығы
жоғары аймақтарда тіршілік ететін өсімдіктер жатады.
Жалпы гигрофиттерге жататын өсімдіктердің жапырақтары жұқа,
нәзік, устьицалары аз, ұлпалары болбыр келіп, тамырлары нашар
бұтақтанып өседі. Транспирация қарқындылығы өте жоғары, күндіз
жапырақ арқылы 1 сағат ішінде өз салмағынан 4-5 есе артық су
булануы мүмкін.
Ұлпаларында осмостық қысымның төмендігі, су ұстағыш қабілетінің
мардымсыздығы гигрофиттердің физиологиялық ерекшеліктеріне
жатады. Олар өз бойындағы судың шамалы ғана азаюын көтере
алмайды. Мысалы, саумалдық, қоянжем сияқты өсімдіктер
денесіндегі су қоры 15-20%-е кемігенде солып, қурап қалады.
Ылғалы мол аймақтарда топырақ ылғалының молдығынан аэрация
жағдайы нашарлап өсімдік тамырының тыныс алу және сорғыштық
қабілеті
төмендейді.
Бірақ,
гигрофиттердің
көпшілігінде
жапырақтары мен сабақтарының ауаға толы қуыс жүйелері болады,
ауа ұстағыш ерекше ұлпа - аэренхима жақсы дамыған. Біраз
өсімдіктер бойындағы артық суды гуттация арқылы бөліп шығарады.
28. Гигрофиттер
ГИГРОФИТТЕРГидрофиты
– құрлық –су өсімдіктері,
олардың көпшілік бөлігі суда өседі, су
тоғандарында,
шалшық
суларда,
балшықтарда өсетін өсімдіктер.
Гидатофиттер – суда толығымен немесе
біршама бөлігімен тұрып өсетін
өсімдіктер.
29.
ГидатофиттерШоқ егеушөп
Myriophyllum spicatum
Элодея канадская
Elodea canadensis)
Тамырдәрі таран
Polygonum amphibium
Жатаған
сарғалдақ
Ranunculus repens
Жүзгіш шылаң
Potamogeton natans
30. Гидрофиттер
ГИДРОФИТТЕРГидрофиты
– гидатофиттерге
қарағанда өткізгіш және механикалық
ұлпа жақсы жетілген. Аэренхима
айқын
жетілген.
Гидрофиттерде
устьицалармен
эпидерма
бар.
Транспирация жоғары деңгейде және
олар сулы (ылғалды) ортада ғана өсе
алады.
31.
ГидрофитерҮшкір
елекшөп
Juncus Acutus
Бақажапырақ
кербезгүл
Alisma plantago-agautica
Жіңішке
жапырақты
қияқөлең
Carex stenophylla
Батпақ
келтебасы
Eleocharis palustris
Тең түлкіқұйрық
Alopecurus aegualis
Кәдімгі қамыс
Phragmites communis
32. Қараңғы сүйгіш гигрофиттер
ҚАРАҢҒЫ СҮЙГІШ ГИГРОФИТТЕРНедотрога
обыкновенная
цирцея альпийская
бодяк огородный
33. Жарық сүйгіш гигрофиттер
ЖАРЫҚ СҮЙГІШ ГИГРОФИТТЕРросянка
Подмаренник болотный
Фиалка болотная
рис
34. Мезофиттер.
МЕЗОФИТТЕР.Мезофиттер. Бұл топқа ауа және топырақ ылғалдығы орташа, қоңыржай
аймақтарда өсіп-өнетін өсімдіктер жатады: шалғын, орман шөптері, жапырақты
ағаштар мен бұталар, сондай-ақ мәдени өсімдіктердің басым көпшілігі (дәнді
өсімдіктер, көкөністер, жеміс-жидек, сәндік және т.б. өсімдіктер).
Негізгі морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық белгілері жағынан
мезофиттер гигрофиттер мен ксерофиттер аралығындағы мезофилділерге жатады.
Олардың тамыр жүйесі орташа дамыған, жапырақ ұлпалары - тығыз палисадты
паренхима, кеуек-борпылдақ паренхима деп бөлінеді. Жапырақ жүйкелері онша
қалың,тығыз емес. Жабын ұлпаларының ксероморфты белгілері анығырақ
байқалады. Су алмасу процесінің физиологиялық көрсеткіштері - осмостық
қысымы, жапырақтағы судың мөлшері, су тапшылық шегі және т.б. орташа
шамада болады.
Бір жағынан мезофиттерге, кейде ксерофиттерге жатқызылатын өсімдіктердің
ішінде эфемерлер және деп аталатын ерекше топ бар. Бұған ерте көктемде жазық,
шөл даланы аэфемероидтарлуан түсті кілем нақыштарымсн құлпыртатын
қызғалдақ, сарғалдақ, қазжуа, құссүттіген, сасық жуа, көкнар тұқымдастар,
бөденешөп, рауғаш сияқты бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер жатады.
Олардың вегетациялық кезеңі өте қысқа (4 - 6 апта), тыныштық кезеңі өте ұзақ
болады.
35. мезофиттер
МЕЗОФИТТЕРкаштан
обыкновенный
Гортензия метельчатая
36. мезофиттер
МЕЗОФИТТЕРЧина луговая
Василёк луговой
клевер луговой
Герань луговая
Козлобородник луговой
37. ксерофиттер
КСЕРОФИТТЕРБұл
топқа қуаңшылық аймақтарда өсіп-өнетін,
топырақ пен ауадағы су тапшылығына төзімді
өсімдіктер жатады. Олар онтогенездік даму
процесінде ауа мен топырақ қуаңшылығына
бейімделеді: жер үстілік органдарының суды
буландыратын ауданы өте аз. Әдетте өте қысқа,
жапырақтары
майда,
тікенек,
кебісінің
кутикуласы жақсы жетілген.
Сыртқы морфологиялық, анатомиялық және
физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты
ксерофиттерді
П.А.Генкель
төмендегідей
топтарға бөледі:
38. Ксерофиттер
КСЕРОФИТТЕРЭуксерофиттер. Мүшелерінің сыртында қалың, майда түкшелері бар, бойлары өте қысқа,
тамыр жүйесі онша тереңдемей, көбірек тарамдалып, жайылып өсетін өсімдіктер.
Сусыздануға және ыстыққа төзімді келеді, транспирация қарқындылығы төмен. Бұл топқа
жусандар, жантақ және жапырақсыз шөл дала бұталарды жатқызады.
Гемиксерофшптер. Тамырлары өте тереңдеп, кейде жерастылық суға дейін жетіп өсетін,
транспирациясы өте қарқынды өсімдіктер. Тамырларының жақсы дамуына байланысты
сумен қамтасыздығы үзілмейді. Бірақ ұзақ мерзімді су тапшылығына шыдамсыз, ыстыққа
төзімді келеді. Бұларға кәдімгі сәлбен және жонышка мысал етуге болады.
Пойкилоксерофиттер. Қуаңшылыққа төзімді (негізінен споралы), су алмасуының реттелу
жағынан пойкилогидридтілерге жататын өсімдіктер. Көп уақытқа құрғақ күйде болса да
тіршілікке қабілетін жоймайды. Бұл топқа саңырауқүлақтардың, қыналардың, балдырлардың
көп түрлері жатады.
Жасаншөптер (суккуленттер). Жапырақтары немесе сабақтары шырынды, ішкі ұлпалары
қалың - жұмсақ, өте сулы өсімдіктер. Олар - жапырақты және жапырақтары өзгеріп жалпы
жерүстілік мүшелері тұтас сабаққа айналып кеткен - сабақты жасаңшөптер деп бөлінеді.
Сабақты жасаңшөптерде фотосинтез процесі сабақтың сыртқы хлорофилі мол паренхималық
клеткаларында жүзеге асады. Бұл өсімдіктер кебінесе өте қуаңшылық аймақтарда - Орталық
Америка, Оңтүстік Африка шөл далаларында, Жерорта теңізінің жағаларында көп тараған.
Олардың ішінен кактустерді, алоэ, бозкілем және т.б. атауға болады. Тамырлары топырақтың
үстіңгі қабатында жақсы жайылып өседі де, жауын-шашын суын тез бойына сіңіріп алады.
Осыған байланысты, олардың жалпы денесінің өте сулылығы (95-98%) қуаңшылыққа
тозімділігінің негізгі себебі болып ессптеледі.
39. ксерофиттер
КСЕРОФИТТЕРКсерофиттер екі негізгі типқа бөлінеді:
суккуленттер
сабақты
жапыракты
склерофиттер
40. Cуккуленты
CУККУЛЕНТЫСуккуленттер
— сабақтары жуан да етті
және жапырағында мол су қоры бар әр түрлі
тұқымдас
өсімдіктер
тобы.
Жапырақта
жиналған су қорын өсімдік қуаңшылық
кезеңде пайдаланады. Суккуленттер шөлдер
мен
шөлейттерде
тараған.
Мысалы,
кактустар, сүттігендер тағы басқалар.
41. СУККУЛЕНТТЕР
алоэкактусы
агава
стапелия
42. Склерофиты
СКЛЕРОФИТЫСклерофиттер (Склерофиты; грек, skleros
— қатты, phyton — өсімдік) —
құрғақшылыққа төзімді, судың булануын
тиімді тұтып қалатын қатты жапырағы
мен бұтағы бар өсімдік. Бұлар құрғақ
аудандарда кездеседі. Склерофиттерге
зәйтүн ағашы, талгүл, дала көкбасы, боз,
ақ сексеуіл, қара сексеуіл және т.б.
жатады.
43.
44. Тақырып бойынша сұрақтар:
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША СҰРАҚТАР:Топырақта кезесетің судың
формаларын атаныз.
Х.Вальтер
классификациясы бойынша
өсімдіктерде су алмасу
ерекшелітерін атаныз.
Өсімдіктегі
судың күйлерің
атаныз
45. Тест сұрағы
ТЕСТ СҰРАҒЫТопырақтағы судың өсімдікке тиісті
формасы:
A) Гравитациялық су
B) Капиллярлы су
C) Пленкалық су
D) Гигроскопиялық су
E) Гидратациялық су
F) Имбибиционды.
G) Радиациялық су.
46. Түйін
ТҮЙІНСудың
өсімдік тіршілігіндегі маңызы.
Өсімдіктегі судың мөлшері. Өсімдіктегі
судың күйлері. Топырақтағы кездесетін
сулар формасы және олардың өсімдікке
қабылдану дәрежесі. Судың осмостық
сінуі.
Транспирация,
Гуттация,
Өсімдіктің
жылауы.
Экологиялық
топтағы өсімдіктердің
су алмасу
ерекшелігі.
biology