Similar presentations:
Хуго де Фриздің мутация теориясы
1.
І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. ТүгендеуПсихологиялық ахуал қалыптастыру.
«Жүректен жүрекке» тренингі арқылы жағымды атмосфера қалыптастыру.
Құндылық:
Бірлік және ынтымақ – бір-біріне жылы лебіз білдіру арқылы сыйластық пен
сенім атмосферасын қалыптастырады.
Әділдік және жауапкершілік – әр оқушы тренингке белсенді қатысып,
сыныптағы жағымды ортаға өз үлесін қосады.
2.
Үй тапсырмасы «Ворд волл» қосымшасы арқылы сұралады.Шындық – жалған тапсырма
https://wordwall.net/resource/85853504
Құндылық: Әділдік және жауапкершілік – оқушы үй тапсырмасын уақытында
орындап, жауаптарын шынайы белгілейді және нәтижесіне жауап береді.
3.
«Ой ашар » әдісі. Мұғалім сөзіСуреттерге назар аударыңдар. Мұнда жануарлардың
сыртқы белгілерінде ерекше өзгерістер байқалады.
Осы өзгерістердің арасында қандай байланыс бар
деп ойлайсыңдар? Бұл құбылыстар қандай
жағдайларға байланысты болуы мүмкін?
Мутация дегеніміз не?
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.
Құндылық:
Жасампаздық және жаңашылдық – оқушылар
суреттерді талдап, жаңа ғылыми ұғымға өз ойымен
келеді.
Әділдік және жауапкершілік – дәлелсіз болжам
жасамай, байқағанын негіздеп айтуға үйренеді.
Бейнематериал
https://youtube.com/shorts/U_hxP
CjSMCY?feature=share
4.
Сабақтың тақырыбы:Хуго де Фризадің мутация теория-сы. Кенеттен және индуцияланған мутация.
Оқу бағдарламасына сәйкес
оқыту мақсаты:
Сабақ мақсаты
10.2.4.5 - Хуго де Фриздің мутация теориясын, мутагенез себептер, мутагенез
себептерін және мутация түрлерін зерттеу
Хуго де Фриздің мутация теориясының негізгі идеяларын түсіндіріп, эволюциядағы
мутацияның рөлін сипаттайды.
Оқушылар кенеттен (спонтанды) және индукцияланған мутацияны, сондай-ақ
соматикалық және генеративтік (жыныс жасушалық) мутацияны ажыратып,
олардың ұрпаққа берілу ерекшелігін қысқаша түсіндіреді.
Мутагенез себептерін (физикалық, химиялық, биологиялық мутагендер) талдап, нақты
жағдаят бойынша қауіп факторын анықтап, алдын алу жолын ұсынады.
(Негіздеме: Мемлекет басшысы
Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың
ІІ,ІІІ, ІV отырыстарында берген
тапсырмасы, ҚР Оқу-ағарту
министрлігінің №123 бұйрығы):
Құндылық:
Әділдік және жауапкершілік – оқушылар мутагендер туралы ақпаратты дәлелге
сүйеніп талдап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз шешіміне жауап береді.
Заң және тәртіп – зертханалық/қауіпсіздік талаптарын орындап, радиация,
химиялық заттар, вирустар сияқты қауіп факторларына қатысты дұрыс мінез-құлық
қалыптастырады.
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік – мутация түрлерін жіктеп, мысалдармен
дәлелдеп, ғылыми терминдерді сауатты қолданады.
5.
ГЕНЕТИКАХуго де Фризадің
мутация теориясы
Мутация — организмнің генотипінде,
хромосомалар мен гендерде болатын
кездейсоқ, тұқым қуалайтын өзгерістер.
1901 жылы голланд ғалымы Хуго де Фриз
бұл құбылысты ғылыми түрде зерттеп,
мутациялық теорияны негіздеді.
6.
Мутация теориясының негіздеріХуго де Фриз (1848-1935)
Голланд ботанигі есекшеп өсімдігін зерттей отырып, оның
белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитынын байқады.
Бұл өзгерістер тұқым қуалады деген қорытындыға келді.
"Мутация — эволюцияның қозғаушы күші"
• Барлық организмдерге тән: Мутация өсімдіктер,
жануарлар және микроорганизмдерде кездеседі
• Кенеттен пайда болады: Табиғи жағдайда түсініксіз
себептермен туындайды
• Тұқым қуалайтын: Генетикалық материалдағы
өзгерістер ұрпаққа беріледі
7.
Мутагендер: мутацияны тудыратынфакторлар
Мутагендер — сыртқы ортаның мутация тудыратын факторлары. Олар
генетикалық материалдың құрылымын бұзып, тұқым қуалайтын
өзгерістер тудырады.
Физикалық мутагендер
Радиоактивті сәулелер, ультракүлгін сәулелер, лазер сәулелері,
рентген сәулелері. Жасушаның ДНК құрылымын тікелей
зақымдайды.
Химиялық мутагендер
Колхицин, этиленимин, никотин қышқылы, гербицидтер,
пестицидтер. 400-ден астам химиялық қосылыс белгілі. Шамадан
тыс қолдану қауіпті.
Биологиялық мутагендер
Зат алмасу кезінде түзілетін ыдырау өнімдері, тағаммен келетін
радиоактивті заттар (стронций). Жасушада жинақталып, ДНК-ға
әсер етеді.
8.
Мутация түрлері мен процестеріКенеттен мутация
Табиғи жағдайда өздігінен,
себепсіз пайда болатын секірмелі өзгерістер
Индуцияланған мутация
Мутагендік факторлармен арнайы әсер
етуден қолдан жасалған өзгерістер
Генеративтік мутация
Соматикалық мутация
Жыныс жасушаларында болатын өзгерістер. Келесі ұрпаққа
тікелей беріледі және эволюциялық маңызы зор.
Дене жасушаларында пайда болады. Жынысты көбею кезінде
ұрпаққа берілмейді, бірақ обыр ауруларының себебі болуы
мүмкін.
9.
Мутацияның биологиялық маңызы90%
9%
1%
Зиянды мутациялар
Организмде қалыптасқан
үйлесімділікті бұзады
Бейтарап мутациялар
Айтарлықтай әсер етпейді
Пайдалы мутациялар
Эволюцияның негізі
Маңызды: Орміқ-жасушалы анемия сияқты ауыр аурулар екі ата-анадан да берілген мутация
нәтижесінде пайда болады. Гербицидтер мен пестицидтерді шамадан тыс қолдану генетикалық
зақым тудыруы мүмкін.
Азотты негіздің алмасуы
ДНК-да бір негіздің орнын басқасы алады
Нуклеотидтің қосылуы
Генге қосымша негіздер енеді
Нуклеотидтің жоғалуы
Геннен бір немесе бірнеше
негіз түсіп қалады
Генетикалық өзгеріс
Мутант пайда болуы
Жасушаның генетикалық материалы өзгереді Жаңа қасиеттері бар организм қалыптасады
10.
Кейс-стади (3 топтық жұмыс)Нұсқаулық (барлық топқа):
Кейсті оқып, 3 сұраққа жауап беріңдер:
1. Бұл кейс де Фриздің қай идеясын дәлелдейді?
2. 2 дәлел келтір (мәтіндегі белгі/дерекке сүйен).
3. «Мутация → өзгеріс → сұрыпталу/түр түзілу»
байланысын 2–3 сөйлеммен түсіндір.
2-топ кейсі: «Сұрыпталу неге бірден әсер етеді?»
Қоршаған орта (құрғақшылық/суық) күрт өзгергеннен кейін
өсімдіктердің көп бөлігі әлсірейді. Бірақ кейбір дараларда
жапырағы қалыңырақ болып, олар аман қалады да, келесі
жылдары көбірек көбейеді. Ғалымдар бұл дараларда бұрын
болмаған өзгеріс бар екенін байқайды.
Топ сұрағы:
Мұнда мутация мен табиғи сұрыпталудың байланысы қалай
көрінеді?
Жауап бағыттамасы: мутация жаңа белгі береді, табиғи
сұрыпталу пайдалысын сақтайды → эволюциялық өзгеріс
жүреді.
1-топ кейсі: «Кенеттен пайда болған белгі»
Бір алқаптағы өсімдіктер бірнеше жыл бойы бірдей болып
өсіп келген. Бір жылы кенеттен бір өсімдікте гүл түсі өзгеше
болып, сол белгісі ұрпағында да сақталды. Келесі жылы дәл
сондай белгісі бар бірнеше өсімдік көбейіп, жаңа тұрақты топ
пайда болды.
Топ сұрағы:
Бұл құбылыс де Фриздің қандай тұжырымына сәйкес келеді?
Жауап бағыттамасы: мутация кенеттен пайда болады, тұқым
қуалайды, жаңа формалар/түрлер пайда болуы мүмкін.
3-топ кейсі: «Эволюция баяу ма, әлде секірмелі ме?»
Бір топ оқушы эволюция әрқашан өте баяу жүреді деп
ойлайды. Бірақ кейбір жануарларда (мысалы, бактерияларда
немесе жәндіктерде) жаңа белгілер қысқа уақытта байқалып,
популяция тез өзгереді. Мұғалім: «Бұл өзгерістер кейде
бірден болатын тұқымқуалайтын өзгерістермен байланысты»
дейді.
Топ сұрағы:
Де Фриз теориясы бұл пікірді қалай түсіндіреді?
Жауап бағыттамасы: эволюция кейде секірмелі (салтаторлық)
болуы мүмкін; жаңа белгінің көзі — мутация.
11.
Құндылық:Әділдік және жауапкершілік – жауапты дәлелмен негіздеп, дерекке сүйенеді.
Бірлік және ынтымақ – топта рөл бөлісіп, ортақ шешімге келеді.
Жасампаздық және жаңашылдық – байланысты сызба/логикалық тізбекпен қысқа әрі нақты
көрсетеді.
3 баллдық дескриптор
Бағалау критерийі: де Фриз теориясының идеясын кейс арқылы түсіндіреді және эволюциядағы
рөлін сипаттайды.
3 балл
Кейс бойынша дұрыс идеяны анықтайды (мутацияның кенеттен
болуы/тұқымқуалауы/сұрыпталумен байланысы);
2 нақты дәлел келтіреді (кейс мәтініндегі дерекке сүйеніп);
Байланысты 2–3 сөйлеммен толық әрі дұрыс түсіндіреді (мутация → жаңа белгі → сұрыпталу/түр
түзілу).
2 балл:
Идеяны дұрыс айтады, бірақ 1 дәлел ғана келтіреді немесе түсіндіру толық емес/жалпы.
1 балл:
Идеяны қате анықтайды немесе дәлел жоқ, түсіндіру өте қысқа/қате.
12.
(Жұптық жұмыс) Сәйкестендіру тестhttps://learningapps.org/watch?v=pa3ywgw5c25
Тақырып: Кенеттен/индукцияланған және соматикалық/генеративтік мутация
Нұсқау: 1–8 тұжырымдарды A–D ұғымдарымен сәйкестендіріңдер.
Құндылық:
Әділдік және жауапкершілік – жұпта жұмыс істегенде әр оқушы өз үлесін қосып, жауапты дәлелмен таңдап,
нәтижесіне жауап береді.
Бірлік және ынтымақ – серіктесін тыңдап, пікір алмасып, ортақ шешімге келеді.
Бағалау критерийі: Оқушы мутация түрлерін (кенеттен/индукцияланған; соматикалық/генеративтік) дұрыс
сәйкестендіріп, олардың ұрпаққа берілу ерекшелігін ажыратады.
Дескриптор:
4 балл:
Барлық тұжырымдарды дұрыс сәйкестендіреді (A–1,5; B–2,6; C–3,7; D–4,8);
Мутация түрлерінің ұрпаққа берілу/берілмеуін дұрыс түсінеді (генеративтік беріледі, соматикалық берілмейді).
3 балл:
Көпшілігін дұрыс сәйкестендіреді, 1 қате бар немесе ұрпаққа берілуін түсіндіруде ұсақ қате жібереді.
2 балл:
Жартысынан көбі дұрыс, 2–3 қате бар; ұғымдарды ажыратуы толық емес.
1 балл:
Көп қате жібереді, мутация түрлерін ажыратуда айқын қиындық бар.
13.
PISA тапсырма (3 балл)Тақырыбы: Мутагенез себептері және алдын алу
Жағдаят: 10-сынып оқушысы Айдана жазда теңіз жағасына жиі барып, күннің астында ұзақ жүреді. Кейде күннен қорғайтын крем
жақпайды. Сонымен қатар, үйінде жөндеу жүріп жатыр: бояудың иісі шығады, желдету сирек жасалады. Бір апта бұрын Айдана
тұмаумен ауырып, вирустық инфекциямен ауырған.
1) Тест (1 дұрыс жауап)
Айдананың жағдайында физикалық мутаген ретінде қайсысы жатады?
A) Бояу еріткіштерінің иісі
B) Ультракүлгін (күн) сәулесі
C) Вирус
D) Темекі түтіні
2) «Иә/Жоқ»
Бояу еріткіштері мен химиялық булар химиялық мутагендерге жатады. (Иә/Жоқ)
3) Ашық сұрақ (қолдану)
Айдананың жағдайынан бір қауіп факторын (физикалық/химиялық/биологиялық) таңдап:
1. қай мутаген түрі екенін атаңыз;
2. неге қауіпті екенін 1 сөйлеммен түсіндіріңіз;
3. кемінде 2 алдын алу жолын ұсыныңыз.
Құндылық:
Әділдік және жауапкершілік – оқушы қауіп факторын дерекке сүйеніп анықтап, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайды.
Заң және тәртіп – қауіпсіздік ережелерін (УК-қорғаныс, химиялық заттармен жұмыс, гигиена) сақтаудың маңызын түсінеді.
14.
Кері байланыс: «Бір ауыз сөз»1. Сабақта алынған мәлімет өміріме қажет деп есептеймін, себебі...
2. Сабақ кезінде берілген тапсырмалар арқылы білімімді тексердім,
себебі...
3. Сабақ кезіндегі берілген тапсырмалар қиындық тудырды, себебі...
Құндылық:
Әділдік және жауапкершілік – оқушы өз оқу үдерісін шынайы бағалап,
алған біліміне жауапкершілікпен қарайды.
Жасампаздық және жаңашылдық – ой қорытындысын қысқа, мәнді
сөзбен жеткізеді.
biology