Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың жоспары
Сабақтың өту барысы
С а б а қ т ы б е к і т у Есептер шығару
Ойлан, тап. 1 топ
Ойлан, тап. 2 топ
Ойлан, тап. 3 топ
Тест. 1топ
Тест. 2 топ
Тест. 3 топ
Тест жауаптары
Физикалық формулалар
Үйге тапсырма:
1.69M
Category: physicsphysics

Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

1. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау

2. Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:
Өткізгіштерді тізбектей және параллель
жалғаудың негізгі заңдылықтары мен
ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушылардың электр
тізбегін зерттеуде және есептеуде білім-білік
дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық және
танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:
Батылдыққа, көрегендікке ,еңбекшілдікке
тәрбиелеу.

3.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты
түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Тірек- сызбалармен,
формулалармен, құрал-жабдықтармен
жұмыс.
Көрнекіліктер: Тірек- сызбалар.
құрал- жабдықтар.

4. Сабақтың жоспары

Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақты оқып-үйрену
Тақырыпты бекіту
Үйге тапсырма беру
Қорытынды, бағалау

5. Сабақтың өту барысы

6.

Үй тапсырмасын тексеру
(сұрақ - жауап)
1 - топ
2 - топ
3 - топ
Электр тоғы деген не?
Кернеу деген не?
Өткізгіштің кедергісі неге
байланысты болады?
Тоқ күші деген не?
Кернеудің өлшем
бірлігі?
Кедергінің өлшем
бірлігі?
Тоқ күшінің өлшем
бірлігі?
Ом заңын пайдаланып
кернеуді тап?
Ом заңын пайдаланып
кедергіні тап?
Тоқ күшін өлшейтін
құрал?
Кернеуді өлшейтін
құрал?
Кедергіні өлшейтін
құрал?
Электр тоғының
әсерлері?
Э. К. Қ. Неге тең?
Толық тізбек үшін Ом
заңы.

7.

Сызбамен жұмыс
1 - топ
Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады?
Қатесін анықта.

8.

Сызбамен жұмыс
2 - топ
Сызба бойынша тізбек бөлігінің тоқ күшін табыңдар

9.

Сызбамен жұмыс
3 - топ
Сызба бойынша тізбектегі электр қозғаушы күшін
табыңдар

10.

Ж а ң а
с а б а қ
Тұрмыста және техникада әр түрлі
тұтынушылар : қыздыру шамдары, үтіктер,
электр пештері , электрқозғалтқыштары және
т.б. электр құралдарын пайдаланады. Бұлар
түрліше жалғанады.
Өткізгіштерді жалғау тәсілдерін
қарастырайық :

11.

1 – жағдай.
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің
басымен, екінші өткізгіштің соңы үшіншінің
басымен жалғанса ,онда мұндай қосуды тізбектей
жалғау деп атайды.

12.

2 – жағдай.
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде , ал ұштарын
екінші бір В нүктесінде жалғасақ , онда мұндай жалғауды
өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды.

13.

Өткізгіштерді тізбектеп
жалғағанда ток күштері тең, ал
тізбектегі жалпы кернеу оның
бөліктеріндегі кернеулердің
қосындысына тең болады, ал
жалпы кедергі әрбір өткізгіш
кедергілерінің қосындысынан
тұрады.
I= I1=I2=…=In
U= U1+U2+…+Un
R=R1+R2+…+Rn
Өткізгіштерді параллель
жалғағанда , тізбектің барлық
бөліктерінде кернеу бірдей, ал
тізбектегі жалпы ток күші әрбір
өткізгіштегі ток күштерінің
қосындысына тең , жалпы
кедергі әрбір өткізгіштің
кедергісінен кем болады.
U= U1=U2=…=Un
I= I1+I2+…+In

14. С а б а қ т ы б е к і т у Есептер шығару

Сабақты бекіту
Есептер шығару
1 - топ
2 - топ
3 - топ
R1 резистордағы кернеу
3В- қа тең. R2
резистордағы кернеу
неге тең
Әрқайсысы 6 Ом
резистордың қосылу
сызба нұсқасы суретте
көрсетілген. Электр
тізбегінің барлық
бөлігіндегі жалпы
кедергісін анықтаңдар.
Кедергісі 100 Ом
өткізгіш сымды екіге
теңдей бөліп, параллель
жалғаған. Осы кездегі
оның кедергісі қандай
болады ?

15. Ойлан, тап. 1 топ

Электр тоғына сипаттама жазыңдар
Электр тогы

16. Ойлан, тап. 2 топ

Тұрақты тоқтың тоқ күшін, кернеуін, кедергісін есептеу формулаларын жаз.
Тұрақты ток

17. Ойлан, тап. 3 топ

Өткізгіштерді қосу түрлері туралы жазыңдар.
Өткізгіштерді қосу

18. Тест. 1топ

1. Электр тоғы ұғымын физикаға енгізген ғалым?
а. Ампер б. Вольта с. Кулон
2. Тізбек бөлігіндегі кернеуді қандай құралмен өлшейді және
ол тізбекке қалай жалғанады?
а. Амперметр, тізбектей б. Вольтметр, тізбектей
с. Вольтметр, параллель
3. Өткізгіштерді қалай жалғағанда тізбектегі кернеу тұрақты
болады?
а. Тізбектей б. Аралас с. Параллель
4. Кедергісі 30 Ом электр қайнатқыштан 5 ампер тоқ күші
өтетін болса ол қандай кернеуге есептелген?
а. 15В б. 150В с. 6В
5. Тұрмыстық қажеттер үшін қандай кернеулер пайдаланыды?
а. 220В б. 120В с.360В

19. Тест. 2 топ

1. Үтік тоқтың қандай әсеріне негізделіп жасалынған?
а. Магниттік б. Механикалық с. Жылулық
2. Өткізгіштегі тоқ күшін қандай құралмен өлшейді
және ол тізбекке қалай жалғанады?
а. Амперметр, тізбектей б. Амперметр,
параллель с. Вольтметр, тізбектей
3. 6 кА болатын тоқ күшін ампермен өрнекте?
а. 0,6 а б. 600 А с. 6000 А
4. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар
параллель жалғанғанда жалпы кедергі неге тең
болады?
а. 1,2 Ом б. 1,3 Ом с. 1,5 Ом
5. Металл өткізгіштердің температурасын
арттырғанда тоқ күші қалай өзгереді?
а. Кемиді б. Артады с. Өзгермейді

20. Тест. 3 топ

1. Металдардағы электр тоғын қандай тасымалдаушылар
тудырады?
а. Оң иондар б. Протондар с. Электрондар
2. Ом заңы бойынша кедергі қалай өрнектеледі?
а. R=U/I б. R=UI C. R=I/U
3. Кедергілері 3 Ом және 2 Ом резисторлар тізбектей
жалғанғанда жалпы кедергі неге тең болады?
а. 6 Ом б. 5 Ом с. 1,5 Ом
4. Шамнан 5 сек ішінде 45 Кл заряд өткенде тоқ күші неге тең?
а. 225 А б. 9 А с. 15 А
5. Өткізгіштің меншікті кедергісінің өлшем бірлігі?
а. Ом/ метр б. Ом*метр с. Ом

21. Тест жауаптары

1 - топ
2 - топ
3 - топ
1–а
2–с
3–с
4–б
5–а
1–с
2–а
3–с
4–а
5–б
1–с
2–а
3–б
4–б
5–б

22. Физикалық формулалар

Үш топтан оқушылар шығып физикалық формулалардың мәнін түсіндіреді.
1 - топ
2 - топ
3 - топ

23.

Сабақты қортындылау.
Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бағалау.

24. Үйге тапсырма:

Есептерді шығару
§ § § 9 § 9.4.
1. Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген.
Кедергісі R1 36 Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1 9 B .
Кедергісі R2 64 Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың
ұштарындағы кернеу 120 В болғандағы өткізгіштің R3 кедергісін
анықтаңдар.
Жауабы: 16 В, 480 Ом
2. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген.
Кедергісі R 44 Ом өткізгіш арқылы I 5 A ток өтеді.
1
1
I 2 0,8 A ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
Жауабы: 275 Ом
English     Русский Rules