5.02M
Category: psychologypsychology

Педагогика. 4 дәріс

1.

Педагогика
4 дәріс

2.

Жеке тұлға тәрбиенің объектісі,
субъектісі ретінде және оның
дамуы мен қалыптасуының
факторы

3.

Әдебиеттер: 01
Әбиев Ж., Бабаев С.Б., Құдиярова А.
Педагогика. Алматы, 2008
02
Бабанский Ю.
03
Ильина Т.
04
Подласый И.П.
05
Мудрик А.В.
Педагогика. Москва, 2018.
Педагогика. Москва, 2014.
Педагогика. Новый курс. М.: ВЛАДОС, 2003.
Социализация и смутное время. – М.,2000

4.

Жоспар:
1.
Жеке тұлға туралы жалпы түсінік
2.
Жеке тұлғаны тәрбиелеу,
қалыптастыру, дамыту факторлары
(тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие,
іс-ірекет)
3.
Балалардың жас және жеке
ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбиелеу
процесінде есепке алу

5.

Педагогика теориясы мен практикасының ең күрделі, ең өзекті мәселелерінің бірі – тұлға
және оның арнайы ұйымдастырылған жағдайдағы дамуы.
Бұл проблема көп аспектілі, сондықтан оны әртүрлі ғылымдар зерттейді
философия
психология
әлеуметтану
педагогика
тұлғаны таным
мен
творчествоның,
іс-әрекеттің
субъектісі
ретінде
қарастырса
тұлғаны
психикалық
қасиеттер мен
процестердің:
мінез-құлық,
темперамент,
қабілет,
т.б.
тұрақты
жиынтығы
ретінде
зерттейді
тұлғаны
әлеуметтік
өмірге белсеңді
түрде
араласатын,
әлеуметтік
қатынастардың
субъектісі
ретінде
қарастырады
оқыту
мен
тәрбие
процесінде
тұлғаның жанжақты,
гармониялы
дамуының
тиімді
жағдайларын
анықтайды
және зерттейді

6.

«Тұлға» түсінігінің мәнін, оның «адам», «индивид» және «даралық» түсініктерімен
ара-қатынасы, байланысы
* Адам–тіршілік иесі, өкілі, фило және
онтогенетикалық даму өнімі, адамзат
қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен
белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің
жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық
процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік
шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.
Адам
Индивид
* Индивид - латын тiлiнен алынған және оның
қазақша баламасы – “жекелiк”. Күнделікті
тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесілі
ерекшеліктері бар нақты бір адамды айтамыз.
Индивид – жеке-дара адам.
Даралық
*Даралық - бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр
тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығы, оның
ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi.
Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң
ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және
мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен
қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi.
Тұлға
* Жеке тұлға - әлеуметтiк қатынастар мен саналы ісәрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Тұлға қоғамдық өмірдің өнімі, тірі организм. Тұлға психикалық дамуында белгілі бір деңгейге жеткен
адам. Тұлға – белгілі бір функцияларды атқару үшін
пайда болатын психикалық жүйе.

7.

Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы (оның саналылығы,
жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы) және оның әлеуметтiк
функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға
қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгiлi бiр
деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi,
қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).
Биологиялық
тұлғаны тек қана
табиғи өнім ретінде
қарастыра отырып
адамның мінез-құлқын,
жүріс-тұрысын туа
біткен қажеттіліктер,
инстинктер ықпалы
деп түсіндіреді
Әлеуметтік
Биоәлеуметтік
адам биологиялық
тіршілік иесі бола тұра
өмір сүру барысында
өзі қарым-қатынасқа
түскен әлеуметтік
топтардың ықпалы
арқылы біртіндеп
әлеуметтенеді деп
есептейді
психикалық процестер
(түйсік, қабылда, ойлау
және т.б.) биологиялық
негіде, ал тұлғаның
бағыттылығы,
қызығушылықтары,
қабілеттері әлеуметтік
құбылыс ретінде
қалыптасады деп
түсіндіреді
Педагогикада және психологияда тұлға және оның дамуы проблемасы
бойынша үш бағыт болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік.

8.

Тұлғаның мәнді сипаттамалары:
1)
дүниетанымының
мазмұны, психологиялық
мәні;
4)
қажеттіліктер мен
қызығушылықтар сипаты және
мазмұны;
2)
дүниетанымының,
сенімдерінің тұтастығы;
3)
қоғамдағы өз орнын
сезіну деңгейі;
5)
әртүрлі тұлғалық
қасиеттерінің көріну мен
қатынасының ерекшеліктері.

9.

Сонымен қатар тұлғаның маңызды сипаттамаларына
тұлғаның мінез-құлқында, іс-қимылының бірізділігінде көрінетін
тұрақтылығы
тұлғаның барлық жақтарының тығыз өзара әрекеттерімен және
байланыстарының тұрақтылығымен шартталған тұтастығы
жағдайға бейімделіп, оны түрлендіріп өзінің іс-әрекет сферасын
кеңейтуге ұмтылатын белсенділігі

10.

Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның “дамуы” мен
“қалыптасуы” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе болып табылады.
тұлғаның
қалыптасуы
тұлғаның дамуы
Бұл ұғым тұлғаның дамуының нәтижесі ретінде оны
тұрақты қасиеттерді меңгеруін білдіреді. Қалыптасу
дегеніміз «бір нәрсенің қалыпқа келуі» тұрақтылық,
аяқталғандық, белгілі бір тип.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән
жалпы қасиет болып табылады. Даму – адамның
сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен
нəтижесі. Даму нəтижесінде адам биологиялық түр
жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі.

11.

Даму - адамның анатомиялық-физиологиялық жетiлуiндегi, оның жүйке жүйесi
мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық ісәрекетiндегi дүниетанымы, өнегелiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен
сенiмдерiнiң кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара
тығыз байланысты процес
Биологиялық
өлшем
бұл адам организмінің
түр бейнесі мен
органимзнің
құрылысын және
формаларын зерттейді
Психология
лық өлшем
адамның ішкі жан
дүниесі, онда жүріп
жататын саналы және
санадан тыс
құбылыстар мен
процестер, адамның
еркі мен сипатын,
темпераментін, т.б.
қамтиды
Әлеуметтік
өлшем
адамды тұлға, яғни
белгілі бір тип,
бірнеше адамның
үлгісі, образы,
бейнесі, моделі
ретінде қарайды
Оқушы тұлғасының дамуы бір-бірімен байланысқан үш өлшем бойынша жүзеге
асады: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік

12.

Жеке тұлғаны тәрбиелеу, қалыптастыру, дамыту факторлары
(тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие, іс-ірекет)
Философтар Платон және Аристотель адамның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік факторлар мен
тәрбиенің әсерін ескермей, ол тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деген дәлелдерді алға тартады
Бихевиоризм бағытының негізін салушы американ психологы Эдуард Торндайк грек ойшылдарының
тужырымдарын қолдап, тұлғаның барлық қасиеттері генға, шыққан тегіне байланысты деп есептейді
Ағылшын философы Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы
тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі деген қорытындыға келеді
Американдық педагогы Джон Дьюи өзінің даму теориясын баладан туа пайда болған инстинкт және қабілеттермен
дәлелдейді. Пікірінше, адамда туысымен-ақ дайын талаптар мен қабілеттер және эмоциялар болады, сондықтан адам
табиғатын тәрбие арқылы өзгерту мүмкін емес дейді.
Австрия дәрігері Зигмунт Фрейд адам мінез-құлқының қозғаушы күштері оның биологиялық
тегіне байланысты деп түсіндіреді
Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық ерешеліктерімен, оның өзінің белсенділігімен,
ішкі қарама-қайшылықтарымен және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен шартталады. Оны Л.И.Божович «ішкі
даму процестері мен сыртқы жағдайлардың өзінше үйлесімі» деп атап көрсетеді.

13.

Б.Г.Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген факторлардың өзара әрекетімен шартталады:
тұқымқуалаушылық, қоршаған орта (әлеуметтік, табиғи), тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті.
Бұл факторлар дамудың күрделі құрылымына жеке-жеке емес, барлығы бірігіп ықпал етеді
Тұқымқуалаукшылық-бұл атадан балаға
берілетін тұрақты сапалар мен ерешеліктер.
Тұқымқуалаукшылықты тасушы – биологиялық
ген (грек сөзі - туындатушы).
Адамдағы тұқымқуалаушылықты екі түрге
бөлуге болады: жалпыадамзаттық(тік жүру
үшін, сананы, ақыл-ойды, сезім органдарын
дамыту үшін нышандар, шартсыз рефлекстер
және т.б.) және жеке (нерв жүйесінің типі,
орталық нерв жүйесі қасиеттері, анатомиялықфизиологиялық нышандар: бет әлпеті, түсі,
ауру түрлері және т.б..)
02
01
Тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн маңызды факторлар тәрбие. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызметтер
атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет
(ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы
адамзаттық мәдениет, т.б.), ал тар педагогикалық мағынада
тәрбие дегенiмiз – өсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық
құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар
мен ата-аналар арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң
педагогикалық процесiн ұйымдастыру
03
Адам-әлеуметтік, қоғамдық тіршілік иесі. Адамның
қоршаған ортамен өзара әрекеті «әлеуметтену»түсінігі
арқылы ашылады.
Ол туған күннен бастап әртүрлі әлеуметтік өзара
әркеттерге қосылады. Соған сәйкес тәжірибесі де
молая бастайды. Әлеуметтену – үздіксіз өмір бойы
жүретін процесс.
Әлеуметтену факторлары:
-макрофактор: мемлекет, ел, коғам, мәдениет;
-мезофактор: этнос, тұратын аймағы, тұратын жерінің
түрі, бұқаралық қарым-қатынас құралдары;
-микрофактор: отбасы, микросоциуам (жақын
қоршаған орта), тәрбие институттары, діни ұйымдар.
04
Тұлға дамуына әсер ететін тағы бір фактор
– тұлғаның өзінің белсенді іс-әрекеті. Ісəрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау
үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстары.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты
жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп
жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас,
қарым-қатынасы қалыптасады.

14.

Балалардың жас және жеке ерекшеліктері, оларды
оқу-тәрбиелеу процесінде есепке алу
Жас ерекшеліктер - белгілі бір өмір кезеңіне сәйкес анатомиялық-физиологиялық және
психикалық сапалар.
Қазіргі ғылымда оқушыладың жас ерекшеліктерін кезеңдеудің төмендегі түрі
қолданылады (И.П. Подласый):
D D
Сәбилік (1 жыл)
Мектепалды жасқа дейінгі кезең (1 – 3 жас)
Мектепалды жасы (3 – 6 жас)
Кіші мектепалды жасы (3 – 4 жас)
Орта мектепалды жасы (4 – 5 жас)
Үлкен мектепалды жасы (5 – 6 жас)
Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас)
Орта мектеп жасы (10 – 15 жас)
Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас)
D
Пренатальдық кезең
Жаңа туған сәби (6 аптаға дейін)
Емшектегі бала (1 жылға дейін)
1 – 3 жас аралығы
Мектепке дейінгі кезең (3 – 6 жас)
Мектеп жасы (6 – 11 жас)
Пубертаттық кезең (11 – 15 жас)
Жастық шақ (15 – 20 жас)
Педагогикалық
D
D
Психологиялық

15.

Түрлі жастағыларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері
Акселерация – балалық және жеткіншектік шақта дене және ішінара психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтар оны организмнің
физиологиялық пісіп-жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың жетілуімен, педагогтар – тұлғаның рухани дамуымен
және әлеуметтенуімен байланыстырады.
Акселерацияның негізгі себептері: өмірдің жалпы темпінің жылдамдауы, материалдық жағдайдың жақсатуы, тамақтанудың және
медициналық бақылау сапасының көтерілуі, ерте жастан балаларды күтіп-бағудың жақсаруы, т.б.
1
2
Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас). Жетекші іс-әрекет – оқу болады, жаңа міндеттер пайда болады,
айналадағылармен қатынас та жаңа деңгейге көтеріледі. Биологиялық жағынан бой өсуінің
жылдамдығы азаяды, салмақ қосу көбейеді; қаңқасы сүйектенеді, бұлшық ет жүйесі қарқынды
дамиды. Психикасы жылдам дамиды. Сезім мүшелері жұмысының дәлдігі артады. Қарымқатынас сферасының кеңеюі де маңызды роль атқарады.
Орта мектеп жасы (10-11-ден 15 жасқа дейін) балалықтан жастыққа өтпелі, күрделі кезең.
Бойдың тез өсуі жүреді, қаңқаның сүйектері берік, қатты бола түседі. Бұлшық ет күші жылдам
өседі, нерв жүйесінің дамуы жалғасады, ойлау жүйелі, тізбекті, жетілген бола түседі.
Адамгершілік және әлеуметтік қалыптасуы қарқынды жүреді, бірақ оқушы басшылыққа алатын
дүниеге көзқарас, адамгершілік идеалдар, бағалау жүйесі, моральдық принциптер әлі болса да
берік қалыптаспаған, достарының пікірі мен өмір қайшылығынан тез бұзылады
3
4
Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас). Жастық шақ – бұл дүниеге көзқарастың, мінез-құлықтың,
өмірлік бағдардың қалыптасу кезеңі, өзіндік сананың белсенді өсуі, ізденіс, үміт, армандау
уақыты. Этикалық мәселелерге қызығушылық, мінез-құлықта саналы мотивтер күшейеді.
Тұлғаның ұжымдағы жағдайы, ұжымдық қатынас сипаты маңызды орын алады. Мамандық
таңдау, өмірлік жоспарлары, құндылық бағытталуы қызығушылықтары жағынан ерекшеленеді

16.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
NO.1 Жеке тұлға туралы жалпы түсінік.
NO.2 Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде
қалыптасуындағы (биологиялық, әлеуметтік және
биоәлеуметтік) бағыттар.
NO.3 Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер
ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық
және әлеуметтік).
NO.4 Оқушылардың жеке жас тұлғалық дамуының жас
ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама.

17.

Thank You
English     Русский Rules