Similar presentations:
Шөлейт зонасы
1. Шөлейт зонасы
Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдықжауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен
жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады.
Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде
ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады.
Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура
зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда
өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.
2.
Тұрақты ағатын ең ірі өзендері:Ойыл
Жем
Topғай
Сарысу
Аягөз
3. Топырағы
• Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қарақоңыр топырақ. Қызғылт-күрең
топыраққа карағанда оның құрамында
шірінді аз болады. Топырақтың беткі
қабатында шірінді 2 - 3% ғана. Саз
топырақты жазық пен ойпаң үлескілерде
сортаңдар едәуір орын алады.
4. Өсімдіктері
• Шөл дала зонасында даланың әрі шөлдің өсімдіктерітаралған. Өсімдік жамылғысы
негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады.
Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады. Мұндай
жерлердің түсі біркелкі ашық болып көрінеді. Кей
жерлерде жусанның
арасында изен, ебелек, теріскен, көкпек өседі. Еспе
суы жер бетіне таяу жатқан сортаңды
жерлерде ши өседі. Ұлытау, Ортау, Бұғылы, Қызылар
ай, Шыңғыстау және т.б. жоталардың аңғарлары
арасында әр түрлі шалғын шөптер көп өседі. Бұл
таулардың беткейлерінде қайың, көктерек және
қарағай шоқ ормандары кездеседі. Бұлардың
арасында долана, мойыл, итмұрын, қарақат және таң
қурай өседі.
5. Жануарлары
Дала мен шөлде кездесетін шөлейт
жануарларынан сарышұнақ, қосаяқ, құм
тышқаны, құм қояндары сасық
күзен, қарсақ, түлкі, қасқырмекендейді.
Сонымен бірге онда күзен және түлкі бар.
Құстардан бүркіт, бозторғай кездеседі. Бір
кездерде жер қайыстырған ақбөкендер
мен қарақұйрықтар қазіргі кезде некенсаяқ қана кездеседі. Шөлейтте кесіртке
мен жыландар көп. Бұл өңірде зиянсыз
жыландардан — қара шұбар жылан, кіші
сарыбас жылан, су жыланы, улы
жыландардан - сұр жылан, қалқан тұмсық
жылан бар.
Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін
шамалы пайдаланылады. Мұнда негізінен
ашық-қызғылт топырақты жерде ғана
егіншілікпен шұғылданады.
Шөлейтте қой және жылқы
шаруашылығы басым дамыған. Ойдымойдым суармалы жерлерде көкөніс,
бақша егіледі.