Similar presentations:
Абсорбция және реабсорбция (2)
1. Абсорбция және реабсорбция. Зәрдің түзілуі. Су мөлшерін реттеу. Нысана мүшелер.
2.
3. Нефрон - бүйректің негізгі құрылымдық және қызмет атқаратын бірлігі.
4.
5.
Зәрдің түзілуі 2 процесстен тұрады.1. Алғашқы зәр түзілу фильтрация (сүзілу)
2. Соңғы зәр түзілу реабсорбция (кері сіңіру)
Алғашқы зәр бүйрек шумақтарында фильтрация капиллярлар арқылы
өтеді. Алғашқы зәрдің құрамында қан плазмасының нәруыздары
болмайды.
Бір тәуліктің ішінде 150-170 литр алғашқы зәр пайда болады.
Соңғы зәр (реабсорбция) түзілу құбылысы бүйрек түтікшелерінде өтеді.
Глюкоза, аминқышқылдары, витаминдер, су, тұздар кері қанға өтеді.
Осыдан 150 л алғашқы зәрден 1,5 л соңғы зәр пайда болады.
6.
7.
• Бүйрек түтікшелерінде судың 98-99%-ы қайта сіңеді:• -Проксималдық бөлімде судың – 40-45%-ы,
• -Генле ілмегінде – 25-28%-ы,
• -дисталдық бөлімде - 10 %-ы,
• -жинағыш түтіктерде – 10-15 %-ы қайта сіңеді
• Генле ілмегінің төмен түсетін бөлімінде су қайта сіңеді (осмос градиенті бойынша пассивті
түрде).
• Генле ілмегінің жоғары өрлейтін бөлімінде негізінен натрий иондары қайта сіңеді (активті
тасымалдау, сукцинат дегидрогеназа).
• Дисталдық иірім түтікшелер мен жинағыш түтіктерде судың факультативті (антидиурездік
гормонның (АДГ) әсерімен, ал Na альдостерона әсерімен) қайта сіңуі жүреді .
8. «Түтікшелік секреция» – заттардың қаннан түтікшелер саңылауына өтуі және заттардың түтікшелер эпителиінде синтезделуі.
Бұл процесс негізінен:• проксимальді өзекшеде,
• дистальді өзекшеде,
• жинағыш түтікшелерде жүреді.
Энергия (АТФ) қажет, яғни бұл — белсенді процесс.
9.
• Секрецияланатын заттар:• 1. Гиппур қышқылы.
• 2. NH3
• 3. K+
• 4. H+
• 5. Бөгде заттар (ПАК (пара-аминогиппур қышқылы), диадраст, пенициллин,
холин)
• Секрецияның биологиялық маңызы
• Қандағы улы және артық заттарды шығару
• Қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтау
• Иондық құрамды реттеу
10.
• 1 тапсырма.• 1 Фильтрация процесі
• Боумен капсуласында не өтетінін схемаға түсір.Қандай
заттар сүзіледі, ал қайсысы сүзілмейді – кесте құрастыр.
• 2 Реабсорбция
• Проксимальді өзекшеде не қайта сіңірілетінін жаз. Осмос,
диффузия, белсенді тасымалдаудың рөлін мысалмен
көрсетіңдер. Реабсорбция жолын түсіндір.
• 3 Зәрдің түзілуінің биологиялық маңызы
• Неліктен бастапқы зәр көлемі 180 л → соңғы зәр 1,5 л
болатынын түсіндір. Реабсорбция тоқтаса не болады? Зәр
түзілуінің ағза үшін 3 маңызын жаз.
11.
12.
13.
14. 1. Афференттік буын
Қызметі: ағзадағы су мөлшері туралы ақпаратты қабылдау.• Осморецепторлар (гипоталамуста)
• Барорецепторлар (қан тамырларында)
Нені сезеді?
• Қандағы осмостық қысымның жоғарылауы (су азайса)
• Қан көлемінің төмендеуі
• Ақпарат жүйке импульстары арқылы орталыққа беріледі.
15. 2. Орталық буын
2. Орталық буын• Орналасуы: Гипоталамус
• Қызметі: Келіп түскен ақпаратты талдайды
• Шөлдеу орталығын белсендіреді
• АДГ (антидиуретикалық гормон) синтезін күшейтеді
(гипофиздің артқы бөлігі арқылы)
Шешім қабылдайды: суды сақтау керек.
16. 3. Эфференттік буын
• Құрамы: Антидиуретикалық гормон (АДГ)• Қан арқылы тасымалданады
• Мақсатты орган:
• Бүйрек (жинағыш түтікшелер)
• Әсері:
• Судың қайта сіңірілуі артады
• Зәр көлемі азаяды
• Зәр қоюланады
17.
18.
• Нысана мүшелер (мақсатты органдар) —белгілі бір гормонға тікелей жауап беретін, яғни сол гормонның әсерін
қабылдайтын арнайы рецепторлары бар мүшелер.
• Нысана -мүшелер – жүрек, ми, бүйрек т.б.
• Мысалдар
• АДГ (вазопрессин) нысана мүшесі → бүйректер
• Нысана мүшелердің ерекшелігі:
• Гормонды «танитын» рецепторлары бар
• Гормон әсерінен физиологиялық өзгеріс жүреді
• Гормонның арнайы әрекет орны болып есептеледі
19.
• Әсер ету эффекті (әрекет әсері) — гормон нысана мүшегеәсер еткеннен кейін пайда болатын физиологиялық нәтиже.
Яғни гормонның организмдегі нақты атқаратын жұмысы.
• Гипофункция — бездің гормонды қалыптыдан аз бөлуі.
Нәтижесі: нысана мүше қызметінің төмендеуі.
• Гиперфункция — бездің гормонды қалыптыдан көп бөлуі.
Нәтижесі: нысана мүше қызметінің артуы.
20. Бұл кесте тақырыпты түсіндіру үшін қарапайым және түсінікті мәліметтерді ұсынады.
ҚадамТүсініктеме
1. АДГ деген не?
АДГ гипоталамус пен гипофизден бөлініп, бүйрекке су
мөлшерін сақтауды реттейді.
2. АДГ-ның рөлі
АДГ бүйрек түтікшелеріндегі аквапориндерді белсендіреді,
бұл судың қанға қайтуын қамтамасыз етеді.
3. Сусыздану жағдайы
Қан плазмасының осмолярлығы жоғарылап, гипоталамус
АДГ бөлінуін күшейтеді.
4. Су тапшылығы
АДГ деңгейінің жоғарылауы су тапшылығында суды ағзада
сақтап қалуға мүмкіндік береді.
5. Су көп мөлшерде ішу
Су көп болғанда, АДГ бөлінуі азаяды, бүйрек суды несеп
арқылы шығарады.
6. Қателіктер және
проблемалар
АДГ тапшылығы несептің артық бөлінуіне, ал оның шамадан
тыс бөлінуі су жиналып, ісінуге әкеледі.
21. АДГ (Антидиуретикалық гормон, вазопрессин) Гипоталамусте түзіледі, гипофиздің артқы бөлігі арқылы бөлінеді. Негізгі қызметі –
су алмасуын реттеу, бүйректе судың кері сіңірілуінкүшейту.
АДГ гипофункциясы (аз бөлінуі)
Негізгі патология: қантсыз диабет
Салдары:
• Бүйректе су кері сіңірілмейді
• Несеп өте көп бөлінеді (полиурия: күніне 10–20 л)
• Дененің сусыздануы
• Қатты шөлдеу (полидипсия)
• Қанның осмостық қысымы жоғарылайды
• Тұздардың концентрациясы өседі
Нәтижесі:
– Су тепе-теңдігі бұзылады, сусыздану қаупі жоғары.
22.
АДГ гиперфункциясы (шамадан көп бөлінуі)Негізгі патология: антидиуретикалық гормонның шамадан тыс секреция
синдромы
Салдары:
• Бүйрек суды тым көп кері сіңіреді
• Несеп азаяды (олигоурия)
• Денеде су жиналады
• Қан сұйылады → натрий деңгейі төмендейді (гипонатриемия)
• Бас ауруы, жүрек айну
• Ауыр жағдай – ми ісінуі
Нәтижесі:
– Су артық жиналып, электролит балансы бұзылады.
23.
• "Шөлдеуге" жауапты гормон• АДГ қандағы тұздардың концентрациясын бақылайды. Егер тұз деңгейі
жоғарыласа (мысалы, сусызданғанда), ми бірден сигнал беріп, АДГ
өндірілуін күшейтеді. Бұл бүйректерге суды сақтап, несеп көлемін азайтуға
мүмкіндік береді.
• АДГ-ның стресс кезіндегі рөлі
• АДГ стресс жағдайында бөлініп, қан қысымын арттырады. Бұл механизм
организмнің төтенше жағдайларға бейімделуіне көмектеседі.
• АДГ және есте сақтау
• Ғалымдар АДГ мидың есте сақтау процестеріне әсер ететінін анықтаған.
Кейбір зерттеулер оның нейрондардың ақпарат алмасуына ықпал ететінін
көрсетеді.
24. 2 тапсырма
25. 3 тапсырма. Сәйкестендіру
3 тапсырма. СәйкестендіруA. АДГ
1. Боумен капсуласында жүреді
B. Секреция
2. Су мен пайдалы заттардың қанға қайта өтуі
C. Реабсорбция
3. Зиянды заттардың түтікшеге бөлінуі
D. Фильтрация
4. Бүйректе судың қайта сіңірілуін арттырады
26. 4 тапсырма. Дұрыс / Бұрыс тұжырымдар
4 тапсырма. Дұрыс / Бұрыс тұжырымдар1. Реабсорбция кезінде барлық заттар зәрде қалады.
2. АДГ нысана мүшесі — бүйрек.
3. Су алмасуын гипоталамус реттейді.
4. Соңғы зәр бастапқы зәрден көп болады.
27. 5 тапсырма. Сызба құру
5 тапсырма. Сызба құру• «Су алмасуын реттеу» процесін сызба түрінде көрсет
28. Қорытынды
• Нефрон қандай қызмет атқарады?• Нефрон қандай бөлімдерден тұрады?
• Сүзілу үдерісі қайда жүреді?
• Бірінші несеп пен екінші несептің ерекшеліктері.
• Соңғы несеп құрамы мен мөлшері?
29. Үй жұмысы. Нефрон бөлімдерінде жүріп жатқан несептің бірінші және екінші реттік түзілу үдерісін сипаттаңыз. Кестені толтырыңыз.
Зәр түзілуҮдеріс
кезеңдері
I Бірінші реттік
зәр түзілу
II Екінші реттік
зәр түзілу
Қайда түзіледі
Құрамы
medicine