Өзім жайлы ақпарат (оқу, университет, факультет, мамандық). Осы шақ (Нақ осы шақ + еді, екен құрылымдарының білдіретін
Айтылым
ГРАММАТИКА
Нақ осы шақ + екен
Жаттығу.
Нақ осы шақ + еді
Жаттығу
Тапсырма
ЖАЗЫЛЫМ Жұптық жұмыс
Рөлдік ойын: «Бүгін және бұрын»
Үй тапсырмасы
СӨЖ тапсырмасы
2.08M
Category: psychologypsychology

1-апта 1-сабақ Тіл

1. Өзім жайлы ақпарат (оқу, университет, факультет, мамандық). Осы шақ (Нақ осы шақ + еді, екен құрылымдарының білдіретін

мағынасы)

2. Айтылым

1. Факультетіңіз қалай аталады?
2. Қандай мамандықта оқып жатырсыз?
3. Осы мамандықты неге таңдадыңыз?
4. Қазір қандай пәндерді оқып жүрсіз?
5. Болашақта өзіңізді қандай маман
ретінде елестетесіз?
20XX
Presentation title
2

3. ГРАММАТИКА

Нақ осы шақ (жұрнағы –ып/іп/п жатыр / отыр / жүр / тұр)
Қазір болып жатқан іс-әрекетті білдіреді.
1 Мен
Біз
Мысалы: Мен сабақ оқып жатырмын.
2
жаз
қуан
+ ып
қыдыр
демал
бөл
жүз
+ іп
кес
секір
ойна
тыңда
+п
биле
жөнде
Сен
Сендер
Сіз
Сіздер
основа глагола + ып / іп /
п
тұр, жүр, отыр, жатыр +
3 Ол,
Олар
Нақ осы шақ + еді
Бұрын сол әрекетті істеп жүргенін, бірақ қазір істемейтінін білдіреді.
Мысалы: Мен ол кезде мектепте оқып жүр едім.
Нақ осы шақ + екен
Біреуден естіп білу, кейін аңғару мағынасын береді.
Мысалы: Ол шет тілін үйреніп жүр екен.
мын / мін
мыз / міз
сың / сің
сыңдар /
сіңдер
сыз / сіз
сыздар / сіздер

4. Нақ осы шақ + екен

1. Нақ осы шақ тұлғасындағы етістік «екен» көмекші етістігімен тіркесіп, сөйлеуші
осы шақта болып жатқан іс-әрекет туралы жақында ғана білген кезде
қолданылады. «Екен» сөзіне жіктік жалғау жалғанады.
Құжаттарды қабылдап жатыр екен (Яғни, құжаттарды қабылдап жатқан болып
шықты).
Нақ осы
шақ + екен
2. Бұл форма І жақта өте сирек қолданылады, ал ІІ және ІІІ жақтарда көбінесе
«ғой» сөзімен тіркесіп қолданылады. «Ғой» сөзі сөйлемге аяқталғандық таңдану
мағынасын үстейді:
Сен сурет салумен айналысып жүр екенсің ғой! (Оказывается, ты занимаешься
рисованием!)
3. Сұраулы сөйлемде «екен» көмекші етістігі сөйлеушінің болжамын, күмәнін,
таңданысын білдіреді және сұраулы сөйлемді жұмсартады.
Балалар фильм көріп отыр ма екен? Дети смотрят фильм?
Ол семинарға қатыспай жүр ме екен? Разве он не посещает семинары?

5.

Етістіктің негізі (основа глагола) -у жұрнағы алынған кезде анықталады.
• Мысалы: Араласу-аралас, сөйлесу-сөйлес, оқу-оқы, табу-тап, есту-есті.
Қажетті етістікті таңдаңыз, нақ осы шақ + екен моделі бойынша сөйлем
құрастырыңыз: ұялу, тарқау, түсіну, қолдау, шабыттану, көңіл бөлу, ұмыту, сағыну,
үйрету.
• Олар сені жақсы түсініп отыр екен (ғой).

6. Жаттығу.

Қажетті етістікті таңдап, сөйлемді аяқтаңыз.
Үлгі: Ол дүкенін енді (асығу, тарқау, ашу) ашып жатыр екен.
Сіздер балконда (ауысу, әңгімелесу, басқару)__________________
Аяжан екеуі ортада (билеу, азайту, есептеу)____________________
Болат олимпиадаға (дамыту, болу, дайындалу)_________________
Ол флэш-картасын (бітуру, жіберу, жоғалту)____________________
Сендер қазір жиі (кездесу, жүру, әлдену)______________________
Олар тамағын тапсырыспен (жұқтыру, сатып алу, білдіру)________

7. Нақ осы шақ + еді


1. «… еді» көмекші етістігі өткен шақтағы аяқталмаған әрекеттерді сипаттау үшін қолданылады.
Ол кеше сабаққа келе жатыр еді. (Факт: ол сабаққа барған. Әрекет өткен, бірақ толық аяқталмаған.)
Мен сол кезде кітап оқып отыр едім. (Факт: мен кітап оқығанмын. Әрекет аяқталмаған, өткен шақтағы жағдай.)
Досым үйде фильм көріп отыр еді.(Факт: Досы фильм көрген, процесс аяқталмаған, өткен шақта болған.)
• 2. «… еді» көмекші етістігіне жіктік жалғауы жалғанады.
• Сендер сөйлесіп отыр едіңдер. (вы разговаривали).
• Бұл форма көбіне ғой сөзімен бірге қолданылғанда нақтылау мағынасын береді.
• Олар сөйлесіп отыр еді ғой (Они же разговаривали).
• 3. Сұрау мағынасында «еді» сөйлеушінің болжамын, күмәнін, таңданысын білдіреді.
Ол ұйықтап жатыр ма еді? (Он разве спал?)
• Ол сабаққа келмей жүр ме еді? (Разве он не ходит на занятия?)

8.

• Сұраулық шылау ма/ме сөзі «еді» сөзімен бірге айтылғанда, а/е дыбысы түсіп, олар біртұтас, бір сөз сияқты
айтылады
Мысалы:Жұмысқа барып жүр ме екен? → Жұмысқа барып жүр мекен?
Ол сабаққа келіп отыр ма еді? → Ол сабаққа келіп отыр меді?
1. Әсел биге барып жүр еді. Әсел ходила на танцы.
2. Ол саған көмектесіп жүр ме еді? Разве она тебе помогала?
3. Мен ол кезде кітап оқып отыр едім. В тот момент я читала книгу.
4. Бір жаққа асығып тұр еді. Он куда то торопился.

9. Жаттығу

Қажетті етістікті таңдап, сөйлемді аяқтаңыз: бастау, сатып алу, әңгімелесу, отыру,
қайталау, алаңдау, қуану.
Екеуі осы жерде әңгімелесіп отыр еді.
Әжең саған қатты ____________________
Біз жиналысты енді___________________
Өткен тақырыптарды__________________
Бүгінгі жаңалықтарға ол ________________

10. Тапсырма

«Менің күнделікті өмірім»
Мен қазір университетте оқып жүрмін. Күн сайын таңертең спорт залға барып жүремін. Бұрын
таңертең ерте тұру қиын болып жүр еді, қазір дағдыға айналды. Достарым айтып жүр: «Сен
өте еңбекқор болып жүр екенсің». Бұрын өзімді онша еңбекқор емеспін деп ойлап жүр едім,
қазір шынымен көп еңбектеніп жүргенімді байқаймын.
Тапсырмалар:
Мәтіндегі нақ осы шақ + еді, екен формаларын табыңыз.
Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз.
Өз өміріңізбен салыстырып, 4-5 сөйлем жазыңыз.

11. ЖАЗЫЛЫМ Жұптық жұмыс

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. нақ осы шақты және «еді/екен» формаларын
қолдана отырып диалог құрастырыңыз:
Қазір немен айналысып жүрсіз?
Бала кезіңізде немен айналысып жүр едіңіз?
Бұрын қандай хоббиіңіз бар еді?
Достарыңыз сіз туралы не айтып жүр екен?

12. Рөлдік ойын: «Бүгін және бұрын»

• Студент А – журналист
Студент В – сұхбат беруші
• Тапсырма:
Қазір не істеп жүргенін нақ осы шақпен
айтады.
Бұрын нені істеп жүргенін еді формасымен
айтады.
Журналист соңында қорытынды жасап,
естігендерін екен формасымен баяндайды.

13. Үй тапсырмасы

«Өзім туралы: бұрын және қазір» тақырыбында 8–10
сөйлем жазыңыз.
Үлгі: Мен қазір қазақ тілін белсенді оқып жүрмін.
Бұрын грамматиканы түсіну қиын болып жүр еді.
Достарым менің тілді жақсы үйреніп жүргенімді айтып
жүр.

14. СӨЖ тапсырмасы

• Тақырып: Менің достарым
• Талап: Canva-да презентация әзірлеңіз.
• 1-слайд: Кіріспе. Дос, достық туралы айтыңыз.
• 2-3-4-слайдтар: Негізгі бөлім. Достарыңыз туралы айтыңыз:
• бұрынғыдостарыңыз, қазіргі достарыңыз. Бір досыңызға мінездеме
беріңіз.
• 5-слайд: Қорытынды.
• Сөйлемдердің жалпы саны: 12-14. Нақ осы шақ + еді, екен құрылымы
кемінде 6-7 болуы керек.
Баяндауға берілетін уақыт – 2 минут.
Дедлайн – 23.01 Сағат 11.00
English     Русский Rules