Қaзaқстaн Республикaсы тіршілік қaуіпсіздік негіздері сaлaсындaғы зaңнaмaлaр
Азаматтық қорғау туралы заң 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Назарларыңызға рахмет!
1.35M
Category: educationeducation

1_Дәріс (1)

1.

Азаматтық қорғаныстың құрылуы
мен жұмыс жасау қағидалары,
тәртіптері (ҚР-ғы АҚ)
Алигожина Дина Амангельдыевна
Магистр, аға оқытушы
Павлодар,
2025 ж.

2.

Дәріс жоспары
1. Азаматтық қорғау туралы заңнама
2. Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері
3. Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары
4. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің
басшылығы
5. Азаматтық қорғаудың басқару органдары
6. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы
7. Бірыңғай кезекші –диспетчерлік «112» қызметі

3. Қaзaқстaн Республикaсы тіршілік қaуіпсіздік негіздері сaлaсындaғы зaңнaмaлaр


Қaзaқстaн Республикaсы тіршілік қaуіпсіздік негіздері сaлaсындaғы
негізгі зaңдылықтaр:
– «Азaмaттық қорғaу турaлы» Қaзaқстaн Республикaсы Зaңы 2014 жылы 11
сəуірде қaбылдaнды.
– «Төтенше жaғдaй турaлы» Қaзaқстaн Республикaсы Зaңы 2003 жылы 08
aқпaндa қaбылдaнды.
– «Соғыс жaғдaйы турaлы» Қaзaқстaн Республикaсы Зaңы 2003 жылы 05
нaурыздa қaбылдaнды.
– «Хaлықтың рaдиaциялық қaуіпсіздігі турaлы» Қaзaқстaн Республикaсы
Зaңы 1998 жылы 23 сəуірде қaбылдaнды.
– «Əскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі турaлы»
Қaзaқстaн Республикaсы Зaңы 2012 жылы 16 aқпaндa қaбылдaнды.
– «Хaлық денсaулығы және денсaулық сaқтaу жүйесі турaлы» Қaзaқстaн
Республикaсының Кодексі 2020 жылы 7 шілдеде қaбылдaнды.
– «Жол жүрісі турaлы» Қaзaқстaн Республикaсы Зaңы 2014 жылы 17 сəуірде
қaбылдaнды.

4. Азаматтық қорғау туралы заң 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасы
Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан жəне
Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерінен тұрады.
Еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңістігін пайдалану,
химиялық жəне ядролық қаруды жою, оқ-дəрілерді пайдалану жəне кəдеге
жарату кезіндегі қауіпсіздік, автомобиль жолдарымен жəне теміржолдармен
жүру қауіпсіздігі, ішкі су көлігі жүрісінің қауіпсіздігі, энергетика объектілерінің
қауіпсіздігі, əуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі, су шаруашылығы жүйелері мен
құрылыстарының қауіпсіздігі, сондай-ақ əлеуметтік сипаттағы төтенше
жағдайлар саласындағы құқықтық реттеу Қазақстан Республикасының арнайы
заңнамасымен жүзеге асырылады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың
қағидалары қолданылады.

5.

Заң 9 бөлім, 20 тарау, 109 баптан тұрады

6.

Азаматтық қорғау туралы
Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейді, əрі табиғи жəне техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға жəне оларды
жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық жəне
психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркəсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық
қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің
ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті
қалыптастыруды, сақтауды жəне пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері
мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.

7.

Азаматтық қорғаудың негізгі міндеттері:
1) төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу жəне оларды жою;
2) төтенше жағдайлар туындаған кезде бейбіт уақытта жəне соғыс уақытында авариялыққұтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу арқылы адамдарды
құтқару жəне эвакуациялау;
3) азаматтық қорғау күштерін құру, оларды даярлау жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұру;
4) орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың мамандарын даярлау
жəне халықты оқыту;
5) қорғаныш құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғану құралдарының запастарын
жəне азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкін жинақтау жəне əзірлікте ұстап тұру;
6) төтенше жағдай туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын жəне (немесе)
төтенше жағдай туындаған кезде жедел халыққа, азаматтық қорғаудың басқару
органдарына хабар беру жəне құлақтандыру;
7) азық-түлікті, су көздерін (шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін су жинау орындарын),
тағамдық шикізатты, жемді, жануарлар мен өсімдіктерді радиоактивтік, химиялық,
бактериологиялық (биологиялық) зарарланудан, эпизоотиядан жəне эпифитотиядан
қорғау;
8) өнеркəсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) құлақтандыру жəне байланыс жүйелерін құру, дамыту жəне ұдайы əзірлікте ұстап тұру;
10) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардың қауіпті факторларының əсер етуін азайту
немесе оларды жою жөніндегі іс-шараларға мониторинг жүргізу, оны əзірлеу жəне іске
асыру;
11) мемлекеттік резервті қалыптастыруды, сақтауды жəне пайдалануды қамтамасыз ету
болып табылады.

8.

Азаматтық қорғаудың негізгі қағидаттары:
1) аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғау
жүйесін ұйымдастыру;
2) төтенше жағдайлардан азаматтар мен қоғамға төнген
қатерді жəне нұқсанды барынша азайту;
3) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының төтенше
жағдайларға жедел ден қоюға, азаматтық қорғанысқа жəне
авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін
жұмыстарды жүргізуге ұдайы əзірлігі;
4) жариялылық жəне халық пен ұйымдарға болжанып
отырған жəне туындаған төтенше жағдайлар, олардың
салдарларын жоюды қоса алғанда, олардың алдын алу жəне
жою жөнiнде қолданылған шаралар туралы хабар беру;
5) авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін
жұмыстарды жүргізу кезіндегі ақталған тəуекел жəне
қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

9.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басшылығы:
1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) аумақтық деңгейде – тиісті əкімшілік-аумақтық бірліктердің əкімдері;
3) объектілік деңгейде – ұйымдардың басшылары;
4) салалық кіші жүйелерде – орталық атқарушы органдардың басшылары
жүзеге асырады.
Азаматтық қорғаудың басқару органдары:
1) республикалық деңгейде:
- уəкілетті орган;
- салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық
атқарушы органдары;
2) аумақтық деңгейде:
- жергілікті атқарушы органдар;
- уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері;
- салалық кіші жүйелерде Қазақстан Республикасының орталық
атқарушы органдарының аумақтық бөлімшелері;
3) объектілік деңгейде – ұйым басшылары болып табылады.

10.

Бейбіт уақытта азаматтық қорғаудың мемлекеттік
жүйесінің мынадай жұмыс істеу режимдері белгіленеді:
1) күнделікті қызмет режимі – төтенше жағдайлардың
туындау қатерінің болмауымен сипатталатын, ведомстволық
бағынысты аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік
жүйесінің, оның аумақтық жəне салалық кіші жүйелерінің
жұмыс істеу тəртібі.
2) жоғары әзірлік режимі – төтенше жағдайлардың туындау
қатері төнген кезде енгізілетін азаматтық қорғаудың
мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші жүйелерінің
жұмыс істеу тəртібі.
3) төтенше жағдай режимі – төтенше жағдай туындаған
кезде жəне оны жою кезінде енгізілетін, азаматтық
қорғаудың мемлекеттік жүйесінің, оның жекелеген кіші
жүйелерінің жұмыс істеу тəртібі.

11.

«Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы іске
қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше
жағдайдың туындау қатері немесе туындауы туралы жəне
қалыптасқан жағдайда адамдардың əрекет ету тəртібі
туралы ақпаратты бір уақытта жəне бірнеше рет қайталап
жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

12.

Бірыңғай кезекші –диспетчерлік «112» қызметі
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың,
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уəкілетті
органдарының территориялдық бөлімшелерінде құрылады.

13. Назарларыңызға рахмет!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
English     Русский Rules