ЕББҚ балалардың тамақтану, ұйқы бұзылыстарын түзетуге арналған практикалық әдістер
6.11M
Category: medicinemedicine

ЕББҚ балалардың тамақтану, ұйқы бұзылыстарын түзетуге арналған практикалық әдістер

1. ЕББҚ балалардың тамақтану, ұйқы бұзылыстарын түзетуге арналған практикалық әдістер

Yerzhankyzy.B

2.

Сәбилік кезеңде баланың ему рефлексі біртіндеп жетіліп,
тұрақты дамып отыруы тиіс.
Ал «тамақтануы бұзылған балаларда» (problem feeders)
жиі ырғақсыз ему–жұту–тыныс алу қимылдары
байқалады, мұның салдарынан кейде құсу немесе
тұншығу жағдайлары туындайды. Уақыт өте келе
«қалыпты дамыған балалар» (typical feeders) – сәбилер
«аштық белгілерін» (жылау, анасына немесе бөтелкеге
ұмтылу) айқын көрсетіп, өздеріне ұсынылған тағамның
негізгі бөлігін қабылдайды.
Ал «тамақтануы бұзылған балаларда» мұндай «аштық
белгілері» әлдеқайда сирек байқалып, кейде тоқтаусыз
жылау кезеңдері болады, әрі олар небәрі бірнеше
минуттық тамақтанудан-ақ тоюы мүмкін.

3.

«Қалыпты дамыған балаларда» да қосымша тағамға (балалар
тағамына) немесе езілген тағамға көшу кезінде уақытша қиындықтар
кездеседі, бірақ олар уақыт өте өздігінен жойылады. Ал «тамақтануы
бұзылған балалар» бұл кезең ұзаққа созылып, қосымша тағам мен
езілген өнімдерді қабылдауда қиындықтар сақталады. Сондай-ақ
оларда құсу, тамаққа қақалу, шайнау немесе тіл қозғалысындағы
үйлесімсіздік сияқты мәселелер оңайлықпен түзелмейді.

4.

Таңдағыштық пен бірсарынды тамақтану көбіне 1,5–2
жас аралығындағы балаларға тән құбылыс. Дегенмен,
уақыт өте келе «қалыпты дамыған балалардың»
тұтынатын тағам түрлері кеңейіп отырады. Ал
«тамақтануы бұзылған балаларда» жаңа өнімдерді
рационына қоса алады, бірақ әдетте бұрынғы
тағамдардың орнына алмастыру есебінен. Мысалы, егер
бала тек құлпынай жеген болса, кейіннен ол құлпынайға
қызығушылығын жоғалтып, толығымен шұжық қосылған
бутербродты ғана таңдап жейтін болуы мүмкін.

5.

«Қалыпты балалар» аш болса, аса ұнатпайтын
тағамды да жей алады, құрдастарының ықпалына
ереді және тамақтану кезінде сыртқы ортаға
алаңдамайды. Ал «тамақтануы бұзылған балалар»
аштықты қатты сезінсе де, жаңа тағамды
қабылдаудан
бас
тартады,
құрдастарына
еліктемейді және кез келген сыртқы тітіркендіргіш
олардың тамақтану процесін оңай үзе алады.

6.

Артық салмағы бар балалар да «тамақтануы бұзылған
балалар» санатына жатады. Үнемі «шетінен бірдеңе жегісі»
келіп тұратын және тәттілер мен картоп чипстерін ғана
таңдап, басқа тағамдарды қабылдамайтын бала – аса назар
аударуды қажет ететін бала.
Негізгі индикаторларға мыналар жатады: екі жастан асқан
балалардың емізік пен бөтелкеге тәуелділігі, тамақтану
барысында жиі болатын истерикалық реакциялар, сондайақ тағамды тым баяу қабылдау. Ас ішудің 30 минуттан
артық созылуы – тамақтану мәселелерінің көрсеткіші
болып саналады.

7.

«Базистік деңгей» – бұл біз өзгертуге ұмтылатын мінез-құлықтың сипаттамасы.
Мысалы, егер біз баланы жаңа тағамдарды жеуге үйреткіміз келсе, ең алдымен, баланың қазіргі
уақытта қандай тағам түрлерін, қаншалықты жиі және қандай көлемде тұтынатынын анықтау қажет.
Егер біз баланы ас ішу кезінде ас құралдарын пайдалануға үйреткіміз келсе, онда баланың қазір қалай
тамақтанатынын – қолымен жей ме, оны қасықпен тамақтандыра ма, әлде тағамды бөтелкеге құйып
береді ме – соны анықтау керек.
Егер біз баланы тезірек тамақтануға және ас ішу уақытын қысқартуға үйреткіміз келсе, онда оның
тамақты әдетте қанша уақыт ішінде жейтінін және қандай тағам түрлерін қолданатынын жазып отыру
қажет.
Сондай-ақ, бағалау және деректерді тіркеу кезінде өтпелі сәттерде туындайтын проблемалық мінезқұлыққа назар аудару қажет (мысалы, бала әр жолы ас ішер алдында теледидар көреді, ал оны асханаға
шақыру үшін теледидарды сөндіргенде, бұл әдетте баланың истериясын туғызады).
Мысал ретінде, мынадай жазба түрін қолдануға болады:

8.

«Базистік деңгейді» (нысаналы мінез-құлық
қаншалықты жиі, көп, ұзақ т.б.
байқалатынын) анықтағаннан кейін, осы
мінез-құлыққа қоршаған ортаның қандай
факторлары әсер ететінін нақтылау қажет.
Мінез-құлықты не тудырады?
•Ұнамайтын асты жеуге ұсыныс па?
•Ұнататын тағамнан бас тарту ма?
•Үлкен қасықпен жақындап келе жатқан
анасын көру ме?
•Баланың айқын аш болатын белгілі бір
уақыт кезеңі ме?
•Теледидарды сөндіру ме?

9.

Мінез-құлықты не қолдайды?
•Әженің шамадан тыс уайымы мен артық назары ма?
•Бірге ас ішу процесінен қашу ма?
•Ұнамайтын тағамдарды көруден немесе дәмін татудан жалтару ма?
•Тәттілерге қол жеткізу мүмкіндігі ме?
Яғни, кез келген басқа мінез-құлықтық мәселе сияқты, ең тиімді түзету әдістерін таңдаудың жолы
мінез-құлықтың функционалды талдауы арқылы өтеді. Бұл процедурада әдетте қысқа мерзімді
сессиялар қолданылады, олардың ішінде қалаусыз мінез-құлықты қолдауы мүмкін салдарлар әдейі
«енгізілген».
Мысалдар:
•«Болдырмау» жағдайында: бала котлетті көргенде айқайлай бастаса, зерттеуші котлетті бірнеше
секундқа алып тастайды.
•«Назар аударту» жағдайында: бала котлетті көргенде айқайлай бастаса, зерттеуші оған ренішті
дауыспен сөйлейді немесе өтіне бастайды.
•«Қалаған затқа немесе әрекетке қол жеткізу» жағдайында: бала котлетті көргенде айқайласа,
зерттеуші котлетті алып тастап, оның сүйікті тағамын – мысалы, шоколад жағылған нанды береді.
•«Бақылау жағдайында»: баланың айқайынан кейін ешқандай салдар болмайды.

10.

Егер
біз
баланың
истерия
арқылы
айналасындағылардың назарын өзіне аударып
отыр деп ойлап, оның мінез-құлқын елемей,
назар аудармай қойсақ, ал шын мәнінде бұл
мінез-құлықтың
функциясы
«жағымсыз
стимулдардан немесе әрекеттерден қашу» болса –
онда біз бұзылыс түрін күшейтіп алуымыз
мүмкін.
Керісінше, егер біз баланың тамақтан бас тартуы
оның тағамнан қашу әрекеті деп ойлап, оны
үгіттеп, сендіріп, ашуланып және т.б. әрекеттер
жасасақ, ал бұл мінез-құлықтың шын функциясы
«айналадағы адамдардың назарын өзіне аудару»
болса – біз тағы да бұзылыс түрін күшейтіп
жібереміз.

11.

Ғылыми әдебиеттерде тамақтануға байланысты проблемалық мінез-құлықты
күшейтуді тоқтатуға негізделген бірнеше әдіс түрлері кездеседі (Escape Extinction).
Ең көп таралған әдістердің бірі – «қасықты алмай қою» (Nonremoval of the spoon).
Бұл процедураны бастамас бұрын мотивациялық стимулдарды тестілеу жүргізіліп,
баланың ең жоғары мотивация тудыратын ынталандырушылары анықталады. Олар
ойыншықтар болуы мүмкін немесе жеуге жарамды сыйақылар болуы мүмкін.
Мұндай ынталандыратын зат (поощрение) әрқашан ересектің бақылауында
болуы тиіс, яғни бала олардың қолжетімділігін өздігінен ала алмайтындай болуы
керек.
Екіншіден, бала жеуді үйренуі тиіс тағам дайындалады. Бұл тағам езілген түрде
(мысалы, алма пюресі) немесе кәдімгі түрінде, бірақ өте аз мөлшерде беріледі
(мысалы, кішкентай бөліктерге кесілген алма – көлемі шамамен 1х1 см).
Одан кейін бала ересектің қарсы алдына отырғызылады. Бұл жағдайда оның қашып
кету мүмкіндігі шектеулі болуы тиіс. Мысалы, баланы бөлменің ортасына емес,
үстелдің жанына немесе қабырға қасына отырғызу ұсынылады.

12.

Ересек адам балаға оның жеуі тиіс тағамды, сондай-ақ оны жегеннен кейін алатын
ынталандыратын зат (поощрение) көрсетіп, баладан тыныш отыруды сұрайды. Бұдан кейін
ересек адам шай қасықты алып, қасықтың ұшына өте аз мөлшерде тағам салып, оны баланың
аузына жақындатады да, қасықты төменгі еріннің ортасына қояды (бірақ қасықты ауызға күшпен
енгізбейді).
Қасық осы позицияда баланың өзі аузын ашып, қасықтағы тағамды қабылдағанға дейін тұрады.
•Егер бала басын теріс бұрса – қасық оның қозғалысына ілесіп отырады.
•Егер бала аузын ашып, тағамды қабылдағанымен, бірден түкіріп тастаса – ересек адам сол үлесті
қайтадан қасыққа жинап алып, қайтадан қояды. Егер тағамды қайта жинап алу мүмкін болмаса –
жаңа үлес алынып, қасық қайтадан ұсынылады.
•Егер бала қасықтағы тағамды жесе – ол поощрение алады.
Осылайша процедура барлық дайындалған үлес таусылғанға дейін қайталанады.

13.

Балаларды жаңа тағамдарды көруге үйретуде қолдануға болатын қосымша процедура –
«Реакцияны қалыптастыру» (Shaping).
Анықтама бойынша, бұл процедурада қалаулы реакцияға жақын мінез-құлық күшейтіледі, ал
қалаулы реакциядан алыс мінез-құлық күшейтілмейді. Басқаша айтқанда, қалаулы реакцияның
критерийлері алдын ала анықталады: егер баланың әрекеті жаңа критерийге сәйкес келсе – ол
күшейтіледі, ал егер әрекет өзгермей қалса – күшейтілмейді.
Бұл процедураның бірінші кезеңі – қалаулы реакция орындалған жағдайда бала алатын
мотивациялық қолдау (поощрениені) таңдау. Бұл тәтті тағам болуы мүмкін, сүйікті ойыншық
немесе бала ұнататын әрекет (мысалы, компьютер ойыны).
Екінші кезеңі – реакциялар үшін критерийлерді таңдау.
Мысалы:
•Тағам бөлігін саусақпен ұстау.
•Тағам бөлігін көтеру.
•Тағам бөлігін көтеріп, иіскеу.
•Тағамға қолын тигізіп, саусағын жалату.
•Тағам бөлігін алып, аузына апарып, тілдің ұшымен тигізу.
•Тағам бөлігін алып, ауызға салу.
•Тағам бөлігін ауызға салып, шайнау және жұту.

14.

Мысалы, біз баланы бананды көруге үйретеміз.
Біз тәрелкеге кішкентай банан бөлігін қоямыз және қасына
дайын ынталандыратын зат (поощрение) орналастырамыз.
Балаға не істеу керектігін көрсетеміз (бананға қолымызды
тигіземіз) және оған да осыны жасауға көмектесеміз. Бала
бананға қолын тигізген сәтте – ол бірден ынталандыратын зат
(поощрение) алады (мысалы, бір түйір шоколад).
Бұл әрекетті бала өздігінен (физикалық көмек пен үгіттеусіз)
бананға қолын тигізгенге дейін қайталаймыз.
Келесі күні біз әрекетті бананға қол тигізуден бастаймыз, бірақ
ол қолын тигізгенде тек ауызша мадақтау беріледі, шоколад
берілмейді. Шоколад тек бала банан бөлігін көтерген кезде
ғана беріледі.
Осылайша, күн сайын біртіндеп алға жылжимыз, соңғы
мақсатқа жеткенше – яғни бала банан бөлігін жеп қойғанша.
Осы мақсатқа қол жеткізгеннен кейін, біртіндеп тағам
мөлшерін арттыруға және жаңа өнімді енгізуге көшуге болады.

15.

Аутизмі бар баланың ұйқы мәселесін қалай шешуге болады?
Ұйқыға қолайлы жағдай жасау
Бала қай жерде ұйықтаса да, оның түнгі ұйқыға арналған жеке кеңістігі болуы керек.
Жатын бөлме тым ыстық та, тым суық та болмауы керек, тыныш әрі жарығы бәсең болуы қажет.
Аутизмі бар балалар ең кішкентай дыбысқа сезімтал келеді: мысалы, желдеткіштің немесе краннан аққан
судың дыбысына. Сол себепті назарға алу керек
Тұрақты ұйқы кестесін және ұйықтар алдындағы тәртіпті қалыптастыру
Ұйықтар алдындағы бірізді кешкі режим баланы тыныштандырады. Бұл уақытта теледидар көру,
бейнеойындар ойнау, қатты музыка тыңдау, ашық жарық, жүгіріп-ойнау секілді белсенділіктерден аулақ
болу қажет
Ұйықтар алдындағы іс-әрекеттер баланың тыныш бөлмесінде өтуі тиіс және 60 минуттан аспауы қажет
(көбіне 15–30 минут жеткілікті). Олар баланы тыныштандыруы керек, ынталандырмауы тиіс.
Баланы өздігінен ұйықтауға үйрету
Ересектер де, балалар да түнде бірнеше рет оянып, айналасындағы жағдайды тексереді де, қайтадан
ұйықтап кетеді.
Алдымен баланың қасында отырып, жанында болу. Кейінірек орындыққа отырып, төсекке жақын жерде
қалу. Уақыт өте келе орындықты төсектен біртіндеп алыстатып, есікке жақындау. Соңында бөлме есігінен
шығып, баланың көзіне көрінбейтін жерге ауысу.

16.

Ссылка на Google disc
https://drive.google.com/drive/folders/1zemLmFez2mo4rpgyzcR3S41jr9CQ5EJ?usp=sharing
English     Русский Rules