12.31M

_Көнерген сөздер_ тақырыбындағы сабақтың презентациясы

1.

Көнерген сөздер
Қоғам дамуына орай тіліміздегі
қолданыстан шыққан сөздер
Тарихи сөздер
Архаизмдер
Тарихи сөздер-қолданылған
дәуірі өтіп,ескі заманның
өзімен бірге көнерген тарихи
атаулар
Халықтың тұрмыс-тіршілігіне,
салт-сана,әдет-ғұрпына қарай
әр дәуірде өзгеріп, басқа
сөздермен ауысып отырған
немесе ескіріп кеткен сөздер
Мысалы:хан,патша,уәзір,би
жебе,отарба
кебеже,сәукеле,шидем,сауын
айту

2.

Тарихи сөздерқолданылған
дәуірі
өтіп,ескі
заманның
өзімен бірге
көнерген
тарихи
атаулар

3.

4.

5.

6.

7.

“Кім тапқыр?” (топқа 2 сөйлемнен бөліп беру)
Сөйлемдерден көнерген сөздерді теріп жазыңдар. Көнерген сөздің түрін анықтаңдар.Жоқ
әріптерді орнына қойыңдар.(компьютерге орындау)
1.Қаламқас орта бойлы , ақ құба,отты қара көзді бойжеткен.Ақ шәйі көйлектің сыртынан қызыл бе...пет
киіпті. Аяғына кигені- м...сі. Басында- құндызбен ұсталған сә...келе. Шашына күмістен шашбау таққан.
2.Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Д...лығасы басында...
3.Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны са...а аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес,
салқындаған қалпында құяды. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы ұсынатыны ,
бар болса қымыз, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар болған.
4.Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады.
Ақ сырмалы сауыт...ы сұрағаным , Ер Төстік ер еді, сол кисін деп едім.
Қырық у...зір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады.
5.(«Ер Төстік»ертегісінен)
Алмас қы...ыш сартылдап
Алтынды жүген жарқылдап
Найза...ы аумай қолынан,
Желі тұрып оңынан
6.Бір қыз кетіп барады,
Қара жорға мінгені,
Қара торқа кигені...
-Білегінің шырайы айб...лтаның сабындай .
-Көш алдында сұлудың
Он қыз нө...ер қасында.(«Қыз Жібек»)
7.Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебе...е, әбдіре, жүк аяқ,
жастық ағаш.
8.Өзге елде с...лт...н болғанша ,өз еліңде ұлтан бол

8.

Сөйлемдерден көнерген сөздерді теріп жазыңдар. Көнерген сөздің түрін анықтаңдар:
1.Қаламқас орта бойлы , ақ құба,отты қара көзді бойжеткен.Ақ шәйі көйлектің сыртынан
қызыл бешпет киіпті. Аяғына кигені- мәсі. Басында- құндызбен ұсталған сәукеле. Шашына
күмістен шашбау таққан. (Архаизмдер)
2.Исатайдың сол күнде
Ақтабан аты астында,
Дулығасы басында...(архаизм сөз)
3.Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес,
салқындаған қалпында құяды. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы
ұсынатыны , бар болса қымыз, ол болмаса, айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар
болған.(С.Мұқанов) (Архаизм)
4.Төстік бір күні ауылдың арасында отырған тарғақты садақпен тартып қалады.
Ақ сырмалы сауытты сұрағаным , Ер Төстік ер еді, сол кисін деп едім.
Қырық уәзір үш күншілік жерге шығарып салып қайтады. (Тарихи сөздер)
(«Ер Төстік»ертегісінен)
5.Алмас қылыш сартылдап
Алтынды жүген жарқылдап
Найзасы аумай қолынан,
Желі тұрып оңынан... (Тарихи сөздер)
6.Бір қыз кетіп барады,
Қара жорға мінгені,
Қара торқа кигені...
-Білегінің шырайы айбалтаның сабындай .
-Көш алдында сұлудың
Он қыз нөкер қасында.(«Қыз Жібек») (Тарихи сөздер)
7.Қазақтың киіз үйіне лайықталып жасалған үй жиһаздары болған. Олар кебеже, әбдіре,
жүк аяқ, жастық ағаш. (Архаизмдер)
Ойлы болсаң озып көр
8.Өзге елде сұлтан болғанша ,өз еліңде ұлтан бол

9.

Венн диаграммасы
Архаизмдер
Жеке ерекшеліктері
Тарихи сөздер
Жеке ерекшеліктері
Ортақ қасиеттері

10.

Сурет бойынша көнерген сөздерді қатыстыра отырып , әңгіме
құрастыру және сәйкестендіру тестін орындау(топпен жұмыс)

11.

Сәйкестендіру тесті
1.Тарихи сөз
биік ,аласа
2.Архаизм
сабарлы, байсалды
3.Антоним
жәшік, әдебиет
4.Синоним
отарба, патша
5.Кірме сөздер
ораза,пітір
6.Қолданысқа қайта кірген сөз
кебеже,кесеқап

12.

Өзін-өзі бағалау «Бес бармақ»
Саусақ іздері бойынша бағалауы
Үлгі
3. Ортаңғы бармақ -көңіл-күй
жағдайы; Менің бүгінгі көңілкүйім қандай ?
4. Екінші бармақ -ұсыныс беру,
көмек беру, қызмет көрсету;
Мен бүгін кімге ұсыныс бердім,
көмек көрсеттім?
1. Кішкене бармақ -ойлау
процесі; Мен бүгін
қандай ақпарат пен
тәжірибе алдым?
2. Төртінші бармақ мақсатқа жету; Мен бүгін
не істедім және не
нәрсеге қол жеткіздім?
5. Бас бармақ -өзін-өзі
бағалай, белсенділік таныту;
Мен өзімді қалай сезіндім?
Неліктен? Енді қандай
жоспарым бар?
English     Русский Rules