ДӘРІС 13. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі
Дәріс жоспары:
1.Қоршаған ортаны қорғаудың мәні және онымен айналысатын мемлекеттік органдар қызметі
Экологиялық бақылау: объектілері, нысандары және кезеңдері
Қоршаған ортаны қорғаудың қағидалары мен құралдары
Қоршаған ортаны қорғаудың құралдары кеелсі түрлерге бөлінеді
Экономикалық құралдар (экономикалық ынталандыруларға негізделген әдістер)
Ақпараттық-білім беру құралдары (сендіру, ақпараттандыру және насихаттау әдістері)
512.73K

ГРЭ 13-тема

1. ДӘРІС 13. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс-шаралар жүйесі

ДӘРІС 13. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ РЕТТЕУ
БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ІСШАРАЛАР ЖҮЙЕСІ

2. Дәріс жоспары:

ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1.Қоршаған ортаны қорғаудың мәні және онымен
айналысатын мемлекеттік органдар қызметі
2. Экологиялық бақылау: объектілері, нысандары
және кезеңдері
3. Қоршаған ортаны қорғаудың қағидалары мен
құралдары

3. 1.Қоршаған ортаны қорғаудың мәні және онымен айналысатын мемлекеттік органдар қызметі

1.ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫМЕН
АЙНАЛЫСАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТІ
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз негізінен
қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды
сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның
өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған
мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.

4.

Қоршаған ортаны қорғау - жерді сақтау,
оның пайдалы қазбаларын, су
ресурстарын, өсімдіктер мен
жануарларды қолдану, ауа мен судың
тазалығын қамтамасыз ету, яғни қоғам
мен табиғаттың гармониялық қарымқатынасын қамтамасыз ету.

5.

Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар
Республикасының Конституциясына негізделген.
Қазақстан
Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында
«Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы
айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың
өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен
жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес
жауапкершілікке әкеп соғады» – деп атап көрсетілген
Осыған байланысты қоршаған табиғи
мемлекеттің міндеті ретінде белгіленген.
ортаны
қорғау

6.

Сонымен бірге Қазақстан Республкасының
әрбір азаматына табиғатты сақтау және
оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау
міндет болып табылады.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан
халқының өмірі мен қызметінің, олардың
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы
мен әл-ауқатын арттырудың негізі болып
танылады.

7.

Қазақстан Республикасының
Конституциясының 38-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтары
табиғатты сақтауға және табиғат
байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

8.

ҚР-да табиғатты қорғау істерін
басқаруды мемлекеттің заң шығару,
атқарушы және сот билігі реттеп
отырады. ҚР-ң Конституциясы мен
табиғатты қорғау сұрақтарымен заң
шығарушы қызметтері ҚР-ң
Парламентіне жүктелген.

9.

Жер және оның қойнауын, орманын, суын,
өсімдік және жануар әлемдерін және т.б.
табиғат ресурстарын игеру құқықтарын
белгілейді. Қоршаған ортаны қорғауға және
биосфераның жекелей бөлімдерін қорғауға
арналған заңдарын құрастырады және
дамытады. Мемлекеттің экологиялық
саясатын және ресурстарды қолдану мен
қоршаған ортаны қорғау саласында
халықаралық қатынастарды орнатады.

10.

ҚР-ң үкіметі атқарушы орган ретінде ауыл шаруашылығын
басқару салалары мен т.б. заңдардың орындалуы және т.б.
қоршаған ортаны қорғау және табиғатты дұрыс пайдалану
актілердің орындалуын және дұрыс бағытта жүлгізілуін
қадағалайды. Сонымен қатар мемлекеттік комитеттердің
және осы сұрақтарға байланысты облыс әкімшіліктердің
істерін басқарады. Мемлекеттік орган ретінде Білім және
ғылым министрлігі табиғатты пайдалану саласында озық
техника мен технологияларды жасау және енгізу, табиғи
ресурстарды қорғау, оны сақтау мен қайта қалпына келтіру
сұрақтарын басқарады.

11.

Денсаулық сақтау министрлігі-қоршаған ортаның жағдайының
адам денсаулығына зияндылығын анықтау
мақсатында
ведомствалық бақылауды жүргізеді. Ауыл шаруашылық
химиялық жабдықтарды қолдануы, өсімдіктер мен миниралды
ресурстарға зиян келтірмеуі, «Жер кодексі» бойынша
сақталуына бақылау жүргізеді.
Ішкі істер министрлігі. Атмосфералық ауаның және су
қойнауларын тұрақты техникамен қорғалуын, ережелердің
сақталуын қадағалайды. Практикалық табиғатты қорғау ісінде
мемлекеттік басқару және табиғат орталарын қорғау
органдарымен қатар бұл істе маңызды орынды халықтық
ынталы көмегіне сүйенеді. Табиғатты қорғау ұйымдары бүгінгі
таңда үлкен күшіне айналуда.

12. Экологиялық бақылау: объектілері, нысандары және кезеңдері

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ: ОБЪЕКТІЛЕРІ, НЫСАНДАРЫ
ЖӘНЕ КЕЗЕҢДЕРІ
Экологиялық бақылау, бұл жалпы мемлекеттік
бақылаудың бөлігі болып табылады. 2011 жылы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау
жəне қадағалау туралы заңы қабылданды, ол
мемлекеттік бақылаудың жəне қадағалаудың жалпы
құқықтық негіздерін реттейді жəне бақылау мен
қадағалау қызметін жүзеге асырудың бірыңғай
қағидаттарын белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік
органдардың, өздеріне қатысты мемлекеттік бақылау
жəне қадағалау жүзеге асырылатын жеке жəне заңды
тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауға бағытталған

13.

Бақылаудың жəне қадағалаудың мiндетi экономикалық
қауiпсiздiктi, алдау практикасының алдын алуды, табиғи
жəне энергетикалық ресурстарды үнемдеудi, ұлттық
өнiмдердiң бəсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруды əрі жеке
жəне заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын жəне заңды мүдделерін қорғауды қоса
алғанда, тексерілетін субъект өндiретiн жəне сататын
өнiмдердiң, технологиялық процестердің адамдардың
өмiрi мен денсаулығына қауiпсiздiгiн, олардың мүлкiн
қорғауды, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, Қазақстан
Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
болып табылады.

14.

Экологиялық бақылау – табиғат
пайдалану мен қоршаған ортаны зиянды
əсерлерден қорғау мен рационалды
пайдалануды қамтамасыз етудің маңызды
құқықтық іс-шаралары

15.

Қоршаған ортаға экологиялық бақылау жүргізу
– жүйелі түрде жүретін белгілі бағдарлама
бағытында орындалатын қоршаған ортаның
табиғи ресурстарының, өсімдіктер жəне
жануарар əлемінің антропогенді іс-əрекет
əсерінен өзгеру үрдістерін жəне мұнын
жағдайын бақылауды айтамыз.

16.

Экологиялық бақылау объектілеріне жататындар:
• қоршаған ортаның жəне оның жекелеген объектілерінің
шаруашылық жəне өзге де қызметтер
өзгеруінің дəрежесі мен жағдайы;
əсерінен
• экологиялық заңнаманың орындалуы мен сақталуы;
• заңды жəне жеке тұлғалардың табиғат қорғау
шараларын орындау бойынша қызметтері, сондай-ақ
мемлекеттік экологиялық сараптама жарлықтары;
• шарттарда (келісім шарттарда) көзделген шарттар,
қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық
талаптардың орындалуын, арнайы табиғат пайдалануға
лицензиялар жəне басқа да объектілер.

17.

• Объектілеріне байланысты экологиялық бақылау бірнеше нысандарда
жүргізіледі:
• интеграцияланған – бүкіл қоршаған ортаны қамтитын;
• кешенді – объектілер тобы мен кешендерді қорғауға байланысты;
• дифференцияланған – табиғаттың жекелеген объектілерін қорғауға
бағытталған. Экологиялық бақылау арнайы əдістерді қолдану арқылы
жүзеге асырылады:
• қоршаған ортаның сапалы жағдайы мен жекелеген табиғи объектілерді
бақылау;
• экологиялық жəне санитарлық органдардың бұйрықтарын орындалуын
тексеру;
• экологиялық заңнаманың талаптары мен нормаларының сақталуын
тексеру;
• экологиялық зиянды өндірістерді тоқтату, тоқтата тұру жəне шектеу;
• кінəлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту.

18.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде қоршаған
ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен
пайдалану саласында мемлекеттік бақылауға келесі түрлер
жатқызылған: экологиялық бақылау, жерлердің пайдалануы
мен қорғалуын бақылау, су қорын пайдалану мен қорғау
саласындағы бақылау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану
саласындағы бақылау, Қазақстан Республикасының орман
заңнамасы саласындағы бақылау, жануарлар дүниесін қорғау,
молықтыру жəне пайдалану саласындағы бақылау, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы бақылау

19.

Мемлекеттік экологиялық бақылаудың міндеті
– барлық мемлекеттік органдардың,
кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне осындай
талаптар қойылған азаматтардың қоршаған
ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды
ұтымды пайдалану бойынша талаптардың
орындалуын бақылау болып табылады.

20.

• Экологиялық бақылау жүргізу мынадай негізгі кезеңдерден
тұрады:
• Бақылау нысанын анықтау;
• Белгіленген нысанды зерттеу;
• Бақылау нысанына ақпараттық модель құрастыру;
• Зерттеу жұмысын жоспарлау;
• Бақылау нысанының жағдайына баға беру жəне оны
ақпараттық модельмен салыстыру;
• Бақылау нысанының жағдайының өзгеруін болжау;
• Қолдануға ыңғайлы дəрежеде ақпаратты тұтынушыларға
жеткізу.

21. Қоршаған ортаны қорғаудың қағидалары мен құралдары

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ
ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Экологиялық саясаттың негізгі қағидалары:
экожүйелік көзқарас, қоршаған ортаға зиянды
әсерлерді төмендету, табиғат пайдаланудың
ақылы болуы, кезеңділік және қайта
құрулардың негізділігі, ашықтық,
жұртшылықты кеңінен тарту.

22.

Экожүйелік тәсіл қандай да бір
факторлардың әсерін бағалау, табиғат қорғау
іс - шараларын жоспарлау және жүзеге асыру
бүкіл эко-немесе геожүйе үшін жай-күйі мен
салдарларын ескере отырып жүргізілуі
керектігін білдіреді.
Қоршаған ортаға зиянды әсерлерді
төмендету екі аспектіні қамтиды – табиғи
ресурстарды тұтыну көлемін азайту және
ластаушы заттар санын қысқарту.

23.

Табиғат пайдаланудың ақылы болуы.
Табиғат қорғау қызметін экономикалық
реттеудің негізгі принципі табиғат
пайдаланудың ақылы болуы болып табылады.
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны және
қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер
жүйесі табиғи ресурстарды молықтыру үшін
тұрақты қаржылық база құруға, табиғат қорғау
іс-шараларына арналған нақты шығындарды
көрсетуге, орнықты дамудың кепілді
шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.

24.

Қоршаған ортаны қалпына келтіру және
қорғау жөніндегі шаралардың
кезеңділігі. Қоршаған ортадағы барлық
өзгерістер кезең-кезеңімен, олардың
қажеттілігін мұқият және егжей-тегжейлі
негіздеумен, нәтижелер мен
салдарларды талдаумен өтуі тиіс.

25.

Жұртшылықты ақпараттандыру және
экологиялық проблемаларды шешуге тарту.
Қоршаған ортаны табысты басқару, табиғат
қорғау іс-шараларын орындау шарттарының
бірі жұртшылықты, үкіметтік емес экологиялық
ұйымдарды, мүдделі халықты қоршаған
ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды
пайдалану, экологиялық жағдайды жақсарту
бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы
уақтылы хабардар ету болып табылады.

26. Қоршаған ортаны қорғаудың құралдары кеелсі түрлерге бөлінеді

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫҢ
ҚҰРАЛДАРЫ КЕЕЛСІ ТҮРЛЕРГЕ БӨЛІНЕДІ
• Ұйымдастыру құралдары
• Әкімшілік құралдар немесе әкімшілік
басқару әдістері
• Нормативтік-құқықтық құралдар
• Экономикалық құралдар
• Ақпараттық-білім беру құралдары

27.

• Ұйымдастыру құралдары:
• * Әзірленген экологиялық саясатты іске асыру бойынша бірлескен
жұмысты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қабілетті жаңа
құрылымдарды құру немесе бар құрылымдарды реформалау;
• * Экологиялық саясатты іске асыру және елдің (өңірдің)
әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау жөніндегі ісшараларды жоспарлау арасында жұмыс байланыстарын орнату;
• * Қазіргі әлеуметтік-экономикалық саясатты, ҚР Үкіметінің
бюджеттік басымдықтарын экологиялық саясатпен келісу;
• * ҚР субъектілерінің және олардың табиғат қорғау органдарының
ағымдағы және перспективалық қызметін оның мемлекеттік
экологиялық саясатқа сәйкестігін анықтау үшін бақылау.

28.

• Әкімшілік құралдар немесе әкімшілік
басқару әдістерібұл табиғатты ластаушылар ұстануға тиіс
мақсаттарды, стандарттарды және
технологияларды айқындайтын заңдар мен
нормативтік-құқықтық актілерді белгілеу және
қолдану арқылы қоршаған ортаны
ластаушылардың мінез-құлқына тікелей әсер
ететін тікелей әсер ету шаралары.

29.

Әкімшілік әдістер сақталуы міндетті ережелерді
белгілейді. Тәртіп бұзылған жағдайда
кінәлілерге айыппұл төлеуге, заңда белгіленген
тәртіппен әкімшілік немесе қылмыстық
жауапкершілікке тартылуы тиіс. Бұл әдістердің
негізгі ерекшелігі ластаушының мінез –
құлықтық таңдауы жоқ-ол белгіленген
талаптарға бағынуы немесе құқықтық және
әкімшілік рәсімдерге сәйкес айыппұл төлеуі
тиіс.

30.

Әкімшілік әдістерге: экологиялық
бақылау, Экологиялық нормалау,
экологиялық сараптама, табиғат
пайдалану және қоршаған ортаны
қорғау саласындағы қызмет
түрлерін лицензиялау жатады.

31.

• Нормативтік-құқықтық құралдар
• қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды
пайдалану саласындағы заңнамалық базаны
құрайды. Оларға: ҚР Конституциясы, ҚР заңдары, ҚР
Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен
ведомстволардың нормативтік актілері жатады.
• Негізгі нормативтік-құқықтық акт – 2007 жылы 9
қаңтарда қабылданған Экологиялық кодекс болып
табылады.

32. Экономикалық құралдар (экономикалық ынталандыруларға негізделген әдістер)

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР (ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ЫНТАЛАНДЫРУЛАРҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ӘДІСТЕР)
• –бұл құралдардың маңызды ерекшелігі олар
нарық қатысушыларына (экономикалық
субъектілерге) өз қызметін таңдау және
бейімдеу еркіндігін береді, оларға осы
шектеулер кезінде ең тиімді тәсілмен
пайданы барынша арттыруға мүмкіндік
береді.

33.

• Экономикалық әдістердің әртүрлі жіктемелері
қолданылады, бірақ көп жағдайда олар мынадай 5
негізгі топқа біріктіріледі:
• 1. төлемдер/салықтар/алымдар;
• 2. субсидиялар (дотациялар);
• 3. табиғат пайдаланудың белгілі бір түріне
рұқсаттарды (квоталарды) сату;
• 4. кепіл-қайтарымды схемалар;
• 5.нормативтік-құқықтық актілерді орындау үшін
ынталандырулар.

34. Ақпараттық-білім беру құралдары (сендіру, ақпараттандыру және насихаттау әдістері)

АҚПАРАТТЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ҚҰРАЛДАРЫ (СЕНДІРУ,
АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ НАСИХАТТАУ ӘДІСТЕРІ)
• – әкімшілік және экономикалық құралдармен
жиынтықта жиі қолданылатын шаралар тобы. Осы
әдістердің тобын қолданудың мақсаты экономикалық
қызмет субъектісінің мінез-құлқын өзгертуге ықпал
ететін моральдық ахуал жасау болып табылады. Бұған
экологиялық ақпаратты тарату, экологиялық білім
беру, тренингтер өткізу, әлеуметтік жауапкершілікті
сезіну деңгейін арттыру мақсатында кәсіпорындарға
жұртшылықтың қысымы сияқты тәсілдер енгізіледі).

35.

Экологиялық құқық бұзушылық үшін
жауапкершілік қарастырылған.
• Экологиялық құқық бұзғандар әкімшілік,
азаматтық-құқықтық, материалдық, қылмыстық
жазаларға тартылады.
• Қоршаған ортаны қорғаудың маңызды бағыты
болып табылатын шаралар - зиянды заттардың
мөлшерін азайту, жаңа тазалағыш құрылғылар
құрастыру, лас көздерін жою, қалдықтарды
қайта өндіру, судың тұздалмауын қамтамсыз
ету, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарынан тұратын
газдарды тазалау, зиянсыздандыру.
English     Русский Rules