Similar presentations:
Шизофрения туралы түсінік. Диагностикалық критерийлері
1. Шизофрения
2. Жоспары
Шизофрения туралы түсінікДиагностикалық критерийлері
Типті синдромальды түрлері
Атипті түрлері
Клиникалық көріністері
Диф.диагностикасы
Емі.
3.
Шизофрения – жиі жас кезде пайда болатынсозылмалы психикалық эндогенді үдемелі ауру.
1911 жылы О.Бейлер «Шизофрения» терминін
ұсынған (гр.тілінен schiso-ыдырау, phren – жан
деген мағынаны білдіреді ).
4. О.Бейлер бойынша шизофренияның диагностикалық критериялары «4А»
1.2.
1.
2.
Аутизм
Аффекттің төмендеуі
(эмоциональды кедейлену,
апатия)
Ассоциациялар тәртібінің
бұзылуы (ойлау
бұзылысы)
Амбиваленттілік
5. МКБ-10 бойынша шизофренияға 1 айдан кем емес уақытқа созылған мынадай психоз көріністері жатады:
Әсер ету сандырағы немесе басқа тұрақты сандырақ ойларОйлау үрдісінде бөтен араласулар сезімі
Тұрақты вербальды галлюцинациялар
(псевдогаллюцинациялар)
Ойлау үрдісі формальды мағынасыз логика мазмұнын
алады (резонерлік, үзілу, паралогия, символизм)
Кататониялық синдром
Аутизм, апатия, эмоциональды тұрақсыздық, оғаш
қылықтар, әрекетсіздік
6. Клиникалық көріністері
Әдетте ауру салыстырмалы түрде балалық шақтадұрыс даму фонында пайда болады. Науқастанғанға
дейін жиі ата-анасына аса жақындық, әдептілік, жеке
отырып айналысатын істерге қызығушылық,
қиялдауға бейімділік т.б.
Аурудың кенеттен басталуы сирек кездеседі.
Аурудың басталуының алғашқы белгісі пациент
өміріндегі түпкілікті өзгеріс болып табылады. Ол
өзінің сүйікті ісіне қызығушылығын жоғалтады,
кенеттен достарына, туыстарына деген көзқарасы
өзгереді, тұйықталады, шыдамсыздық, қаталдық
танытады.
7.
Науқас үнемі жаңа қызығушылықтар– психология, философия, поэзия,
космологияны зерттеумен
айналысады.
Науқаста бұрын соңды болмаған
діншілдік пайда болады немесе
секталарға кіріп не дінге сенімін
жоғалтуы мүмкін.
Кейбір науқастар өз денсаулығына
аса көңіл бөлуі мүмкін (ипохондрия),
түсініксіз диеталар ұстайды. Аурудың
басталуында науқастар өзінің
өзгергендігіне - «деперсонализация»
шағымданады.
8. Типті формалары
1.Параноидты
2.
Кататониялық
3.
Гебефрениялық
4.
Қарапайым түрі
9. Параноидты формасы
Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формада бұзылыстардыңішінен алғашқы орынға сандырақ шығады.
Сандырақтардан (соңына түсу,шығармашылық,
ипохондриялық, дисморфоманиялық) жиі кездесетіні
әсер ету сандырағы.
Сандырақ пайда болуы алдында аса бағалы идеялар
орын алады, олар қысқа уақытта паранояльді
синдромға айналады. Сандырақ ойлар тұрақты,
науқастар жүйелі дәлелдеп бере алады. Аз уақыттан
кейін параноидты синдромға айналады, оның негізгі
мазмұны психикалық автоматизм (КандинскийКлерамбо синдромы) болып табылады.
10. Науқастар ерекше бір қашықтықтан әсер ету көздемесі болып табылатындығына сенімді (сәулелер, гипноз, телепатиялар т.б), өздерінің соңына т
11.
Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдықорын алады – бұл парафренді синдром болып
табылады. Әсер ету сандырағына орынсыз ұлылық
сандырағы қосылады.
Науқастар өздерінің өзкені жайында адам сенгісіз
әңгімелер айтады (конфабуляциялық сандырақ).
Сандырақ өзінің реттілігін жоғалтады, науқастар
өздерінің сөздеріне дәлел іздеп мазаланбайды.
Бұл форма ағымы жиі үздіксіз үдемелі болып келеді.
Жиі 25-40 жаста кездеседі. Эмоциональды ақау
біртіндеп басталатындықтан, науқастар әлеуметтік
байланыстарын жоғалтпайды, еңбекке қабілетті,
жаұясын сақтап тұрады. Ал жасөспірім шақта
басталса, керісінше, ауру ағымы қатерлі болады.
12. Кататониялық формасы
Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататониясиндромы көрінісінде басты орын алады. Қозғалыстық
бұзылыстар ступор немесе қозу түрінде болады.
Кататониялық ступор – науқастың ұзақ уақыт шаршау
сезімінсіз, жиі ыңғайсыз қалыпты сақтайтынымен
ерекшеленеді (мысалы, жастықтың үстінде басын көтеріп
жатады «ауалы жастық симптомы», басын жаялықпен
бүркеп алады «капюшон симптомы», құрсақтағы қалыпты
алады). Бұлшықеттер тонусының күрт жоғарылауымен
науқастарды қандай да бір қалыпқа келтіруге болады
(каталепсия- балауыздық иілгіштік). Жиі примитивті
рефлекстер тежеусізденеді (ұстап алу, тұмсық симптомы).
Негативизм – инструкцияларды орындамау немесе қарсы
әрекет жасау және мутизм – айтқан сөзді түсіну, бірақ
сөйлеудің болмауы.
13.
Бұл жағдай кататониялық қозуға ауысуы мүмкін.Науқастар себепсіз агрессия кқрсетуі мүмкін.
Кататонияға әігімелесушінің қимыл-әрекетін,
мимикасын, сөздерін қайталау (эхопраксия,
эхолалия, эхомимия), айналадағылардың
талаптарын орындау тән.
Кейде тағам қабылдаудан бас тарту болады.
Люцидті кататония – қатерлі ағымды
шизофренияның бір варианты. Жиі жасөспірім
шақта басталып, үдемелі ағыммен өтеді.
Терең апато-абулиялық ақау түзіледі.
14. Гебефрениялық формасы
Ең қатерлі түрі болып табылады. Балалық немесе жасөспірімшақта басталады. Диагноз анықталғанға дейін науқастар
айрықшалықпен, инфантильділікпен, нашар үлгеріммен,
құрдастарымен тіл табыса алмайтындығымен ерекшеленеді.
Кейбір істерге таңдамалы қызығушылық танытады (мағынасыз
коллекция, стереотипті ойындар).
Аурудың күрделенген фазасында басты бұзылыс
гебефрениялық синдром болып табылады. Ол өнімсіз,
мағынасыз қозумен, балаларға тән алаңғасар әрекеттермен,
қисаңдаулармен, орынсыз күлкі, негативизммен көрініс береді.
Науқастардың көңіл-күйін бейғам деп бағалауға болады.
Науқастар өзгелердің сұраныстары мен кеңестерін
тыңдамайды, балағат сөздер айтады.
15.
Жиі науқастар өз әуестіктерінбасқара алмайды,
гиперсексуальдылық, мешкейлік
бақыланады.
Психикалық ақау аутизм, апатия
және абулияның типті көріністерімен
қатар жиі интеллектуалды
жеткіліксіздік дамиды. Органикалық
зақымдануларға ұқсас ауру үрдісінің
қатерлілігі де анықталады.
Еріктің күрт төмендеуі және ауыр
апатиядан оларға үнемі күтімді қажет
етеді, 1-топ мүгедектік беріледі.
16. Қарапайым формасы
Өзге варианттердан айырмашылығы аурудыңбүкіл ағымында продуктивті симптоматика
(сандырақ, қозу, галлюцинациялар) көрініс
бермейді немесе әлсіз көрініс береді. Үнемі
негативті көрініс басым болады – апатоабулиялық синдром.
Қарапайым шизофренияда ол басты және дара
көрінісі болып табылады. Продуктивті
симптоматика эпизодты түрде пайда болады,
тұрақсыз жиі ем қолданбай-ақ өздігінен
жоғалады.
Ауру ағымы ремиссиясыз өтеді.
17. Атипті формалары
ХАЖ-10 бұл варианттар шизофренияғажатқызылмағанымен, олар жиі шизофрениямен
науқастардың туыстарында кездесуі мәлім және
кейбір науқастарда айқын шизофренияға ұласуы
мүмкін.
Шизоаффективті психоз – клиникасы
бойынша МДП-ға ұқсас. Психоз шыңында
онейроид түрінде сана күңгірттенуі мүмкін.
Ремиссия кезінде науқас өзінің дертін толықтай
түсінеді. Апато-абулиялық синдром дамымайды.
18.
Шизотипті бұзылыс (баяу ағымдышизофрения) – тек невротикалық деңгейдегі
симптомдармен көрініс береді. Ойлау
бұзылыстары жабысқақтықтармен және аса
бағалы идеялармен шектеліп, ешқашан
сандыраққа ұласпайды.
Невроз тәрізді шизофрения – неврозды еске
түсіретін симптомдармен көрініс береді
(обсессиялар, фобиялар, ипохондрия,
субдепрессия, деперсонализация). Невроздан
айырмашылығы ауру көрінісі психотравмалық
ситуациямен байланысы жоқ.
19.
Психопатия тәрізді шизофрения – асоциальдыжүріс-тұрыспен, әуестіктердің тежеусіздігімен,
орынсыз үйден кетулермен, мотивсіз қаталдықпен
көрініс береді. Психопатиядан айырмашылығы жүрістұрыспен және жанұядағы қарым-қатынасқа
байланысты емес.
Фебрильді шизофрения – өте сирек кездеседі.1-ші
ауру ұстамасында немесе бірнеше сандырақтық
пссихоздардан кейін пайда болады. Науқас қоршаған
ортадан ажыраған күйде болады. Күрделі соматикалық
бұзылыстар болады: дене қызуы – 40 С, тахикардия,
сусыздану симптомдары, нүктелі қан құйылулар, ми
ісіну белгілері.
20. Диф.диагностика жиі атипті варианттарында жүргізіледі:
Органикалық сандырақтық психоздармен(эпилепсия, жарақаттар, интоксикациялар, ісік,
инфекциялар, дегенеративті аурулар)
Тәуелділік аурулары (алкоголизм, накоманиялар,
токсикаманиялар)
Психогенді аурулармен (реактивті параноид,
истериялық сандырақ, невроздар)
Эндогенді аффективті психоздар:
МДП(биполярлы психоз)
Олигофрениялармен
21. Емі
НейролептиктерПсихомоторлы қозуда (хлорпромазин,
клозапин,сультоприд)
Сандырақ, кататонияда (галоперидол, рисперидон,
оланзапин т.б)
Негативті симптоматикада қазіргі кезде атипті
нейролептиктер (клозапин, рисперидон, сульпирид т.б)
Созылмалы ағымында бірнеше препаратты тағайындау
керек
Неврологиялық жанама әсерлер болған кезде
паркинсонизмге қарсы заттар: циклодол, акинетон
Қосымша транквилизаторлар, антидепрессанттар,
ноотроптар қолданылады.
22. Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жариков Н.М., Тюльпин Ю.Г. Психиатрия:Учебник. – М. Медицина, 2007 г. – 532 с.
2. Н.Н. Иванец Н.Н., Тюльпин Ю.Г.
Психиатрия и наркология: учебник. – М.,
ГЭОТАР-Медиа, 2006. – 832с.
3. Коркина М.В., Лакосина Н.Д., Личко А.Е.,
И.И. Сергеев. Психиатрия: Учебник для
студентов медвузов. – М., МЕДресс-информ,
2004. -576с.
4. Нурмагамбетова С.А. Лекции по
психиатрии.
Назарларыңызға рахмет!