ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ЖӘНЕ КООПЕРАЦИЯ
564.90K

7. Кәсіпорында еңбек қызметін ұйымдастыру

1.

Агробизнес және кәсіпкерлік
негіздері
Толысбаева Маржан Советбековна
«Экономика» кафедрасының
қауымдастырылған профессор, э.ғ.к.

2.

КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
• 1. Өндірістің ұйымдастырушылық факторлары және
еңбек қызметін ұйымдастырудың функциялары.
• 2. Еңбек бөлінісі және кооперация.
• 3. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдері.

3.

• Еңбек қызметін ұйымдастырудың мәні белгілі бір
жұмыстарды аз шығындармен орындау барысында өндірістің
барлық элементтерінің үйлесімді құрамын құруда және оларды
дамытуда жатыр.
• Еңбек қызметін ұйымдастырудың міндеті өндірістің мүмкін
болған барлық тәсілдерін зерттей отырып, ресурстарды үнемдеу
арқылы жоспарланған нәтижеге жету болып табылады.
• Өндіріс - бұл қоғамның дамуы және сақталуы үшін қажетті
материалдық игіліктерді құру процессі.
• Кәсіпорынның құрылымы дегеніміз оның ішкі үзбелерінің
құрамы мен ара қатысы.

4.

• Кәсіпорынның өндірістік құрылымының келесі
тұрпаттарын айырады:
• 1. Заттық құрылым;
• 2. Технологиялық құрылым;
• 3. Заттық-технологиялық, аралас құрылым.
• Өндірісті ұйымдастырудың тұрпаты - ол өндірісті
ұйымдастыру ерекшеліктерінің және техникалық
деңгейінің кешенді сипаттамасы.

5.


Өндірісті ұймдастырудың З тұрпаты бар:
1. Бір-бірлеп шығару;
2. Сериялық өндіріс;
З. Жаппай (жалпы) өндіріс.
• Өндірісті ұйымдастырудың тұрпатынан көбінде
кәсіпорынның құрылымы мен еңбек қызметін
ұйымдастыру тәуелді болып келеді.

6.

• Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдірудің
жолдары болып:
• А) Негізгі, негізгі емес және қызмет көрсетуші
цехтардың өзара тиімді байланыстарын сақтау;
• Б) Кәсіпорынды тиімдеу және жоспарлау жөніндегі
үнемі жұмыс жүргізу;
• В) Кәсіпорынның жеке бөлімшелері жұмыстарының
интеграциясы (бірігуі);
• Г) Өндірісті мамандандыру және кооперациялау.

7.

Ұымдастырушылық құрылым деп кәсіпорынды басқарудың
құрылымын атайды.
Кәсіпорынның ұйыдастырушылық құрылымдарының келесі
тұрпаттары болады:
1) Желілік (линиялық);
2) Функционалдық;
3) Желілі-функционалдық;
4) Штабтық;
5) Желілі -штабтық;
6) Матрицалық;
7) Басқарудың аралас құрылымы.

8.

Еңбек қызметін ұйымдастырудың келесі
функцияларын атайды:
1. Еңбек субъектісін анықтау (жұмысшы және ұжым).
2. Оны қажетті еңбек құралдары және несиелермен
қамтамасыз ету.
3. Қолайлы еңбек жағдайларын туғызу.
4. Еңбек процестерін ұйымдастыру.
5. Еңбек ақы мәселелерімен шұғылдану.

9. ЕҢБЕК БӨЛІНІСІ ЖӘНЕ КООПЕРАЦИЯ

• Еңбек бөлінісі деп бірлескен еңбек процессіндегі адамдардың
қызметтерін бөлуді атайды.
• Еңбек бөлінісінің 3 түрі болады:
• 1. Жалпы;
• 2. Жекеленген;
• З. Бірегейлісі.
• Кәсіпорынның еңбек бөлінісінің келесі формаларын айырады:
• 1. Технологиялық бөліну;
• 2. Функционалдық;
• 3. Кәсіби-біліктілік.

10.

1). Технологиялық бөліну - технологиялық біртектілігіне
қарай жұмыстардың жекеленуі.
Артықшылықтары:
• өндірісті механикаландыру және автоматтандыруға
жағдайлар жасалады;
• операциялардың шектелген әдістері орындалады;
• жұмыскерлерді даярлау мерзімдері қысқартылады.
Кемшіліктері:
• жұмысшыларды мамандандыруды тарылтады.

11.

• Функционалдық еңбек бөлінісі – бұл жұмыскерлердің
өндірісте орындайтын
функцияларының аясында
шектелулері.
• Фунционалды еңбек бөлінісіне қарай кәсіпорынның
барлық персоналын келесі функционалды топтарға
бөлуге болады:
• Негізгі жұмысшылар;
• Көмекші жұмысшылар;
• Инженер-техникалық жұмысшылар, мамандар;
• Қызметкерлер;
• Қызмет көрсететін кіші персонал;
• Күзетшілер.

12.

• З) Кәсіби-біліктілік бөліну - мамандығына немесе
еңбектің күрделілігіне байланысты әр функционалды
топтағы жұмыскерлердің бейімделген жеке топтарының
жекеленуі.
• Мамандану кәсіптік білімдері мен жаттыққандарына
қарай сипатталады.

13.

• Еңбек кооперациясы - адамдардың бір немесе өзара
байланысты емес еңбек процесстеріне бірігіп қатысуы.
• Еңбек
кооперациясының
ажыратады:
• Цех аралық;
• Цех ішіндегі;
• Учаске ішіндегі;
• Бригада ішіндегі.
келесі
түрлерін

14.

ЖЕКЕ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК КЕЛІСІМДЕРІ
• Еңбекті ұйымдастырудың жеке және ұжымдық формалары
болады.
• Еңбек қатынастары деп адамдар арасындағы, жұмыс беруші мен
жұмыскердің, әкімшішілік пен кәсіподақтың, еңбек ұжымдары
арасындағы қатынастарды айтады.
• Еңбек қатынастары жүйесінде келісімдердің 2 түрін атауға
болады:
• 1. Жеке;
• 2. Ұжымдық.

15.

• Жеке келісімдер – бұл кәсіпорынның немесе жұмыс
тобының ішіндегі жеке жұмысшылар мен жұмыс
берушінің арасындағы қатынастар.
• Ұжымдық – кәсіпорынның жұмысшы топтардыңы
өкілдері, әкімшілік пен кәсіподақ комитетінің
арасындағы қатынастар.
• Еңбек қатынастарын ұйымдастырудың мақсаты оған қатысушылардың арасындағы әріптестік,
ынтымақтастық және туындаған проблемаларды
бірлесіп шешу негізінде табылады.

16.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Еңбек қызметін ұйымдастырудың мәні?
2. Еңбек қызметін ұйымдастырудың функциялары?
3. Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдірудің
жолдары?
4. Ұымдастырушылық құрылым?
5. Кәсіпорынның еңбек бөлінісінің формалары?
6. Еңбек кооперациясы?
7. Жеке және ұжымдық еңбек келісімдерінің формалары?

17.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
English     Русский Rules