564.81K
Category: financefinance

6. Кәсіпорында еңбекақы төлеу

1.

Агробизнес және кәсіпкерлік
негіздері
Толысбаева Маржан Советбековна
«Экономика» кафедрасының
қауымдастырылған профессоры, э.ғ.к.

2.

КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ
ДӘРІС ЖОСПАРЫ
1. Еңбекақы мәні мен принциптері
2. Жұмыскерлер еңбекақысының нысандары мен жүйелері
3. Еңбекақыны жоспарлау мен мемлекеттік реттеу

3.

• Еңбекақы (жұмысақы) төлеудің маңызын, қызметкерге
еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп
түсінеміз.
• Еңбекақы бұл - жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына,
және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін
төлем.

4.

• Еңбекақының мәні оның қоғамдық өндіріс
фазаларында: өндірісте, үлестіруде, айырбастау
және тұтынуда орындайтын функцияларынан
көрінеді:
• Ұдайы өндірістік функциясы.
• Ынталандырушы функциясы.
• Өлшемді үлестіргіш функциясы.

5.

• Ресурстық-орналастыру функциясы.
• Халықтың төлем қабілеті бар сұранысты
қалыптастыру функциясы. Бұл функция- төлем
қабілеті бар сұранысты үлестіруге арналған.
• Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі
факторлар әсерінен қалыптасады. Қоғамның
қажеттіліктері мен табыстарынан.

6.

Жоғарыда көрсетілген функцияларды іске асыру үшін, келесі
маңызды ұстанымдардың сақталуы қажет.
1. Еңбектің және өндірістің тиімділігі көтерілуіне қарай нақты
еңбекақының өсуі.
2. Еңбек тиімділігінің өсу қарқыны орташа еңбекақының өсу қарқынынан
озық болуы.
3. Еңбекақының дифференциалды болуы.
4. Тек еңбекке тең еңбекақы.
5. Еңбекақыны мемлекеттік реттеу.
6. Еңбек нарығының әсерін ескеру.
7. Еңбекақы нысандары мен жүйелерінің қарапайым, логикалы және
түсінікті болуы.

7.

Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге
бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
• мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу;
• еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты
төлемдер;
• қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
• сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

8.

Қосымшы еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек
туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар
үшін төлемдер жатады:
• демалыс уақыттарына ақы төлеу;
• мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары
үшін ақы төлеу;
• кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін
ақы төлеу;
• жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.

9.

• Кәсіпорында
еңбекақы
төлеуді
ұйымдастыру
3
өзара
байланысты және өзара тәуелді элементтерен анықталады:
– тарифтік жүйе;
– еңбекті нормалау;
– еңбекақы төлеудің нысаны.
• Тарифтік
жүйе
әр
түрлі
топтағы
және
категориядағы
қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді,
олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра
алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын
көрсетеді.

10.

Тарифтік
разряд
Жұмысты
тарифтеу
Тарифтік
жүйе
Тарифтік
тор
Тарифтік
мөлшерлеме
(жалақы)
Біліктілік
разряд

11.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарындағы
жалақылардың айырмашылықтары мынадан тұрады:
• мемлекеттің иелігіндегі кәсіпорындарда жалақы үкімет
актілерімен реттеледі, ал жеке кәсіпорындарында кәсіпорын
әкімшілігі шешімімен;
• мемлекеттік кәсіпорындарда жалақы тіркеледі, яғни тұрақты
болады (арту индекстеу есебінен тұрады);
• мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс орны мен жалақы кепілді,
ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда олар оның экономикалық
жағдайына қарай анықталады.

12.

Еңбекақыны
ұйымдастыру
тәжірибесінде
еңбекақының
екі
нысаны
қолданылады – мерзімдік және кесімді.
Мерзімдік ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі – пайдаланылған уақыт болып
табылады, ал табыс болса, нақты пайдаланылған уақыттың жалақысына немесе
қызметкердің тарифтік мөлшерлемесіне байланысты есептелінеді.
Еңбекақы мына формула бойынша есептелінеді:
ЕА = ТМ + Т,
мұндағы: ЕА – еңбекақы;
ТМ – біліктілік разрядындағы жұмысшының меншіктенген тарифтік
мөлшерлемесі;
Т – нақты пайдаланылған уақыт.

13.

• Жай мерзімді жүйеде жалақы осы разрядтың жұмыскеріне тарифтік
мөлшерлеме бойынша нақты орындаған жұмыс уақытына белгіленеді,
ол сағаттық, күндік, айлық тарифтік мөлшерлеме түрінде белгіленуі
мүмкін.
• Мерзімді-сыйлықтық еңбек ақы жүйесінде жай мерзімді еңбек ақы
мен жұмыскерлерді сыйлықтандыру туралы арнайы шаралардың
белгіленуі бойынша сандық және сапалық көрсеткіштерді
орындағаны үшін сыйлық беру ұштастырылады.
• Окладтық жүйеде еңбекақы тарифтік жүйелер бойынша емес,
белгіленген айлық лауазымдық окладтар бойынша асырылады.

14.

Кесімді ақы төлеу кезінде еңбек өлшемі жұмысшының
өндірген өнімі болып табылады.
Табыс мына формула бойынша есептелінеді:
• ЕА = Р * Q,
• мұндағы: ЕА – еңбекақы;
Р - өнім бірлігінің кесімді бағасы;
Q – дайындалған өнімнің мөлшері.

15.

Еңбекақы төлеудің кесімді немесе мерзімді нысанын
таңдау бірнеше факторларға тәуелді:
– қолданылатын жабдықтың сипатына;
– технологиялық процестің ерекшелігіне;
– еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға;
– материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануға;
– өнім сапасына қойылатын талаптарға байланысты.

16.

Еңбекақы төлеудің кесімді нысаны бірнеше
жүйелерге бөлінеді:
• тікелей кесімді;
• кесімді-сыйлықақы;
• үдемелі кесімді;
• жанама кесімді;
• аккордтық.

17.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:
1. Еңбек ақы түсінігі
2. Еңбек ақының экономикалық мәні мен мазмұны
3. Еңбек ақының негізгі атқаратын қызметтері
4. Еңбек ақы төлеу қандай принциптерге негізделген?
5. Еңбек ақының нысандары, олардың анықтау әдістемесі
6. Еңбек ақыны ұйымдастыру жүйесі
7. Еңбек ақының тарифтік және тарифтік емес жүйесі
8. Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибелері

18.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
English     Русский Rules