Similar presentations:
Рашитқызы Райян
1. «Қазақ мұрасын жаңғырту жолындағы жасанды интеллект мүмкіндіктері»
№51 гимназия КММ«Қазақ мұрасын жаңғырту
жолындағы жасанды
интеллект мүмкіндіктері»
Жоба авторы: Адайбек Анес
2.
Қазақ халқы – бай рухани-мәдени мұраның иесі. Ғасырлар бойы қалыптасқан жыр-дастандар, шешендік сөздер, эпостықшығармалар, ұлттық музыка, әдет-ғұрыптар – ұлттың айнасы, тарихтың шежіресі. Алайда қазіргі жаһандану дәуірінде
бұл мұралардың біразы ұмыт болу қаупінде тұр. Осындай шақта жасанды интеллект немесе жасанды интеллект (AI)
технологиясы ұлттық мұраларды сақтап қана қоймай, оларды жаңғыртып, келешек ұрпаққа қолжетімді етіп жеткізудің
жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.
Мақсаты
Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтап,
жаңғыртуда жасанды интеллектінің
мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан
зерделеу және нақты ұсыныстар ұсыну.
Жоба өзектілігі.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан руханимәдени мұрасы – ұлттық болмыстың негізі.
Жаһандану үдерісі мен технологиялық даму аясында
бұл мұраны сақтау, ұрпақ интеллектісіне сіңіру жаңа
тәсілдерді қажет етеді.
3. ӨТКЕННІҢ ҮНІ – БОЛАШАҚТЫҢ ТІЛІ: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ МӘДЕНИ МҰРА
Мәдени мұра – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын қастерлі құндылық. Егер халық өзмұрасынан қол үзсе, оның тарихы үзіледі, рухы әлсірейді, болашағы бұлыңғыр болады.
Керісінше, мәдени мұрасын қастерлеп, дамыта білген елдің рухы асқақтап, болашағы жарқын
болады.
Қазақ халқының мәдени мұрасын екі үлкен салаға бөліп қарастыруға болады:
1)
Материалдық мұра – сәулет ескерткіштері, қолөнер, тұрмыстық бұйымдар, археологиялық жәдігерлер;
2)
Рухани мұра – ауыз әдебиеті, жыр-дастандар, күй мен әндер, шешендік өнер, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни дүниетаным.
Осы екі қазына да қазақтың ұлт болып қалыптасуына қызмет етті.
4. Практикалық бөлім
Халық ауыз әдебиетінің ерекше мұраларының бірі- «Керқұла атты Кендебай» аттыертегісі. Ертегідегі Кендебайдың ерлігі, қайсарлығы мен батыл мінезі — біз секілді
бүлдіршіндерге үлгі.
Мультфильмнің жасалу жолына келер болсақ, ең
алдымен, мен мультфильмнің сюжеттік желісін
оқулықтардан қарап, ChatGPT арқылы құрдым.
Мен мультфильмнің әр сахнасына арналған
иллюстрациялар мен фондық суреттерді ChatGPT –
дің көмегімен кезең-кезеңімен жасадым
5. Практикалық бөлім
Келесі ретте әр сюжетке ПРОМПТ дайындап алып, оны ағылшын тіліне аударамыз. Кейіпкерлердің қозғалысынVeo3 ортасында анимациялау арқылы құрдым. Бұл нейрожелілердің көмегімен кейіпкерлердің эмоциялары табиғи
сапалы мультфильмдерден кем түспеді.
Дайын болған барлық материалдарды — фон, бейнелер, анимациялар және дыбыстар — CapCut бағдарламасында
біріктіріліп, толыққанды мультфильмге айналды.
Келесі өнім- баршамызға белгілі КОМИКС. Чат GPT және Canva қосымшаларын пайдалану арқылы
бізде осындай өнім пайда болды. Ендеше, жасалу жолына келсек, ең алдымен, чатGPT ге ертегінің
толық нұсқасын, сюжеттік желілеріне сай бөліп беруін сұрадық. Келесі ретте әр сюжетке ПРОМПТ
дайындап алып, оны чатGPT қосымшасына салу арқылы анимациялық фотосуреттер дайындадық.
Ол фотосуреттерді Canva платформасына салып, «РАМКА ДЛЯ КОМИКСОВ» деп іздеп өзімізге
қажетті рамкаларды әр кейіпкердің қасына орнаттық.
6. ҚОРЫТЫНДЫ
«Жасанды интеллект адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертеді. Бұл үрдіскебейімделе білген ел ғана өркениет көшінен қалмайды», – деп Президентіміз
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, осы ой бүгінгі жобаның
негізгі өзегіне айналды. Өйткені заманауи технология мен ұлттық рухты
ұштастыра білу – болашақ ұрпақ тәрбиесінің алтын кілті деп ойлаймын.
Бұл мультфильм – тек көркем туынды емес, ұлттың рухани құндылығын жасанды
интеллект арқылы сақтап, жаңа ұрпаққа жеткізудің тиімді жолы.