Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экологиялық
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР 1. Абишева Т.О., Биогеография негіздері: оқулық. 2016.-284 б 2. Второв П.П., Дроздов Н.Н., Биогеография, М.:
Сабақтың сауалнамасы
1.57M

Тема 2

1. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Экологиялық

биогеография
ТАҚЫРЫП №2 Ағзалар қауымдастығы
Мамандығы: 5В060800 – Экология
Авторы: ботаника кафедрасының аға оқытушысы
Сабақ түрі: дәріс
Қарағанды 2018
Кейкин Е.Қ

2.

Тақырып №2 Ағзалар қауымдастығы.
Дәріс жоспары:
1. Тірі ағзалар арасындағы негізгі симбиотикалық
байланыстар.
2. Ағзалар қауымдастығы туралы ұғым .
3. Ағзалар қауымдастығының ішіндегі трофикалық және
энергетикалық циклдар.
4. Биоценотикалық сукцессия.
5. Климакс туралы ұғым.

3.

Ағза туралы түсінік
Ағза - француздың – organisme, латынша - organiso – құрамын, сыртқы
құрылым беремін деген сөздеріндегі мағынаны береді.
Кең көлемде алатын болсақ, тірі ағза- дегеніміз,бір-бірімен байланыста
болатын және бір-біріне бағыныңқы болатын элементтерден тұратын және
олардың өзара байланыстары мен құрылысы біртұтас құрылымды беретін
биологиялық жүйе болып саналады.
Ағза деген ұғымға тек жеке даралар (индивидтер) ғана емес,
колониямен өмір сүретін (колониялы ағзалар),отбасы (жануарлардағы),
популяция, биоценоз және тағы басқаларда кіреді. Қысқаша алғанда, ағзадара, индивидиум, «тірі дене».

4.

Тірі ағзалар арасындағы негізгі симбиотикалық байланыс:
Мутуализм (латын
тілінде mutuus – өзара) – әр текті
жануарлардың өздерінің сыртқы
ортамен байланысын бір-бірінсіз
атқара алмауы; симбиоздың бір
түрі. Мутуализм кезінде
екі жануардың бір-бірімен тығыз
байланыста болатыны соншалық,
олар бір-бірінсіз тіршілік ете
алмайды. Мысалы, термиттер
организміне келіп түскен қоректік
зат – клетчатканы, өздерінің
ішегінде, тіршілік ететін
талшықтылар болмаса, қорыта
алмайды.

5.

Комменсализм
Комменсализм (лат. commensalіs
– табақтас, масыл) дастархандас, симбиоздың бір
түрі. Коменсализмде екі
жануарлардың бірі, (коменсал)
өзінің сыртқы ортамен қарымқатынасын реттеуді басқа
жануарға, (иесіне) толығымен
жүктеп, өзі сыртқы ортамен
тікелей қарым-қатынасқа
түспейді. Мысал ретінде қарапус
балықтарын келтіруге болады.
Голотуриялардың ішек қуысына
еніп, олар оны бас пана ретінде
пайдаланады.

6.

Синойкия мен Трофобиоз
Синойкия - әр түрге жататын ағзалардың өзара бірлесіп, (селбесіп) тіршілік
етуі. Синойкия кезінде бір түр екінші түрге зиян келтірмей, өзіне пайдалы
жағдай жасап тіршілік етеді. Мысалы - кейбір
теңіз балықтарының шабақтары ірі медузалардың қармалауыштарының
арасында тіршілік етеді де - қауіптен қорғанады.
Трофобиоз - Трофобиозға жыртқыштар мен қалдықтарды жейтін ағзалар
мысал бола алады. Мысалы, гиеналар арыстандардың жегеннен кейін
қалдырып кеткен аң қалдықтарын жейді.

7.

Протокооперация
Ағзалардың бір біріне
пайдалы әсер ететін,
бірақ бірге тіршілік етуге
міндетті емес арақатынас
түрі. Мысалы,
таңқышаянның
бақалшығында актиния
тіршілік ету үшін
орнығуы мүмкін.
Актинияның атпа
жасушаларының ішінде у
болады, сол арқылы
актиния таңқышаянды
жыртқыш балықтардан
қорғайды. Ал таңқышаян
актинияның таралуына
көмектеседі және
қоректену аймағын
кеңейтеді.

8.

Нейтрализм
Бір аймақтық тіршілік ететін екі түрдің (популяция) бір-біріне не оң, не
теріс әсер етуі. Мысалы, тиіндер мен бұғылар бір-біріне айтарлықтай
бір әсер етпейді.

9.

Жыртқыштық
Бір жыртқыштың басқа жемтікті өлтіріп, қорек етуі. Мысалы, қоян
мен қасқыр. Жыртқыштың - қорек, аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі
өлтіру, қуу, жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық - түрлер арасында
болатын қарым-қатьшастардың ең жоғарғы формасы, Жыртқыштық
организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігін алдымен
іздеп тауып, ұстауы қажет.
Ал жемтік өз кезегінде жауынан қорғану үшін жоғары
бейімделушілік қасиетке ие болады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы
дамып, организм бойында морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық
т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен, қабық, жағымсыз иіс
түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде ұлы бездер, панцирлер, қорғаныс
түстер, мінез-құлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшесін
бөліп тастау, қашып кету, жасырыну т.б. құбылыстар арқылы жүзеге асады.
Тіпті құстар, тұз тағылары сес көрсетіп, қарсы шабу, қатты дыбыс
шығаруға дейін бейімделген.

10.

Жыртқыштық

11.

Бәсекелестік
Түрішілік бәсекелестік – дегеніміз бір түрге жататын
организмдердің өзара қорек, тұрағы, көшбасшылыққа таласу т.б.
жағдайындағы қарым-қатынастарының көрінісі.

12.

Түраралық бәсекелестік – дегеніміз екі түрге жататын
организмдердің өзара қорек, тұрағы, т.б. ресурстардың
жетіспеушілік жағдайына байланысты қарым-қатынастарының
көрінісі.

13.

Паразитизм – бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе
тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі.
Қан сорғыш бит және афелинус жәндігі

14.

Симбиоз
Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір
зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен,
құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ
балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады.
Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі
болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде
майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде
тамырлардың ішіне еніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін
саңырауқұлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен
қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті
органикалық заттарды алады.

15.

В.Н.Беклемишевтің түрлер арасындағы биоценоздағы биотикалық
қатынастар мынандай төрт типке бөлінеді:
а) трофикалық, б) топикалық в)фористік г)фабрикалық.
Трофикалық байланыс бір түрдің екінші түрмен, тірі немесе өлі
күйінде,содай –ақ тіршілік ету үшін қажетті тағамдар түрінде қоректенуі
кезінде туындайды.
Топикалық байланыс бір түрдің тіршілік ету барысында екінші түрдің кез
келген жағынан, физикалық немесе химиялық тіршілік ортасының
өзгеріске ұшырауынана туындайды.
Форикалық байланыс бір түрдің екінші түрдің таралуына қатысунан
туады. Транстортировкалық тасымалдаушы ролін жануарлар
атқарады.Әртүрлі өсімдіктердің тұқымдарын, спораларын, тозаңдарын
жануарлардың тасымалдауы зоохор деп, ал басқа ұсақ жәндіктермен
тасымалдануы – форезия деп аталады (форас – латынша сыртқа шығару
дегенді білдіред).
Фабрикалық байланыс бір түрдің өз қажеттілік құрал жабдықтарына
(фабрикациясына) басқа бір түрдің шығару өнімдерін, тірі немесе қалдық
түріндегі, кейде тіпті тірі особтарында пайдалануды айтады.

16.

Экологиялық сукцессия биоталық қауымдасгық пен физикалық
орта арасында тепе-теңдік орнайтын экожүйенің реттелген дамуы,
оны болжауға болады.
Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың
барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып
жатады.
Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар
қоршаған ортаны өзгертуге ұмтыла отырып, өзге популяциялар
үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Экологиялық сукцессия барысында ағзалардың түрлік
популяциялары және олардың арасындағы функциялық
байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі заңдылыққа сәйкес
кезеңді түрде және қайталанып алмастырып отырады.
Сукцессия - өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады.
Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты,
аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты,
антропогенді түрлері бар.

17.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СУКЦЕССИЯ
(И.Н.Пономорева бойынша)

18.

Тірі ағзалардың тіршілік циклы:
Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір
мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әр түрлі уақытта
оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің дұрыс
кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді
тіршілігінің периодтары болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру (күн мен
түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді. Көптеген
жануарларда тәуліктік периодтылық физиологиялық функциялардың
айтарлықтай ауытқуын әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің
өзгеруінен көрінеді. Бұл – сыртқы, экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік
периодтылық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән. Су
қоймаларында планктонның күндізгі және түнгі арадласуы байқалады.
Жарық күннің ұзақтығының көктемнен күзге қарай өзгеруі жануарлардың
тәулік бойынша белсенділігіне әсер етеді. Олай болса, тәуліктік периодтылық
экзогенді ырғаққа жатады. Жарық. Белгілі француз астрономы К.
Фламмарион (1842 - 1925): «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір
сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған» - деді.

19. НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР 1. Абишева Т.О., Биогеография негіздері: оқулық. 2016.-284 б 2. Второв П.П., Дроздов Н.Н., Биогеография, М.:

Владос-пресс, 2001г.
3. Воронов А.Г., Дроздов Н.Н., Криволуцкий Д.А., Мяло Е.Г., Биогеография с
основами экологии, М.: Изд-во Моск. ун-та, 2003.-407 с
4. Дроздов Н.Н., Мяло Е.Г. Экосистемы мира. – М., 1997.
5. Жанғожина Г.М., Биогеография экология негіздерімен: оқу құралы. 2006.-84 б
6. Шілдебаев Ж.Б., Биогеография: оқулық. 2012.-368 б
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
1. Гаверман А.В. Биогеография: Краткий конспект лекций / Гаверман А.В.. - Калинин:
Изд-во Калинин.ун-та, 1974. - 316 с.: ил.
2. Грин Н, Стаут У, Тейлор Д. Биология: в 3-х т. Т.1 – М: Мир, 1990. – 368с.
3. Грин Н, Стаут У, Тейлор Д. Биология: в 3-х т. Т.2 – М: Мир, 1990. – 325с.
4. Красная книга Казахской ССР. Т1. Животные.-Алма-Ата. 1991.-560 с
МЕРЗІМДІК ӘДЕБИЕТТЕР (БАСЫЛЫМДАР)
1. ҚарМУ хабаршысы. Биология, медицина және география сериясы

20.

Екі түр арасындағы ең тиім байланысты көрсет:
A) жыртқыштық
B) Симбиоздық +
C) прокооперациялық
D) бәсекелестік
E) паразиттік
F) комменсалды

21. Сабақтың сауалнамасы

1. Биосферадағы қандай сибиотикалық
байланыстарды білесің.
2. Беклемишевтің биотикалық байланыстары.
3. Ағзалардың өзара байланысы дегеніміз.
4. Трофикалық байланыстардың мәні неде.
5. Экологиялық сукцессия маңызы неде.
6. Климакс ұғымын түсіндіріп бер.
English     Русский Rules