Similar presentations:
Гинкголар класы (гинкговые)
1. Гинкголар класы(гинкговые)-GINKGOOPSIDA
әл-Фараби атындағыҚазақ Ұлттық Университеті
Биология және
биотехнология факультеті
Гинкголар класы(гинкговые)GINKGOOPSIDA
Орындаған: Амирғазин Е.С.
Тексерген:Тыныбеков Б.М.
2. Жоспар
1.КіріспеІІ.Негізгі бөлім
1) Гинкгоның классификациясы
2) Гинкгоның өмірлік цикілі
3) Гинкгоның қолданылуы
ІІІ.Қортынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
3. Гинкголар класы
Гинкголар класы бір қатардан (Ginkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегіфлорада кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Ginkgoaceae).
Тұқымдас екі қалақшалы гинкго (гинкго двулопасный – Ginkogo biloba)
деген жалғыз түрмен белгілі. Шыққан жері Қытайдың Оңтүстік –
Батысы. Ерте уақыттан бері оны Жапонияда және Қытайдың барлық
жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш ретінде, мәдени жағдайда
арнайы өсіреді. Бұл биіктігі 40 м дейін баратын, бөрік басы пирамида
тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш.
4. Гинкгоның классификациясы
Бөлім: Гинго (гинкговидные)-GinkgophytaКласс: Гинкголар (гинкговые)Ginkgoopsida
Қатар: Гинколар (гинкговые)Ginkgoales
Тұқымдас: Гинкголар (гинкговые)Ginkgoaceae
5. Гинкго
Гинкго (лат. Gínkgobilóba)Қытай, Жапон елдерінен
таралған,кейде қылқанжапы
рақты, кейде
жалпақжапырақты ағашқа
жатқызылатын, құпиясы
көп, ғажайып өсімдік!
Гинкго - динозаврлар дәуірінен келе жатқан
ағаш. Сол заманнан бері бұл ағаш аса
өзгеріске ұшырамаған. Ыстық пен суыққа,
газ бен отқа төзімді ағаш. Ғалымдардың
зерттеуі бойынша гинкгоның кейбір түрлері
3000 жыл өмір сүреді.Көгалдандыру
саласында 1691 жылдан бері қолданылып
келеді. Көгалдандыруда кең
қолданылғанымен табиғатта жоғалып бара
жатқандықтан, 2000 жылы оны дүниежүзілік
«Қызыл кітапқа» енгізген. Жапырақтары
жүрек тәріздес болғандықтан, қытай, жапон
елдерінде оны «махаббат ағашы» деп атап
кеткен. Оның жапырақтарын жас ғашықтар
бір-біріне сыйға тартады екен.
6. Гинкгоға сипаттама
Гинкго - биік агаш (биіктігі 30 м,диаметрі 3 м), кабығы қошкыл-сүр
түсті, моноподиальды бүтактанған,
жапырактарының
сағағы
ұзын.
пішіні үшбүрышты (желпуіштәрізді,
веертәрізді).
Жапырақ
тақтаы
жалпақ верр тәрізді болып келеді
және сағағы болады .Жапырак
тақтасынын ортасындағы жүйкесі
жапырақты 2 симметриялы бөлікке
бөледі.Ұзарған өркендерінде олар
екі қалақты ,ортасы ойық болып
келелді.
Екі
түрлі
өркен
болады:төбелік
ұзарған
және
бүйірлік қысқарған.
7. Гинкгоның көбеюі
Гинкго екі үйлі өсімдік.Аталық стробилдері қысқарған өркендеріндегі Жапырақтардыңқолтықтарында пайда болады .Микроспорофилдері жоғарғы жағында Сорилері бар
тіркестен тұрады.Ол көп жағдайда тек жарқышақтары арқылы қақырайтын,екі салбырап
тұрған микроспорангиден тұрады.Аналық стробилдері де қысқарған өркендеріндегі
жапырақтардың қолтығында орналасады.Әрбір стробилде екіден тұқымбүрі болады,олар
дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады.Ұрықтануы
саговниктердегі секілді сперматозойдтардың көмегімен жүзеге асады.
8. Гинкгоның маңыздылығы
Гинкгоның жапырағы мен жемісіндәрілік мақсатта қолданады.
Жемісі жеуге жарамды, дәмі
тұздылау, бірақ иісі жағымсыз.
Елімізде бұл ағаш сәндік өсімдік
ретінде танымал. Гинкгоның
жапырағы мен ағашында
зиянкестер мен ауруға
ұшырамайтын қасиет бар. Оның
кепкен жапырақтарын көне
қолжазбалардың арасына салу
арқылы кітап құртынан сақтаған.
Хиросимадағы атом бомбасынан
кейін гинкгоның тірі қалғандығы,
оның өміршеңдігін білдіреді
9. Гинкгоның маңыздылығы
Тұқымы пісірлген,қуырлған күйінде жеуге
жарамды.
Тұқымы арқылы арнайы
жылыжайларда көбейтеді.
Алғашында тұқымнан өскен
көшет жай өседі де, биіктігі
1,5 - 2 метрге жеткен соң
өсуі жылдамдайды.
Қалемшелеу арқылы оңай
көбейтіледі.
10. Қортынды:
Елімізде бұл ағаш сәндік өсімдік ретінде танымал.Көгалдандыру саласына шет елден әкелініп жерсіндірілуде.
Күзге таман барлық жапырағы алтын түстес сарыға боялады.
Қос үйлі өсімдік болғандықтан гүлі тозаңдану үшін бір еркек,
бір аналық гинкго ағаштарын қатар отырғызу керек.Сондай-ақ
ағаштың құндылығы қарағайлармен бірдей!