Similar presentations:
2-дәріс
1. Тұлғалық факторлар
2-лекция2. Тұлға анықтамасы
Тұлға – адамныңөзгелерді қабылдау
және олармен өзара
әрекеттесу тәсілдерінің
жиынтығы.
Жеке қасиеттер –
тұрақты мінез-құлық
сипаттары.
3. Тұлғаны бағалау
Бизнес пен білімдекең қолданылады
Ірі компаниялар жиі
қолданады: Xerox,
McDonald’s, Lowe’s
т.б.
Мақсаты –
қызметкердің
жұмысқа
лайықтылығын
болжау
4. Нәтижелерді саралау
Өзіндік талдау – адам өзқасиеттерін бағалайды
Нәтижелерді
саралау
Бақылау-рейтинг –
әріптестер немесе
бақылаушылар бағалайды
Екі әдісті біріктіру тиімді
нәтиже береді
5. Мәдениет және бағалау
Индивидуалистік елдер(АҚШ, Австралия) – өзін
көтермелеп көрсету тән
Мәдениет
және
бағалау
Коллективистік елдер
(Қытай, Корея, Тайвань) –
өзін төмендетіп көрсету тән
Өзін дұрыс бағаламау –
қызметтік өсуге кедергі
6. Тұлғаның анықтаушылары
Негізгі фактор – тұқымқуалау
Тұлғаның
анықтаушылары
Гендер, темперамент,
энергия деңгейі,
биологиялық ырғақ
Орта да әсер етеді, бірақ
негізгі сипаттар тұрақты
қалады
7. Майерс-Бриггс типологиясы – тұлғаны бағалаудың әлемде аса кең қолданыс тапқан тәсілі.
Тұлғаны бағалаудағы ең танымал тест (100 сұрақ)Майерс-Бриггс
типологиясы –
тұлғаны
бағалаудың
әлемде аса кең
қолданыс
тапқан тәсілі.
4 өлшем:
Экстраверт немесе интроверт. Экстраверт адамдар – үйірсек,
көпшіл және табанды. Интроверттер – момын және ұяң.
Аңғарымпаз немесе интуитив. Аңғарымпаз адамдар –
тиянақты, тәртіп пен реттілікті қалайды, тәптіштегенді ұнатады.
Интуитивтер бейсана процеске сенім артады және жағдайға кең
ауқымда қарайды.
Ойға немесе сезімге жүгінетіндер. Ойға жүгінетіндер мәселе
шешу үшін себеп пен қисын іздейді. Сезімге жүгінетіндер өз
құндылықтары мен эмоциясына сүйенеді.
Пайымдаушы немесе қабылдаушы. Пайымдаушылар
жағдайды бақылап отыруды жөн көреді, сондай-ақ тәртіп пен
құрылымды ұнатады. Қабылдаушылар бейімделгіш әрі еркін
келеді.
8. Типтердің мысалдары
интроверт/интуитив/ойға жүгінетін/пайымдаушыадамдар – ерекше ойлайтын, құлшынысы мықты,
арманшылдар. Олар – күмәншіл, сыншыл, тәуелсіз,
тәуекелшіл және көп жағдайда қырсық.
Экстраверт/интуитив/сезімге жүгінетін/пайымдаушылар
– тумысынан мұғалім не жетекшілер. Олар – бауырмал,
шабыттандырушы, интуитив, идеалист, әдепті және
мейірімді.
Типтердің
мысалдары
Экстраверт/аңғарымпаз/ойға жүгінетін/пайымдаушылар
– ұйымдастырушы. Олар – шыншыл, логикаға сүйенетін,
аналитик әрі батыл тұлғалар, бизнесте немесе
механикада алғыр.
Экстраверт/интуитив/ойға жүгінетін/қабылдаушы типі –
жаңашыл, индивидуалист, жан-жақты әрі кәсіпкерлікке
байланысты идеялары көп тұлға. Бұл адамдар күрделі
мәселелерді шешуде алдына жан салмайды, алайда
күнделікті қайталанатын тапсырмаларды орындамай
қоюы мүмкін.
9. Майерс-Бриггс әдісінің кемшіліктері
Адамды бір ғана типке жатқызады, яғни сіз неинтроверт, не экстраверт боласыз. Басқау таңдау
жоқ
МайерсБриггс
әдісінің
кемшіліктері
өлшемінің нанымсыздығында: адамдар
тестілеуден әр өткен сайын әртүрлі нәтиже
көрсетеді.
Түсіндіру қиын, Майерс-Бриггс типологиясының
әр аспектінің маңыздылық деңгейлері,
аспектілерінің белгілі бір үйлесуінің жеке
мағынасы бар, бұлардың бәріне арнайы түсінік
беру қажет, қате де кетеді.
Қорыта келгенде, Майерс-Бриггс типологиясы
нәтижесінің жұмыс өнімділігіне қатысы жоқ деуге
болады.
10. Адам тұлғасын жан-жақты ашып көрсететін барлық өлшем түрлеріне негіз болатын «Үлкен бестігі» моделінің факторлары
Ниет қасиетін өлшеу – сенімділік көрсеткіші. Жұмысқа адал адамжауапты, жинақы, сенімді және табанды келеді. Осы бағалауда төмен
деңгей көрсеткендер тез айнығыш, берекесіз және сенімсіз болады.
Адам тұлғасын
жан-жақты ашып
көрсететін барлық
өлшем түрлеріне
негіз болатын
«Үлкен бестігі»
моделінің
факторлары
Эмоциялық тұрақтылық - адамның стреске төтеп беру қабілеті.
(сабырлы, өзіне сенімді және қауіпсіз). Жоғары ұпай алғандар –
жағымды әрі оптимист, бақыттырақ. Қарама-қайшы қасиет - невротизм .
Невротизмі жоғарылар стрестің физикалық және психологиялық
ықпалына төтеп бере алмайтын, өте сезімтал, күйгелек, қамкөңіл,
күйзеліске түскіш, әлсіз.
Экстраверсия өлшемі адамның қарым-қатынасқа деген ықыласын
білдіреді. Экстраверттер адамдармен тіл табысқыш, табанды әрі көпшіл
болуға бейім. Олар әдетте басқаларға қарағанда бақыттырақ және көп
жағдайда өр мінезді. Ал интроверттер (экстраверсиясы аз), керісінше,
ойшыл, тұйық, ынжық және момын келеді.
Тәжірибеге ашықтық өлшемі адамның қызығушылығы мен
жаңашылдыққа қаншалықты құмар екендігін білдіреді. Ашық адамдар –
креатив, білуге құмар және әсерленгіш, сезімтал. Осы санаттың төменгі
шегіндегілер қарапайым әрі үйреншікті жағдайда өзін жайлы сезінеді.
Тіл табыса алу өлшемі басқалардың ығына жығылуға бейімдікті
білдіреді. Тіл табысқыш адамдар – елгезек, жылышырайлы, түсі игі
және сенгіш. Ұйым командасына мүше болатын адамдарды таңдау
кезінде ымырашыл кісілер бірінші кезекте таңдалады. Керісінше, тіл
табыса алу бойынша төмен ұпай алғандар суық әрі тайталасқыш болып
келеді.
11. ЖҰМЫСТАҒЫ НИЕТ
Адал ниетті қызметкерлердің атқаратын қызметі бойынша дабілімі жоғары болады, сондай-ақ бұл жұмыс өнімділігін де
жоғары деңгейге шығарады.
Адал ниеттің кемшіліктері: аса адал адамдар жұмысты отбасынан
жоғары қояды, бұл жұмысы мен отбасы арасында қайшылық
туындауына әкеп соғады.
ЖҰМЫСТАҒЫ
НИЕТ
Сонымен бірге олар өз жұмысына беріліп, ұйымдағы
әріптестеріне көмектесуге немқұрайды қарауы, сондай-ақ
өзгерістерге жақсы бейімделе алмауы мүмкін, оқу кезінде күрделі
дағдыларды меңгеруде қалыс қалуы ықтимал, себебі олар оқуға
емес, жұмыс өнімділігіне көбірек мән береді. Қорыта келгенде,
көп жағдайда олардың креативтігі кемшін соғып тұрады.
Осы кемшіліктеріне қарамастан, ниет – жұмыс өнімділігінің ең
жоғарғы көрсеткіші.
12. ЖҰМЫСТАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ, ЭКСТРАВЕРСИЯ
ЖҰМЫСТАҒЫЭМОЦИЯЛЫҚ
ТҰРАҚТЫЛЫҚ,
ЭКСТРАВЕРСИЯ
ЖҰМЫСТАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ
ТҰРАҚТЫЛЫҚ. Тұлға ерекшеліктерінің «Үлкен
бестігінен» эмоциялық тұрақтылықтың өмірге
қанағаттануға, жұмысқа қанағаттануға және стрестің
төмен деңгейіне көбірек қатысы бар. Эмоциялық
тұрақтылығы жоғары адамдар жұмыс орнындағы
күтпеген және өзгермелі талаптарға бейімделе
алады. Ал, керісінше, аталған талаптарды орындауға
қауқарсыз невротик тұлғалар күйіп кетуі
мүмкін. Сондай-ақ бұл адамдар жұмыс нәтижесіне
кері әсер ететін жұмыс пен отбасы арасындағы
конфликтіге тап болуға бейім тұрады.
ЖҰМЫСТАҒЫ ЭКСТРАВЕРСИЯ. Экстраверттер
жұмыстағы тұлғааралық интеракция кезінде өзін
жақсы көрсетеді. Олар – қоғамда өзіндік салмағы бар
адамдар, өзгелерді жігерлендіре алады. Экстраверсия
топтағы мықты жетекшілік көрсеткіші бола алады.
Экстраверттер интроверттерге қарағанда қызбалау
келеді, жұмыстан жиі қалуы, сондай-ақ жұмысқа тұру
кезіндегі сұхбатта жалған сөйлеуі мүмкін.
13. ЖҰМЫСТАҒЫ ТӘЖІРИБЕГЕ АШЫҚТЫҚ, ТІЛ ТАБЫСА АЛУ
ЖҰМЫСТАҒЫ ТӘЖІРИБЕГЕ АШЫҚТЫҚ. Тәжірибегеашық адамдар ұтымды жетекші бола алады, ұйымдық
өзгерісті жақсы түсінеді және тез бейімделгіш, аса ашық
адамдар ұзақ уақыт бойы өнімділікті төмендетпей ұстап
тұрады, жұмыс пен отбасы арасындағы конфликтілерге көп
ұрынбайды.
ЖҰМЫСТАҒЫ
ТӘЖІРИБЕГЕ
АШЫҚТЫҚ, ТІЛ
ТАБЫСА АЛУ
ЖҰМЫСТАҒЫ ТІЛ ТАБЫСА АЛУ. Тіл табыса алатын
адамдар қызмет көрсету сияқты тұлғааралық жұмыстарды
атқаруға бейім, көп жағдайда көнгіш, ережелерді берік
ұстанады, кикілжің туғызуға бейім емес және жұмысына
қанағаттанады, ұйымдық-азаматтық мінез-құлықты шынайы
көрсету арқылы ұйымдық өнімділікке де үлес қосады. Тіл
табысудың жеткіліксіздігі жұмыста конфликт барын
көрсетеді. Қорыта айтқанда, тіл табыса алу қасиеті карьерада
табысқа жетудің төменірек деңгейімен (әсіресе ақша табу)
байланыстырылады, себебі аса ымырашыл адамдар өзін
нарыққа аз бейімделгенмін деп санайды және өзін көрсетуге
аса құлшынбайды.
14. «Сүйкімсіз үштік» жеке адам күйзелісте жүргенде және орынсыз реакцияларды азайтуға қауқарсыздық танытқан кезде күшті бой
көрсетуімүмкін жағымсыз
қасиеттер,оның
қызметі мен жеке
өміріне зор нұқсан
келтіруі мүмкін.
МАКИАВЕЛЛИЗМ
НАРЦИССИЗМ
ПСИХОПАТИЯ
15. Макиавеллизм тұлғалық мінездемесі XVIII ғасырда билікке қалай жетуге және оны қалай пайдалануға болатыны туралы еңбек жазған
Бойында макиавеллизм қасиеті басым адам:прагматик, өзін эмоциядан аулақ ұстайды
Макиавеллизм тұлғалық
мінездемесі XVIII ғасырда
билікке қалай жетуге және
оны қалай пайдалануға
болатыны туралы еңбек
жазған Никколо
Макиавеллидің атымен
аталады.
мақсатқа жету үшін кез келген құралды пайдалануға болады
деп сенеді, «қолыңнан келсе – қонышыңнан бас» деген
қағиданы ұстанады.
бұл қасиеті әлсіздерге қарағанда алдап-арбауда алдына жан
салмайды, әр кез ұпайы түгел, басқалардың айтқанына көне
қоймайды, бірақ басқаларды оңай көндіреді.
дөрекі әрекет етеді және өнімсіз жұмыс мінез-құлқына
бейім.
макиавеллизм жалпы жұмыс өнімділігін арттыруға
бағытталмаған.
басқаларды өз үстемдігімен алдап-арбау арқылы жұмыста
қысқа мерзімде жетістікке жеткенімен, көп ұзамай бәрінен
айырылады, себебі олардан жұрттың бәрі сырт айналады.
16. НАРЦИССИЗМ
өзі туралы пікірі өте жоғары, өзгелердің тамсана қарағанынқалап тұратын, мақтаншақ, менмен
толағай табыс туралы қиялға көбірек беріледі, кез келген
жағдайды және адамдарды өз мүддесіне пайдалануға бейім,
оларды өзіне міндет ретінде қабылдайды және жаны ашымайды
аса сезімтал және нәзік болуы мүмкін, сондай-ақ ашуланшақ
болып келеді
көп жағдайда өзі туралы оң көзқарас қалыптастыруға қайшы
келетін ақпаратты жойып жібереді, бірақ арнайы сыйақы
берілген жағдайда аянбай жұмыс істеуге дайын тұрады
НАРЦИССИЗМ
басқаларға қарағанда мысы басым келеді, сондай-ақ олар өзге
салалардан гөрі бизнеспен айналысуды жөн санайды.
жетекші орындарға көп тағайындалады және нарциссизмнің
орташа деңгейіне ие адамдар басшылық қызметте өзін жақсы
жағынан ұтымды көрсете біледі
икемделгіш, қиын мәселелер туындағанда басқаларға қарағанда
оң шешім қабылдайды
жұмысынан көбірек ләззат алады
17. Ұйымдық мінез-құлық тұрғысынан қарастырғанда психопатия – басқалар туралы мүлде ойламау, бас қатырмау және біреуге қиянат
Ұйымдық мінез-құлықтұрғысынан
қарастырғанда
психопатия – басқалар
туралы мүлде ойламау,
бас қатырмау және
біреуге қиянат жасаған
іс-әрекеті үшін кінәлі
сезінбеу немесе
ұялмау.
Психопатия өлшемдеріне әлеуметтік нормаларды
сақтау ниетінің мүлде болмауы, өз мақсатына жету
үшін алдаудан тайынбау және жек көру, яғни
басқаларға жанашырлықтың жоқтығы жатады.
Қоғамға қарсы пиғылдағы психопат тұлғаға
жүргізілген зерттеу оның ұйымдағы жетістіктерге
жақсы жағынан қатысы болғанын, бірақ қызметте
айтарлықтай табысқа жетіп, тиімділік
көрсетпегенін анықтады.
Тағы бір зерттеу психопатияның қатты ықпал ету
тактикаларына (қоқан-лоқы жасау, алдап-арбау)
және қорқытып жұмыс істету (физикалық немесе
сөзбен үркітіп-қорқыту) мінез-құлқына қатысы
барын анықтады.
Психопатия деңгейі жоғары адамдар қулық-сұмдық
арқылы ұйымда билікке қол жеткізе алады, бірақ
мұның соңы ұйым үшін де, өздері үшін де
жақсылыққа апармайды.
18. «Үлкен бестікке» негізделген бес қосымша жағымсыз ауытқымалы қасиеттер
қоғамға қарсы адамдар – өзгелерге немқұрайды жәнемейірімсіз, адамдарды өзіне тарту үшін экстраверсияны
пайдаланады, бірақ қиянатшыл, өнімсіз жұмыс мінезқұлқын көрсетуге және қауіпті шешім қабылдауға бейім
болады.
«Үлкен бестікке»
негізделген бес
қосымша
жағымсыз
ауытқымалы
қасиеттер
шектен шыққан адамдардың өзін-өзі бағалауы төмен және
өте күмәншіл, жұмыстағы әрекеті болжауға келмейді, өз
қолынан түк келмейді, соған қарамастан, жұмысқа
қанағаттануы төмен.
шизофреник адамдар –біртүрлі оғаш қылықтар көрсететін,
берекесіз адам. Жұмыс орнында олардың креативтігі
жоғары болуы мүмкін және соған қарамастан, жұмыстағы
келеңсіздіктерді көтере алмайтын күйрегіш келеді.
обсессив-компульсив адамдар – бәрі мінсіз болсын дейтін
перфекционистер, олар қырсық та бола алады, әр ұсақтүйекке ерекше мән береді, жұмыс әдебін қатаң ұстанады,
әр жетістік оларды жігерлендіруі мүмкін.
қашқақтайтын адамдар бейәдеп қылық көрсетуге бейім
және сынды жақтырмайды. Олар аз адаммен ғана араласып,
жұмыс істей алады.
19. Ұйымдардағы мінез-құлықтың мықты көрсеткіші болатын басқа да ерекшеліктер:
негізгі өзін-өзібағалау
өзін-өзі бақылау
проактив тұлға
20. Негізгі өзін-өзі бағалау – жеке адамның өз мүмкіндіктері, білігі және адам ретіндегі құны туралы түпкілікті тұжырымдары.
Негізгі өзін-өзі бағалауы жоғары адамдар: өзінжақсы көреді, өзін тиімді деп бағалайды және
айналасын бақылауда ұстайды; жұмысындағы
қиындықтарға жақсы төтеп береді, сондықтан
олар әдетте жауапты жұмыстарды атқарады;
клиенттерге жақсы қызмет көрсетеді,
әріптестерімен де жақсы тіл табысады және
қызметте әуелден жолы болып, тез көтерілуі
мүмкін; корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі
жоғары ұйымдарда жылдам өсуі мүмкін.
Негізгі өзін-өзі бағалауы төмен адамдар: өзін
жек көруге бейім, өз мүмкіндіктеріне сенбейді
және айналасына қарап өзін бейшара сезінеді;
басқаларға қарағанда өнімді жұмыс істейді, себебі
олар биік мақсаттар қояды, сол мақсаттарынан
айнымайды және мақсатына жету үшін алған
бетінен қайтпайды.
21. Өзін-өзі бақылау– жеке адам өз мінез-құлқын сыртқы жағдай факторларына сай икемдей алу қабілеті.
Өзін-өзібақылау– жеке
адам өз мінезқұлқын сыртқы
жағдай
факторларына
сай икемдей алу
қабілеті.
Өзін-өзі бақылауы жоғары адамдар:
өз мінез-құлқын сыртқы жағдай факторларына
икемдеуде айтарлықтай бейімдік танытады
сыртқы белгілерге өте сезімтал және әрқилы
жағдайда әртүрлі мінез-құлық көрсете алады, кейде
өзін жұрт алдында бөлек, өзімен-өзі қалғанда мүлде
бөлек ұстап, қарама-қайшылықта болады.
басқалардың мінез-құлқына қатты көңіл бөледі және
өзін-өзі бақылауы төмендерге қарағанда бағынуға
бейім.
22. Проактив тұлға
өзгеріс енгізу үшін мүмкіндіктерді айқындап, бастама көтереді, нақтыіс-әрекетке көшіп, нәтиже шығарғанша алған беттерінен қайтпайды.
Проактив
тұлға
жұмыс өнімділігі өте жоғары, көп қадағалауды қажет етпейді, жұмыс
талаптарына сай өзгерістерді жақсы қабылдайды және бар күш-жігерін
түбегейлі жұмысқа бағыттап, тек алға ұмтылады.
проактив тұлғалар жұмыста көп жағдайда табысқа жетеді.
жоғары деңгейдегі проактив тұлғалардан құралған командалар
анағұрлым жаңашыл.
проактив тұлғалар командадағы басқа адамдармен ақпарат алмасуға
бейім тұрады, осылайша өзара сенімді қарым-қатынас орнатады.
кемшін тұстары: команда жетекшісі проактив болмаса, команданың
проактивтігі іске жарамсыз болады (ұжымның проактивтігін басшы
басып тастайды); жұмыс іздеу әрекетінен тез бас тартады, себебі
проактивтік сәтсіздікпен бетпе-бет келгенде кейін шегіндіреді.
23. ТҰЛҒА ЖӘНЕ ЖАҒДАЯТТАР белгілі бір қасиеттің мінез-құлыққа әсер етуі жағдайға байланысты
ТҰЛҒА ЖӘНЕЖАҒДАЯТТАР
белгілі бір
қасиеттің мінезқұлыққа әсер етуі
жағдайға
байланысты
Жағдаят күші
теориясы
Қасиеттерді
іске қосу
теориясы
24. Жағдаят күші теориясы – нормалар, белгілер мен стандарттар белгілі бір мінез-құлыққа мәжбүрлейтінін көрсететін деңгей.
Жағдаят күшітеориясы –
нормалар,
белгілер мен
стандарттар
белгілі бір мінезқұлыққа
мәжбүрлейтінін
көрсететін
деңгей.
Күшті жағдаяттар бізге дұрыс мінезқұлықты нұсқайды, бізді соны
көрсетуге қыстайды және бұрыс
мінез-құлыққа қарсы тұрады.
Әлсіз жағдаяттарда, керісінше,
«ойына келгенін істеуге болады»,
себебі біз өз тұлғамызды мінезқұлқымыз арқылы білдіруге еріктіміз.
Тұлға қасиеттерін мінез-құлықты
күшті жағдаяттарға қарағанда әлсіз
кездерде жақсы көрсете алады.
25. ЖАҒДАЯТ КҮШТЕРІНІҢ КОМПОНЕНТТЕРІ
Анықтық – жұмыстағы міндеттер мен жауапкершіліктер тура әрідәл көрсетілетін деңгей, анықтығы жоғары жұмыс күшті
жағдаяттар тудырады, себебі қызметкерлер не істеу керегін жақсы
біледі. Мысалы, аула сыпырушы жұмысының анықтығы бала
күтушінің жұмысына қарағанда жоғары.
Сабақтастық – жұмыстағы міндеттер мен әріптестердің бірбірінің алдындағы міндеттері бекітілген нұсқауға сай келетін
деңгей. Тапсырмалардың талапқа сай болуы күшті жағдаяттарды
білдіреді. Мысалы, жедел жәрдем медбикесі жұмысының
сабақтастығы менеджердің жұмысына қарағанда жоғары болуы
мүмкін.
ЖАҒДАЯТ
КҮШТЕРІНІҢ
КОМПОНЕНТТЕРІ
Шектеулер – жеке адамның шешім қабылдау немесе әрекет ету
еркіндігі олардың бақылауынан тыс күштермен шектелетін деңгей.
Шектеулері көп жұмыстар күшті жағдаяттарды тудырады, себебі
жеке адамның еркіндігі шектеулі болады. Мысалы, аудитор
жұмысындағы шектеулер орманшының жұмысына қарағанда
күштірек болуы мүмкін.
Салдар – шешімдер мен іс-әрекеттер ұйым немесе оның мүшелері,
клиенттері, жеткізушілері және т.б. үшін маңызды болатын деңгей.
Маңызды салдары бар жұмыстар күшті жағдаяттарды білдіреді,
себебі орта қатеден қорғанатындай дәрежеде
құрылады. Мысалы, хирург жұмысының салдары шет тілі
мұғалімінің жұмысына қарағанда жоғары болуы ықтимал.
26. Қасиеттерді іске қосу теориясы кейбір жағдаяттар, оқиғалар немесе қатынастар бір қасиетті басқаларға қарағанда көбірек «іске
қосатынын» көрсетеді, ол арқылы белгілі бір тұлғаларға қандай жұмыс лайық екенінжорамалдауға болады
Толық
назар Әлеуметтік
Бәсекеге
Инновация
Ызақор
Уақыт қысымы
аудару
талап дағдылар
талап қабілетті жұмыс талап етіледі
адамдармен жұмыс (кесімді мерзім)
етіледі
етіледі
істей білу
Жоғары бағаланатын жұмыстар (осында берілген қасиеттер мына жұмыстардағы мінез-құлықты
анықтайды)
Әуе диспетчері
Дінбасы
Коуч/тәлімгер
Актер
Есепші
Терапевт
Қаржы менеджері Жүйе
талдаушысы
Телесатушы
Редактор
Сот хатшысы
Консьерж
Сауда өкілі
Бортсерік
Ұшқыш
Жарнама
жазушы
Түзету мекемесінің Жаңалықтар
қызметкері
сарапшысы
Төмен бағаланатын жұмыс (осында берілген қасиеттер мына жұмыстардағы мінез-құлықты анықтамайды)
Орманшы
Бағдарлама
инженері
Пошта хатшысы
Стенограф
Сазгер
Тері
күтімі
жөніндегі маман
Медбике
Бұрғы операторы
Тарихшы
Мұрағат
қызметкері
Биолог
Математик
Модель
Хабар
технигі
Статистика
қызметкері
Фитнес
жаттықтырушысы
тарату Ядролық реактор Медицина
операторы
қызметкері
Жоғары бағаланатын жұмыстар мына қасиеттерді іске қосады (мінез-құлықты анықтауда олардың
өзектілігін арттырады)
Ниет (+)
Экстраверсия (+)
Тіл табыса алу (+)
Экстраверсия (+) Тәжірибеге
Тіл табыса алу (+) ашықтық (+)
Экстраверсия (+)
Тіл табыса алу (+)
Невротизм (-)
Ниет (+)
Невротизм (-)