Similar presentations:
Такырып 2.1.__леуметтанулы__ зерттеулер (1) (2) (1)
1.
ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІБОЙЫНША
ДӘРІС ТОПТАМАСЫ
Авторы: саясаттану және
әлеуметтану кафедрасының аға оқытушысы
ЖҰМАҒҰЛОВ Е.Т.
1
2. ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жоспары:1. Әлеуметтанулық зерттеулер және
оның түрлері туралы түсініктер.
2. Әлеуметтанулық зерттеу
бағдарламасы.
3. Әлеуметтанулық зерттеулердің
атқаратын қызметтері.
3. Әлеуметтанулық зерттеулер –
бұл мақсаты әлеуметтікшындықтың белгілі бір құбылысы
немесе үрдісі туралы ақпарат алу
болып табылатын әдістемелік және
ұйымдастырушылық-техникалық
рәсімдер жүйесі.
4.
Әлеуметтікзерттеу
нысанасы:
танымдық әрекет бағытталған түйінді
мәселеге
тікелей
қатынасы
бар
әлеуметтік өмірдің құбылысы немесе
саласы.
Әлеуметтанулық
зерттеудің
пәні:
нақтылы зерттеуге жататын нысананың
ерекшеліктері, сипаттамалары.
5. Әлеуметтанулық зерттеулердің мәні
Әлеуметтанулық зерттеулер жаңа деректерді айқындауарқылы әлеуметтік шындық туралы білімді және қоғам өмірінің
белгілі бір салаларындағы өзгерістерді тәжірибе жүзінде
негіздеуді қамтамасыз етеді.
Жеке
индивидтердің және қоғамның қажеттіліктерін,
мүдделерін, бағдарларын, мотивтерін және белгілі бір
мәселелелер бойынша пікірлер туралы ақпарат алуға мүмкіндік
береді.
Әлеуметтік шындықты танып білуге арналған ақпараттық
деректерді қалыптастырады және әлеуметтік үрдістерді
әлеуметтік бақылауды қамтамасыз етеді.
Қоғамдық дамудың тенденциялары мен жаңа заңдылықтарын
анықтай отырып әлеуметтанулық теорияның дамуына үлес
қосады және сол арқылы қоғамдық құбылыстарды даму
бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
6.
Стратегиялық зерттеулердің тапсырманыңауқымына және күрделілігіне байланысты төрт
нұсқасын ажыратады:
- барлаушы – зерттеу нысанасы туралы аз
ақпарат болып, мақсаты мәселені нақтылау және
гипотезаны қалыптастыру болған жағдайда
қолданылады;
- сипаттаушы, мақсаты нысананың сандық және
сапалық сипаттамасын беру болып табылады;
- талдамалық-тәжірибелік , мақсаты
қатынастардың себептерін айқындау болжау
жасау;
- қайтарма-салыстырмалы нысаналарды
салыстыра отырып ортақ белгілері мен
ерекшеліктерін айқындау.
7. Әлеуметтік ақпаратты жинағанда төрт негізгі әдісті қолданады.
СауалнамаҚұжаттарды
талдау
ӘДІСТЕР
Бақылау
Тәжірибе
Әлеуметтік ақпаратты жинағанда төрт негізгі
әдісті қолданады.
8.
Әрбір әдіс өз кезегінде екіге бөлінеді:Сауалнама
Анкеталау
Сұхбаттасу
Құжаттарды
талдау
Контент-талдау
Биографиялық
әдіс
9.
БақылауҚатысатын
Қатыспайтын
Тәжірибе
Бақыланатын
Бақыланбайтын
10. Әлеуметтанулық зерттеулер сандық және сапалық болып бөлінеді.
Сандықзерттеулер
келесі сұрақтарға
жауап береді
‘’кім?’’ және
‘’қанша?’’
Сапалық
зерттеулер
келесі сұрақтарға
жауап іздейді –
‘’қалай?’’ және
‘’неге?’’
11. САНДЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
Бақылау– белгілі бір жағдайда зерттеу
нысанасының әрекеттерін тікелей бақылау
арқылы ақпарат алуды қарастыратын зерттеу
әдісі.
Негізгі
түрлері
–
зерттеушінің
жеке
бақылаулары және техникалық құралдарды
қолдану арқылы бақылау.
Бақылаудың басқа да мынандай түрлері бар:
- стандартты – стандартты емес;
- қатысатын – қатыспайтын;
- ашық - инкогнито;
- зертханалық – ашық алаңдағы.
12. Анкеталау –
зерттелушілерге жазбаша түрде қойылатынсұрақтар тізбесі
Анкеталаудың мақсаты – дәл ақпаратты жинақтау.
Бұл үшін сұрақтардың ерекшеліктерін ескеру және
анкетаны
құрастырудың
ережелері
мен
принциптерін сақтау.
13. Пошталық сауалнама –
алғашқы ақпарат жинау әдісі ретіндеқарастыралатын анкеталау түрі.
Поштаға анкеталарды жіберу және оларға
жауап алу.
Артықшылығы –
салыстырмалы түрде
төмен құны және
ұйымдастырудың
қарапайымдылығы
Кемшілігі –
анкеталардың толық
қайтарылмауы
14. Телефондық сауалнама.
Бұл әдістің артықшылығы зерттеу жүргізудіңжылдамдығы, төмен құны.
Кемшілігі – сұхбаттасудың уақытпен шектелуі,
арнайы дайындалған сұхбат алушыларды
тарту, уақыт және ақша шығыны.
Телефондық сауалнама белгілі бір топтар
арасында нәтижелі жүргізілуі мүмкін, бұл –
бос уақыттары көбірек зейнеткерлер, үй
шаруасындағы әйелдер және басқа топтар.
15. Онлайн – сауалнама
бұл әдіс кейінгі кезде танымал болды.Әдістің артықшылығы – ақпаратты жылдам алу,
сондай ақ қатысушы үшін анкеталаудың
қарапайым және ыңғайлы түрі – респондент
сұрақтарға өзіне қолайлы кезде жауап бере
алады.
Кемшілігі – респондентпен жеке байланыс жасай
алмайды, сол себептен сұрақтарды шектейді.
16. Контент-талдау –
мәтіндік фонетикалық ақпараттысандық көрсеткіштерге көшіру.
Бұл әдістің мәні оңай есептелетін
белгілер бойынша мазмұнын
білдіретін құжаттаттың
ерекшеліктерін табу.
17. САПАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Фокус топ әдісі – зерттеу мақсаттарына сәйкесберілген өлшемдер бойынша 8-10 адамнан
тұратын топ арасында бағытталған сұхбат
жүргізу.
Әдістің мәні топтық талқылау жағдайында қол
жеткізілетін
нәтиже.
Жеке
сұхбаттасу
барысында интервьюер мен сұхбат беруші
арасында қандай бір шектеу болады. Бұл
алынатын ақпараттың сапасы мен тереңдігіне
әсер етеді. Ал топтық жағдай сұхбат беруші
өзі секілді жағдайдағы адамдармен бірге
сезініп психологиялық кедергілерді еңсеруге
және эмоциялық реакцияларды жеңілдетуге
мүмкіндік береді.
18. Жан-жақты сұхбаттасу
білікті интервьюердің сұхбат берушідентоп мүшелерінің белгілі бір жағдайда неге
олай істейтіні немесе белгілі бір мәселе
бойынша не ойлайтыны туралы сауал
жүргізуі.
Респондентке зерттеліп отырған тақырып
бойынша келесідегідей сұрақтар қойылуы
мүмкін ‘’Неге сіз бұлай жауап бердіңіз?»,
‘’Өз пікіріңізді негіздей аласыз ба?’’, ‘’Сіз
ерекше бір дәйектер келтіре аласыз ба?»
т.с.с.
Бір жан-жақты сұхбаттасудың ұзақтығы –
20-40 минут (тақырыпқа байланысты).
19. Әлеуметтанулық зерттеуді жүргізу төрт кезеңнен тұрады:
- зерттеуді дайындау;- алғашқы әлеуметтанулық ақпаратты
жинақтау;
- жиналған ақпаратты өңдеуге
дайындау және оны өңдеу;
- өңделген ақпаратты талдау және
зерттеу нәтижелері бойынша есепті,
қорытындыларды және ұсыныстарды
әзірлеу.
20. 2. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы–
бұл кезеңдік бағдарлауданжәне ғылыми-техникалық
зерттеу қызметінен тұратын
зерттеу жобасының жалпы
тұжырымдамасының
мазмұны.
21. Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы келесі талаптарға жауап беруге тиіс:
бағдарламаның анықтығы жәнедәлдігі;
бағдарламаның барлық
элементтерінің логикалық
үйлесімділігі;
бағдарламаның икемділігі
22. Зерттеу бағдарламасы теориялық және әдістемелік-процедуралық бөліктен тұрады.
Бағдарламаның теориялық бөлігі келесісұрақтарды айқындайды:
зерттеушілік мәселені анықтау;
зерттеу пәні мен нысанасын анықтау;
зерттеудің мақсатын анықтау;
негізгі ұғымдарды анықтау және түсіндіру;
зерттеудің гипотезалары мен
тапсырмаларын белгілеу.
23.
Әдістемелік-процедуралық бөлік –бұл ақпаратты жинақтау, талдау және
өңдеу әдістерін анықтау;
әлеуметтік мәліметтерді жинау
құралдарын анықтау;
әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесі
мен техникасы анықтау
24. 3. Әлеуметтанулық зерттеулер келесі қызметтерді атқарады:
1. Ақпараттық-танымдық– әлеуметтанулық
зерттеулер ғылыми негізде әлеуметтік
құбылыстар туралы ақпаратты
жинақтайды, талдайды және таратады.
2. Диагностикалық – әлеуметтанулық
зерттеулер негізінде шешім қабылдауға
қажетті әлеуметтік диагноз қоюға
көмектеседі.
3. Болжамдық – жағдайды зерттеу және
талдау негізінде оның даму бағыттарын
қарастырады.
25.
4. Бақылау қызметі – басқарустратегиясын жүзеге асыру жолдарын,
оған нысананың реакциясын
қадағалауға мүмкіндік береді.
5. Сараптамалық қызмет –
басқарушылық шешімдердің және
жобалардың дұрыстығын және жүзеге
асырылу мүмкіндіктерін бағалауға
мүмкіндік береді.
6. Әлеуметтік-технологиялық қызмет –
әртүрлі әлеуметтік технологияларды,
әлеуметтік құрылым, ұйым үлгілерін
әзірлеумен байланысты.